"Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 632 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін. 

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы  Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидасын бекіту туралы

      «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 27-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру тәртібін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидасы бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 59 өкімі;
      2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 59 өкіміне толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № 323 өкімі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 235-құжат).
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы Жарлық ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
              Президенті                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2011 жылғы «___» ______
№ ___ Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік
паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою
қағидасы

      Осы Қағида «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 27-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты шет елде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат болып табылады, 1961 жылғы Дипломаттық қатынастар туралы Вена конвенциясына және Қазақстан Республикасының басқа халықаралық шарттарына сәйкес оның дипломатиялық иммунитеті болады.
      2. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты Қазақстан Республикасының азаматы өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді атқару үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан, келген, тұрған кезде оның жеке басын, иесінің ресми мәртебесін куәландыратын құжат болып табылады.
      3. Дипломаттық немесе қызметтік паспортты (бұдан әрі - паспорт) шетелге жеке сапарлар үшін пайдалануға тыйым салынады.
      4. Паспорт Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.
      5. Паспорт Қазақстан Республикасынан әлемнің барлық мемлекеттеріне шығу үшін жарамды болып табылады.
      6. Паспортты Қазақстан Республикасының дипломаттық немесе қызметтік паспортын алуға құқығы бар адамдардың тізбелеріне сәйкес (1 және 2-қосымшалар) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) береді.
      7. Ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Қазақстан Республикасының дипломаттық паспортын алуға құқығы бар адамдардың тізбесінде көрсетілмеген адамдарға дипломаттық паспорт беруге құқығы бар.
      8. Ұзақ шетелдік іссапарға баратын және дипломаттық немесе қызметтік паспорты бар адамдармен бірге жүретін жұбайларына/зайыптарына, 18 жасқа дейінгі балаларға да тиісінше дипломаттық немесе қызметтік паспорт, сондай-ақ қызметтік паспорты бар адамдармен бірге жүретін, жасы 18-ден асқан, күйеуге шықпаған қыздарға да қызметтік паспорт беріледі.
      9. Паспорт бес жыл мерзімге беріледі.
      10. Паспорттардың бланкілері Министрліктің өтінімі бойынша жасалатын қатаң есептегі құжаттар болып табылады.
      11. Паспорттарды беруді, есепке алуды, сақтауды және жоюды Министрлік жүзеге асырады.

2. Негізгі ұғымдар

      12. Осы Қағидада мынандай ұғымдар пайдаланылады:
      1) уәкілетті адам - осы Қағидада көзделген іс-қимылды жасауға іссапарға жіберуші орган уәкілеттік берген, осы органның қызметкері.
      Уәкілетті адам туралы ақпарат іссапарға жіберуші орган басшысының немесе Министрлікте оны алмастыратын адамның қолы қойылып, жазбаша түрде алдын ала жіберіледі;
      2) іссапарға жіберуші орган - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы немесе ұйымы;
      3) жауапты қызметкер - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің осы Қағидада көзделген іс-қимылды жүзеге асыратын қызметкері;
      4) өтінімхат - іссапарға жіберуші орган басшылығының немесе іссапарға жіберуші органның құрылымдық бөлімшесі басшысының қолы қойылған фирмалық бланкідегі іссапарға жіберуші органның хаты;
      5) лауазымды адамдардың тізбелері - Қазақстан Республикасының дипломаттық немесе қызметтік паспортын алуға құқығы бар адамдардың тізбелері;
      6) иесі - Қазақстан Республикасының дипломаттық немесе қызметтік паспорты ресімделген адам.

3. Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік
паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою

      13. Паспортты ресімдеу үшін іссапарға жіберуші орган уәкілетті адам арқылы Министрлікке мынадай құжаттар пакетін:
      1) өтінімхат (3-қосымша);
      2) іссапарға жіберуші органның кадрлар бөлімі куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың немесе өзге құжаттың көшірмесін;
      3) паспорт беруге толтырылған өтініш (бұдан әрі - өтініш);
      4) 3,5x4,5 мөлшеріндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
      5) жеке куәліктің көшірмесін береді.
      14. Құжаттарды қабылдаған кезде жауапты қызметкер өтініште
көрсетілген деректердің жеке басын куәландыратын құжаттардың деректерімен сәйкестігі тұрғысынан салыстырып тексеру жүргізеді.
      15. Басқа паспорт болған жағдайда, жаңасын ресімдеуге мынадай:
      1) басқа шет мемлекетке кіру үшін кедергі болуы мүмкін шетел визасы болған;
      2) қысқа мерзімде бірнеше мемлекеттің визаларын алу қажет болған;
      3) Министрлік басшылығының жазбаша нұсқауы болған жағдайларда рұқсат етіледі.
      16. Паспортты ресімдеу мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.
      17. Уәкілетті адамға паспорт беру жеке куәлігін немесе ұлттық паспортын көрсеткен жағдайда паспорттарды беру журналына қолын қойғызып жүзеге асырылады.
      18. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің мұрағатынан паспорттарды беру уәкілетті адам арқылы ұсынылған өтінімхат пен іссапарға жіберуші органның кадрлар бөлімі куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың немесе өзге құжаттың көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
      19. Паспорттың қолданылу мерзімін Министрлік немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері мынадай:
      1) иесі шұғыл түрде шет елге іссапарға шығу қажет болған;
      2) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіндегі жұмыс мерзімі ұзартылған жағдайларда бір жылға дейінгі мерзімге бір мәрте ұзартуы мүмкін.
      20. Егер иесі бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасынан тыс жерге тағы да шықпаса, азаматтар шетелдік сапардан оралғаннан кейін он күн мерзімде паспорт Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің мұрағатына тапсырылуға жатады. Паспортты тапсыру негізсіз кідіртілген жағдайда, Министрлік оны жарамсыз деп тану құқығын өзіне қалдырады. Тапсырылғаннан кейін паспортты сақтау жауапкершілігі Министрлікке жүктеледі.
      Іссапарға жіберуші орган берілген паспорттардың есебін жүргізеді және паспорт иелерінің қызметтік қозғалысы (жұмыстан босатылуы, лауазымының жоғарылауы, төмендеуі) туралы Министрлікке тоқсанына бір рет хабарлап отырады.
      Егер иесі оны иелену құқығын жоғалтқан болса, Министрлік паспортты талап етеді. Паспорт қайтарылмаған жағдайда, Министрлік Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне паспортты жарамсыз деп тану туралы ақпарат жібереді.
      21. Паспорт шет елде жоғалған, ұрланған жағдайда, оның иесі бұл туралы болу мемлекетінің құқық қорғау органдарына және Қазақстан Республикасының ең таяу шет елдегі мекемесіне, егер жоғалу, ұрлану Қазақстанның аумағында орын алса - Министрлікке және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына дереу мәлімдейді.
      Жоғалған, ұрланған паспорттың орнына жаңасын беру жоғалту, ұрлану туралы ақпарат тексерілгеннен кейін жүргізіледі.
      22. Паспорттарды сақтау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің мұрағатында жүргізіледі.
      Паспортпен бірге паспорт қолға берілген кезде мұрағатта қалатын есепке алу карточкасы да сақталады.
      23. Паспорттарды жою осы Қағиданың 4-қосымшаға сәйкес акт жасау
арқылы жүзеге асырылады.

4. Қорытынды ережелер

      24. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне жұмысқа барған жағдайларды қоспағанда, паспортқа балаларының, немерелерінің фотосуреттерін жапсыруға тыйым салынады.
      25. Осы Қағида бұзылған жағдайда, іссапарға жіберуші органдардың басшылары, иелер және уәкілетті адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Қазақстан Республикасының   
дипломаттық және қызметтік  
паспорттарын беру, есепке алу,
сақтау және жою қағидасына 
1-ҚОСЫМША          

Қазақстан Республикасының дипломаттық паспортын алуға
құқығы бар адамдардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Президенті мен оның отбасы мүшелері.
      2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.
      3. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы.
      4. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
      6. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.
      7. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы.
      8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы.
      9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы.
      10. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.
      11. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары.
      12. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы.
      13. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары.
      14. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы.
      15. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы өкілдері, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарлары.
      16. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы.
      17. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары.
      18. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалаушы сот алқаларының төрағалары.
      19. Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдері.
      20. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары.
      21. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.
      22. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары.
      23. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараттарының басшылары.
      24. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің меңгерушісі - Премьер-Министр протоколының бастығы.
      25. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі.
      26. Қазақстан Республикасынан жіберілетін Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері (жұбайлары/зайыптары, балалары), халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері (жұбайлары/зайыптары, балалары).
      27. Әскери атташелер, олардың көмекшілері мен отбасы мүшелері (жұбайлары/зайыптары, балалары).
      28. Қазақстан Республикасының экс-Президенті мен оның зайыбы.
      29. Дипломатиялық қызметтің Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі дипломаттық дәрежесі бар қызметкерлерінің және олардың жұбайларының/зайыптарының Қазақстан Республикасының дипломаттық паспортын өмір бойы пайдалануға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының  
дипломаттық және қызметтік 
паспорттарын беру, есепке алу,
сақтау және жою қағидасына 
2-ҚОСЫМША          

Қазақстан Республикасының қызметтік паспортын алуға құқығы бар
адамдардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары.
      2. Аудандардағы қалалардың және қалалардағы аудандардың, селолардың, селолық округтердің, кенттердің, ауылдардың әкімдерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес дипломаттық паспорт алуға құқығы жоқ саяси мемлекеттік қызметшілер.
      3. Аудандардағы қалалар және қалалардағы аудандар әкімдерінің орынбасарларын қоспағанда, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары.
      4. Дипломаттық паспорт алуға құқығы бар адамдарды қоспағанда, А және В санаттарындағы, С-1, С-2, С-3, С-4 санаттарындағы қызметтерді атқаратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілер.
      5. Аумақтық органдардың қызметкерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің офицерлік атағы бар қызметкерлері.
      6. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелері (жұбайлары/зайыптары, балалары).
      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасарлары.
      8. Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық даму институттары, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер атқарушы органдарының бірінші басшылары.
      9. Қазақстан Республикасы ресми делегацияларының халықаралық ұшып өтуін қамтамасыз ету үшін тартылатын қазақстандық авиакомпаниялардың ұшқыш-техникалық персоналы.
      10. Осы тізбенің 8-тармағында көрсетілген шет мемлекеттердегі ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері (жұбайлары/зайыптары, балалары).

Қазақстан Республикасының   
дипломаттық және қызметтік  
паспорттарын беру, есепке алу,
сақтау және жою қағидасына 
3-ҚОСЫМША          

Паспортты (дипломаттық, қызметтік) ресімдеу үшін
Іссапарға жіберуші органның бланкісінде

№ _________
20__ ж. «__» __________

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ   
СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ  
Консулдық қызмет департаменті

      .......(ел) шығу үшін паспортты (дипломаттық, қызметтік) ресімдеуді/беруді сұраймыз:
Т.А.Ә. - лауазымы
Шығуы жылы/күні/айына,... күн (жыл) мерзімге жоспарланған
Бағыты:
Баратын қалалар:
Сапардың мақсаты:
Шығуының негізі: ... (ұйымның атауы) шақыруы бойынша
Сапарды: ... (ұйымның атауы) қаржыландырады

      Қосымша:
      1) іссапарға жіберуші органның кадрлар бөлімі куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың немесе өзге құжаттың көшірмесі;
      2) паспорт беруге толтырылған өтініш;
      3) 3,5x4,5 мөлшеріндегі түрлі-түсті екі фотосурет;
      4) жеке куәліктің көшірмесі.

      Ұйымның басшысы             Қолы                     Т.А.Ә.

                              Мөрдің орны

Орындаушы: Т.А.Ә.
Телефон:

Қазақстан Республикасының   
дипломаттық және қызметтік  
паспорттарын беру, есепке алу,
сақтау және жою қағидасына 
4-ҚОСЫМША          

Дипломаттық/қызметтік паспортты жою актісі

«Бекітемін»        
______________      
(КҚД басшысы)      
_________________ Т.А.Ә.
20__ ж. «__» ________  

Қатаң есептегі бүлінген бланкілерді жою туралы
АКТ

      Біз, төменде қол қоюшылар
1. _____________________________,
         (лауазымы) Т.А.Ә.
2. _____________________________,
         (лауазымы) Т.А.Ә.
3. _____________________________,
         (лауазымы) Т.А.Ә.

№ ____ паспорттардың бланкілерін жойдық деп, осы актіні жасадық.

      Қосымша: жойылған паспорттар бланкілерінің көшірмелері.

___________________________
       қолы, Т.А.Ә.
___________________________
       қолы, Т.А.Ә.
___________________________
       қолы, Т.А.Ә.

Орын.: Тегі, аты

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "Об утверждении Правил выдачи, учета, хранения и уничтожения дипломатического и служебного паспортов Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 июня 2011 года № 632

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "Об утверждении Правил выдачи, учета, хранения и уничтожения дипломатического и служебного паспортов Республики Казахстан".

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Указ Президент Республики Казахстан
 
  Об утверждении
Правил выдачи, учета, хранения и уничтожения
дипломатического и служебного паспортов Республики Казахстан

      В соответствии с подпунктом 27-1) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 7 марта 2002 года "О дипломатической службе Республики Казахстан" и в целях совершенствования порядка выдачи дипломатических и служебных паспортов Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи, учета, хранения и уничтожения дипломатического и служебного паспортов Республики Казахстан.
      2. Признать утратившими силу:
      1) распоряжение Президента Республики Казахстан от 20 июля 1999 года № 59 "О дипломатическом паспорте Республики Казахстан";
      2) распоряжение Президента Республики Казахстан от 14 мая 2009 года № 323 "О внесении дополнения в распоряжение Президента Республики Казахстан от 20 июля 1999 года № 59" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 27-28, ст. 235).
      3. Правительству Республики Казахстан принять меры, вытекающие из настоящего Указа.
      4. Настоящий Указ вводится в действие после официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев

УТВЕРЖДЕНЫ        
Указом Президента    
Республики Казахстан   
от "__" ________ 2011 года №__

Правила
выдачи, учета, хранения и уничтожения
дипломатического и служебного паспортов Республики Казахстан

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с подпунктом 27-1) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 7 марта 2002 года "О дипломатической службе Республики Казахстан".

1. Общие положения

      1. Дипломатический паспорт Республики Казахстан является
документом, удостоверяющим личность гражданина Республики Казахстан за рубежом, который в соответствии с Венской конвенцией о дипломатических сношениях 1961 года и другими международными договорами Республики Казахстан обладает дипломатическим иммунитетом.
      2. Служебный паспорт Республики Казахстан является документом, удостоверяющим личность гражданина Республики Казахстан, официальный статус его владельца при выезде и въезде, проживании за пределами Республики Казахстан для исполнения возложенных на него служебных обязанностей.
      3. Запрещается использование дипломатического или служебного паспорта (далее - паспорт) для частных поездок за рубеж.
      4. Паспорт является собственностью Республики Казахстан.
      5. Паспорт является действительным для выезда из Республики Казахстан во все государства мира.
      6. Паспорт выдается Министерством иностранных дел Республики Казахстан (далее - Министерство) согласно перечням лиц, имеющих право на получение дипломатического или служебного паспорта Республики Казахстан (приложения 1 и 2).
      7. Министр иностранных дел Республики Казахстан по согласованию с Президентом Республики Казахстан имеет право в исключительных случаях выдать дипломатический паспорт лицам, не указанным в перечне лиц, имеющих право на получение дипломатического паспорта Республики Казахстан.
      8. Супругам, детям до 18 лет, следующим вместе с лицами, выезжающими в длительные загранкомандировки и имеющими дипломатический или служебный паспорт, также выдается дипломатический или служебный паспорт соответственно, а также служебный паспорт незамужним дочерям старше 18 лет, следующим вместе с лицами, имеющими служебный паспорт.
      9. Паспорт выдается сроком на пять лет.
      10. Бланки паспортов являются документами строгой отчетности, которые изготавливаются по заявкам Министерства.
      11. Выдача, учет, хранение и уничтожение паспортов осуществляется Министерством.

2. Основные понятия

      12. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) уполномоченное лицо - сотрудник командирующего органа, уполномоченный данным органом на совершение действий, предусмотренных настоящими Правилами.
      Информация об уполномоченном лице направляется в письменном виде за подписью руководителя командирующего органа или лица его заменяющего в Министерство заблаговременно;
      2) командирующий орган - государственный орган Республики Казахстан или организация;
      3) ответственный сотрудник - сотрудник Департамента консульской службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан, осуществляющий действия, предусмотренные настоящими Правилами;
      4) письмо-заявка - письмо командирующего органа на фирменном бланке за подписью руководства командирующего органа или руководителя структурного подразделения командирующего органа;
      5) перечни должностных лиц - перечни лиц, имеющих право на получение дипломатического или служебного паспорта Республики Казахстан;
      6) владелец - лицо, на которое оформлен дипломатический или служебный паспорт Республики Казахстан.

3. Выдача, учет, хранение и уничтожение дипломатических и служебных паспортов Республики Казахстан

      13. Для оформления паспорта командирующий орган предоставляет в Министерство через уполномоченное лицо следующий пакет документов:
      1) письмо-заявку (приложение 3);
      2) копию приказа о командировании, заверенную отделом кадров командирующего органа, или иного документа;
      3) заполненное заявление на выдачу паспорта (далее - заявление);
      4) две цветные фотографии размером 3,5x4,5 см.;
      5) копию удостоверения личности.
      14. При приеме документов ответственным сотрудником производится сверка на предмет соответствия данных, указанных в заявлении, с данными документов, удостоверяющих личность.
      15. Оформление нового паспорта при наличии другого допускается в следующих случаях:
      1) наличие иностранной визы, которая может послужить препятствием для въезда в другое иностранное государство;
      2) необходимость получения в короткие сроки виз нескольких государств;
      3) письменное указание руководства Министерства.
      16. Срок оформления паспорта составляет 5 рабочих дней.
      17. Выдача паспорта осуществляется уполномоченному лицу под роспись в журнале выдачи паспортов при предъявлении удостоверения личности или национального паспорта.
      18. Выдача паспортов из архива Департамента консульской службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан осуществляется на основании письма-заявки и копии приказа о командировании, заверенной отделом кадров командирующего органа, или иного документа и предоставленных через уполномоченное лицо.
      19. Срок действия паспорта может быть продлен один раз сроком до одного года Министерством и загранучреждениями Республики Казахстан в следующих случаях:
      1) необходимость срочного выезда его владельца в загранкомандировку;
      2) продление срока работы в загранучреждении Республики Казахстан.
      20. После возвращения граждан из заграничной поездки, если его владелец в месячный срок вновь не выезжает за пределы Республики Казахстан, паспорт подлежит сдаче в архив Департамента консульской службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан в десятидневный срок. В случаях необоснованной задержки сдачи паспорта, Министерство оставляет за собой право признать его недействительным. Ответственность за хранение паспорта после сдачи возлагается на Министерство.
      Командирующий орган ведет учет выданных паспортов и сообщает Министерству о служебных перемещениях (увольнение, повышение, понижение в должности) владельцев паспортов раз в квартал.
      Министерство истребует паспорт, если владелец утратил право на его владение. В случае невозвращения паспорта Министерство направляет информацию в Пограничную службу Комитета национальной безопасности Республики Казахстан о признании паспорта недействительным.
      21. В случае утраты, кражи паспорта за рубежом его владелец незамедлительно заявляет об этом в правоохранительные органы государства пребывания и ближайшее загранучреждение Республики Казахстан, если утрата, кража произошла на территории Казахстана - в Министерство и в органы внутренних дел Республики Казахстан.
      Выдача нового паспорта взамен утраченного, украденного производится после проверки информации об утрате, краже.
      22. Хранение паспортов производится в архиве Департамента консульской службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан.
      Вместе с паспортом хранится карточка учета паспорта, которая остается в архиве при выдаче паспорта на руки.
      23. Уничтожение паспортов осуществляется путем составления акта в соответствии с приложением 4 к настоящим Правилам.

9. Заключительные положения

      24. Запрещается вклеивать в паспорт фотографии детей, внуков, за исключением случаев выезда на работу в загранучреждение Республики Казахстан.
      25. В случае нарушения настоящих Правил руководители командирующих органов, владельцы и уполномоченные лица несут ответственность в соответствии с законами Республики Казахстан.

ПРИЛОЖЕНИЕ 1       
к Правилам выдачи, учета,
хранения и уничтожения  
дипломатического и служебного
паспортов Республики Казахстан

Перечень лиц,
имеющих право на получение дипломатического паспорта
Республики Казахстан

      1. Президент Республики Казахстан и члены его семьи.
      2. Премьер-Министр Республики Казахстан.
      3. Председатель Сената Парламента Республики Казахстан.
      4. Председатель Мажилиса Парламента Республики Казахстан.
      5. Государственный секретарь Республики Казахстан.
      6. Руководитель Администрации Президента Республики Казахстан.
      7. Председатель Конституционного Совета Республики Казахстан.
      8. Председатель Верховного Суда Республики Казахстан.
      9. Председатель Национального Банка Республики Казахстан.
      10. Председатель Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан.
      11. Заместители Премьер-Министра Республики Казахстан.
      12. Секретарь Совета Безопасности Республики Казахстан.
      13. Заместители Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан.
      14. Председатель Высшего Судебного Совета Республики Казахстан.
      15. Помощники Президента Республики Казахстан, советники Президента Республики Казахстан, Специальные представители Президента Республики Казахстан, заместители Секретаря Совета Безопасности Республики Казахстан.
      16. Руководитель Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан.
      17. Первые руководители государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан, первые руководители центральных исполнительных органов.
      18. Председатели надзорных судебных коллегий Верховного Суда Республики Казахстан.
      19. Акимы областей и городов Астаны, Алматы.
      20. Депутаты Парламента Республики Казахстан.
      21. Уполномоченный по правам человека в Республике Казахстан.
      22. Руководители структурных подразделений Администрации Президента Республики Казахстан.
      23. Руководители аппаратов Сената, Мажилиса Парламента Республики Казахстан, Верховного Суда Республики Казахстан.
      24. Заведующий Отделом внешних связей и протокола Канцелярии Премьер-Министра - Шеф протокола Премьер-Министра Республики Казахстан.
      25. Помощник Премьер-Министра Республики Казахстан.
      26. Сотрудники дипломатической службы Республики Казахстан, члены их семей (супруги, дети), сотрудники международных организаций, направляемые от Республики Казахстан, члены их семей (супруги, дети).
      27. Военные атташе, их помощники и члены их семей (супруги, дети).
      28. Экс-Президент Республики Казахстан и его супруга.
      29. Сотрудники дипломатической службы, имеющие дипломатический ранг Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан, и их супруги имеют право пожизненного пользования дипломатическим паспортом Республики Казахстан.

ПРИЛОЖЕНИЕ 2     
к Правилам выдачи, учета,
хранения и уничтожения 
дипломатического и служебного
паспортов Республики Казахстан

Перечень лиц,
имеющих право на получение служебного паспорта
Республики Казахстан

      1. Судьи Верховного Суда Республики Казахстан.
      2. Политические государственные служащие согласно Реестру должностей политических государственных служащих, утвержденному Указом Президента Республики Казахстан от 29 декабря 1999 года № 317, не обладающие правом на получение дипломатического паспорта, за исключением акимов городов в районах и районов в городах, сел, сельских округов, поселков, аулов.
      3. Заместители акимов городов и районов, за исключением заместителей акимов городов в районах и районов в городах.
      4. Административные государственные служащие, занимающие должности категорий А и В, категории С-1, С-2, С-3, С-4, за исключением лиц, имеющих право на получение дипломатического паспорта.
      5. Сотрудники Министерства обороны Республики Казахстан, Службы охраны Президента Республики Казахстан, Генеральной прокуратуры Республики Казахстан, Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Службы внешней разведки Республики Казахстан "Сырбар", Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, Агентства Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция), Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан, имеющие офицерские звания, за исключением сотрудников территориальных органов.
      6. Работники дипломатической службы Республики Казахстан, члены их семей (супруги, дети).
      7. Заместители председателя Национального Банка Республики Казахстан.
      8. Первые руководители государственных предприятий, исполнительных органов национальных институтов развития, национальных холдингов, национальных компаний, национальных управляющих холдингов.
      9. Летно-технический персонал казахстанских авиакомпаний, привлекаемых для обеспечения международных перелетов официальных делегаций Республики Казахстан.
      10. Сотрудники представительств организаций, указанных в пункте 8 настоящего перечня, в иностранных государствах и члены их семей (супруги, дети).

ПРИЛОЖЕНИЕ 3       
к Правилам выдачи, учета, 
хранения и уничтожения   
дипломатического и служебного
паспортов Республики Казахстан

Для оформления (служебного, дипломатического) паспорта
На бланке командирующей организации

№ _________
"__" __________ 20__ г.

МИНИСТЕРСТВО           
ИНОСТРАННЫХ ДЕЛ          
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН        
Департамент            
консульской службы          

      Просим оформить/выдать (дипломатический, служебный) паспорт для выезда в ........(страна):

Ф.И.О. - должность
Выезд намечен на число/месяц/год, сроком на ... дней (год)
По маршруту:
Города посещения:
Цель поездки:
Основание выезда: по приглашению ...(наименование организации)
Поездка финансируется: ... (наименование организации)

      Приложение:
      1) копия приказа о командировании, заверенная отделом кадров командирующего органа, или иного документа;
      2) заполненное заявление на выдачу паспорта;
      3) две цветные фотографии размером 3,5x4,5 см.;
      4) копия удостоверения личности.

   Руководитель организации           Подпись             Ф.И.О.

                                    Место печати
Исполнитель: Ф.И.О.
Телефон:

ПРИЛОЖЕНИЕ 4       
к Правилам выдачи, учета,
хранения и уничтожения  
дипломатического и служебного
паспортов Республики Казахстан

Акт уничтожения дипломатического/служебного паспорта

"Утверждаю"            
________________         
руководитель ДКС              
________________ Ф.И.О.     
"__" __________ 20__ г.    

АКТ
об уничтожении испорченных бланков строгой отчетности

      Мы, нижеподписавшиеся, в составе:
      1. ________________________
                 (должность) Ф.И.О.
      2.________________________
                 (должность) Ф.И.О.
      3.________________________
                 (должность) Ф.И.О.

      составили настоящий акт о том, что уничтожили бланки паспортов № _____.

      Приложение: копии уничтоженных бланков паспортов.

            _________________
             подпись, Ф.И.О.
            _________________
             подпись, Ф.И.О.
            _________________
             подпись, Ф.И.О.