«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының Президенті
ЖАРЛЫҚ Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Алматы қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 1330,25 гектар Алматы облысы, оның ішінде алаңы 823,82 гектар Қарасай ауданы, алаңы 496,92 гектар Талғар ауданы және алаңы 9,51 гектар Іле ауданы жерінің бір бөлігі қосыла отырып өзгертілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы «__» ________
№ ___ Жарлығына
ҚОСЫМША
Алматы қаласының шегіне қосылатын Алматы облысының жерлері бір бөлігінің
экспликациясы
гектар
Р/с |
Аудандардың |
Барлығы |
Оның ішінде |
||||||
ауылшаруашылық |
су |
жол |
құрылыстар |
басқа |
|||||
егістік |
көпжылдық |
жайылым |
|||||||
1. |
Қарасай |
823,82 |
5,36 |
- |
0,80 |
81,00 |
81,48 |
13,59 |
641,59 |
2. |
Талғар |
496,92 |
230,12 |
39,55 |
36,66 |
- |
28,59 |
- |
162,00 |
3. |
Іле |
9,51 |
- |
- |
- |
- |
9,51 |
- |
- |
Барлығы |
1330,25 |
235,48 |
39,55 |
37,46 |
81,00 |
119,58 |
13,59 |
803,59 |