Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 399 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы
№ 399 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 399 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 31, 335-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев