Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 Қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2023 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 42) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2023 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіру ықтимал қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі № 666 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2003 ж., № 28, 274-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі № 666 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 сәуірдегі № 528 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2009 ж., № 19, 172-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 12 мамырдағы
№ 504 қаулысымен
бекітілген

Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.05.2023 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 42) тармақшасына сәйкес әзірленді және заңды және жеке тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметін жүзеге асыруға рұқсаттар беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:

      1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      3) аэронавигациялық зерттеу – ықтимал шешімдерді айқындау және ұшу қауіпсіздігі деңгейін төмендетпей қолайлы шешімді таңдау мақсатында авиациялық проблеманы зерделеу;

      4) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) – осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган беретін, заңды және жеке тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжат;

      5) әуеайлақ маңындағы аумақ – әуеайлақтың бақылау нүктесінде (бұдан әрі – ӘБН) орналасқан орталығы және азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын радиусы бар жер бетіндегі аумақ;

      6) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыс, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      7) кедергі – жер бетімен әуе кемесінің қозғалысына арналған аймақта орналасқан және (немесе) әуе кемесінің ұшудағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған шартты жер бетінен жоғары шығып тұратын немесе белгіленген мұндай беттерден тыс орналасқан және бағалау нәтижелері бойынша аэронавигация үшін қауіп төндіретін барлық жылжымайтын (уақытша немесе тұрақты) және жылжымалы объектілер немесе олардың бөліктері;

      8) объектінің/қызметтің әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне әсері туралы қорытынды – осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен берілетін, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне әсері туралы тиісті бағалау негізінде қалыптастырылатын құжат;

      9) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және мемлекеттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) өтініш беруші – әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға ниеті бар мүдделі жеке немесе заңды тұлға (меншік иесі, тапсырыс беруші, құрылыс салушы);

      11) WGS–84 – 1984 жылғы Дүниежүзілік геодезиялық жүйе (бұдан әрі – WGS–84).

      3. Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметке:

      1) кедергі болып табылатын және әуеайлақ маңындағы аумақта және әуе трассалары шегiндегі жерлерде орналасқан обьектілерді салу, электр беру желiлерiн орнату және басқа да құрылысжайларды орналастыру;

      2) салдарынан әуе кеңістігінде радиотолқындық, көрінетін, акустикалық және өзге де сәулелену түрлері жүргізілетін жұмыстар;

      3) құстардың топталып жиналуы үшін жағдайлар жасайтын немесе ұшу көрінісін нашарлататын (түтін шоғырлануы салдарынан) объектілерді орналастыру;

      4) әуе кеңiстiгiн пайдаланумен тiкелей байланысты емес, бiрақ ұшудың, әуе кемелерi жабдықтарының және ондағы адамдардың қауiпсiздiгiне әсерін тигізетін басқа да қызмет жатады.

      4. Әуеайлақ маңындағы аумақта қызметтің ұшу қауіпсіздігіне тигізетін әсерін және осындай қызметті жүзеге асыру нәтижесінде әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне төнетін қатерді азайту үшін қажетті іс-шараларды айқындауды:

      1) азаматтық авиация әуеайлақтары үшін азаматтық авиация әуеайлағын пайдаланушының бірінші басшысының шешімімен құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – 1-комиссия) жүзеге асырады. 1-комиссияның құрамына әуеайлақты пайдаланушының, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетушінің (бұдан әрі – мемлекеттік өнім беруші) және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері енгізіледі;

      азаматтық авиацияға тиесілігі бойынша бірлесіп пайдалану және (немесе) орналастыру әуеайлақтары үшін құрамына мемлекеттік авиацияның (әскери бөлімнің) құрылымдық бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері де енгізілетін азаматтық авиация әуеайлағын пайдаланушының бірінші басшысының шешімімен құрылатын 1-комиссия;

      2) мемлекеттік авиация әуеайлақтары үшін құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері де кіретін мемлекеттік авиация әуеайлағын пайдаланушының бірінші басшысының (әскери бөлім командирінің) шешімімен құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – 2-комиссия);

      мемлекеттік авиацияға тиесілігі бойынша бірлесіп пайдалану және (немесе) орналастыру әуеайлақтары үшін құрамына азаматтық авиацияның (әуежайдың) құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік өнім берушінің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері де кіретін 2-комиссия жүзеге асырады.

      Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектінің/қызметтің әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне әсері туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) дайындау 1 және 2-комиссиялар жұмысының нәтижесі болып табылады.

      Осы Қағидалардың 3 және 7-тармақтарында көрсетілген қызметке тиісті 1 және 2-комиссиялардың қорытындысын алу үшін өтініш беруші осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса еркін нысанда өтінім жібереді.

      Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынатын болса, 1 және 2-комиссиялар өтінім тіркелген күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күніне дейінгі мерзімде мәлімделген қызметтің ұшу қауіпсіздігіне әсерін айқындайды және қорытынды дайындайды.

      1 және 2-комиссиялар, қажет болған жағдайда қорытынды дайындау үшін қажетті нақтылаушы ақпаратты сұратады.

      1 және 2-комиссиялар оң не теріс қорытынды ресімдейді.

      Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес құрылатын Комиссия мүшелерінің саны тақ болып табылады және кемінде бес адамды құрайды. Комиссияны төраға, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары басқарады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және қорытынды берген кезде оның дауыс беруге құқығы жоқ.

      Қорытынды өтінім берілген тәртіпке қарай пошта жөнелтілімімен немесе электрондық түрде жіберіледі.

      5. Объектілерді (кез келген түрдегі тік құрылымдарды) жоспарлауға, салуға, орнатуға, орналастыруға, кеңейтуге, реконструкциялауға немесе техникалық қайта жарақтандыруға байланысты қызметтің ұшу қауіпсіздігіне әсерін айқындау үшін мынадай бағалау жүргізіледі:

      1) бірінші деңгейдегі бағалау – "Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығында (бұдан әрі – ӘПЖН 1) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес салу, орнату, орналастыру, кеңейту, реконструкциялау немесе техникалық қайта жарақтандыру көзделген кедергі ретіндегі объектілердің әсерін айқындау;

      2) екінші деңгейдегі бағалау – орнату, орналастыру, кеңейту, реконструкциялау немесе техникалық қайта жарақтандыру қарастырылатын объектінің әуеайлақты пайдалану сипаттамаларына әсері. Бұл бағалау DOC 8168 "Әуе кемелерінің ұшуларын жүргізу" аэронавигациялық қызмет көрсету қағидаларында (PANS–OPS) көрсетілген өлшемшарттар негізінде орындалады;

      3) үшінші деңгейдегі бағалау – "Азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 402 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15554 болып тіркелген) көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес салу, орнату, орналастыру, кеңейту, реконструкциялау немесе техникалық қайта жарақтандыру межеленген объектінің радиотехникалық жабдық пен байланыс сигналдарының сапасы мен қолжетімділігіне әсері (теріс әсері).

      6. Әуеайлақ маңындағы аумақтан тыс жерлерде қызметтің ұшу қауіпсіздігіне әсерін және осындай қызметті жүзеге асыру нәтижесінде әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне төнетін қатерді азайту үшін қажетті іс-шараларды айқындауды мемлекеттік өнім беруші басшысының шешімімен құрылатын тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – 3-комиссия) жүзеге асырады.

      3-комиссия осы Қағидалардың 7-тармағының 3), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген объектілер үшін қызметтің әуеайлақ маңындағы аумақтан тыс жердегі ұшу қауіпсіздігіне әсерін бағалауды жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген қызметке 3-комиссияның қорытындысын алу үшін өтініш беруші осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса еркін нысанда өтінім жібереді.

      7. Мыналарды жобалау, салу, орналастыру, кеңейту, реконструкциялау немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде рұқсат алу талап етіледі:

      1) ӘПЖН 1, "Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), автомобиль жолдарының әуеайлақтық учаскелерінің пайдалануға жарамдылығының нормаларын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарына қойылатын тактикалық-техникалық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 24 қыркүйектегі № 761 қбп бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19521 болып тіркелген) (бұдан әрі – ӘПЖН 2) және DOC 8168 "Әуе кемелерінің ұшуларын жүргізу" аэронавигациялық қызмет көрсету қағидаларында (PANS–OPS) айқындалған ұшу кезінде әуе кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған шартты жер бетінен жоғары тұрған ұшу-қону жолағының ең жақын нүктесінен 4 км дейінгі қашықтықтағы кез келген биіктіктегі барлық объектілерде;

      2) әуеайлақ деңгейіне қатысты биіктігі 45 м және одан жоғары болатын, ӘБН 15 км қашықтықта орналасқан объектілер;

      3) биіктігі әуеайлақ деңгейіне қарағанда 100 м және одан жоғары әуеайлақ маңындағы аумақтағы объектілер, сондай-ақ өз биіктігі 100 м және одан жоғары әуеайлақ маңындағы аумақтан тыс объектілер;

      4) қызметі ӘБН-нен 15 км-ге дейінгі қашықтықтағы әуежайлар (әуеайлақтар) аудандарында көріністі нашарлататын (бу, түтін шығарындылары және т.б.) өнеркәсіптік және өзге де ұйымдар, құрылысжайлар;

      5) авиациялық радиотехника құралдарының, жарық – сигнал жабдықтарының қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін, ӘБН-нен 15 км-ге дейінгі қашықтықта пилоттардың көзінің шағылысуына себеп болуы мүмкін байланыс желілері, электр беру желілері, сондай-ақ радиотолқындық, көрінетін және өзге де сәулелену түрлерінің объектілері;

      6) шығарылатын газдарды авариялық жағуға арналған алау құрылғылары (алау құрылғыларының биіктігін айқындаған кезде жалын шығарудың ең жоғары ықтимал биіктігі ескеріледі);

      7) жарылыс қаупі бар объектілер;

      8) ӘБН-нен 13 км радиуста аң және мал шаруашылығы фермалары, қасапхана (мал сою алаңдары), сондай-ақ кез келген басқа ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыру үшін. Әуеайлақтың бақылау нүктесінен 13 км радиуста аң мен мал шаруашылығы фермаларын, қасапханаларды (мал сою алаңдарын) салу, сондай-ақ кез келген басқа да ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыру, егер мұндай қызмет құстардың топталып жиналуына жағдай жасамаса және ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірмесе және осы Қағидаларға сәйкес рұқсат алынған болса, мүмкін болады.

      8. Осы Қағидалардың 3 және 7-тармақтарында көрсетілген қызметке және объектілерді салуға, орнатуға, орналастыруға, кеңейтуге, реконструкциялауға немесе техникалық қайта жарақтандыруға рұқсатты:

      1) азаматтық авиация пайдаланатын әуеайлақтар, сондай-ақ тиесілілігі бойынша азаматтық авиацияға жататын және әуеайлақ маңындағы аумақтан тыс жерлерде бірлесіп пайдаланылатын және (немесе) орналастырылатын әуеайлақтар үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым;

      2) осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленген тәртіппен мемлекеттік авиация пайдаланатын әуеайлақтар, сондай-ақ тиесілігі бойынша мемлекеттік авиацияға жататын, бірлесіп пайдаланылатын және (немесе) орналастырылатын әуеайлақтар үшін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган береді.

      9. ӘБН-нен 13 км аз қашықтықта құстардың топталып жиналуына алып келетін және ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін қалдықтарды тастайтын орындарды орналастыруға тыйым салынады.

      10. ӘПЖН 1 және ӘПЖН 2 сәйкес жаңа немесе көлемі жағынан үлкейтілген қолданыстағы обьектілер ұшу кезінде әуе кемелерін қорғауға арналған кедергілерді шектеу беттерінен шығып тұрмайды.

      Әуеайлақты пайдаланушы жергiлiктi атқарушы органдардың әуеайлақ маңындағы аумақтағы жерді пайдаланудың ерекше шарттары бар аймақтардың шекараларын Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарына сәйкес белгiлеу мақсатында жергiлiктi атқарушы органдарға әуеайлақ маңындағы аумақта белгіленген кедергiлердi шектеу беттерi бойынша деректердi жiбередi.

      Жеке және заңды тұлғалар жер учаскесін алу, оның нысаналы мақсатын өзгерту, сондай-ақ объектілерді салу, орналастыру, кеңейту, реконструкциялау немесе техникалық қайта жарақтандыру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға жүгінген кезде жергілікті атқарушы органдар жеке және заңды тұлғаларды осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген қызмет және объектілерді орналастыру үшін рұқсат талап етілетіні туралы хабардар етеді.

      11. Әуеайлақтарды айырып-тану үшін қабылданған таңбалық белгілер мен құрылғыларға ұқсайтын қандай да бір белгілер мен құрылғыларды әуеайлақ ауданында орнатуға жол берілмейді.

      Ғимараттар мен құрылысжайлардың иелері ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы Қағидаларға, ӘПЖН 1 және ӘПЖН 2 сәйкес осы объектілерге түнде және күндіз көрінетін таңбалық белгілер мен құрылғыларды өз қаражаты есебінен орналастырады.

2-тарау. Рұқсаттарды беру, қайтарып алу және оларға өзгерістер енгізу тәртібі

      12. Рұқсат:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес құрылатын 1 және 2-комиссиялар әуеайлақ маңындағы аумақтың шекарасы шегінде беретін;

      2) осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес құрылатын 3-комиссия әуеайлақ маңындағы аумақтың шекарасынан тыс беретін қорытынды негізінде беріледі.

      Рұқсатта рұқсат берілетін қызмет түрі немесе сипаттамалары бар объект көрсетіледі.

      13. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға рұқсат алу үшін өтініш беруші осы Қағидалардың 12 және 15-тармақтарында көрсетілген құжаттармен қоса осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді құзыреті бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша немесе электрондық түрде жібереді.

      Заңды тұлғалар рұқсат алуға өтінімді бірінші басшының қолы мен мөр қойылған ұйымның бланкісінде береді.

      Жеке тұлғалар рұқсат алуға өтінімді нақты тұрғылықты мекенжайын көрсете отырып береді.

      Өтінім келіп түскен күні тіркеледі. Егер өтінім жұмыс істемейтін күні келіп түскен болса, онда ол одан кейінгі келесі жұмыс күні тіркеледі.

      Рұқсат алуға өтінімді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган ол келіп түскен кезден бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күн ішінде қарайды.

      Өтінімді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның тиісті бейіндегі мамандары қарайды, солардың бағалауы негізінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның басшысы шешім қабылдайды.

      Аэронавигациялық зерттеу жүргізген кезде объект әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған шартты жер бетінен жоғары тұрған немесе осындай белгіленген жер беттерінен тыс тұрған және ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін жағдайларда рұқсат алуға өтінімді қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күніне ұзартылады.

      Өтінім сәйкес келмеген және (немесе) өтініш беруші осы Қағидалардың 12 және 15-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда уәкілетті ұйымның немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасы өтініш берушіні өтінім немесе құжаттар сәйкес келмейтін талаптар туралы хабардар етеді және талаптарға сәйкес келтіру мерзімін белгілейді, бұл ретте өтінімді қарау мерзімі 5 (бес) жұмыс күніне ұзартылады.

      Өтініш беруші анық емес құжаттарды және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.

      14. Азматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган өтініш берушіге рұқсатты жібереді және рұқсаттарды арнайы журналда есепке алуды жүргізеді не уәжді бас тарту жібереді.

      Рұқсат иеліктен шығарылмайды және үшінші тұлғаларға берілмейді.

      15. Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыру туралы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларына сәйкес объектілерді салу, орнату, орналастыру, кеңейту, реконструкциялау немесе техникалық қайта жарақтандыру, электр беру желілерін және басқа да құрылысжайларды орнату үшін:

      объектілердің тізбесі, олардың ұзындығы мен нысаналы мақсаты туралы деректер;

      WGS–84 координаталар жүйесіндегі көлденең жазықтықта объектінің орналасуы туралы деректер;

      объектінің тік жазықтықта орналасуы туралы деректер: объектінің өзінің биіктігі және теңіздің орташа деңгейіне қатысты оның орналасқан жеріндегі рельефтің биіктігі немесе объектінің ең биік нүктесінің WGS–84 жүйесіндегі орташа теңіз деңгейінен асып кетуі;

      объектінің орналасқан жері мен биіктігі туралы деректер көзі туралы мәліметтер;

      көлденең және тік есептеу жүйелеріндегі деректердің дәлдігі;

      объектіден ӘБН-ге дейінгі аралық (әуеайлақ маңындағы аумақтағы объектілер үшін) көрсетілген, қалаға немесе елді мекенге байланыстырылған объектілерді салу учаскесі белгіленген карталар;

      электр беру желілерінің кернеуі туралы мәліметтер;

      байланыс, электр беру желiлерiнiң (оның iшiнде бұрыштық, су айдындары, өзендер, темiр және автомобиль жолдары арқылы өтетін) биіктігі туралы деректер;

      жер бетінің төрт бұрышының бағдарымен жер бедері ескерілген және жер бетінің масштабы мен WGS–84 жүйесіндегі абсолютті белгілері көрсетілген электр беру желілері трассасының жоспары;

      жер бетінің төрт бұрышының бағдарымен жер бедері ескерілген және жер бетінің масштабы мен WGS–84 жүйесіндегі абсолютті белгілері көрсетілген объектілер мен кедергілердің ұзындығының жоспары.

      Осы тармақшада көрсетілген мәліметтерді және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер үшін осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес бағалауды "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес бірінші санаттағы лицензиясы бар жобалау ұйымдары дайындайды;

      2) салдарынан әуе кеңістігінде радиотолқындық, көрінетін, акустикалық және өзге де сәулелену түрлері жүргізілетін жұмыстар үшін:

      учаскенің бастапқы және соңғы пункттері туралы деректер және бүкіл трассаның атауы (аумағы арқылы трасса өтетін облыс, аудан көрсетілген);

      радиосәуле шығару құрылғыларының нысаналы мақсаты, жұмыс жиілігі, сәулелену жолағының ені, модуляция түрі, қуаты, сәулелену бағыты және бағытталу диаграммасының ені, антенна құрылғысының аспа биіктіктері туралы деректер;

      3) құстардың топталып жиналуына немесе ұшу көрінісінің нашарлауына әкелетін объектілерді орналастыру үшін объектінің орналасқан жері, ӘБН-ге дейінгі қашықтық туралы деректер ұсынылады, қызмет түрі және құстар мен қызметтің өзге де жануарларды тартуын төмендететін жағдайлар сипатталады;

      4) материалдық объектiлердiң әуе кеңiстiгiнде қозғалуымен тiкелей байланысты емес, бiрақ әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiне, олардың жабдықтары мен олардағы адамдардың қауіпсіздігіне әсер ететiн басқа да қызметтi жүзеге асыру тәртiбi мен шарттары туралы мәлiметтер.

      16. Осы Қағидалардың 7-тармағының 1) – 5) тармақшаларында тізбеленген объектілерді салу, орналастыру, кеңейту, реконструкциялау немесе техникалық қайта жарақтандыру аяқталғаннан кейін құрылыс салушы (өтініш беруші, объектінің меншік иесі) 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде әуеайлақты пайдаланушыға және мемлекеттік өнім берушіге сапасы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес келетін объектілердің WGS–84 форматындағы координаталары мен абсолютті биіктіктерін ұсынады.

      17. Құрылыс объектісінің техникалық параметрлері немесе ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін, рұқсат берілген қызмет шарттары өзгерген немесе ауытқыған кезде өтініш беруші осы Қағидалардың талаптарына сәйкес рұқсат беру рәсімінен қайтадан өтеді.

      Құрылыс объектілерінің техникалық параметрлеріне немесе қызмет шарттарына ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін түзетулер енгізілмейтін болса, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган бұрын берілген рұқсатты қайтарып алады.

      Қайтарып алу өтініш берушіге жазбаша немесе электрондық түрде жіберіледі.

      18. Әуеайлақ маңындағы аумақта ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін, осы Қағидаларды бұза отырып орналастырылған немесе жүзеге асырылатын немесе осы Қағидаларға сәйкес олар бойынша қорытындылар берілмеген немесе теріс қорытындылар берілген қызмет және объектілер анықталған кезде әуеайлақты пайдаланушы 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жергілікті атқарушы органды шараларды қабылдау, тіпті қызметін тоқтата тұру, ұшу қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда құстардың топталып жиналуына ықпал ететін жағдайларды жою, объектілерді бұзу, көшіру немесе объектілердің биіктігін азайту қажеттігі туралы хабардар етеді.

      Әуеайлақты пайдаланушы осы Қағидаларда белгіленген рұқсат беру немесе оны қайтарып алу рәсімдерін жүргізу үшін тиесілілігіне қарай азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органды осы Қағидаларды бұзудың анықталғаны туралы хабардар етеді.

      19. Өтініш беруші заңды тұлға қайта құрылған, оның атауы немесе орналасқан жері өзгерген кезде өтініш беруші не оның құқықтық мирасқоры қайта тіркеуден өткеннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттармен қоса рұқсатқа өзгерістер енгізу туралы өтініш береді.

      Өтініш беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе қызмет орны өзгерген кезде өтініш беруші қайта тіркеуден өткеннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттармен қоса рұқсатқа өзгерістер енгізу туралы өтініш береді.

      Объектінің меншік иесі (заңды немесе жеке тұлға) ауысқан кезде өтініш беруші рұқсатқа тиісті өзгерістер енгізуге арналған өтінішті 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қайта береді.

      20. Осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес рұқсатқа өзгерістер енгізуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган қайта ресімдеу туралы өтінішті алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      21. Объектінің меншік иесі немесе оны пайдаланушы соған сәйкес рұқсат берілген сипаттамаларды, техникалық параметрлерді және шарттарды сақтамаған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган рұқсаттың қолданылуын уақытша тоқтата тұрады, объектінің меншік иесі мен оны пайдаланушы 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде объектіні немесе қызметті берілген рұқсатқа сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдайды.

      Белгіленген мерзім ішінде объектіні немесе қызметті берілген рұқсатқа сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылданбаған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган рұқсатты қайтарып алады, объектінің меншік иесі мен оны пайдаланушы 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде объектіні жою, оның пайдаланылуын тоқтату немесе рұқсат қайтарып алынғаннан кейін дереу рұқсат берілген қызметті тоқтату жөнінде шаралар қабылдайды.

3-тарау. Тыңдау және шағымдану тәртібі

      22. Оң рұқсат беруден бас тарту үшiн негiздер анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым өтініш берушіге оң шешім беруден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушінің алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым оң шешім беру немесе оң шешім беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      23. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган қызметкерлерінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның басшысының атына берілуі мүмкін.

  Әуе кемелерінің ұшу
қауіпсіздігіне қатер төндіруі
мүмкін қызметті жүзеге асыруға
рұқсаттар беру қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне обьектінің/қызметтің әсері туралы 20__ жылғы "____" _______№ ____ қорытынды

      __________________ № ___________ бұйрығымен бекітілген мына құрамдағы

      тұрақты жұмыс істейтін комиссия дайындаған:___________________________

      _____________ жылғы № __________ өтінім бойынша

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғалар үшін атауы, заңды мекенжайы, жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі)

      Өтінімге қоса беріледі (құжаттар тізбесі):

      1.______________________________________________________________

      Объектінің/қызметтің сипаттамасы ________________________________

      ___________________________________________________________________,

      (объектінің/қызметтің атауы, нысаналы мақсаты, биіктігі және басқа да сипаттамалары)

      ____________________________________________________________________

      (облыс, аудан, қала, елді мекен көрсетіледі)

      __________________________________________________________ орналасқан.

      (координаталарды, ұшу-қону жолағының ең жақын нүктесінен және ӘБН-нен қашықтығы көрсетіледі)

      Комиссия ұсынылған құжаттарды қарап, мынаны анықтады:

      1. Әуеайлақ маңындағы/әуеайлақтан тыс аумақтардағы объект (қызмет) (керегі көрсетіледі).

      2. Объектінің WGS–84 координаталар жүйесінде көлденең жазықтықта (көрсетіледі) және тік жазықтықта (көрсетіледі) мынадай орны бар.

      3. Кедергі ретінде бағаланатын объект ______________________________

      __________________________________________________________ өтеді.

      (өтетін беттерді және өту мөлшері көрсетіледі)

      4. Обьект аспаптар бойынша қонуға кіру рәсімдерін немесе көзбен шолып маневрлеу рәсімін орындаған кезде кедергілерден ұшып өтудің ең аз абсолюттік/салыстырмалы биіктігінің ұлғаюына әкеледі/ әкелмейді.

      5. Обьектінің ұшу схемаларына (ұшу рәсімдеріне) өзге де пайдалану сипатындағы әсері бар/болмайды.

      6. Күндіз көрінетін таңбалануы және жарықпен қорғау белгілері ____________

      (талап етіледі / талап етілмейді)

      7. Құстардың топталып жиналуына әкелетін немесе ұшу көрінісін нашарлататын (түтін шоғырлануы салдарынан) объектілерді, жарылу қаупі бар объектілерді орналастырудың әсерін бағалау

      __________________________________________________________________

      (қызмет сипатталады)

      8. Басқа _____________________________________________________

      Комиссияның қорытындысы: ______________________________________

      Қорытындыда мыналар көрсетілген:

      ұшу қауіпсіздігіне әсер ету немесе әсер етпеу;

      қызметті жүзеге асыру немесе объектіні орналастыру (өзгерту) мүмкіндігі туралы: рұқсат етіледі (қажет болған жағдайда рұқсат етілетін шарттар көрсетіледі) немесе рұқсат етілмейді;

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымнан рұқсат алу қажеттігі туралы;

      әуеайлақты пайдаланушыны және мемлекеттік өнім берушіні хабардар ету туралы;

      объект аяқталғаннан немесе қызмет басталғаннан кейін нақты биіктікті көрсете отырып, WGS–84 жүйесіндегі объектінің нақты координаталары туралы ақпарат беру қажеттігі туралы.

      Тұрақты жұмыс істейтін комиссияның төрағасы ______________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Комиссия мүшелерінің қолдары:___________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Әуе кемелерінің ұшу
қауіпсіздігіне қатер төндіруі
мүмкін қызметті жүзеге асыруға
рұқсаттар беру қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін объектіні орналастыруға немесе қызметті жүзеге асыруға рұқсат беруге өтінім

      1. Заңды тұлғаның атауы/ өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2._________________________________________________________________

      _______________(объект немесе қызмет түрі көрсетіледі) рұқсат беруді сұраймын.

      3. Құрылыс (реконструкциялау) объектiсiнiң нысаналы мақсаты, қызмет сипаттамасы, елдi мекенге байланыстырылған облысты, ауданды көрсете отырып, орналастыру (орны), әуеайлақтың ӘБН-нен қашықтығы:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілген құжаттардың тізбесі.

      5. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________

      (заңды тұлғалар үшін лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі)

      Қолы/Күні ______________.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады