Салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 463 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 449 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 449 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.10.2013 № 1088 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабы 1-тармағының 41-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан  Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 4-бабы 1-тармағының 50-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамы салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі есебіне және (немесе) кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлға болып айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 11.10.2013 № 1088 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Об определении уполномоченного юридического лица в сфере реализации ограниченного в распоряжении имущества налогоплательщика (налогового агента), плательщика и (или) товаров, задержанных таможенными органами

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2011 года № 463. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 июня 2015 года № 449

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 17.06.2015 № 449.

      Сноска. Заголовок постановления в редакции постановления Правительства РК от 11.10.2013 № 1088 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 41-1) пункта 1 статьи 12 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и подпунктом 50-1) пункта 1 статьи 4 Кодекса Республики Казахстан от 30 июня 2010 года "О таможенном деле в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить акционерное общество "Компания по реабилитации и управлению активами" уполномоченным юридическим лицом в сфере реализации ограниченного в распоряжении имущества налогоплательщика (налогового агента) в счет налоговой задолженности, плательщика - в счет задолженности по таможенным платежам и налогам, и (или) товаров, задержанных таможенными органами.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 11.10.2013 № 1088 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов