"Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 мамырдағы № 611 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.02.2015 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою, не оларды алып қоюсыз міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 22, 23 және 24-тармақтармен толықтырылсын:
      «22. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуге тапсыру жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды аяқтағаннан кейін тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша олардың тапсырылуы туралы акт жасайды.
      23. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қайта өңдеуге тапсырылуы туралы актіге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйымның басшысы және жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың иелері қол қояды және ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекітіледі.
      24. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоюсыз міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде тиісті аумақта жануардың бір басының және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың нарықтық құнының 30 %-нан аспайтын мөлшердегі құны жергілікті бюджет есебінен өтеледі, ал құнының қалған бөлігін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйым өтейді.»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою нәтижесінде жеке және заңды тұлғалар келтірген залалдарды өтеу ережесі мен шарттарында:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат алып қою және жою кезінде жеке және заңды тұлғалар келтірген залалдарды өтеу үшін жануарлардың түрі мен жыныстық-жастық топтарына қарай олардың құны мынадай айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде белгіленеді:
      1) түйелер, оның ішінде:
      6 айға дейінгі боталар - 24 АЕК-ке дейін;
      6 айдан бір жасқа дейінгі тайлақ - 39,82 АЕК-ке дейін;
      екі жасқа дейінгі тайлақ - 68,44 АЕК-ке дейін;
      екі жастан жоғары - 94,82 АЕК-ке дейін;
      2) ірі қара мал, оның ішінде:
      1 жасқа дейінгі бұзау - 19,93 АЕК-ке дейін;
      бір жастан екі жасқа дейінгі баспақ - 30,55 АЕК-ке дейін;
      сиырлар - 48,32 АЕК-ке дейін;
      бұқалар - 53,42 АЕК-ке дейін;
      3) жылқылар, оның ішінде:
      1 жасқа дейінгі құлындар - 39,82 АЕК-ке дейін;
      үш жасқа дейінгі құнандар - 68,44 АЕК-ке дейін;
      үш жастан үлкен жылқылар - 94,39 АЕК-ке дейін;
      4) қойлар мен ешкілер, оның ішінде:
      1 жасқа дейінгі қозылар мен лақтар - 5,24 АЕК-ке дейін;
      бір жастан үлкен тоқтылар-ешкілер - 6,47 АЕК-ке дейін;
      аналық қой-ешкілер - 8,47 АЕК-ке дейін;
      үлкен қошқар-текелер - 9,81 АЕК-ке дейін;
      5) шошқалар, оның ішінде:
      2 айға дейінгі торайлар - 4,06 АЕК-ке дейін;
      екі айдан төрт айға дейінгі торайлар - 4,91 АЕК-ке дейін;
      төрт айдан тоғыз айға дейінгі торайлар - 10,49 АЕК-ке дейін;
      9 айдан үлкен шошқалар - 23,3 АЕК-ке дейін;
      6) құстар (тауықтар, үйректер, қаздар, түйетауықтар), оның ішінде:
      30-дан 60 күнге дейінгі балапандар - 0,12 АЕК-ке дейін;
      60-тан 90 күнге дейінгі шөжелер - 0,20 АЕК-ке дейін;
      тауықтар - 0,42 АЕК-ке дейін;
      үйректер - 1,24 АЕК-ке дейін;
      қаздар - 1,89 АЕК-ке дейін;
      түйетауықтар- 2,03 АЕК-ке дейін;
      7) үй қояндары, оның ішінде:
      2 айдан 4 айға дейінгі көжектер - 0,20 АЕК-ке дейін;
      үлкен үй қояндары - 0,50 АЕК-ке дейін;
      8) жануарлардан алынатын өнімдер, оның ішінде:
      сиыр еті - 0,4 АЕК-ке дейін;
      қой еті - 0,41 АЕК-кедейін;
      шошқа еті - 0,4 АЕК-ке дейін;
      жылқы еті - 0,51 АЕК-ке дейін;
      түйе еті - 0,51 АЕК-ке дейін;
      ішек-қарны алынған тауық еті - 0,28 АЕК-ке дейін;
      сүт және сүт өнімдері - 0,02 АЕК-ке дейін;
      жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері - 0,05 АЕК-ке дейін;
      9) жануарлардан алынатын шикізаттар, оның ішінде:
      тері - 0,3 АЕК-ке дейін;
      жүн - 0,09 АЕК-ке дейін.»;
      5-тармақта:
      «килограмы» деген сөзден кейін «(литрі, ондығы)» деген сөздермен толықтырылсын;
      «50» деген сандар «80» деген сандармен ауыстырылсын;
      8-тармақтың 1) тармақшасы «жануарларға» деген сөздің алдынан «қолайлы шаруашылық субъектілерінің ұсақ қара мал бруцеллезін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы,  отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз  бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі                         К. Мәсімов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 апреля 2003 года № 407 "Об утверждении нормативных правовых актов в области ветеринарии"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2011 года № 611. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 февраля 2015 года № 85

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 21.02.2015 № 85 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 апреля 2003 года № 407 "Об утверждении нормативных правовых актов в области ветеринарии" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., № 18, ст. 185) следующие изменения и дополнения:
      1) в Правилах обязательного изъятия и уничтожения животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющие особую опасность для здоровья животных и человека, либо их обязательного обезвреживания (обеззараживания) и переработки без изъятия, утвержденных указанным постановлением:
      дополнить пунктами 22, 23 и 24 следующего содержания:
      "22. После завершения ветеринарных мероприятий по сдаче на переработку животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих особую опасность для здоровья животных и человека, государственный ветеринарно-санитарный инспектор соответствующей территории составляет акт о их сдаче по форме, установленной уполномоченным государственным органом в области ветеринарии.
      23. Акт о сдаче на переработку животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих особую опасность для здоровья животных и человека, подписывается государственным ветеринарно-санитарным инспектором, руководителем организации по переработке продукции и сырья животного происхождения и владельцем животных, продукции и сырья животного происхождения и скрепляется печатью районного (городского) территориального подразделения ведомства уполномоченного государственного органа в области ветеринарии.
      24. При обязательном обезвреживании (обеззараживании) и переработке без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих особую опасность для здоровья животных и человека за счет местного бюджета возмещается стоимость в размере, не превышающем 30 % от рыночной стоимости одной головы животного и одного килограмма продукции и сырья животного происхождения на соответствующей территории, а остальная часть стоимости выплачивается организацией по переработке продукции и сырья животного происхождения.";
      2) в Правилах и условиях возмещения ущерба, понесенного физическими и юридическими лицами в результате изъятия и уничтожения животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих особую опасность для здоровья животных и человека, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 4 изложить в следующей редакции:
      "4. Для возмещения ущерба, понесенного физическими и юридическими лицами при изъятии и уничтожении животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих особую опасность для здоровья животных и человека, в зависимости от вида и половозрастных групп животных устанавливаются их стоимость в следующих размерах месячного расчетного показателя (далее - МРП):
      1) верблюды, в том числе:
      верблюжата до 6 месяцев - до 24 МРП;
      молодняк от 6 месяцев до года - до 39,82 МРП;
      молодняк до двух лет - до 68,44 МРП;
      старше двух лет - до 94,82 МРП;
      2) крупный рогатый скот, в том числе:
      телята до 1 года - до 19,93 МРП;
      молодняк старше года и до двух лет - до 30,55 МРП;
      коровы - до 48,32 МРП;
      быки-производители - до 53,42 МРП;
      3) лошади, в том числе:
      жеребята до 1 года - до 39,82 МРП;
      молодняк до трех лет - до 68,44 МРП;
      лошади старше трех лет - до 94,39 МРП;
      4) овцы и козы, в том числе:
      ягнята и козлята до 1 года - до 5,24 МРП;
      молодняк старше года - до 6,47 МРП;
      овцематки - до 8,47 МРП;
      бараны-производители - до 9,81 МРП;
      5) свиньи, в том числе:
      поросята до 2 месяцев - до 4,06 МРП;
      поросята от двух до четырех месяцев - до 4,91 МРП;
      поросята от четырех до девяти месяцев - до 10,49 МРП;
      свиньи старше 9 месяцев - до 23,3 МРП;
      6) птица (куры, утки, гуси, индейки), в том числе:
      цыплята от 30 до 60 дневного возраста - до 0,12 МРП;
      цыплята от 60 до 90 дневного возраста - до 0,20 МРП;
      куры - до 0,42 МРП;
      утки - до 1,24 МРП;
      гуси - до 1,89 МРП;
      индейки - до 2,03 МРП;
      7) кролики, в том числе:
      крольчата от 2 до 4 месяцев - до 0,20 МРП;
      кролики взрослые - до 0,50 МРП;
      8) продукция животного происхождения, в том числе:
      говядина - до 0,4 МРП;
      баранина - до 0,41 МРП;
      свинина - до 0,4 МРП;
      конина - до 0,51 МРП;
      верблюжатина - до 0,51 МРП;
      куры потрошенные - до 0,28 МРП;
      молоко и молокопродукты - до 0,05 МРП;
      яйцо и яйцепродукты - до 0,09 МРП;
      9) сырье животного происхождения, в том числе:
      шкура - до 0,3 МРП;
      шерсть - до 0,09 МРП.";
      в пункте 5:
      после слова "килограмм" дополнить словами "(литр, десяток)";
      цифры "50" заменить цифрами "80";
      подпункт 1) пункта 8 дополнить словами ", за исключением бруцеллеза мелкого рогатого скота благополучных хозяйствующих субъектов".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования, за исключением абзацев второго, третьего, четвертого, пятого, шестого, седьмого, восьмого, девятого, десятого, одиннадцатого, двенадцатого, тринадцатого, четырнадцатого, пятнадцатого, шестнадцатого, семнадцатого, восемнадцатого, девятнадцатого, двадцатого, двадцать первого, двадцать второго, двадцать третьего, двадцать четвертого, двадцать пятого, двадцать шестого, двадцать седьмого, двадцать восьмого, двадцать девятого, тридцатого, тридцать первого, тридцать второго, тридцать третьего, тридцать четвертого, тридцать пятого, тридцать шестого, тридцать седьмого, тридцать восьмого, тридцать девятого, сорокового, сорок первого, сорок второго, сорок третьего, сорок четвертого, сорок пятого, сорок шестого, сорок седьмого, сорок восьмого, сорок девятого, пятидесятого, пятьдесят первого, пятьдесят второго подпункта 2) пункта 1, которые вводятся в действие с 1 мая 2011 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов