Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 85 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 мамырдағы № 514 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 219 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.03.2014 № 219 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 85 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 13-14, 127-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы «көрсету» деген сөз алып тасталсын;
      кіріспе «34-бабына» деген сөздерден кейін «, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына» деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық анықтамалардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2011 жылғы 14 мамырдағы
№ 514 қаулысына
қосымша   

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің  
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 85 қаулысымен
бекітілген  

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызмет Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 53-үй мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатында (бұдан әрі - Орталық мұрағат) көрсетіледі.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенцияның (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) 3-6-баптары, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысының 2-тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтің үлгі стандарты», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің 97-тармағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі мен шарттары туралы Бірыңғай қағиданың 3-тармағы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2010 жылғы 16 маусымдағы № 241 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты мемлекеттік мекемесі жарғысының 13-тармағы негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.kz. интернет-ресурсында «Заңнама» бөлімінде, сондай-ақ Орталық мұрағаттың ғимаратында (Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 53-үй, телефоны 8(727)274-73-49) орналастырылған.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау түрі Орталық мұрағаттан шығатын апостиль қойылған мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) өздері өтініш жасаған кезде немесе жазбаша сұрау салуларын алған кезде көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде;
      мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш жасаған сәттен бастап (тіркеген сәттен бастап) 15 жұмыс күні ішінде;
      2) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілген уақыты: құжаттарды алу кезінде - 180 минут;
      3) басқа мерзімдер сұралатын құжаттар уақытша болмаған кезде сұрау салынған сәтте белгіленеді.
      8. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес ресми құжаттарға апостиль қою үшін мемлекеттік баж алынады.
      Мемлекеттік баж апостиль қойылғанға дейін және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген мөлшерде банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленеді.
      9. Мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетіледі. Қабылдау және беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      Қызметті алу үшін алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.
      10. Мемлекеттік қызмет тұтынушыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген Орталық мұрағаттың ғимаратында көрсетіледі. Үй-жайда күту креслолары, бланкілерді толтыру үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Орталық мұрағаттан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою үшін тұтынушы мыналарды ұсынады:
      1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) апостиль қою үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек;        4) егер өтініш жасаған адам басқа адамның өкілі болып табылса, жеке және заңды тұлғаның нотариалды расталған келісімі.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштердің бланкілерін толтыру талап етіледі. Өтініштің бланкісі Орталық мұрағат ғимаратындағы арнайы тағанда орналастырылған.
      13. Құжаттарды қабылдауды 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 53-үй, № 1 кабинет мекенжайы бойынша Орталық мұрағатта тікелей қызметтік іс жүргізуші жүзеге асырады.
      14. Орталық мұрағат тұтынушыға құжаттарды қабылдағаны туралы жазбаша растама бермейді.
      15. Орталық мұрағаттан шығатын апостиль қойылған мұрағаттық анықтамаларды және мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру тұтынушы өтініш жасаған кезде тікелей Орталық мұрағатта жүзеге асырылады.
      16. Тұтынушылардың жазбаша сұрау салуларына апостиль қойылған мұрағаттық анықтамаларды және мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін уәкілетті органның тіркеушісі конвертке салады және пошта арқылы тұтынушыға жолдайды.
      17. Ұсынылған құжаттарда қателер (түзетулер, өшірулер) анықталған, сондай-ақ осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың тізбесі толық ұсынылмаған кезде сұрау салу түскен күні мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Уәкілетті органдардың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық;
      4) түпкілікті және толық ақпарат беру;
      5) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғауды және оның құпиялылығын қамтамасыз ету;
      6) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін Орталық мұрағаттың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік департаментінің жанындағы арнайы құрылған жұмыс тобы бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Орталық мұрағаттың лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты № 201 кабинеттегі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі қоғамдық қабылдау бөлмесінің 8(7172)72-15-91 телефоны арқылы алуға болады. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 14-үй, интернет-ресурсы: www.mod.kz.,
      22. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша наразылық болған жағдайда шағым Орталық мұрағат бастығының атына сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа күн сайын № 1 кабинетке 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін, телефоны: 8(727)274-73-49 және (немесе) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі басшылығының атына беріледі.
      23. Орталық мұрағат қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары тұрған басшылығына 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 14-үй мекенжайы бойынша шағымдануға болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Шағым жазбаша нысанда Орталық мұрағаттың немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің іс жүргізушісі арқылы сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа күн сайын 9.00-ден 17.30-ға дейін қабылданады, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
      25. Қабылданған шағым уәкілетті органның кіріс хат-хабарларын есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қаралады.
      Берілген шағымды қарау барысын және оған жауапты Орталық мұрағаттан 8(727)274-73-49 телефоны арқылы білуге болады.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш иесіне жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      26. Орталық мұрағат басшысының байланыс телефоны - 8(727)274-73-49.
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 14-үй, интернет-ресурсы: www.mod.kz., телефоны: 8 (7172) 72-15-91.

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын
мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық
құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою»
мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша           

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсетуді ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсетуді ұсыну сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Ақпаратты электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 февраля 2010 года № 85

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 мая 2011 года № 514. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 марта 2014 года № 219

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 11.03.2014 № 219 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 февраля 2010 года № 85 "Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива Министерства обороны Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан 2010 г., № 13-14, ст. 127) следующие изменения и дополнение:
      в заголовке и пункте 1 слова "оказании", "оказания" исключить;
      преамбулу после слова "Казахстан" дополнить словами ", статьями 9-1, 15-2 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах";
      стандарт оказания государственной услуги "Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива Министерства обороны Республики Казахстан", утвержденный указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение       
к постановлению Правительства
Республики Казахстан  
от 14 мая 2011 года № 514

Утвержден        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 11 февраля 2010 года № 85

Стандарт государственной услуги
"Апостилирование архивных справок и копий архивных документов,
исходящих из Центрального архива Министерства обороны
Республики Казахстан"

1. Общие положения

      1. Государственная услуга оказывается в Центральном архиве Министерства обороны Республики Казахстан (далее - Центральный архив) по адресу: город Алматы, ул. Жандосова, 53.
      2. Форма оказываемой государственной услуги: не автоматизированная.
      3. Государственная услуга осуществляется на основании статей 3-6 Конвенции, отменяющей требование легализации иностранных официальных документов (г. Гаага, 5 октября 1961 года), пункта 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2001 года № 545 "О мерах по реализации положений Конвенции, отменяющей требование легализации иностранных официальных документов (г. Гаага, 5 октября 1961 года)", "Типового стандарта государственной услуги", утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2007 года № 558, пункта 97 Реестра государственных услуг, оказываемых физическим и юридическим лицам, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2010 года № 745, пункта 3 Единых правил о порядке и условиях проставления апостиля на официальных документах, исходящих из государственных органов, также от нотариусов Республики Казахстан, утвержденных приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 4 июня 2001 года № 67, пункта 13 Устава государственного учреждения Центральный архив Министерства обороны Республики Казахстан, утвержденного приказом Министра обороны Республики Казахстан от 16 июня 2010 года № 241.
      4. Полная информация о порядке оказания государственной услуги размещена на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан: www.mod.gov.kz, в разделе "Законодательство", а также в здании Центрального архива (город Алматы, ул. Жандосова, 53, телефон 8 (727) 274-73-49).
      5. Видом завершения оказываемой государственной услуги является выдача апостилированных архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива, либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги.
      6. Государственная услуга оказывается физическим и юридическим лицам Республики Казахстан, иностранцам и лицам без гражданства (далее - потребители) при личном обращении или при получении письменных запросов.
      7. Сроки оказания государственной услуги:
      1) сроки оказания государственной услуги с момента:
      сдачи потребителем необходимых документов, определенных в пункте 11 настоящего Стандарта, 15 рабочих дней;
      обращения для получения государственной услуги (с момента регистрации) 15 рабочих дней;
      2) максимально допустимое время обслуживания получателя государственной услуги, оказываемой на месте в день обращения заявителя:
      при получении документов - 180 минут;
      3) другие сроки устанавливаются на момент запроса при временном отсутствии запрашиваемых документов.
      8. За проставление апостиля на официальных документах взимается государственная пошлина в соответствии с Налоговым кодексом Республики Казахстан.
      Государственная пошлина уплачивается через банки и организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций, до проставления апостиля и в размере, установленном Налоговым кодексом Республики Казахстан.
      9. Государственная услуга предоставляется ежедневно, за исключением субботы, воскресенья и праздничных дней. Прием и выдача осуществляется с 9.00 до 17.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.00 часов.
      Предварительная запись для получения услуги и ускоренное обслуживание не предусмотрены.
      10. Государственная услуга оказывается в здании Центрального архива, где предусмотрены условия для обслуживания потребителей, в том числе с ограниченными возможностями. В помещении располагаются кресла ожидания, информационные стенды с образцами заполнения бланков.

2. Порядок оказания государственной услуги

      11. Для апостилирования архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива потребитель предоставляет:
      1) заявление для получения государственной услуги;
      2) документ, удостоверяющий личность;
      3) квитанцию об оплате государственной пошлины за апостилирование;
      4) нотариально заверенное согласие физического или юридического лица, если обращающееся лицо является представителем другого лица.
      12. Для получения государственной услуги требуется заполнение бланков заявлений. Бланк заявления размещен на специальной стоике в здании Центрального архива.
      13. Прием документов осуществляется непосредственно в Центральном архиве, по адресу 050035, город Алматы, ул. Жандосова, 53 кабинет № 1 служебным делопроизводителем.
      14. Потребителю письменное подтверждение о принятии документов Центральным архивом не выдается.
      15. Выдача апостилированных архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива осуществляется непосредственно в Центральном архиве при обращении потребителя.
      16. Апостилированные архивные справки и копии архивных документов на письменные запросы потребителей вкладываются в конверты регистратором уполномоченного органа и направляются по почте потребителю.
      17. При выявлении ошибок (исправлений, подчисток) в представленных документах, а также в представлении не полного перечня документов, указанных в пункте 11 настоящего стандарта, в предоставлении государственной услуги отказывается в день поступления запроса.

3. Принципы работы

      18. Деятельность уполномоченных органов основывается на следующих принципах:
      1) соблюдения конституционных прав и свобод человека;
      2) соблюдения законности при исполнении служебного долга;
      3) вежливости;
      4) предоставлении исчерпывающей и полной информации;
      5) обеспечения сохранности, защиты и конфиденциальности информации о содержании документов потребителя;
      6) обеспечение сохранности документов.

4. Результаты работы

      19. Результаты оказания государственной услуги потребителям измеряются показателями качества и доступности в соответствии с приложением 1 к настоящему стандарту.
      20. Целевые значения показателей качества и доступности государственных услуг, по которым оценивается работа Центрального архива, оказывающего государственную услугу, ежегодно утверждаются специально созданной рабочей группой при Административном департаменте Министерства обороны приказом Министра обороны Республики Казахстан.

5. Порядок обжалования

      21. Информацию о порядке обжалования действий (бездействия) должностных лиц Центрального архива можно получить по телефону Общественной приемной Министра обороны Республики Казахстан 8 (7172) 72-15-91 кабинет № 201. Адрес Министерства обороны Республики Казахстан: 010000, город Астана, ул. Достык, дом 14 интернет-ресурс: www.mod.kz.
      22. В случае претензий по качеству предоставления государственной услуги жалоба подается на имя начальника Центрального архива кабинет № 1 ежедневно, кроме субботы, воскресенья и праздничных дней, с 9.00 до 17.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.00 часов телефон 8 (727) 274-73-49 и (или) руководства Министерства обороны Республики Казахстан.
      23. Действия (бездействие) сотрудников Центрального архива могут быть обжалованы в установленном законодательством порядке вышестоящему руководству Министерства обороны Республики Казахстан по адресу: 010000, город Астана, ул. Достык, дом 14.
      В случаях несогласия с результатами оказанной государственной услуги потребитель имеет право обратиться в суд в установленном законодательством порядке.
      24. Жалоба принимается в письменной форме через делопроизводителя Центрального архива или Министерства обороны Республики Казахстан ежедневно, кроме субботы, воскресенья и праздничных дней, с 9.00 до 17.30 часов, обеденный перерыв с 13.00 до 14.00 часов.
      25. Принятая жалоба регистрируется в журнале учета входящей корреспонденции уполномоченного органа и рассматривается в сроки, установленные Законом Республики Казахстан от 12 января 2007 года "О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц".
      Ход рассмотрения и ответ на подданную жалобу можно узнать в Центральном архиве по телефону 8 (727) 274-73-49.
      О результатах рассмотрения жалобы заявителю сообщается в письменном виде по почте.
      26. Контактный телефон руководителя Центрального архива - 8 (727) 274-73-49.
      Адрес Министерства обороны Республики Казахстан: 010000, город Астана, ул. Достык, дом 14 интернет-ресурс: www.mod.kz., телефон 8 (7172) 72-16-29.

Приложение              
к стандарту государственной услуги  
"Апостилирование архивных справок и копий
архивных документов, исходящих из   
Центрального архива Министерства обороны
Республики Казахстан"       

      Таблица. Значение показателей качества и эффективности

Показатели качества и
эффективности

Нормативное
значение
показателя

Целевое
значение
показателя
в
последующем
году

Текущее
значение
показателя в
отчетном
году

1. Своевременность

1.1. % (доля) случаев
предоставления услуги в
установленный срок с момента
сдачи документа




2. Качество

2.1. % (доля) потребителей,
удовлетворенных качеством
процесса предоставления услуги




3. Доступность

3.1. % (доля) потребителей,
удовлетворенных качеством и
информацией о порядке
предоставления услуги




3.2. % (доля) услуг, информация о
которых доступна в электронном
формате




4. Процесс обжалования

4.1. % (доля) потребителей,
удовлетворенных существующим
порядком обжалования




5. Вежливость

5.1. % (доля) потребителей,
удовлетворенных вежливостью
персонала