Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі иңдустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 225-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Институционалдық қайта құру» деген 3-бөлімде:
«Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру» деген 3.1-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 37-жолдың 2-бағанындағы «Индустриялық саясат туралы» деген сөздер «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1467 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 5-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»;
реттік нөмірі 6-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
реттік нөмірлері 30, 31 және 32-жолдарда:
3-бағандағы «Әділетмині» деген аббревиатура «IIМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
7-бағандағы «Ә.Т. Аманбаев» деген сөздер «А.Ж. Күреңбеков» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов