Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Солтүстік және Орталық Азияға арналған Субөңірлік бөлімшесін құруға қатысты келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Хозеұлы Қазыхановқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Солтүстік және Орталық Азияға арналған Субөңірлік бөлімшесін құруға қатысты келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 4 мамырдағы
№ 481 қаулысымен
мақұлданған
жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының
арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық Мұхитқа
арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Солтүстік
және Орталық Азияға арналған Субөңірлік бөлімшесін құруға қатысты
келісім
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы өзінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы 63/260 қарарында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Солтүстік және Орталық Азияға арналған Субөңірлік бөлімшесін құруды бекітуге қаулы қабылдағанын ескере отырып,
Комиссия мүше мемлекеттермен консультациялардың тұтастай қамтитын процесінен кейін өзінің 2009 жылғы 30 қарашадағы хатымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Алматыда АТМЭӘК-тің Солтүстік және Орталық Азияға арналған Субөңірлік бөлімшесін құру ұсынысын қабылдағандықтан,
Қазақстан Республикасының Үкіметі Субөңірлік бөлімше өзінің функцияларын орындай алуы және онымен байланысты кез келген қызметті жүзеге асыруы үшін барлық қажетті жағдайды қамтамасыз етуге келіскендіктен,
Қазақстан Республикасында АТМЭӘК-тің Солтүстік және Орталық Азияға арналған Субөңірлік бөлімшесін құру мақсатында келісім жасасуға тілек білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
I бап
Анықтамалар
Осы Келісімнің мақсатында мынадай анықтамалар қолданылады:
а) «Бөлімше» Алматы қаласындағы АТМЭӘК-тің Солтүстік және Орталық Азияға арналған Субөңірлік бөлімшесін білдіреді;
b) «Үкімет» Қазақстан Республикасының Үкіметін білдіреді;
с) «құзіретті органдар» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биліктің орталық, жергілікті және басқа да құзыретті органдарын білдіреді;
d) Конвенция» Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1946 жылғы 13 ақпанда қабылдаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Артықшалықтар мен иммунитеттер туралы конвенциясын білдіреді;
е) «Тараптар» Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымын білдіреді;
f) «Бөлімшенің Басшысы» Алматыдағы АТМЭӘК-тің Солтүстік және Орталық Азияға арналған Субөңірлік Бөлімшесінің басшысы болып табылатын лауазымды адамды білдіреді;
g) «Бөлімшенің лауазымды адамдары» жергілікті негізде жалданған және Бас Ассамблеяның 1946 жылғы 7 желтоқсандағы 76 (1) қарарында көзделгендей, сағаттық мөлшерлемемен жұмыс істейтін адамдарды қоспағанда, Бөлімшенің Басшысын және Персоналға арналған қағидаға және Біріккен Ұлттар Ұйымының персоналы туралы ережеге сәйкес азаматтығына қарамастан жалданған оның барлық қызметкерлерін білдіреді;
һ) «тапсырмамен жіберілген сарапшылар» Бөлімшенің лауазымды адамдарынан немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының тапсырмасы бойынша қызметтер көрсетуді орындайтын адамдардан басқа, Конвенцияның VI және VII баптарына жататын тапсырмаларды орындайтын адамдарды білдіреді;
і) «Біріккен Ұлттар Ұйымының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетулерді орындайтын адамдар» Бөлімше жалдаған лауазымды адамдардан басқа, оның бағдарламасын немесе өзге тиісті қызметті жүзеге асыратын немесе осыған көмек көрсететін жеке мердігерлерді білдіреді;
j) «АТМЭӘК» Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясын білдіреді;
k) «бөлімшенің үй-жайы» Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымына ұсынылған, күтіп-ұстауындағы немесе пайдалануындағы бұл жөнінде Үкіметке мәлімделген құрылыстар мен ғимараттарды қоса алғанда, Бөлімше немесе оның жер-жердегі кіші бөлімшелері орналасқан барлық үй-жайларды білдіреді;
l) «Біріккен Ұлттар Ұйымының Бөлімшесі туралы келісім» Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының арасында 1992 жылғы 5 қазанда жасалған Қазақстанда Бірікккен Ұлттар Ұйымының Уақытша бөлімшесін құруға қатысты;
m) «Ұйым» Біріккен Ұлттар Ұйымын білдіреді;
n) «Мемлекет» Қазақстан Республикасын білдіреді.
II бап
Қызметтің мақсаты мен ауқымы
Бөлімшенің мақсаты Солтүстік және Орталық Азиядағы АТМЭӘК-ке мүше мемлекеттердің нақты басымдықтарына салмақ сала отырып, Мыңжылдық даму мақсаттарын қоса алғанда, баршаға ашық және орнықты даму мен халықаралық деңгейде келісілген даму мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесуден тұрады.
Бөлімшенің болуы АТМЭӘК-тың болуын және субөңірлік деңгейдегі іс-әрекеттерді нығайтады, бұл Солтүстік және Орталық Азиядағы мүше мемлекеттердің нақты негізгі басымдықтарына байланысты бағдарламаларды жақсы бағыттауға және жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
III бап
Субөңірлік бөлімшені құру
Бөлімше АТМЭӘК-тың Солтүстік және Орталық Азияға арналған субөңірлік бөлімшесінің функцияларын орындау үшін Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында құрылатын болады.
ІV бап
Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі туралы келісім
1. Тараптар өзгелердің ішінде Біріккен Ұлттар ұйымының Даму бағдарламасына, Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының Басқармасына, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорына, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы тұрғын халық саласындағы қорына таралатын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бөлімшесі туралы келісімге сілтеме жасайды және атап айтқанда, екі Тарап та орынды деп тапса, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Үкімет кез келген қосымша келісімді жасай алатынын көздейтін «Қосымша Келісімдер» деп аталатын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бөлімшесі туралы келісімнің XVIII бабының 2-тармағына сілтеме жасайды.
2. Тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бөлімшесі туралы келісім оның Субөңірлік бөлімшесін қоса алғанда, Қазақстандағы АТМЭӘК-қа қатысты mutatis mutandis қолдануға келіседі.
V бaп
Қауіпсіздік және күзет
1. Құзыретті органдар Бөлімшенің үй-жайының қауіпсіздігін және қорғауды қамтамасыз етеді және қандай да бір адамдардың немесе адамдар тобының сырттан заңсыз кіруімен немесе оған тікелей жақын жерде тәртіп бұзушылықпен Бөлімше үй-жайларындағы тыныштықтың бұзылмауы үшін барлық күш-жігерлерін салады. Бөлімше Басшысының өтініші бойынша құзыретті органдар Бөлімше үй-жайындағы немесе оған тікелей жақын жердегі заңдылық пен тәртіпті қолдау үшін, сондай-ақ одан қандай да бір адамдарды шығарып жіберу үшін полиция қызметкерлерінің жеткілікті санын бөліп береді.
2. Құзыретті органдар Бөлімшенің ешбір кедергісіз тиісті жұмыс істеуі үшін қажет, Бөлімшенің лауазымды адамдарының, тапсырма бойынша іссапармен келген сарапшылардың, Біріккен Ұлттар Ұйымының тапсырмасы бойынша қызметтер көрсетуді орындайтын адамдар мен сағаттық негізде жалданатын жергілікті қызметкерлердің тиісті күзетін, қауіпсіздігін және қорғалуын қамтамасыз ету үшін талап етілуі мүмкін тиімді және барабар шараларды қабылдайды.
VI бaп
Біріккен Ұлттар Ұйымының кеңестеріне қатысушылар
1. Бөлімше және басқа тиісті ұйымдар ұйымдастыратын кеңестерге, семинарларға, оқу курстарына, симпозиумдарға, практикумдарға және осыған ұқсас іс-шараларға шақырылған Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің өкілдері өз функцияларын орындау кезінде Конвенцияның IV бабында көрсетілген артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын болады.
2. Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті қағидаттары мен тәжірибесіне және осы Келісімге сәйкес Үкімет Бөлімше мен Конвенцияның ережелері қолданылатын басқа тиісті ұйымдар ұйымдастыратын кеңестерге, семинарларға, оқу курстарына, симпозиумдарға, практикумдарға және осыған ұқсас іс-шараларға барлық қатысушылардың пікір білдірулеріне толық еркіндік беруді құрметтейді. Бөлімше жэне басқа тиісті ұйымдар ұйымдастыратын кеңестерге, семинарларға, оқу курстарына, симпозиумдарға, практикумдарға және осыған ұқсас іс-шараларға барлық қатысушылар мен осыған байланысты функцияларды орындайтын адамдар олардың тәуелсіз қатысулары мен жұмыс істеулерін қамтамасыз ететін артықшалықтар мен иммунитеттерді және жеңілдіктерді пайдаланады. Атап айтқанда, Бөлімше және басқа тиісті ұйымдар ұйымдастыратын кеңестерге, семинарларға, оқу барлық қатысушылар мен осыған байланысты қызмет көрсететін адамдар айтқандарына немесе жазғандарына қатысты, сондай-ақ кеңестерге, семинарларға, оқу курстарына, симпозиумдарға, практикумдарға және осыған ұқсас іс-шараларға байланысты жасаған іс-әрекеттеріне қатысты заңдық өндіріс иммунитетін пайдаланады.
VII бап
Отбасы мүшелері үшін еңбек нарығына қол жеткізу және
үй қызметшілері үшін визалар мен тұруға рұқсаттар беру
1. Құзыретті органдар қабылдаушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес қызмет орны қабылдаушы ел болып табылатын Бөлімшенің лауазымды адамдарының жұбайлары үшін жұмыс істеуге рұқсаттар береді.
2. Құзыретті органдар Бөлімшенің лауазымды адамдарының үй қызметшісіне, қажет болған жағдайда, визалар мен тұруға рұқсаттар береді.
VIII бап
Әкімшілік және қаржылық рәсімдер
Тараптар Бөлімше үшін әкімшілік және қаржылық рәсімдерге қатысты жеке халықаралық шарт жасасады.
ІХ бап
Қорытынды ережелер
1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдердің орындалғаны туралы Үкіметтің жазбаша хабарламасы дипломатиялық арналар арқылы Бөлімшеге келіп түскен күнінен бастап күшіне енеді.
2. Тараптардың өзара келісімі бойынша Осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар дипломатиялық ноталар алмасу жолымен не басқа да құралдар арқылы ресімделеді.
3. Осы Келісім Тараптардың бірі оның қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін өзінің қолданысын тоқтатады.
4. АТМЭӘК-тың персоналын, капиталдары мен мүліктерін жоспарлы түрде алып кету үшін, осы Келісімнің негізінде олардың атынан қызмет көрсететін кез келген басқа атқарушы-мекемелерге немесе адамдарға, сондай-ақ Тараптардың арасындағы кез келген дауларды шешуге Тараптардың міндеттемелері осы Келісімнің қолданысы тоқтатылғаннан кейін қанша мөлшерге қажет болса, соншама мерзімде күшінде қалады.
Осыны куәландыру үшін, осыған тиісті түрде уәкілеттік берілген, төменде қол қойғандар 2011 жылғы____________айының ____________күні қазақ және ағылшын тілдерінде екі данада жасалған осы Келісімге қол қойды. Осы Келісімнің ережелерін қолдану немесе түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы
Үкіметі үшін үшін