Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Мемлекеттік сектор реформасы арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру» жобасын іске асыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Мемлекеттік сектор реформасы арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру» жобасын іске асыру туралы келісімге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 24 маусымдағы
№ 704 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Мемлекеттік сектор
реформасы арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру» жобасын
іске асыру туралы келісім
Мыналарды:
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) осы жұмысты орындайтын халықаралық ұйым ретінде Қаржы және кәсіпкерлік істері директоратының Жұмыстар және Бюджет бағдарламасының бір бөлігі ретінде «Мемлекеттік сектор реформасы арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру» жобасы (бұдан әрі – Жоба) деп аталатын жобаны жүзеге асыратынын,
Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жобаға қатысуға келісім білдіргенін,
ЭЫДҰ-ның осы Жоба үшін осы Келісімнің 2-бабына сәйкес Еуропалық Одаққа (бұдан әрі ЕО деп аталатын) жәрдемдесу сұрауын үшін шүгінетінін назарға ала отырып,
Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі (бұдан әрі – ЭДСМ) және ЭЫДҰ төмендегілер туралы келісті:
1. Жобаның мақсаты және кезеңдері
1. Жобаның негізгі мақсаты бәсекеге қабілеттілікті арттыруды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың елдің ұзақ мерзімді дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған қызметін жетілдіру болып табылады.
2. Жоба 48 ай бойы үш кезеңде жүргізіледі:
1-кезең: Шолу, дамыту және енгізу мәселелері бойынша Басқарушы комитет және жұмыс топтарын құру;
2-кезең: Таңдап алынған пилоттық ұйымдардың атқарушы моделін жақсарту;
3-кезең: Әдістемелік ұсынымдар беру мен оқыту.
2. Бюджет және ресурстар
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жобаның барлық үш кезеңінде субсидия түрінде бес жүз мың евро мөлшерінде үлес қосады. ЭЫДҰ ЕО-мен Жобаны қаржыландыру үшін жеткіліксіз үш миллион евро мөлшерінде субсидия беру туралы жеке Келiсiм жасасуға ниеттенiп отыр. Осыған байланысты Жобаны орындау осындай Келісімге қол қойылған жағдайда мүмкін болады.
2. Жобаны іске асыру процесі 48 ай бойы жалғасатын үш кезеңнен тұрады.
3. ЭЫДҰ-ның 2012 жылдан кейін қандай да бір қызмет түрін жалғастыруы осы қызмет түрін 2013 – 2014 жылдарға арналған ЭЫДҰ-ның жұмыс бағдарламасына және бюджетіне ЭЫДҰ Кеңесінің енгізу шартына жатады. ЭЫДҰ хатшылығы 2013 – 2014 жылдарға арналған ЭЫДҰ-ның жұмыс бағдарламасына және бюджетіне енгізу үшін осы Келісімнің мәні болып табылатын қызметті ұсынуға ниеттенiп отыр. Алайда, егер бұл қызмет ЭЫДҰ-ның 2013 – 2014 жылдарға арналған жұмыс бағдарламасына және бюджетіне енгізілмей қалған жағдайда, ЭЫДҰ өзіне осы Келісімді тоқтату құқығын қалдырады, мұндай жағдайда ЭЫДҰ-ның Келісім тоқтатылған күнге дейін шеккен шығыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржыландыру объектісі болып табылатын болады.
3. Қызметті орындау тәртібі
1. ЭЫДҰ қоса беріліп отырған, Тараптар мақұлдаған ұсынысқа сәйкес Жобаның орындалуына жауапты болады.
2. ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне атқарылған қызмет туралы мәліметтерді қамтитын орындалған жұмыс туралы жыл сайынғы қысқаша есептерді және Жобаның аяқталуы бойынша атқарылған жұмыс туралы қорытынды есепті береді. Жоғарыда аталған есептер есептi кезең аяқталғаннан кейiн үш айдан кешіктірілмей ұсынылуы қажет. ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақша қаражаттың алынғанын растайтын банктік шоттан үзіндінің көшірмесімен бірге ЭЫДҰ-ның бухгалтерлік бөлімінің басшысы растаған және қол қойған евродағы ақша салымы бойынша қорытынды шығыс ведомосын да ұсынады. Бұл есеп Жоба аяқталғаннан кейін алты айдан кешіктірілмей ұсынылады.
4. Қаржыландыру тетіктері
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жобаға ақша салымын осы Келісімнің 2-бабына сәйкес енгізіледі. Осы Жоба үшін ЭЫДҰ ЕО-дан осы Келісімінің 2-бабына сәйкес жәрдем сұрап жүгінеді.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан салымның жалпы сомасы 48 ай бойы Жобаның барлық үш кезеңін қолдауға арналған бес жүз мың евроны құрайды.
3. ЕО-дан сұралатын жәрдем Жобаның 48 ай бойы Жобаның барлық үш кезеңін қолдауға арналған үш миллион евроны құрайды.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бес жүз мың евроны ЭЫДҰ-ның шотына екі жарнамен төлеуге келісті: екі жүз елу мың евро мөлшеріндегі бірінші жарна осы Келісімге қол қойылып, ЭЫДҰ-дан тиісті шот-фактура алынғаннан кейін төленетін болады; екі жүз елу мың евро көлеміндегі екінші жарна бір жылдан кейін осы шартқа қол қойылғаннан кейін және ЭЫДҰ-дан тиісті шот-фактура алынғаннан кейін төленетін болады.
5. ЭЫДҰ ұсыныс сомасының 5,8 %-ы мөлшерінде факторингтік қызмет көрсетілгені үшін комиссияның алынуын қамтамасыз ететін халықаралық жалпыға бірдей қабылданған бухгалтерлік есептің қағидаттары мен оның қаржылық регламенттеріне де, сондай-ақ басқа да қолданылатын қағидаларға, рәсімдер мен әдістемелерге сәйкес ақша салымын пайдаланғаны үшін бақылау жасайды және есеп береді.
5. Жалпы шарттар
1. Жоба бойынша қорытынды есепті пайдалану.
ЭЫДҰ Қазақстан Республикасының Үкіметіне кез-келген мемлекеттік коммерциялық емес мақсатта Жоба бойынша ЭЫДҰ-ның қорытынды есебін пайдалануға, көшіруге және таратуға ерекше емес, өтеусіз жаһандық лицензия береді. Қазақстан Республикасының Үкіметі әрқашан ЭЫДҰ-ға қатысты тиісінше алғыс білдіреді және ЭЫДҰ-ның авторлық құқығы туралы және қажетті жағдайда хабарламаны қамтиды. ЭЫДҰ есепті кез-келген тілде және кез-келген бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы жариялау құқығын өзінде қалдырады. Есепті қоса алғанда, осы Жоба шеңберінде орындалған жұмыстың барлық нәтижелері ЭЫДҰ-ға тиесілі.
2. Алғыс білдіру.
Жарияланымдарға қатысты ЭЫДҰ ережелеріне және тәртібіне сәйкес ЭЫДҰ-ның қорытынды есебі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жобаға салымы үшін алғыс білдіруді және мұқабаның төртінші бетіндегі не жарияланымның ішкі жағындағы жоғарыда аталған алғыс білдіруден кейінгі Қазақстан Республикасы Үкіметінің эмблемасын қамтиды.
3. Ақпарат.
Қазақстан Республикасының Үкіметі және ЭЫДҰ бір-біріне өзара көмек және осы Жобаны орындау үшін қажетті ақпарат ұсынады.
4. Тараптар арасындағы кез келген хабарлар:
ҚР ЭДСМ-ге:
010000 Қазақстан, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, факс: + 7 (7172) 74-38-24
ОЭСР-ге:
2, rue Andre-Pascal
75775 Paris Cedex 16
France жіберілетін болады.
5. Осы Келісімге Тараптардың бірлескен келісімі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын, жеке жазбаша хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
6. Дауларды шешу тәртібі
Осы Келісімнің әрекет етуін, заңдылығын немесе қолданысының тоқтатылуын қоса алғанда, оны түсіндіруден, қолданудан немесе орындаудан туындайтын немесе оған байланысты бейбіт жолмен реттеу мүмкін болмайтын кез-келген дау, келіспеушілік немесе наразылықтар осы Келісім сәтіндегі қолданысына сәйкес халықаралық ұйымдар мен мемлекеттерді тарта отырып, Гаагадағы Тұрақты төрелік сот төрешісінің диспозитивтік нормаларына сәйкес түпкілікті және міндетті төрелік шешіммен реттеледі. Төрелік соттың жоғарыда аталған қағидаларға сәйкес тағайындалатын судьяларының саны үшеуге тең.
Төрелік Франция, Парижде жүргізіледі және іс бойынша барлық іс жүргізу және берілетін құжаттар ағылшын тілінде жүргізіледі.
7. Күшіне енуі
Осы Келісім екі Тараптың соңғысы қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
Жобаның жүзеге асырылуы 2011 жылдың 1 желтоқсанына белгіленген және Жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландырудың қалған бөлігіне (үш миллион евро) қатысты ЭЫДҰ мен ЕО арасында ақшалай салым туралы жеке Келісімге алдын ала қол қою шартына жатады.
Осы Келісімнің іске асырылу мерзімі 48 айды құрайды не осы Келісімде қамтылған барлық міндеттемелер Тараптар орындағанға дейін жалғасады.
Әрбірі төменде келтірілген: ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, бұл ретте ағылшын тіліндегі нұсқасы түпнұсқа күшіне ие болады. Осы Келісімнің терминдерін талқылауға қатысты кез келген келіспеушіліктер жағдайында ағылшын тіліндегі нұсқа басым күшке ие болады.
Қазақстан Республикасының Экономикалық ынтымақтастық
Үкіметі үшін және даму ұйымы үшін
Орталық Азия елдері бойынша бастама Мемлекеттік секторды реформалау арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Жобалық ұсыныс
2011 жылғы наурыз
МАЗМҰНЫ
1. СИПАТТАМА
Атауы
Орналасқан жері
Акцияның құны мен Жалға алушы органнан талап етілетін сома
Түйіндеме
2. ТҮПМӘТІН
1. Мақсаты
2. Акцияның релеванттығы және нақты шешілетін мәселелер
3. Мақсатты топтар мен алушылар
3. АКЦИЯНЫҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
1. Кіріспе
2. Күтілетін нәтижелер (R)
3. Үш кезеңді тәсіл
4. Бақылаушы органның шолу, даму және енгізу мәселелері жөніндегі мекемесі
5. Пилоттық ұйымдардың атқарушылық моделін жақсарту
6. Ұлттық бәсекеге қабілеттілік және инновация институтының негізгі аспектілері
7. Саясат саласында консультация беру, оқыту және тренингтер
8. Әдіснама
4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ
1. Тәуекелдерді талдау
2. Тәуекелдерді азайту
Блок
Box 1.1-блок. Сапа мен орындауды регламенттеу бойынша ЭЫДҰ-ның негіз қалаушы қағидаттары
2-блок. Заманауи реформа басқарушы биліктің орталықтануына емес, ал бірнеше адамға өтуге бағытталған деуге болады:
Франция жөнінде мәндік зерттеу
3-блок. Айқындалған мәселелер: нарықты зерделеу
4-блок. Енгізу мысалы: агроөнеркәсіптік өндірістегі сыртқы қатынас және білімнің таратылуы
5-блок. Жаңашылдық саласындағы пилоттық құрылымдар әлеуетін дамыту
6-блок. Бәсекеге қабілетті инновациялық қызметтер: мемлекеттік құрылым үлгілері
1. СИПАТТАМА
Жобаның атауы
Мекемелерді реттеу мен олардың қызметін жақсарту арқылы Қазақстанның секторлық бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Жобаның құны және Қазақстан Республикасы қаржыландыратын үлесі
Жобаның жалпы құны (А) |
ЭЫДҰ беретін сома (В) |
Жобаның бүкіл құнының пайызы (А/Вх100) |
3 500 000 евро (үш миллион бес жүз мың еуро) |
3 000 000 евро (үш миллион еуро) |
85,71% |
Қазақстан Республикасы қаржыландыратын үлесі 500 000 еуроны (бес жүз мың) құрайды.
Қысқаша мазмұны
Акцияның жалпы ұзақтығы |
48 ай |
Акцияның мақсаты |
Бір ұсыныстың мақсаты бәсекеге қабілеттілікті арттыруды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың елдің ұзақ мерзімді дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған қызметін жетілдірумен тұжырымдалады. Жобаны қолдау шеңберінде негізгі міндет, мемлекеттік органдардың жеке секторға көрсететін қызметінің сапасын жақсартуға бағытталған ұлттық реформа стратегиясын енгізу мақсатында әдістемелік ұсынымдар беру мен жоғары лауазымды тұлғалардың құзыреттілігін арттыруда (атап айтқанда, Премьер-Министр кабинеті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Экономикалық даму және сауда министрлігі жанында мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті), сондай-ақ пилоттық министрліктердің (тиісті ведомстволарын қоса алғанда, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) қызметкерлері тұр. |
Қатысушылар |
Бағдарлама ҚР Үкіметімен және жеке сектор өкілдерімен ынтымақтастықта үшін ЭЫДҰ-ның Орта Азияға арналған Бастамасы шеңберінде іске асырылатын болады. |
Мақсатты топтар (ы) |
Саясатты жүргізу үшін жауапты ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілері мен басқа да лауазымды адамдары Коммерциялық ұйымдар мен жеке кәсіпорындардың өкілдері. Университеттер мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері/лауазымды адамдары. Мемлекеттің білім беру, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, индустрия және жаңа технологиялар салаларындағы ұсынатын қызметтерінің басқа да бенефициарлары. |
Түпкілікті алушылар |
Өз қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, индустрия және жаңа технологиялар салаларындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерден осы салалардағы жеке секторларды дамытуға бағыттай отырып, пайдаланушылар. |
Болжамдалатын нәтижелер |
R1. Басқару және пилоттық министрліктердің, агенттіктер мен зерттеу мекемелерінің реформаны енгізуіне бақылауды жүзеге асыру тиімділігін арттыру. R1.1. Институционалдық және саяси реформаны енгізу және мониторинг мәселесі бойынша қолданыстағы құқықтық және институционалдық жүйенің талдауына сүйене отырып, сондай-ақ ЭЫДҰ тәжірибесі негізінде әдістемелік ұсынымдар R1.2. Пилоттық мемлекеттік органдардың тиісті талдау құралдарын пайдалану тиімділігін арттыру (мысалы, функционалдық әдіснама) R1.3. Ноу-хауды,құралдар мен әдіснаманы басқа мемлекеттік органдарға беру R1.4. Тиісті парламенттік комитетке бақылауды жүзеге асыру тиімділігін арттыру R2. Секторлар бойынша саясатты жобалау, енгізу және оның мониторингінің, сондай-ақ мемлекеттің жалпы стратегиясына сәйкес тиісті көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыру R2.1. Пилоттық министрліктердің функционалдық шолуды жүзеге асыру мүмкіндігі R2.2. Пилоттық органдар жүзеге асыратын функционалдық шолулар мен кейінгі қайта ұйымдастырулар; басқа мемлекеттік органдар арасында тәжірибе алмасу R2.3. Пилоттық министрліктердің қолданыстағы макеттерін, ЭЫДҰ-ның шолуы мен тәжірибесін басшылыққа ала отырып, реформалаудың басталуы R2.4. Пилоттық мемлекеттік органдардың жалпы ұлттық стратегиясының қағидаттарына сәйкес стратегиялық және операциялық жоспарларын дамыту, бюджетті жоспарлау,енгізу және бақылауды жүзеге асыру тиімділігін арттыру R2.5. Орталық мемлекеттік органдар мен пилоттық органдардың талаптары мен сұрауларына сәйкес берілетін тәжірибе «Әдістемелік ұсынымдар» («ӘҰ») нысанында R2.6. Секторды қолдау (болашақ) бағдарламасы үшін қажетті бағалау жүргізу |
Негізгі қызмет |
Бақылаушы органның және Жұмыс тобының Жобаны енгізу бойынша шолу, дамыту және қолдау мәселелері жөніндегі мекемесі. Халықаралық тәжірибені талдау және ЭЫДҰ тәжірибесіне негізделген басқарудың неғұрлым қолайлы моделін ұсыну. ҚР Конституциясының, Қазақстан Республикасының заңға бағынысты нормативтік-құқықтық актілер қаулылар мен жарлықтарының нормаларына сәйкес әкімшілік реформалар жүргізу үшін заң дерекқорын талдау Тиісті мүдделі тараптарды айқындау және басқарушы комитетті, жұмыс тобын және әрбір министрлік үшін нысаналы топтар құру. Таңдалған пилоттық органдар қызметінің тиімділігін жақсарту. Тиісті көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау. Жаңа операциялық моделді жобалау. Өтпелі жоспарды әзірлеу. Пилоттық министрліктерде жаңа моделді енгізу. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (ИЖТМ) алғашқы пилоттық жобасы ретінде Ұлттық бәсекеге қабілеттілік және инновация институтын құру. Әдістемелік ұсынымдар беру және оқыту. Мемлекеттік қызмет академиясында әдіснама және жобаның құралдары мәселелері жөнінде таныстыру семинарлары. Жобаның мүдделі тараптарын орындаудың жаңа тетіктері мен озат практикалық әдістер саласында оқыту және даярлау. |
2. ТҮПМӘТІН
1. 2009 жылдан бастап Орталық Азия үшін ЭЫДҰ бастамасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға бағытталған қолдау көрсетіп келеді. Бұл қатынаста «Қазақстан Республикасының тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) мен секторлық бәсекеге қабілеттілігінің жан-жақтылығы және оларды нығайту» жобасы елге ТШИ-дің санын көбірек тарту, осындай секторлардағы тиісті мүмкіндіктерді дамыту және олардың өнімділігін ұлғайту үшін таңдалған мұнайлық емес секторлардағы жекелеген саяси кедергілерді жоюға бағдарланған болатын. ЭЫДҰ ұйымы Қазақстан Республикасына өз күштерін агроөнеркәсіптік өндіріске және онымен байланысты химия өнеркәсібі мен логистикаға, IT-қызметтеріне бағыттауға ұсыныс берген. Тиісті секторлардың, адами капиталды, инновациялар мен секторға тән реформаларды (мысалы, қаржыға қол жетімділік, бөлшек секторды дамыту, инвестицияларды жылжыту) қоса алғанда, тартымдылығын арттыруға бағытталған стратегияны жетілдіру бойынша кеңестер берді. Жобаны енгізу кезеңінде ұсынылған реформаларды жүргізу үшін мемлекеттік және жеке жұмыс топтары айқындалады. Жоспарланған іс-қимылдар Қазақстан Республикасының тиісті секторларында кәсіпкерлік қызмет үшін тиісті саяси ортаны негіздейді.
2. «Қазақстан Республикасының ТШИ-дың және секторлық бәсекеге қабілеттілігінің жан-жақтылығы және оларды нығайту» жобасының нәтижелерін нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының институционалдық ұйымдастыру бөлігінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қосымша іс-қимылдар қажет. Атап айтқанда, неғұрлым тиімдісі мемлекеттік/жекеше өзара іс-қимыл саласындағы заңдар, нормалар, институттар және олардың стратегиялық және зерттеу қуаттары болуы мүмкін. Бұл коммерциялық қызметке, қызмет көрсету тәсілдеріне, жекеше секторға жәрдемге, экономика саласындағы зерттеу мүмкіндіктеріне лицензиялар алуға және стратегияны әзірлеуге іскерлік топтардың өкілдері мен азаматтық қоғамның басқа да мүшелерін тарту үшін тетіктер құруға қатысты. Жақсартылған әдістеменің арқасында Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметі тартымды болады, өйткені мемлекеттік мекемелер коммерциялық ұйымдарға жедел, тиімді тәртіппен және сұранысты ескере отырып, қызмет көрсете алады. Осы мақсатта «Мемлекеттік секторды реформалау арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру» акциясы жоспарланған, бұл бойынша жауапкершілік ЭЫДҰ-ның Еуразиядағы бәсекеге қабілеттілік мәселелері жөніндегі Бағдарламасына жүктелген.
3. ЭЫДҰ бәсекеге қабілеттілікке мынадай айқындама береді: «Елдің халықаралық бәсеке жағдайларындағы табыс факторы мен жұмыспен қамту факторының қол жетімді деңгейі» (ЭЫДҰ, 1997 ж.). Сауданың ашықтығынан басқа, жеке сектордың еңбек өнімділігі мен қуаты елдің салыстырмалы бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі екі элемент болып табылады. Бұл екі элемент мемлекеттік саясаттың бірнеше факторларының, атап айтқанда, адами капитал мен қаржыға қол жетімділік, сондай-ақ тікелей шетелдік инвестициялардың үйлесімімен қолдау табуы мүмкін.
1. Мақсаттар
4. Осы ұсыныстың негізгі мақсаты экономиканың бәсекеге қабілеттілік мақсаттарына қол жеткізуді қоса алғанда, елдің ұзақ мерзімді даму жоспарларын жеңілдетуге және жылжытуға қабілетті секторларында заманауи және тиімді институционалдық мүмкіндіктерді дамытуға көмек көрсетумен қорытындыланады.
5. Жобаны қолдау шеңберінде негізгі міндет, орталық мемлекеттік органдардың тиімділігіне, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған ұлттық реформа стратегиясын енгізу мақсатында, әдістемелік ұсынымдар беруде және жоғарғы лауазымды тұлғалардың (атап айтқанда, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті), сондай-ақ пилоттық министрліктердің (олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоса алғанда, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) құзыреттілігін арттыруда тұр.
6. Акцияның негізгі нәтижелері мыналар: 1) тиісті әдістемелік ұсынымдар беру; 2) қолданыстағы мемлекеттік стратегия шеңберінде әрекет ететін бәсекеге қабілеттілікті айқындайтын институттар мен саяси бағыттарды дамытуға қолдау болып табылады.
7. ЭЫДҰ-ның жеке акценті функционалдық шолуларға, кейінгі қайта ұйымдастыруға, пилоттық мемлекеттік органдарды (ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) стратегиялық жоспарлауға, дамытуға, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын енгізу және мониторингті қолдауға жасалатын болады.
8. Институционалдық органдар арасында әлеуетті толық бірлескен ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында олар үшін бірыңғай жалпы басқарушы комитет бөлінетін болады.
2. Акцияның релеванттығы және нақты шешілетін мәселелер
9. Қазақстан Республикасы өз экономикасының бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға бағыттап, бар күш-жігерін салуда. Қазақстан Республикасының экономикалық реформасының күн тәртібіне басқару тиімділігі мен оның құрылымының өнімділігін жақсарту жатады. Бұл акцияның негізгі әрекет саласы секторлық стратегиялар мен өзара іс-қимыл жасасатын жекеше және мемлекеттік салалардағы бәсекеге қабілеттілікті жақсартуға таратылады.
10. Мемлекет Басшысы өзінің Қазақстан Республикасының халқына жыл сайынғы жолдауында кең ауқымды институционалдық және саяси реформа жүргізу қажеттігі туралы бірнеше рет атап айтқан. Негізгі басымдықтар мыналар:
1) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тиімді процестерін орындау және жақсартудың тиісті стандарттарын айқындау жолымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру.
2) Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды дәйекті функционалдық талдаулар, жүргізілген функционалдық талдаулар негізінде мемлекеттік басқару құрылымын жақсарту.
3) Орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиімділіктерін бақылау үшін бағалау және аудит жүйесін дамыту.
4) Бағдарламалар әкімшілеріне қаржыландыру бағдарламаларына қатысты көбірек тәуелсіздік беру және нәтижеге қол жеткізуде көбірек жауапкершілікке шақыру үшін бюджетті жоспарлау жүйесін жақсарту.
11. Жоба Қазақстан Республикасының Үкіметіне «Стратегияны дамыту - 2020» бағдарламасында баяндалған міндеттерді жүзеге асыруда көмек көрсетуге бағытталған. Стратегия міндеттерінің бірі институттарды нығайту арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру болып табылады. Осы жобаның негізінде ЭЫДҰ төмендегі мақсаттарда өзінің сарапшылық білімдерін ұсына отырып, осы міндетті жүзеге асыруға тоқталуды ұсынады:
1) мемлекетке азаматтық қоғамды тарту тетігін құруда көмек көрсету;
2) іскерлік қоғамдастыққа қызмет көрсету тәртібін айқындау және бақылау (ЭЫДҰ Орталық Азия үшін Бастама Жобасы ұсынатын фокустық секторларда бастапқыда «Қазақстан Республикасының ТШИ-дың және секторлық бәсекеге қабілеттілігінің жан-жақтылығы және оларды нығайту» жобасы).
3. Мақсатты топтар мен алушылар
12. Қазақстан Республикасында акцияның негізгі мақсатты топтары мыналар болып табылады:
1) ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінің әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілері;
2) Коммерциялық ұйымдар мен жеке кәсіпорындардың өкілдері;
3) Университеттер мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері/лауазымды тұлғалары;
4) Білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, индустрия және жаңа технологиялар салаларындағы мемлекеттің көрсетілетін қызметтерін алушылар;
13. Акция бенефициарлары: министрліктер, агенттіктер, университеттер, ғылыми-зерттеу ұйымдары, сондай-ақ іскерлік қоғамдастық болып табылады. Түпкілікті бенефициарлары өздерінің қызметтерін Қазақстан Республикасында жүзеге асырып жүрген компаниялар, сондай-ақ білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, индустрия және жаңа технологиялар салаларындағы жақсартылып көрсетілетін қызметтерден пайдаланатын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.
3. АКЦИЯНЫҢ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ 1. Кіріспе
14. Жобаны жүзеге асыру аяқталатын кезде мемлекеттік органдар қажетті реформаларды жүргізуді ең жақсы басқару мен бақылаудың дағдыларын білуге тиіс, бұл жерде төрт пилоттық министрлік, мемлекеттің жалпы стратегиясына сәйкес секторлық саясат пен тиісті көрсетілетін қызметтерді жобалау, енгізу және оның мониторингі үшін неғұрлым бейімделген болуға тиіс. Осы пилоттық сабақтар шеңберінде алынған дағдылар басқа да мемлекеттік органдарға берілетін болады.
2. Күтілетін нәтижелер (R)
R1 Пилоттық министрліктердің, агенттіктердің, университеттер, зерттеу мекемелерінің басқару және реформаны енгізуіне бақылауды жүзеге асыру тиімділігін арттыру
R1.1 Қолданыстағы құқықтық және институционалдық жүйені талдауға сүйене отырып,сондай-ақ ЭЫДҰ–ның тәжірибесі негізінде институционалдық және саяси реформаны енгізу мен мониторингі мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар
R1.2 Пилоттық мемлекеттік органдардың тиісті талдау құралдарын пайдалану тиімділігін арттыру (мысалы, функционалдық әдіснама)
R1.3 Ноу-хауды, құралдар мен әдіснаманы басқа мемлекеттік органдарға беру
R1.4 Тиісті парламенттік комитеттің үстінен бақылауды жүзеге асыру тиімділігін арттыру
Дәйектілік:
15. R1.1, 2 және 4 салым туралы келісімге қол қойылғаннан кейін бірден басталуы мүмкін. R1.3 Пилоттық министрліктердің функционалдық шолулары аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
R2 Министрліктердің секторлар бойынша саясатты жобалау, енгізу және оның мониторингі, сондай-ақ мемлекеттің жалпы стратегиясына сәйкес тиісті көрсетілетін қызметтер саласындағы ең жоғары тиімділігі
R2.1 Пилоттық министрліктердің функционалдық шолуларды жүзеге асыру мүмкіндіктері
R2.2 Пилоттық органдар жүзеге асыратын функционалдық шолулар және кейінгі қайта ұйымдастыру; басқа мемлекеттік органдар арасында тәжірибе алмасу;
R2.3 ЭЫДҰ-ның шолуы мен тәжірибесін басшылыққа ала отырып, пилоттық министрліктердің қолданыстағы макетінің реформасы;
R2.4 Пилоттық мемлекеттік органдардың жалпы ұлттық стратегиясының қағидаттарына сәйкес стратегиялық және операциялық жоспарларын дамыту, бюджетті жоспарлау, енгізу және бақылауды жүзеге асыру тиімділігін арттыру;
R2.5 Орталық мемлекеттік органдар мен пилоттық органдардың талаптары мен сұрауларына сәйкес берілетін тәжірибе «Әдістемелік ұсынымдар» («ӘҰ») нысанында;
R2.6 Секторды қолдау (болашақ) бағдарламасы үшін қажетті бағалау жүргізу.
Дәйектілік:
16. R2.1 Қазақстан Республикасының Үкіметі деңгейінде (1-нәтиже) әдіснама орнатылғаннан кейін жүргізіледі, одан кейін R2.2 жүреді, 2.3 және 2.4 R2.5 және R2.6 талаптар мен сұрауларға байланысты болғандықтан, олар бүкіл орындау мерзімінде жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Үш кезеңді тәсіл
17. Орталық мемлекеттік органдардың реформасы мақсатында пилоттық секторларда мемлекеттік басқару және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің моделін нығайту (білім беру/адами капитал, ауыл шаруашылығы не қоршаған орта саласындағы инновациялар), ЭЫДҰ-ның Еуразия бойынша Бағдарламасы мынадай үш кезеңді тәсілді ұсынады:
1. Шолу, дамыту және енгізу мәселелері жөніндегі бақылаушы орган мен жұмыс топтарын ұйымдастыру (R.1 қараңыз).
2. Пилоттық мемлекеттік органдардың қызметтерінің тиімділігін арттыру ( R1.2, R1.4, R2.1, R2.2, R2.3 және R2.4 қараңыз).
3. Әдістемелік ұсынымдар беру және оқыту (см. R1.3, R2.5 және R2.6 қараңыз).
18. Қойылған міндеттердің іске асырылуын қамтамасыз етуші жетістіктердің негізгі факторлары:
1) экономикалық қолайлы және тиімді институционалдық құрылымдар құру;
2) пилоттық жобаларды пайдалану.
Экономикалық қолайлы және тиімді институционалдық құрылымдар құру
19. Бұл тәсілдің негізгі элементі Жоба аяқталғаннан кейін де әрекет ететін және күшінде қалатын экономикалық қолайлы институттар, тетіктер мен процестер құру болып табылады. Мүмкіндік болса құрылған құрылымдар қолданыстағы құрылымдар мен бастамаларға негізделетін болады не оларды Жобада қатысудан пайда алатын әріптестер ретінде енгізетін болады және қажеттігіне қарай Жоба аяқталғаннан кейін де қызметін қолдау мақсатында нығайтылатын болады.
20. Жобаның негізгі қағидаттарының бірі барлық құрылымдардың ҚР Үкіметі шеңберіндегі, сондай-ақ ҚР Үкіметі мен іскерлік қоғамдастық арасындағы ынтымақтастық стратегиясына ықпал етуінде болып табылады. Осылайша, ұлттық деңгейде құрылған жұмыс топтары өзіне іскерлік қоғамдастықтың, сондай-ақ ҚР-дың министрліктері мен ведомстволарын қамтуға тиіс. Жұмыс топтарының көптеген құрылымдардың құрылып кетуін болдырмау мақсатында, шешілетін проблемаға қарай (мысалы, білім беру/адами капитал, ауыл шаруашылығы не қоршаған орта саласындағы инновациялар) әртүрлі нысандарда жиналыстар өткізу мүмкіндіктері болуға тиіс.
1-блок. Сапа мен орындауды регламенттеу бойынша ЭЫДҰ-ның негіз қалаушы қағидаттары
1. Саяси деңгейде оның дәл міндеттері мен негіздерін айқындайтын реттеу реформаның кең ауқымды бағдарламаларын қабылдау 2. Олардың күрделі экономикалық және әлеуметтік өзгеріп тұрған жағдай шеңберінде қойылған міндеттерді іске асыруға тиімді және реттеуші сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында реттеуші нормалардың әсерін жүйелі түрде бағалап және қарап отыру. 3. Енгізу бойынша іс-қимылдар, сондай-ақ реттеуші процестер үшін жауап беретін реттеуші органдардың реттеуші нормаларының ашықтығы мен кемсітудің болмауын қамтамасыз ету. 4. Бәсекелік саясатты қайта қарап отыру және қажет болса іс-қимыл, тиімділік және қолдану саласын нығайту. 5. Бәсекелестік пен тиімділікті ынталандыру үшін барлық секторларда экономикалық реттеу нормаларын әзірлеу, сондай-ақ олардың болуы кең қауымдардың қоғамдық мүдделерін өте жақсы қанағаттандыруы туралы айқын куәландыратын жағдайларды қоспағанда оларды жойып отыру. 6. Сауда мен инвестициялық қызмет үшін қажетсіз реттеуші кедергілерді, үздіксіз либерализация арқылы алып тастау, сондай-ақ осылайша тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті нығайта отырып, реттеуші сипаттағы процестер арқылы нарықтың ашықтығы жағына көбірек біріктіруге ықпал ету. 7. Басқа да жоспарлы міндеттермен өзара маңызды байланыстарды айқындау және осы міндеттердің реформаны қолдауға бағытталған жоспарларын әзірлеу. |
---|
Ақпарат көзі: ЭЫДҰ (2008), ЭЫДҰ-ның сапа мен орындауды регламенттеу бойынша негіз салушы қағидаттары, Париж
Пилоттық жобаларды пайдалану
21. ЭЫДҰ тәсілі бірнеше пилоттық жобаларды пайдаланады, мысалы, Ұлттық бәсекеге қабілеттілік және инновациялар институты өзге де пайдаланушылардың жағдайларына жобалардың нәтижелерін бейімдеу үшін белгілі бір күш жігерін салуда. Шолу және талдау кезеңі аяқталғаннан кейін ЭЫДҰ жекелеген пилоттық жобалар бойынша шектеулі мазмұндағы іс-қимылдар қабылдау және алынған нәтижелермен барлық мемлекеттік органдар арасында алмасу арқылы неғұрлым көп негізділік пен әсер ету дәрежесіне жетеді.
22. Пилоттық жобаларды жүзеге асыру министрліктер мен басқа да қатысушылардан, егжей-тегжейлі жоспарлы және институционалдық талдаулар, сондай-ақ үйлестіруші процестердің жүргізілуімен байланыстыра отырып, елеулі түрде уақыт пен ресурстар шығынын талап етеді. Қолдағы ресурстар осы Жоба шеңберінде үш пилоттық жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Акция бүкіл пилоттық Жобадан басқа да министрліктер өздеріне осылайша тиісті тәжірибе алулары үшін жоспарланған. Тәжірибені игеру Жоба қолданылатын бүкіл мерзім бойында беріліп отыратын тұрақты түрдегі байланыс, инструктаж бен әдістемелік ұсынымдар арқылы жүзеге асырылатын болады.
4. Бақылаушы органның шолу, даму және енгізу мәселелері жөніндегі ұйымы
23. ЭЫДҰ осы дайындық кезеңіне жеке маңыздылық береді, оның нәтижесі білім беру/адами капитал, ауыл шаруашылығы не қоршаған орта саласындағы инновациялар салаларында инновациялардың үш техникалық негізін егжей-тегжейлі әзірлеу болады. Осы кезеңде көзделген терең талдау мен жүйелік іс-қимылдар Акцияның жалпы релеванттығы мен тұтастығын қамтамасыз ету үшін өте маңызды. ҚР Үкіметі, жеке сектор, сондай-ақ Еуропалық Комиссияны қоса алғанда, екіжақты негізде көмек көрсететін ұйымдар тарапынан қажетті саяси қолдауды қамтамасыз ету де осы кезеңнің өте-мөте маңызды құрауышы болып табылады. Мұндай қолдау болмаған жағдайда Акция күтілетін нәтижелерге алып келмейді.
24. Осы дайындық кезеңінде Акцияның алғашқы алты айы ішінде жүзеге асырылады және өзіне қажетті құрылымдар құруды, саяси қолдауды қамтамасыз ету, секторларды, бар ақауларды және байланысқан бастамаларды алдын ала зерттеуді қамтиды. Дайындық кезеңі қатысушылар өздерінің пилоттық жобаларын ұсынатын бастауыш семинар өткізуді де қамтиды.
25. Даярлық кезеңінің нәтижесі мыналар болып табылады:
R1.1: Қолданыстағы құқықтық және институционалдық жүйені талдауға сүйене отырып,сондай-ақ ЭЫДҰ–ның тәжірибесі негізінде институционалдық және саяси реформаны енгізу мен мониторингі мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар.
26. Даярлық кезеңінің нақты іс-қимылдары мыналарды қамтиды:
1) Халықаралық тәжірибені талдау және ЭЫДҰ тәжірибесіне негізделген неғұрлым маңызды басқару моделін ұсыну. ЭЫДҰ–ның жобалау командасы ЭЫДҰ елдерінде мемлекеттік органдардың көрсететін қызметтерінің модельдері бойынша реформаларды кеңінен зерттеу жүргізуде.
2-блок. Заманауи реформа басқарушы биліктің орталықтануына емес, ал бірнеше адамға өтуге бағытталған деуге болады: Франция жөнінде мәндік зерттеу Бастапқы нәтижесіз қадамдар 1990-жылдардың ең басында Премьер-министр кабинетінің жанында Мемлекеттік реформа жөніндегі комиссияны құру жеңілдетілген процестерге қабілетті іс-қимылдар жолымен олардың шеңберінде қолданыстағы рәсімдер жойылған бір жақты саясаттың белгісі болып табылды. Бірқатар провинциялық мемлекеттік қызметтердің Премьер-министрдің шешімі бойынша толығымен көшуі де бір жақты және белгілі бір дәрежеде авторитарлық саясаттың белгісі болып табылды, оның күрт тоқтауы Мемлекеттік реформа жөніндегі комиссияның жойылып кетуін тиімсіз негіздеген. Қайта орталықтандыру және шешімдер қабылдау процесі Реформа жобаларының қолданыстағы құрылымы: реформа мазмұнын әзірлеу және енгізу мәселелері жөнінде көрсетілетін консалтингтік қызметтер Бүгінгі таңда реформа құрылымы Францияда екіжақты аспектпен сипатталады (2.2 Франциядағы реформаны бақылаудың қолданыстағы құрылымы туралы блогына қараңыз). Премьер-министрдің кабинеті жанындағы Стратегиялық талдау орталығы Үкімет көздеген негізгі реформалардың алдын алуға және оны әзірлеу үшін жауапты болады. Өз кезегінде Мемлекеттік жаңғырту мәселелері жөніндегі бас басқарма (МЖМББ) – Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Өнеркәсіп министрлігінің ведомстволық бағынысты органы – негізінен, әртүрлі реформаларды енгізу сатысында консультациялық қызметтер көрсетеді (МЖМББ-ның Қызметтік құрылымы туралы 2.3 блокты қараңыз). |
Ақпарат көзі: ЭЫДҰ (2004) Францияда Әкімшілік рәсімдерді жеңілдету, Париж. ‘Direction Gеnеrale sur la Modernisation de l’Etat’, Қоғамдық вэб-сайты, 2010 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша.
2) ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес әкімшілік реформалар жүргізу үшін заң базасын талдау: Қазақстан Республикасы салалық заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары. ЭЫДҰ жобалау командасы, қызметтерді пайдаланушылардың қолдауы кезінде, министрліктің және басқа да мемлекеттік органдардың құқықтық нормаларының пайда болуына, жойылуына, жұмыс істеуіне, өкілеттіктеріне және қызметін ұйымдастыруға бағалау жүргізеді. Құқықтық нормалар маңызды рөл атқарады, өйткені Жобаның әзірленуіне және енгізілуіне тікелей ықпал етеді.
3) Мүдделі тараптарды айқындау және басқарушы комитет құру. Басқарушы комитет Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті органдарының (ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті, пилоттық жобаларға қатысатын министрліктер және тағы басқа да тиісті министрліктер), агенттіктер мен коммерциялық қауымдастықтардың өкілдерінен тұратын болады. Басқарушы комитет Жобада көзделген әрбір аралық кезең аяқталғаннан кейін, шамамен әрбір төрт ай сайын бас қосатын болады. Комитет ЭЫДҰ Жобасы шеңберіндегі іс-қимылдарды үйлестіруге ықпал ететін болады.
4) Әрбір пилоттық министрлік үшін мүдделі тараптарды айқындау және жұмыс тобын құру. Әрбір министрлік (Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы, Қоршаған ортаны қорғау, Индустрия және жаңа технологиялар) өздерінің өкілдері мен жұмыс топтарының төрағаларын тағайындайды. Жұмыс тобы төрағаның жауапкершілігімен және ЭЫДҰ командасының қолдауымен жобаның дамуы үшін жауапты болады,. (төмендегі 1-суретке қараңыз). Жобаға қолдауды ЭЫДҰ-ның техникалық сарапшылары мен белгілі бір тақырыптық салаларда маманданған сыртқы консультанттар көрсетеді. Бұдан басқа, Жобаны ЭЫДҰ дамытқан жергілікті консультанттар желісі де қолдайды, олар ақпараттар мен деректер жинауға көмектеседі, сондай-ақ жергілікті әріптестер (мемлекеттік және жеке сектор ұйымдары) арасында байланыстырушы буын ретінде қызмет етеді. ЭЫДҰ ұйымы материалдық құқық саласында және ұйымдастыру кезінде ұлттық органдардың қажеттіліктері мен мәселелерін, осылайша бағдарламаға және оны енгізуге құқықтарын іске асыра отырып, тиісінше назарға алуға ниетті.
1-сурет. Функциялар мен міндеттемелер
Төрағалар |
Тиісті элементтер бойынша түпкілікті шешімдер қабылдайды Топпен келісілген іс-қимылдарды және одан кейінгі қадамдарын қорытады Қиындықтарды жою мақсатында ЭЫДҰ-мен және Басқарушы комитетпен ынтымақтасады |
Жұмыс топтары |
Деректер жинайды (деректер сұрату, сауалнамалар жүргізеді) Сарапшылармен байланысты қамтамасыз етеді Талдауларды жылжыту саласында ынтымақтасады Материалдарды қайта қарайды Кері байланысты қамтамасыз етеді |
ЭЫДҰ |
Жобаны жоспарлайды Әзірлеу бойынша деректер мен материалдарға талдау жасайды Негізгі элементтерді анықтайды және ұсынымдар ұсынады Басқарушы комитетке тоқсан сайынғы жобаның түзетулерін ұсынады |
Жұмыс топтарын шақырудың болжамды жиілігі: тоқсан сайын бір немесе екі рет
5) Әрбір министрлік үшін нақты міндеттер бойынша нысаналы топтар құру. Пилоттық жобалармен байланысты іс-қимылдарды енгізу және жүзеге асыру үшін персонал бөлуден басқа, қатысушы министрліктерге pro-tempore секторлық зерделеу, қызмет көрсету, операциялық модельдер, іс-қимылдар жоспарлары сияқты жалпы жобалау қызметіне келіп құйылатын нақты міндеттер бойынша нысаналы топтар тағайындау керек. Тағайындалған нысаналы топтар қажеттігіне қарай оларға нақты қажетті ақпаратты ұсына отырып, жұмыс тобымен байланысады.
3-блок. Белгілі бір мәселелер: нарықты зерделеу Министрліктердің нысаналы топтары жобаның әртүрлі органдарының талаптарына сүйене отырып, уақытша негізде нақты бір зерделеу мәні бойынша деректер беріп отыруға тиіс. Нарықты нысананалы зерделеуге мыналар: әлемдік және ішкі сектордың даму үрдістері, ұсыныс пен сұраныс қозғалтқыштарын, табыстың негізгі факторларын, сектор экономикасын қамтитын болады. Бұл нақты әдіснаманың терең зерттеудің қолданылуын болжайды, оған өз кезегінде, осындай зерттеулер үшін неғұрлым қолайлы ақпарат көздері болып табылатын жеке сектор мамандарымен кеңес алу кіреді. |
2-сурет. АТ жұмыс тобының құрылымы
АТ секторы – Қазақстанның АТ саясатын жақсарту шеңберіндегі жұмыс тобына қатысушылардың болжамды міндеттері | ||||
---|---|---|---|---|
Үкіметтік мекемелер |
Көп ұлтты компаниялар |
Азаматтық қоғам секторы |
Шетелдік сарапшылар |
|
Болжамды қатысушылар |
|
Microsoft |
ICT қауымдастығы |
ЭЫДҰ |
Міндеттер (оларды болжамдалатын бағалауларға сәйкес орындау қажет) |
Үкіметте сақтаудағы қажетті ақпарат пен деректерге қолжетімділікті қамтамасыз ету (мысалы, Статистика агенттігі, мемлекеттік тізілім, және т.б.) Байланыс бағдарламаларын және олардың стратегияларын жоспарлауды енгізуге ықпал ету Байланыс орнату бойынша қаржыландырудың бағдарламалық әдісін әзірлеу Мемлекеттік басқару жүйесіне қажетті жақсартулар енгізу |
Сатып алу және басқару үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу Жекелеген компаниялар үшін жұмыс пакеттерін әзірлеу |
Сүйемелдеуші бағдарламаларды басқару үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу Байланыс орнату үдерістерінде жеке компанияларды қолдау |
Стратегиялық жоспарлау және орындауда тікелей қатысу және бағдарламаға басшылық етуді қамтамасыз ету |
6) Іс-қимылдар жоспарын айқындау. Жоғарыда ұсынылған зерттеу ЭЫДҰ-ға Акция шеңберінде қажетті нақты іс-қимылдарды айқындауға мүмкіндік береді. Дайындық кезеңінде жүргізілген зерттеу сонымен қатар, тиісті жоспарлар мен бағдарламалар шеңберіндегі озат практикалардың тәсілінде Қазақстан Республикасының негіздемелері мен қажеттіліктерін ұсына отырып, пилоттық іс-қимылдарды қолдану қажет секторды анықтайды. Бұл ақпарат Акцияны жүргізу шеңберінде шешу қажет мәселелерді, сондай-ақ жоспарланатын modus operandi Акцияның (пилоттық жұмысқа қатысу нәтижесінде алынған тәжірибені барлық министрліктерге беруге ықпал ететін тетіктерді қоса алғанда) айқындайтын құжатта түйінделеді.
7) Бастапқы семинарды ұйымдастыру. Бастапқы семинарда, Еуропалық Комиссияны қоса алғанда, саяси мемлекеттік қызметшілердің, ЭЫДҰ–ның хатшылығының,, саясат және халықаралық ұйымдар саласындағы бас мамандардың қатысуы көзделеді. Семинар мыналарды қамтитын болады:
- Акцияның міндеттері мен ауқымдарын ұсыну;
- ЭЫДҰ-ның түпмәтінінен саясат құру саласындағы оң практиканың таңдалған үлгілерін ұсыну;
- әрбір пилоттық жоба бойынша міндеттерді, ауқымын, артықшылықтары мен міндеттемелерін ұсыну;
- пилоттық жобаларды жүргізу нәтижесінде алынған тәжірибені басқа министрліктерге беру тәртібін сипаттау;
- жалпы жұмыс жоспарын талқылау
5. Пилоттық мемлекеттік органдар қызметтерінің тиімділігін жақсарту
27. Бұл кезеңнің негізгі міндеті пилоттық министрліктердің қызмет көрсетуінің үздік моделін дамыту және енгізу болып табылады. Акцияның түпкілікті мақсаты пилоттық министрліктер іскерлік конъюнктураның маңызды функционалдық буыны болып табылатынын ескере отырып, бәсекеге қабілеттілікті жақсартуда болып отыр. Пилоттық жобаларды, ҚР Үкіметінің басқа да органдарымен алмасу және беру мүмкіндіктерінің кемшіліктерін өлшеу әдіснамасы бойынша ноу-хауды енгізгеннен кейін. ЭЫДҰ–ның «Қазақстан Республикасының ТШИ мен секторлық бәсекеге қабілеттілігінің жан-жақтылығы және оларды нығайту» жобасымен, сондай-ақ пилоттық министрліктер мен ЭЫДҰ арасындағы қазіргі жұмыс байланыстары осы акцияның тиімділігін елеулі ұлғайтады деп күтілуде.
Нәтижелер
28. Бұл кезеңнің нәтижелері мыналар болып табылады:
R1.2 Пилоттық мемлекеттік органдардың тиісті талдау құралдарын пайдалану тиімділігін арттыру (функционалдық әдіснама);
R1.4 Тиісті Парламенттік комитетке бақылауды жүзеге асыру тиімділігін арттыру;
R2.1 Пилоттық министрліктердің функционалдық шолуларын жүзеге асыру мүмкіндіктері;
R2.2 Пилоттық органдар жүзеге асыратын функционалдық шолулар және кейінгі қайта ұйымдастыру; басқа органдар арасында тәжірибемен алмасу;
R2.3 ЭЫДҰ-ның шолуы мен тәжірибесін басшылыққа ала отырып, пилоттық министрліктердің қолданыстағы макетінің реформасы;
R2.4 Бюджетті дамытудың, жоспарлаудың, пилоттық мемлекеттік органдардың жалпы ұлттық стратегиясының қағидаттарына сәйкес стратегиялық және операциялық жоспарларды енгізу мен жүзеге асыруға бақылау тиімділігін арттыру.
Іс-қимылдар
29. Бұл кезеңде мынадай бастамалар қабылданатын болады:
1) Тиісті көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау. Пилоттық министрліктердің ұйымдастырушылық құрылымына шолу нарықтың қажеттіліктері мен стратегиялық жоспарлауды ескере отырып, жүзеге асырылатын болады. Алдымен, қазіргі уақытта көрсетілетін қызметтердің жай-күйімен бірге, түпкілікті пайдаланушыға қажетті көрсетілетін қызметтерді салыстыру кезіндегі кемшіліктердің талдауына сүйене отырып, қызмет көрсетудің стратегиялық жоспары әзірленеді. Бастапқы бағдарлар ретінде ЭЫДҰ-ның тәжірибесі мен әдіснамасы пайдаланылатын болады.
2) Сұранысты талдау: нарыққа бағдарланған реформалық тәсілді пайдалана отырып, азаматтық қоғамның және тиісті мүдделі тараптардың нысаналы зерттеулерін қоса алғанда, сұранысты және алушыларға қажетті көрсетілетін қызметтерді шолу.
3) Функционалдық база: ЭЫДҰ-ның басқарушылық реформаларының әдіснамасын пайдалана отырып, қолдағы бар көрсетілетін қызметтер мен қолдау функцияларын егжей-тегжейлі шолу.
4) Кемшіліктерді талдау: қайта қарау бағдарламасы негізінде қазіргі және қажетті көрсетілетін қызметтердің арасындағы кемшіліктерді анықтау.
5) пилоттық мемлекеттік органдар қызметтерінің тиімділігін стратегиялық жоспарлауды айқындау.
6) Жаңа операциялық моделді жобалау. Бұл қызмет көрсетілетін қызметтерді стратегиялық жоспарлауға негізделеді. Оның мақсаты пилоттық министрліктердің жаңа операциялық моделі үшін қызмет, рәсімдерді, рөлдер мен жауапкершілікті бөлуді, модельдер мен ұйымдастыру кестелерін әзірлеу болып табылады.
7) Қызмет көрсету үшін тиісті қажетті іс-қимылдар жоспарын, сондай-ақ әртүрлі қызметтерді қолдау рәсімдерін айқындау. Тиімді ұйым құру процесі негізгі рәсімдерді, рөлдер мен жауапкершілікті бөлуді, сондай-ақ ұйымдастырушылық құрылым құруды анықтауды талап етеді. ЭЫДҰ жұмыс топтарына негізгі жұмыс пен әрбір министрлік көрсететін қызметтерді орнату үшін қажетті іс-қимылдар жиынтығын айқындауда көмек көрсетеді, онда басқару және бағалау бойынша міндеттер, мысалы, өнімділікті өлшеу, салааралық теңгерім матрицасын пайдалану, өнеркәсіптік көрсеткіштердің өсуі, мамандандырылған зерттеулер, тәжірибе талдау және оны беру жөніндегі қызмет кіреді. 3-суретте белгілі бір сала бойынша енгізіліп басталған ең басынан бастап және ол аяқталғанға дейін шағын мамандандырылған зерттеу жобасының үлгісі ұсынылған.
3-сурет. Нақты зерттеу үдерісінің схемасы
8) Рөлдер мен міндеттерді анықтау және сипаттау. ЭЫДҰ жұмыс топтармен ынтымақтастықта болады және әрбір министрлік ішінде қызмет түріне қарай міндеттер қалайша бөлінуі мүмкін екенін айқындауға көмектеседі, сондай-ақ мынадай: Кім жауапты болады? Есепті кім беруге тиіс? Консультацияны кімнен алу қажет? Кімді хабардар ету қажет? деген төрт негізгі мәселеге тұрғызылған кеңінен пайдаланылатын әдіснамамен таныстырады. Төменде ұсынылған 4-сурет осы әдісті көрсетеді.
4-сурет. Функциялар мен міндеттерді бөлуге RACI стандарттық тәсіл
О |
Кім жауапты болады? |
Жұмысты дайындау тапсырылған адам |
П |
Есепті кім беруге тиіс? |
түпкілікті шешім қабылдайтын және үлкен бақылауға ие адам |
К |
Консультацияны кімнен алу қажет? |
Шешім қабылдаудан немесе іс-қимылды жүзеге асырудан бұрын оған жүгіну қажет адам |
И |
Кімді хабардар ету қажет? |
Шешім немесе іс-қимыл қабылданғаны немесе жүзеге асырылғаны туралы хабардар етілуге тиіс болған адам |
9) ЭЫДҰ тәжірибесіне және қарапайым бағалау жүйесіне (ҚБЖ) сүйене отырып, әртүрлі функционалдық модельдерді айқындау; ЭЫДҰ-ның озат практикалық әдістерін қолдана отырып, функционалдық есептерді және көрсетілетін қызметтер үшін байланыс желілерін әзірлеу; мынадай негізгі факторларды: біріншіден, ЭЫДҰ сыныбының ең үздік ұйымдастыру құрылымдарын; екіншіден, жаңадан құрылатын министрліктердің ерекшеліктері, атап айтқанда тұрақты қызмет шеңберінде жұмысты дәл бөлу (индустрия салаларының бәсекеге қабілеттілігін өлшеу және бағалау), сондай-ақ нақты талаптар бойынша мақсатты зерделеуді ескере отырып, ЭЫДҰ ұйымдастыру құрылымын әзірлеуде көмек көрсетеді. Төменде ұсынылған 5-сурет сарапшылық білімді орталықтандыру не аутсорсинг дәрежесіне қарай жоғары деңгейдегі есептілік тәртібінің екі ықтимал ұйымдастыру схемаларын көрсетеді. Көңіл аудару қажет болатын басқа негізгі салалар, мынадай аспектілерді: ұйымдастыру құрылымының ішіндегі көлденең қатынас желісін, оның менеджменті бөлінісіндегі ақпараттық бөлімінің ішкі құрылымын, әртүрлі департаменттердің қызметтерін басқаруға бағытталған ережелер мен функциялар, сондай-ақ тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін қамтиды.
5-сурет. Есептілік тәртібі нұсқаларының жоғары деңгейдегі үлгілері
10) Өтпелі жоспарды әзірлеу. Жаңа операциялық моделді енгізу тәртібі басқарушы комитет мақұлдайтын реформаларды енгізу мақсатында қазіргі ұйымдық құрылымнан жаңа жүйеге көшу кезеңіндегі жасалатын іс-қимылдарға сүйене отырып, айқындалатын болады. Енгізу тәртібіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында тиісті бақылау көрсеткіштері белгіленетін болады. Басқарушы комитет пен жұмыс топтары ЭЫДҰ-ның жобалау командасының көмегімен белгілі бір жоспарлы реформалардың талдамалық үдерістері мен олардың енгізілуіне мониторингті жүзеге асырады.
11) Өтпелі матрица әдіснамасын пайдалана отырып, реформаның қажетті іс-қимылдарын айқындау.
12) Басқарушы комитет мақұлдаған реформалардың әрбір кезеңі үшін өтпелі жоспарды/іс-қимылдар жоспарын енгізуді қолдау.
13) Жаңа қызмет көрсетуді енгізу тәртібі үшін мониторинг және есептілік жүйесінің көрсеткіштерін әзірлеу.
14) Пилоттық министрліктерде жаңа модельдер енгізуді қолдау. Әрбір пилоттық министрліктер шеңберінде жобаны енгізу мынадай іс-қимылдардың:
15) Басқарушы комитеттің қадағалауымен тиісті реформаларды енгізу және бақылау жөніндегі жұмыс топтарына ЭЫДҰ-ның топтағы функцияларға, міндеттерге және мүшелікке қатысты ұсынымдарын ескере отырып, өкілеттіктер беру.
16) Қолданыстағы деректерді қарау және қажет болған кезде, арнайы іздестіру жұмыстарын жүргізу жолымен не деректермен жұмыс істеудің қолданыстағы ұлттық құралдарды пайдалана отырып, мониторинг көрсеткіштері үшін жаңа ақпарат жинау.
17) Персоналдың дағдылары мен құзыреттілігін қоса алғанда, ұлттық институционалдық жүйе туралы тиісті білімдер мен ноу-хауға шолу.
18) Халықаралық сарапшылармен және саясатшылармен министрліктер персоналының ноу-хау деңгейін арттыруға бағытталған білімдермен алмасуды ұйымдастыру;
19) Егер ағымдағы жағдайлар бағдарламаны қайта қарауды талап еткен жағдайда бағдарламаны жобалау тәсілдеріне қатысты ұсынымдар.
20) Қажет болған кезде қосымша жоспарлы реформаларға қатысты ұсынымдар.
21) Әрбір пилоттық жобадан алынған тәжірибені барлық министрліктерге беруге ықпал ететін тұрақты шолу жиындарын ұйымдастыру.
4-блок. Енгізу үлгісі: агроөнеркәсіптік өндірісте сырттай хабарлау және білім тарату Қоғамды сектордың артықшылықтары туралы хабарлау, сондай-ақ отандық және шетелдік әріптестерден алынған білімдермен алмасуды Үкімет беретін негізгі қызмет ретінде қарау ұсынылады. Ақпарат және алынған білімдермен алмасу Қазақстанның және өзге де елдердің басқа ғылыми-зерттеу институттарының қорытындылары туралы пікірталасты ынталандырады. Оның үстіне, сектордың абыройын арттыра және оның шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығын көрсете отырып, бұл байланыс желілерін құруға ықпал етеді. Қазақстанның экономикасы бір секторда сенімді бедел қалыптастыру жолымен одан да жоғары әртараптандыруға қол жеткізе алады. |
22) ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің алғашқы пилоттық жобасы Ұлттық бәсекеге қабілеттілік және инновация институтын құру. ЭЫДҰ мүшелерінің тәжірибесі мен Қазақстан Республикасы алған тәжірибесі негізінде әзірленген бірнеше қағидат Институт қызметін дамытуда өз үлесін қоса алады. Көрсетілген қағидаттар сонымен қатар осы құрылымға мынадай көбірек тиімділікке қол жеткізуге көмектеседі:
23) Өзара толықтыру: Институт өзінің бар күш-жігерін Қазақстан Республикасында индустриялық саясатты дамытумен айналысатын қолданыстағы құрылымдармен байланыс жасауға салуы тиіс. Бұл қайталауды болдырмауға мүмкіндік береді және барынша көп ақпарат алмасуға алып келеді. Қазақстанның индустриялық саясатын әзірлеу процесінде қатысатын органдар негізінен мыналар: ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, Казнекс және Самұрық-Қазына болып табылады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында экономикалық талдаулар жүргізіп үлгерген Үкімет қолдайтын бірнеше сараптамалық-талдамалық орталықтары бар, мысалы мынадай: ҚР Үкіметі қолдайтын Ұлттық талдамалық орталық, ҚазАгроИнновация мен Қазақстан экономистерінің қауымдастығы қолдау көрсететін ауыл шаруашылығы саласындағы Экономикалық саясат талдамалық орталықты.
24) Байланыс орнату: Институт Қазақстанның да, сол сияқты басқа елдердің де экономикалық сарапшылары мен статистика саласындағы сарапшылары көрсететін қызметтерін пайдалануға тиіс. Бұл мынадай себептерге байланысты маңызды: біріншіден, кейбір ерекшелігі бар мәселелерді тек жетекші мамандар ғана шеше алады; екіншіден, Институтта зерттеу салаларының әр біреуі үшін өз штатында жоғары білікті маманды ұстауға мүмкіндік жоқ. Жобаның орындалуына байланысты сыртқы мамандардың аутосорсингі штаттық командадан басқа маңыздылығы кем түспейтін, білімдерді қорыту мен негізгі зерттеу рәсімдерін стандарттау мақсатында аса маңызды.
25) Қызметтердің бағыттылығы: Негізгі акцент, басқарушы құрылымдарға бақылауды ұйымдастыру жолымен негізгі үкіметтік қатысушылар мен Институт қатысушыларының қажеттіліктеріне жасалуы тиіс.
Ұсыну қажет болатын есептер
30. Бұл кезеңнің нәтижелері мынадай екі түрлі есептерде сипатталады:
1) Жобаның жалпы қозғалысы туралы есептер жылдық, жартыжылдық және ЭЫДҰ-ның алға жылжу туралы түпкілікті есебінде көрініс табады.
2) Пилоттық жобалардан алынған білімдерге қатысты, басқа министрліктер де қолдануы мүмкін, мысалы әдіснаманы, үдерісті әзірлеу және басқару жөніндегі құралдарды қайта қарау сияқты есептер.
6. Ұлттық бәсекеге қабілеттілік және инновация институтының негізгі қызметі
31. Институт ұсынатын негізгі қызметтер, күтіп отырғанымыздай, мыналар болуға тиіс:
1) Индустрия саласындағы – жалпы және секторалдық деңгейде – сондай-ақ инновация көрсеткіштерінің бәсекеге қабілеттілігін тұрақты түрде айқындап отыру және дамуын бақылау.
2) Зерттеулерді жүзеге асыру және саясаттың орындалуына қатысты ұсынымдар ұсыну жолымен жобаның арнайы талаптарына сәйкес болуды қамтамасыз ету.
3) Зерттеулердің нәтижелерін жария ету және жергілікті және шетелдік әріптестермен алынған білімдермен алмасу.
32. ЭЫДҰ аталған қызметтерді көрсету мақсатында мамандандырылған қолдау көрсете алады.
Айқындау және бағалау: анықтау және басқару бойынша соған тән әдіснаманы енгізуді және пайдалануды жүзеге асыру
33. Институттың негізгі мақсаттарының бірі индустриялық секторға тән бәсекеге қабілеттілік және инновация деңгейлерін тікелей басқару және айқындау болып табылады. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай екі іс-қимылды орындау ерекше маңызды: біріншіден, өнеркәсіп секторына тән бәсекеге қабілеттілік және өсу деңгейін айқындау және екіншіден, индустрияға тән өнім шығару индустриясына тән шикізат көлемін айқындау. ЭЫДҰ аталған іс-қимылдарды жүзеге асыру мақсатында жәрдемін тигізе алады.
Өнімділікті айқындау: Статистика саласында кадрларды
оқытуды және даярлауды қамтамасыз ету
34. Өнімділікті есептеудің әртүрлі әдістері мақсаттарына, ұйымда қолданылатын қажеттіліктер мен ресурстарға байланысты таңдалады. ЭЫДҰ оқу және тереңдетілген тренингтер ұйымдастыру жолымен бұл таңдауды жеңілдете алады. 6-сурет өнімділіктің әрбір көрсеткішінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайтын болса, 7-сурет өнімділіктің әртүрлі көрсеткіштері қалайша белгілі бір мақсаттардан және қолдағы ресурстардан тәуелді болатынын көрсетеді.
6-сурет. Өнімділік көрсеткіштері мен оларды пайдалану
Өлшеу мақсаттары мен деректер деңгейіне қойылатын Талаптар
секторының деңгейінде өнімділік деңгейін өлшеу тәсілін
айқындаудың негізгі көрсеткіштері
Деректерге қойылатын талаптар деңгейінің төмендігі |
Әлсіз микро-макро байланыс: өнімділіктің тек индустриалдық өлшеу деңгейі |
Күшті микро/макро байланыс: ауқымды экономикалық өсімге индустриялық үлес өлшенеді |
|
Жалпы өнімге негізделген еңбек өнімділігі = Жалпы өнімнің сандық көрсеткіші/еңбектің сандық көрсеткіші тұруда |
Қосылған құнға негізделген еңбек өнімділігі/қосылған құнның сандық көрсеткіші/еңбекті көп қажет етудің сандық көрсеткіші |
Әртараптандыру деңгейін қадағалау үшін бүкіл экономика деңгейінде еңбек өнімділігінің өсуіне әрбір сектордың үлесін қадағалау қажет |
|
Деректерге қойылатын талаптардың жоғары деңгейі |
Қосылған құнға негізделген шекті өнімділік=қосылған құнның сандық көрсеткіші/шекті өнімділіктің сандық көрсеткіші |
||
KLEMS өнімділігінің көпкамералы факторы = жалпы өнімнің сандық көрсеткіші / әрқайсысы бағасына сәйкес айқындалатын еңбек, электр энергиясы, көрсетілетін қызметтің сандық көрсеткіші |
қосылған құнға негізделген көп мақсатты күрделі еңбек өнімділігі = қосылған құнның сандық көрсеткіші / қосылған құнды қалыптастырудағы олардың үлесіне сәйкес айқындалатын еңбек сыйымдылығы мен капиталдың, сандық көрсеткіштері |
Ақпарат көзі ЭЫДҰ
ЭЫДҰ - Жеке секторды дамыту
7-сурет. Өнімділік көрсеткіштерінің басымдықтары мен кемшіліктері
Бір факторға негізделген өнімділікті өлшеу мен бағалау үшін
неғұрлым қарапайым болып табылады, алайда, сипатын тек ішінара ғана ашады
ЭЫДҰ елдеріндегі бір факторға негізделген өнімділіктің
жиі пайдаланылатын өлшемдері
Жалпы өнімге негізделген еңбек өнімділігі |
Қосылған құнға негізделген еңбек өнімділігі |
Қосылған құнға негізделген жалпы өнімділік |
|
Анықтама |
Жалпы өнімнің сандық еңбекті көп қажет етудің сандық көрсеткіші | Қосылған құнның сандық еңбекті көп қажет етудің сандық көрсеткіші | Қосылған құнның сандық көрсеткіші /күрделі шығындардың сандық көрсеткіші |
---|---|---|---|
Негіздеме |
Еңбек өнімділігі қалайша жалпы өнімнің құрылуына ықпал ететінін көрсетеді |
Еңбек өнімділігі қалайша қосылған құнның құрылуына ықпал ететінін көрсетеді | Өндірістік капитал қалайша қосылған құнның құрылуына ықпал ететінін көрсетеді |
Мақсаты |
Өнеркәсіп салалары бойынша еңбек коэффициентінің өзгерістерін көрсетеді және салалар бойынша еңбекке қойылатын талаптарға талдау жүргізуге көмектеседі |
Индустрияның тұтастай алғанда экономиканы дамытуға үлесін өлшейді. |
Жалпы өнімділіктегі өзгерістер жалпы өнімнің қандай ұлғаюына кейінгі шығындар үшін әлеуметтік қажеттіліктерге неғұрлым аз шығындар жұмсау жолымен қол жеткізуге болатынын көрсетеді |
Басылдықтар |
Өлшеу мен түсінікті жеңілдетеді |
Өлшеу мен түсінікті жеңілдетеді |
түсінікті жеңілдетеді, бірақ қиын өлшенеді |
Шектеулер |
өнімділікті ішінара өлшеу – негізгі факторлардың бірлескен әсерін – жұмсалған салымдардың өзгеруі және/немесе еңбек өнімділігінің және /немесе аралық шығындардың өзгеруі және /немесе техникалық өзгерістер... |
Ақпарат көзі ЭЫДҰ
ЭЫДҰ - жеке секторды дамыту
Екінші жағынан, бірнеше факторларға негізделген өнімділік өлшемі барынша нақты болып табылады, алайда, деректерді жинақтау мен өңдеу кезінде белгілі қиындықтар туындауы мүмкін.
Қосылған құнға негізделген көп өлшемді жалпы еңбек өнімділігі | KLEMS көп өлшемді өнімділік | |
---|---|---|
Айқындау |
Қосылған құнның сандық көрсеткіші/Еңбек сыйымдылығы мен капитал салымдарының жалпы сандық көрсеткіші * Еңбек сыйымдылығы мен, капитал салымдарының жалпы сандық көрсеткіші = Еңбек пен капиталдың қосылған құнды қалыптастырудағы ағымдағы үлесіне сәйкес олардың сандық көрсеткішіне (әр түрлі) |
Жалпы өнімнің сандық көрсеткіші/Шығындардың жалпы сандық көрсеткіші*
* Шығындардың жалпы сандық көрсеткіші = Еңбектің, капиталдың, электр энергиясының, қызметтердің жалпы өнімнің жалпы көлеміндегі ағымдағы құнына сәйкес олардың сандық көрсеткішіне |
Негіздемесі |
Өнімді еңбек үйлесімі мен күрделі шығындардың қалайша қосымша құнды құруға ықпал ететінін көрсетеді |
Шығындардың өнімді үйлесімі қалайша жалпы өнімді құруға ықпал ететінін көрсетеді |
Мақсаты |
Өнеркәсіп саласының барлық экономика бойынша көп өлшемді өнімділік пен өмір сүру деңгейін ұлғайтуға үлесін өлшейді |
Индустрия деңгейінде техникалық өзгерістерге талдау жасайды |
Басымдығы |
ЭЫДҰ елдерінде деректерді тікелей ұлттық теңгерімдерден алуға болады |
Индустрия шеңберінде техникалық өзгерістерді өлшеу үшін барынша қолайлы құрал өндірістегі аралық шығындардың рөлін есепке алу болып табылады |
Шектеулер |
Технологияны өнеркәсіптік деңгейде өзгерту жақсы көрсеткіш болып табылмайды |
Қосылған құнның негізінде көп өлшемді өндірістік бағаларды қолдану жағдайына қарағанда деректерге қойылатын талаптар барынша маңызды және өнеркәсіп салалары бойынша деректер жинау еңбекті көп қажет етеді |
Ақпарат көзі ЭЫДҰ
ЭЫДҰ - жеке секторды дамыту
Салааралық теңгерім матрицасы: оқытуды және тренингтерді ұйымдастыру
35. ЭДСМ, өнімнің шығындары мен шығарылымы арасындағы ара қатынасты есептеуді жақында құрылған Институттың негізгі қызметі етуге ұмтылады. ЭЫДҰ-да өнімнің шығындары мен шығарылымы арасындағы ара қатынасты бірқатар есептеулерін көрсететін Құрылымдық талдаудың ұлттық дерекқоры (STAN) бар. Өнімнің шығындары мен шығарылымы арасындағы ара қатынастың есеп айырысу кестелерінде белгілі бір экономика шеңберінде өндірушілер мен сатып алушылар арасындағы сатып алу мен сатудың ара қатынасы көрсетілген. Бұл осы секторға тән өндіріске жұмсалатын шығындарды және тән өнім шығару көлемдерін айқындауға мүмкіндік береді.
36. ЭЫДҰ біріншіден, Институт персоналын оқыту, өнімнің шығындары мен шығарылымы арасындағы ара қатынасты есептеуге қатысты айтсақ, ЭЫДҰ стандарттарын сақтау мақсатында әдіснама орнату жолымен және екіншіден, салыстырмалы зерттеулер ұйымдастыру мақсатында STAN дерекқорынан таңдалынған белгілі бір деректерді беру жолымен екі жақты қолдауды ұйымдастыра алады. Бұл дерекқорда ЭЫДҰ мүшелері және сол сияқты мүше емес 35-тен астам ел көрсетілген. Төменде келтірілген 8-сурет 2000 жылдың ортасында бірнеше салалар үшін Францияның тұтыну/өндіру көрсеткіштерінің кестесін көрсетеді.
8-сурет. Францияның тұтыну және өндіріс көрсеткіштерінің кестесі – ЭЫДҰ дерекқоры
Бөлім |
C01T05 А/ш, аңшылық, орман ш/ғы және балық ш/ғы |
C10T14 ПҚ.әзірлеу және өндіру |
C15T16 Тамақ өнеркәсібі, сусындар мен темекі |
С17Т1Э Тоқыма өнеркәсібі, тоқыма, тері және аяқ киім |
C20 Жүн өнеркәсібі, жүн және тығындық өнім |
C21T22 Целлюлоза қағаз,баспа және типограф. өнімдері |
C23 |
C24 Химикаттар мен хим. өнімдері |
C25 Резеңке және пластмасс бұйымдары |
C25 Басқа мет.емес минер. өнімдер |
Негізгі металлдар |
C28 Машиналар мен жабдықтардан басқа даяр мет. бұйымдар |
C29 Машиналар мен жабдықтар |
C01T05 |
13 441.7 |
3.9 |
30 870.8 |
311.5 |
1 622.6 |
189.8 |
14.6 |
234.6 |
342.1 |
14.8 |
22.3 |
32.6 |
33.6 |
C10T14 |
142.0 |
247.2 |
133.4 |
5.1 |
3.8 |
167.1 |
26 437.0 |
1 460.2 |
68.0 |
1 397.6 |
1 370.1 |
364.9 |
49.6 |
C15T16 |
4 869.7 |
31.5 |
17 792 1 |
382.7 |
46.0 |
266.4 |
104.9 |
1 928 2 |
160.4 |
89.5 |
0 |
179.7 |
2032 |
С17Т1Э |
198.1 |
11.8 |
209.2 |
6 453.2 |
20.8 |
224.8 |
35.7 |
608 7 |
305.7 |
85.0 |
109.6 |
84.9 |
143.4 |
C20 |
598.8 |
44.5 |
391.5 |
42.6 |
2 531.4 |
-02 7 |
10.2 |
171.8 |
121.4 |
304.6 |
128.3 |
147.4 |
119.9 |
C21T22 |
336.2 |
53.4 |
1 960.1 |
294.9 |
130.6 |
12 027.5 |
116.8 |
1 909.0 |
553.2 |
354.4 |
229.2 |
220.5 |
312.2 |
C23 |
2127.4 |
177.0 |
915.1 |
172.6 |
81.8 |
331.8 |
5 480.2 |
4 068.3 |
226.1 |
364.7 |
273.4 |
221.7 |
244.1 |
C24 |
51D3.7 |
179.8 |
1 705.7 |
1 445.6 |
215.8 |
1 955.7 |
1 347.1 |
25 870.1 |
8 865 2 |
505 7 |
587.0 |
1 488.1 |
872.5 |
C25 |
-0' ; |
70.5 |
2 483 6 |
556.8 |
93.5 |
672.7 |
672.8 |
2 271.5 |
3 723.9 |
255.4 |
275.1 |
8846 |
1 298 5 |
C25 |
352.6 |
323.5 |
859.0 |
59.6 |
73.4 |
170.2 |
44.2 |
737.6 |
214.2 |
3162.3 |
292.4 |
337.8 |
254.6 |
C25 Басқа мет. емес минер. өнімдер |
45.9 |
25.7 |
157.6 |
119.9 |
76.0 |
296.7 |
177.8 |
614.6 |
504.7 |
491.4 |
9 886.0 |
7 528.4 |
2 898.6 |
C28 |
402.5 |
199.2 |
1 359.7 |
251.3 |
309.2 |
371.8 |
503.1 |
1 434.1 |
476.9 |
346 2 |
2 266.1 |
8 707.0 |
5 079.2 |
C29 |
1 640.9 |
727.7 |
858.5 |
305.3 |
273.7 |
347.3 |
298 5 |
833.1 |
735.4 |
428 2 |
739.5 |
1 214.4 |
5 880.1 |
Қазақстандағы өнеркәсіптік көрсеткіштерді дамытуға жәрдемдесу
37. Өнімділікті өлшеу нақты салалардың бәсекеге қабілеттілігінің жалпы ұлғаюын бағалау үшін шешуші мәнге ие. Солай болса да, егер саясаттың мақсаты индустрия саласында бәсекеге қабілеттілік қалай дамып жатқаны туралы дәл көрініс жасауға негізделсе бұл жеткілікті болып табылмайды. Осылайша, ЭЫДҰ нақты салаларды және индустрия саласындағы бәсекеге қабілеттіліктің жалпы көрсеткіштерінің мониторингін жасау және салыстыру мақсатында ЭЫДҰ-ның индустриялдық көрсеткіштерін – әрбір қатысушы ел үшін жергілікті және толық құралдарды пайдаланады.
ЭЫДҰ–ға мүше елдер бойынша деректерге қол жетімділік беру
38. ЭЫДҰ-ның өзіне 31 мүше елдің әрқайсысында жаңартылған статистикалық деректерге қолжетімділігі бар. Институтқа қажеттігіне қарай деректер беру жақында құрылған ұйымға тарихи және заманауи деректерге сүйене отырып, салыстырмалы және теңеу талдауларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Мақсатты Жобалар
39. Институт Үкіметтің әртүрлі мемлекеттік органдарының сұраулары бойынша уақытша негізде мақсатты зерделеуді жүзеге асыруы қажет. Мақсатты зерделеу әртүрлі, салаларды дамытудың әлемдік және жергілікті үрдістері, сұраныс пен ұсыныс қозғалтқыштары, табыстың негізгі факторлары, сондай-ақ саланың экономикалық сипаттамалары сияқты тақырыптар саласындағы зерделеуді қамтиды. Бұл ерекше әдіснама қолдануды және терең зерттеуді талап етеді, ол бірінші кезекте аталған талдауларды жүзеге асыру үшін жиі қолайлы ақпараттың өнім берушілері болып табылатын жеке сектор мамандарын тартуды қамтуға тиіс.
40. ЭЫДҰ өзінің мүше елдерінің сарапшылар командасы мен индустрия саласындағы мамандардың әлемдік желісіне сүйене отырып, Институт персоналы үшін оқыту және тренингтер ұйымдастыра алады.
41. Бұдан басқа, ЭЫДҰ белгілі бір мәселелерді шешумен шұғылданатын жеке және мемлекеттік сарапшылардан топ құруға көмектеседі.
Сыртқы байланыстар мен білім тарату
42. Интернет арқылы байланыс пен ғылыми жұмыстарды жариялағаннан басқа белгілі бір тақырыптарға Қазақстанда және шет елдерде конференциялар ұйымдастыру білім таратудың әлеуетті арналарының бірі болып табылады. ЭЫДҰ осы саладағы үздік бағытты таңдауда кеңес бере алады және конференцияларда қатысу үшін халықаралық сарапшылар тартуға көмек көрсете алады, алайда ЭЫДҰ-ның қолдауы ресми ұсынысқа кіргізілмеген. 9-суретте 2009 жылғы қыркүйекте Қазақстанның қаржы полициясы және ЭЫДҰ бірлескен конференциясының үлгісі көрсетілген.
9-сурет. Инвестициялық саясат, Қазақстандағы жоба бойынша
ЭЫДҰ мен жұмыс топтарының конференциясы
16-18 |
Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда экономиканы және әлеуметтік дамуды тұрақтандыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ бейіндеу және алға жылжу саясатын жүргізу бойынша Халықаралық конференция |
7. Саясат саласында консультациялау, оқу және тренингтер
43. ЭЫДҰ пилоттық және пилоттық емес министрліктерге жобаның мазмұнын түсіндіруге және пайдаланылған әдістемеге қатысты ағымдағы қолдау береді. Саясатқа сәйкес бірқатар іс-қимылдарды жүзеге асыру және институттарды құру және ең жақсы мемлекеттік және жеке ережелерді енгізу арқылы жоғары деңгейлі бәсекелестікке қабілеттікке қол жеткізу мақсатында әртүрлі институционалдық нысандардың дамуына ықпал ету қажет. Егер экономикалық өсім және орта мерзімді перспективадағы тұрмыстық деңгей жаңа макротүпмәтінде қолдау тапса немесе одан әрі дамуды жалғастырса, бұл саладағы табыс елеулі болады. Пилоттық жобаларды жүзеге асыру барысында пилоттық министрліктер үшін қызмет көрсетулердің жаңа модельдерін талдау іске асыру және үшін қажет құралдар бейімделетін және басқа үкіметтік органдарға ауыстырылатын болады. Бұл тұтынушыларға көмекші қызмет көрсетулерді жақсартуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға ықпал ететін болады.
Нәтижелер
44. Осы кезеңдегі нәтижелер мынаны болжамдайды:
R1.3. Ноу-хауды, құралдар мен әдіснамаларды басқа құрылымдарға беруді жүзеге асыру.
R2.5. Орталық мемлекеттік органдар мен пилоттық құрылымдар үшін сұрау салу бойынша «Саясат әзірлеу бойынша ұсынымдар» (PDAP) нысанында қысқа мерзімді сараптаманы жүзеге асыру.
R2.6. Бағдарламаны жалпы салалық қолдау (болашақ) үшін қажетті бағдарламаны бағалау.
Іс-қимылдар
45. Осы кезеңде іс-қимылдар екі кезеңге сәйкес және Жобаның бүкіл бойында жүзеге асырылуға тиіс.
1) Жобалық әдістемеге және құралдарды пайдалануға қатысты Мемлекеттік қызмет академиясының қатысуымен ақпараттық сессиялар. Жобаның дамуына қарай оқыту сессияларын өткізу Мемлекеттік қызмет академиясымен келісілетін болады. Мақсаты қолданылатын әдіспен, сондай-ақ жобаны жылжыту үшін қолданылатын әдістеме мен құралдармен танысу.
2) Жобаға қатысушыларды саясат жүргізу бойынша жаңа тетіктер мен үздік практикаға оқыту және нұсқау беру. ЭЫДҰ-ның сарапшылары және басқа да сарапшылар сұрау салу бойынша таңдалған тақырыптар бойынша мазмұнына қатысты пилоттық министрліктердің лауазымды адамдарына ағымдағы консультация беруді жүзеге асыратын болады.
46. ЭЫДҰ аясында Басқарушы комитет Қазақстанның басқа да стратегиялары мен іс-қимылдар жоспарларында жобаның ықтимал ілеспе қолданылуын анықтау үшін негіз болып табылады, яғни іс-қимылдар ынтымақтастық негізде бір министрліктен асатын жерлерде орындалуы мүмкіндігін анықтайды.
47. Іс-қимылдар Басқарушы комитет біртіндеп тұрақты «Қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі комитет» болып реформаланатындай етіп, осылайша, ынтымақтастық саласындағы осындай іс-қимылдарды айқындау және құрылымдау осындай іс-қимылдар жүзеге асырылғаннан кейін де жалғасатындай етіп жүзеге асырылуға тиіс.
5-блок. Ноу-хау саласындағы пилоттық құрылымдар әлеуетін дамыту
Канада: Реттеу тиімділігін талдау негіздерін дамыту
Қаржыландырушы департаменттерге қолайлы талдамалық әдістерді таңдауда көмек ретінде Реттеу әсерін бағалауды дайындау үшін мыналарды қоса алғанда, әртүрлі мәселелерді ашатын әртүрлі қағидаттар бар:
Франция: тренингтер, семинарлар ұйымдастыру, мемлекеттік сектор мен университет студенттері арасындағы өзара байланысты нығайту 2001 жылы, қызметті мемлекеттік пайдаланушылар үшін ақпараттық компаниялар ұйымдастырумен қатар Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік реформалар мәселелері жөніндегі министрлік қоғамдық қызметтер мен файлдарды өңдеу үшін жауапты қызметтердің проблемаларымен шұғылданатын лауазымды адамдар үшін нұсқаулықтар мен циркулярлар дайындады. Лауазымды адамдар үшін интернетке сыртқы веб-сайттарға және қоғамдық порттарға қол жеткізу жылдамдығының ұлғаюы реформаны қабылдау және оны еліміздің барлық аумақтарында енгізу сәті арасындағы уақыт аралығын азайтуға мүмкіндік беретіні анықталды. Лауазымды адамдарға өздерінің есебінен ұсынылатын ақпараттың сапасын жақсарту ғана емес, сондай-ақ олардың әкімшілік реконструкция рәсімдерді жеңілдетудің әртүрлі әдістеріне және тренингтер мен семинарлар, ақпараттық кездесулер өткізу жолымен Мемлекеттік реформаны түсінулеріне қатысты хабардарлығын кеңейту де маңызды болып табылады. Жеңілдетуге және жаңғыртуға жауапты жоғары тұрған басшылықтың немесе министрліктің тарапынан араласу объектілері бапкерлер, лауазымды тұлғалар мен студенттер болып табылады. Аталған араласу Саяси зерттеулер институттарын, әкімшілік ету жөніндегі өңірлік құрылымдарды және ұлттық әкімшілік ету мектебін дамытуға игілікті түрде кедергі келтіреді. Мемлекеттік қызметкер болуға дайындалып жүрген студенттермен байланысты нығайту мақсатында Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік реформалар мәселелері бойынша министрлік оларға белгілі бір зерттеулер жүргізуді тапсырады. Мысалы, желтоқсанда жоғары арнайы білімі туралы дипломдары (DESS) бар студенттерге 802 адамнан «басқару» деген сөзге қатысты пікірлерін сұрау жөнінде сауалнама жүргізу тапсырылған болатын. Атап айтқанда ғана студенттер реформаның рухымен және жария сектордың қызметімен таныса алады. |
---|
Ақпарат көзі: ЭЫДҰ (1997), Реттеу тиімділігін талдау. ЭЫДҰ елдеріндегі озық іс-тәжірибе, Париж
ЭЫДҰ (2004) Франциядағы әкімшілік рәсімдерді жеңілдету. Париж.
7. Әдіснама
Әдістеме және әдіснама
48. ЭЫДҰ іс-қимылдарды енгізу жөніндегі әдістер былайша сипатталады: (i) пилотты жобаларды қолдану; (ii) ауқымды және үнемі консультация беру: (iii) тұрақты институционалды құрылымдар құру; (iv) арнайы талдамалы құралдарды және бенефициар ұзақ мерзімді негізде пайдалана алатын әзірлеу жөніндегі құралдарды жылжыту.
Пилоттық жобалар
49. Пилоттық жобалар үш пилотты министрлік шеңберінде жеке және мемлекеттік реттеушілік нормалар мен институттарды жетілдіру мақсатында және зерттеулер жүргізу, модельдерді әзірлеу және «Тәжірибелік нұсқаулық» ретінде белгіленуі мүмкін іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін және кейін басқа министрліктерде (кейбір өзгертулерімен) пайдалану үшін қолданылады.
50. Тәжірибе саласындағы олқылықтарға жан-жақты талау және/немесе қызмет көрсетулер деңгейін арттыру үшін мүмкіндіктері мен сәйкес келетін позицияларды анықтау пилоттық министрліктер тарапынан елеулі қатысуды талап етеді. Бұл жағдай мыналарды қамтуы тиіс: министрліктер арасындағы ынтымақтастыққа қатысты саяси қатысудың жоғары деңгей (өйткені экономикадағы бәсекелестікке қабілеттілікті қолдау және дамыту бірнеше министрліктердің саясатты жүргізуіне байланысты); жұмыс топтарына штаттық ресурстардың қатысуы; іскерлік топтар мен азаматтық қоғамдармен өзара іс-әрекет жасауға дайындық; сондай-ақ кезекті саясатты жүргізу рәсімі туралы толық және дәл деректерді ұсынуға дайындық, сондай-ақ пилоттық емес министрліктермен пікір алмасу.
51. Жобаға қажетті ресурстарды бөлуге дайын министрліктер тікелей алғашқылардың бірі болып егжей-тегжейлі талдамасы және тәжірибелік – сындарлы жұмыстарды жүргізе алады. Қаржы бөле алмайтын министрліктер жинақталған тәжірибені пайдалана және пилоттық жобаларды дамыту мен талдаудың тәжірибелік құралдарымен таныса алады. Барлық министрліктер бүкіл жобаның ішінде тұрақты негізде ұйымдастырылатын тренингтер мен оқытуларға қатысады.
Консультациялар беру процесі
52. Іс-қимылдарды қолданудың табыстылығының негізгі факторы лауазымды тұлғалар мен жеке сектордың нәтижелерді толық игеруі мен қатысуының дәрежесі болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, жобаның бүкіл сатыларында тұрақты консультация беріп отыру жергілікті деңгейде де, сол сияқты сыртқы деңгейде де негізгі қатысушылардың қатысуларының жоғары дәрежесіне ықпал етеді.
53. Жобаның сипатын ескере отырып, министрліктер мен үкіметтік құрылымдарды қаншалықты мүмкін болса, соншалық белсенді тартуға ықпал ететіндей етіп жоғары деңгейдегі үкіметтік қолдауды қамтамасыз ету өте маңызды. Қажетті саяси қолдауды бастапқы сатыда тартуға (Премьер-Министр Кеңсесі арқылы мүмкін) ерекше назар аударылуы қажет.
54. Білім беруді, стратегиялар мен іс-қимылдар жоспарының жергілікті ахуалдық жәйттерге бейімделуін жеңілдететін құралдар ретінде, сондай-ақ тиісті ұйымдар мен лауазымды адамдардың алдағы уақытта олар жүзеге асыруға тиіс болатын саясатты жүргізуде ауқымды қатысуын қамтамасыз ету мақсатында белгілі бір салалардан мамандарды тарта отырып, тренингтер мен семинарлар өткізу практикасы кеңінен қолданылатын болады.
Орнықты институционалдық құрылымдар
55. Осылайша, Жобаның үшінші жылының аяғына оларды ұлттық құрылымдар толығымен игере алуы үшін Жобаны жүргізу аяқталғаннан кейін де қолдану үшін әртүрлі бағдарламалық құрылымдар әзірленетін болады. Мәселен, бағыттарын айқындау және соңғылардың сақталуын бақылау бойынша іс-қимылдар енгізу үшін құрылған Басқарушы комитет Қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі комитет болып қайта құрылады, ол бағдарламаны басқа да министрліктерге енгізу үшін мүмкіндіктерді қайта қарайтын болады.
56. Басқарушы комитеттің құрамы қатысушылар арасында білім мен тәжірибе алмасуға барынша жоғары дәрежеде ықпал ететіндей етіп қалыптастырылуға тиіс. Үкімет пен жекеше сектордан басқа, пилоттық жобалар шеңберіндегі әртүрлі жұмыс топтары мен семинарларда әртүрлі тақырыптар шеңберінде, сонымен қатар халықаралық және өңірлік сарапшылар да қатысатын болады. Бұл сарапшылар бірқатар мекемелерден, оның ішінде ЭЫДҰ-дан, халықаралық және салалық нақты ұйымдардан және ең жақсысы Еуропалық комиссияның тиісті Бас басқармаларынан тартылатын болады. Олардың қатысуы тек үздік халықаралық практика мен тәжірибеге қол жетімділікті қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге еуропалық және халықаралық стандарттардың қолданылуы шеңберінде әзірленген қызметтің/саясаттың барлық түрлеріне сәйкестікті қамтамасыз етеді.
6-блок. Бәсекеге қабілетті инновациялық қызметтер ұсыну: мемлекеттік құрылымдардың үлгілері
Қажеттілігіне қарай құрылымдар негізгі сыртқы ноу-хау тұрғызады және сыртқы ресурстарды пайдаланады. Ішкі ресурстар құрылымдарға білімдерін қорытуға және тиісінше дәйекті етіп жеткізуге, ал жобаның негізінде немесе шектелген уақыт ішінде пайдаланылатын сыртқы ресурстар, осы сәттегі қажеттілік пен қойылған міндеттерге қарай жұмысты ұйымдастыру процесіндегі қолайлылықты қамтамасыз етеді мүмкіндік береді. Осыған байланысты Еуропа Комиссиясы Перспективалық технологиялық зерттеулер институты (IPTS) мүше елдердің ұлттық институттарымен күш біріктіре отырып, тікелей жұмыс істеп бастаған уақыттан бастап Жапония мен Оңтүстік Кореяның алдында көшілгері артықшылыққа ие (төменде келтірілген кестелерді қараңыз).
10-сурет. ЭЫДҰ–ға мүше елдердің құрылымдық бірліктерінің ұйымдық моделі – таңдамалы салыстырмалы зерттеу
|
---|
Арнайы талдамалық құралдарды және әзірлеу бойынша құралдарды жетілдіру
57. Акция нәтижесінде алынатын басымдықтар – Қазақстан Республикасының жақсартылған мемлекеттік және жеке реттеу нормаларын қабылдау және институттар құру арқылы бәсекеге қабілеттілік деңгейінің артуы – пилоттық емес министрліктердің талдамалық құралдар мен әзірлеу бойынша құралдарды пайдалануға, сондай-ақ қабылданған іс-әрекеттер негізінде әзірленіп жатқан процестерді енгізуге қабілеттіліктерінен және дайындықтарынан байланысты.
58. Әртүрлі бағдарламалық құрылымдарға халықаралық және жергілікті қатысушыларды тарту әртүрлі бағыттар мен қызметтерді озық халықаралық іс-тәжірибемен және жергілікті ахуал жағдайымен бірлесіп дамыту мақсатында қажетті тәжірибе алуға мүмкіндік береді.
59. Даму саласындағы ауқымды талдамалық жұмыстар мен бағыттардың кейбіреулері жекелеген пилоттық министрліктерде жүзеге асыруын болатындығына қарамастан, қалған министрліктер талдамалық құралдар мен әзірлеу бойынша құралдарды дайындау барысында көмек көрсетулері мүмкін, оларды үкімет ұзақ мерзімді перспективада пайдалануы мүмкін. Осылайша, талдамалық жұмыстар мен дамудың кейбір элементтері нақты белгілі бір министрлікке қолданылатын болатындығына қарамастан, дайындалған құралдарын толығымен қолданылуына елеулі дәрежеде көңіл аудару қажет, себебі оларды жекелеп қолдану қажеттігіне қарай жүргізілді.
60. Жобаға байланысты ұйымдастырылатын әртүрлі тренингтер мен семинарлардағы негізгі тақырып Жобаның бүкіл бойында тартылатын негізгі қатысушылар тобының тәжірибесін алу мақсатында осындай құралдар дайындау болады.
Жинақталған тәжірибе негізінде
61. ЕК-мен бірлескен жобаны іске асыруда ЭЫДҰ тәжірибесінде құрылған іс-әрекеттер Тікелей шетелдік инвестициялар мен Қазақстандағы салалық бәсекеге қабілеттілікті әртараптандыру және нығайту. Аталған жоба жеке немесе мемлекеттік сектордың кейбір нұсқамалары, сондай-ақ институттар елдің бәсекеге қабілеттілігін бұзатынын және өздері дағдылардың көрінеу жетіспеушілігіне, барабар емес инновация мен одан әрі даму үшін кедергілерді тиімді жоюға бағыттарды бақылау тетіктерінің жетіспеушіліктеріне әкеп соқтырады.
62. Жоғарыда айтылған әдістер мен әдіснамалар, ауқымды консультациялау маңыздылығын, саяси ұстанымның жоғары деңгейі мен әзірлеу бойынша құралдарды ескере отырып, тек қана «Тікелей шетелдік инвестициялар мен Қазақстандағы салалық бәсекеге қабілеттілік әртараптандыру және нығайту» жобасын жүргізу тәжірибесінен ғана емес, сондай-ақ ЭЫДҰ-ға мүше елдерге қатысты осы мәселелер бойынша ЭЫДҰ-ның әртүрлі комитеттері беретін сарапшылық ұсынымдар мен көмектерден де пайдаланылған. Олар озық тәжірибе мен табыстың негізгі факторлары туралы бағалы ақпарат енгізуі мүмкін.
Мысалы, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (ИЖТМ) алғашқы пилоттық жобасы Ұлттық бәсекеге қабілеттілік және инновация институтын құруға бұрын осындай институттарды құрып жүрген, ЭЫДҰ-ның кейбір елдерінің тәжірибелері жәрдемдесе алады. Төменде қазақстандық Институтты құруды анықтаған негіз салушы қағидаттар болып табылған озық халықаралық тәжірибелер мен негізгі алынған білімдер ұсынылған.
Еуропа жағдайы: Перспективалық технологиялық зерттеулер институты (ПТЗИ)
Жалпы нұсқамасы: мақсат ретінде «Техникалық-экономикалық бағыт»
Институттың негізгі қызметі ЕО бағыттарын әзірлеу және дамыту мақсатында стратегиялық қолдау көрсету болып табылады. Оның негізгі мамандануы проблеманың әлеуметтік-экономикалық пен ғылыми және техникалық аспектілерінің қиылысындағы жұмыстарды жүзеге асыру болып табылады.
Бұл «техникалық экономика» деп аталады. Техника-экономикалық зерттеуді әлеуметтік-экономикалық және ғылыми/технологиялық тәжірибелерді біріктіретін көп бейінді топтар орындайды. Оларды талдау мынадай сандық, мысалы моделдеу, сол сияқты сапалық, мысалы болжамдау сияқты арнаулы зерттеу құралдарына негізделеді.
Көп бейінді ұйым
ПТЗИ–дың жұмысы бес ғылыми бағытта жүзеге асырылады:
1) Одан әрі даму үшін білімді қолдану
2) Ақпараттанған қоғам құру
3) Экономика саласындағы ауыл шаруашылығы және биология ғылымдары
4) Тұтыну және өндірістің орнықты ара қатынасын қолдау
5) Климатқа, экономикалық көрсеткіштер байланысты энергетикалық өндіріс және көлік
Бағдарламалау бөлімі Басқару және жәрдемдесу тобы ғылыми мекемелерге олардың бағдарламалық жұмыстарды енгізу жөніндегі мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында әкімшілік қолдау көрсететін болса, ғылыми үйлестіру және ұйымдастырушылық дамытуға, сыртқы қарым-қатынастарға, қарым-қатынас жасау мен оқытуға жауап береді.
Сыртқы ресурстар Институттың жұмыс үшін өте маңызды. Жоғары білікті тәжірибелі көздерге қол жеткізу ПТЗИ даму стратегиясының негізін білдіреді. Осы мақсаттар Интернет көздері Институттың ішкі мүмкіншіліктерін кеңейту мен толықтыру үшін неғұрлым құнды тетік болып табылады. Мысалы, ETEPS – the European Techno Economic Policy Support Network (Техноэкономика саласында көмек көрсетудің еуропалық желісі) ПТЗИ-ға олармен Институт жұмыс жасайтын бірқатар саясат салаларына қатысты еуропалық деңгейде жоғары білікті ұсынымдарды ұсынатын Еуропалық ұйымдардың желісін білдіреді. 2005 жылы ПТЗИ бүкіл Еуропа бойынша ПТЗИ-дің жетекші ұлттық серіктестіктерін біріктіретін, 19 мүшеден және 17 қауымдастырылған мүшеден тұратын Консорциуммен келісімге қол қойды. Іс жүзінде Консорциум барлық ОҚ 27 мүше мемлекетімен қызметті жүзеге асырады және олардың саясат объектілері ауыл шаруашылығы, тұтынушылардың құқығын қорғау, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, ақпараттық қоғам, инновация, зерттеулер мен көлік сияқты әртүрлі салаларды қамтиды.
12-сурет. ПТЗИ–дің ұйымдық құрылымы
Еуропалық Одақ – Перспективасы технологиялық зерттеулер
институтының оңайлатылған ұйымдық схемасы
Білімді одан әрі даму үшін қолдану бөлімі шеңберінде жобаларды бөлу
Негізгі зерделенетін жайттар:
1) Негізінен сыртқы қолдауға сенетін көп бейінді команда.
2) Кейбір бөлімшелердегі жобалық көзқарас.
3) Жалпы күш-жігерді келісу үшін Байқаушы кеңестің маңыздылығы.
Ілеспе бастамаларды әлеуетті пайдалану
63. Бағдарламаны орындау процесінде іс-қимылдарды пайдалану және үйлестіру өте маңызды болып табылады. ЭЫДҰ командасының барлығы бұған белсенділікпен ықпал ететін болады. Мұндай бастамаларды егжей-тегжейлі айқындау оларды тездетіп пайдалану мақсатында Жобаның бастапқы кезеңінде жүзеге асырылады. Бұл қабылданып жатқан іс-қимылдарды бастамаларды қолданудың арқасында тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ қайталануды немесе одан да келеңсіз жағдай қабылданып жатқан іс-қимылдардың бірі біріне қайшылықтарын болдырмауға көмектеседі.
Кейінгі шаралар мен бағалау
64. Іс-қимылдарды орындау мақсатында консультативтік функцияларды атқаратын Басқарушы комитет құралады. Бастапқы кезеңде мүшелер қатарына жеке сектордың пилоттық министрліктерінің, Еуропалық комиссияның және ЭЫДҰ өкілдері кіреді. Комитет жылына екі рет шақырылатын болады, ал ЭЫДҰ бүкіл Жобаны жылжыту кезеңінде хатшылыққа қатысты қажетті қолдау көрсетеді. Іс-қимылды жүзеге асыру аяқталысымен Басқарушы комитет басшылық рөл министрлікке берілетін Көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі комитет болып құрылатын болады.
65. Жобаны орындаудың алғашқы екі айы өткеннен кейін ЭЫДҰ бастапқы есеп береді, содан кейін жартыжылдық және жылдық есептерді береді және Жоба бойынша түпкілікті есепті дайындайды. Бұл есептер Басқарушы комитетке пікірлерін айту үшін ұсынылады.
66. Бұдан басқа, әртүрлі жұмыс топтарындағы қатысушыларға топтың жұмысын, сондай-ақ негізгі семинарлар мен тренингтерге қатысушыларды бағалау мүмкіндіктері берілетін болады.
Жоба барысында ұйымдастырылған іс-шаралар
Әрбір бөлім кіші жобаларға бөлінетін ерекше жобаларды басқарады. 13-суретте «Одан әрі дамуға білім» бағытындағы жобаларды бөлу мысалы келтірілген
13-сурет жобаларды одан әрі даму үшін білімді
қолдану бөлімі шеңберінде бөлу
Іс-қимылдарды жүзеге асыру жөніндегі жоспардың ұзақтығы мен бағдарлар
Кезең Іс-қимылдар |
Сем. 1 |
Сем. 2 |
Сем. 3 |
Сем. 4 |
Сем. 5 |
Сем. 6 |
Жобаны әзірлеу, қарау және атқару үшін Байқау кеңесі мен жұмыс топтарын құру |
||||||
Халықаралық тәжірибені талдау және ЭЫДҰ тәжірибесіне негізделген барынша сәйкес келетін басқару моделін ұсыну |
||||||
ҚР Конституциясына сәйкес әкімшілік реформаларды енгізу мақсатында заң құрылымдарын және нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының декреттері мен нұсқаулықтарын талдау |
||||||
Негізгі қатысушыларды айқындау және Басқарушы комитетті құру |
||||||
Тиісті негізгі қатысушыларды анықтау және әрбір пилоттық министрлік үшін жұмыс тобын құру |
||||||
Талаптарға сәйкес үшін, әрбір кіші бөлім әрбір министрлікке мақсатты топтар құру |
||||||
Іс-қимылдар жоспарын айқындау |
||||||
Бастауыш семинар ұйымдастыру |
||||||
Белгілі бір пилоттық бірліктер үшін қызмет көрсету моделін жақсарту |
||||||
Тиісті көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау |
||||||
Жаңа операциялық моделді әзірлеу |
||||||
Өтпелі кезең жоспарын әзірлеу |
||||||
Пилоттық министрліктерде жаңа моделді енгізу |
||||||
Бәсекеге қабілеттілік және инновациялар институтын құру: ұйымдастыру (қызмет, процестер, ішкі ұйымдастыру, сыртқы қатысушылармен өзара іс-қимыл) |
||||||
Бәсекеге қабілеттілік және инновация институтына қызмет көрсетуде қолдау көрсету қызмет көрсетуді қамтамасыз ету (индустриялық қамтамасыз ету, оқуды ұйымдастыру, бастапқы деректерді ұсыну, сарапшылардың қатысуы, тренингтер ұйымдастыру) |
||||||
Саясат, оқыту және кадрлар даярлау саласында ұсынымдар беру |
||||||
Мемлекеттік қызмет істері академиясы үшін Жобаның әдістемесі және құралдары бойынша ақпараттық семинарлар ұйымдастыру |
||||||
Қызмет көрсетудің жаңа тетіктер мен озық практика негізінде басты қатысушыларды оқыту және даярлау |
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ 1. Тәуекелдерді талдау
67. Бағдарламаға ілесетін негізгі тәуекелдер мыналар:
1) бенефициар процесінде қатысудың жетіспеушілігі.
2) Жергілікті деңгейде бағдарлама нәтижелеріне ие болу жетіспеушілігі.
3) Іскерлік қоғамдастықта мүдденің болмауы.
2. Тәуекелдерді төмендету
Саяси қатысу
68. Жеткілікті саяси қолдауды құру, яғни тиісті персоналдың іс-қимылды жүзеге асыруға қатысуы мақсатында жоғары деңгейдегі саяси қолдауды, сондай-ақ осы Жобаға сәйкес әзірленген талдау құралдары мен басқару құралдарын соңғыларының пайдалануға дайындығын қамтамасыз ету қажет. Әсіресе, осыған байланысты әлеуметтік серіктестік құру жүзеге асырылған кейбір ЭЫДҰ-ға мүше елдердегі жобаларды жүргізу тәжірибесіне негізделе отырып, Жобаны ҚР Премьер-Министрінің мақұлдауын және ҚР Премьер-Министрі кабинетінің мемлекеттік қызметшілері бүкіл бағдарламаның ішінде қатысуын ұсынамыз. Қажетті саяси қамтамасыз етуді жүзеге асыруда қолдауды Еуропалық комиссия жүзеге асыра алады.
69. Бенефициардан талап етілетін қолдау әртүрлі мен жұмыс топтарынан бағдарламалық құрылымдарда қатысуы үшін тиісті персоналды беруді, сондай-ақ бағдарламаның әртүрлі элементтері үшін қажетті деректерді жинауды қамтиды. Үкімет бизнес қауымдастықпен келіссөздерді жүзеге асыру бойынша сұрау салуларды жібері де қажет. Пилоттық жобаларға қатысатын министрліктерден алынған білімдері қоса алғанда, осы Жоба бойынша олар тәжірибелерін түгел беру талап етіледі.
70. ЭЫДҰ Үкіметтің басты лауазымды тұлғаларынан жоғары деңгейдегі саяси қолдауды қамтамасыз ету мақсатында Демеушімен тығыз ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады.
Жергілікті игеру
71. Жобаның ерекше ұсынымдық сипаты Жоба нәтижелерінің жергілікті жерде белсенді игерілуін қамтамасыз ету үшін негізгі фактор болып табылады. Жоба басталғаннан-ақ жобалық іс-шараларда жергілікті лауазымды адамдар мен жеке кәсіпорындар қатысатын болады. Бұл іс-шаралар пилоттық жобалар шеңберінде талдамалық құралдар мен басқару құралдарын әзірлеуді және оларды кейіннен пилоттық емес министрліктерге бейімдеуді қамтиды.
72. Жоба шеңберінде құрылған әртүрлі институттар мен құрылымдар бірте-бірте қолдау көрсететін болады. Мысалы, жобаны орындауға басшылық ету мақсатында жобаның басында құрылған Басқарушы комитет Қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі комитетке қайта құрылатын болады, онда пилоттық емес министрліктер стратегиялар мен іс-қимылдарды таңдағаны үшін жауапты болады, ал халықаралық қоғамдастықтар жұмыс топтарында техникалық деңгейде қатысатын болады.
Бизнес қоғамдастықтың мүдделілігі
73. Елдің бизнес қоғамдастығының белсенді қатысуы Жобаны жүзеге асырып бастағаннан-ақ көтермеленуге тиіс. ЭЫДҰ-ның мұндай жобалардағы тәжірибесі бизнес қоғамдастықтың, әдетте саясат тиімділігін нығайтудағы атқаратын рөлінің маңызды екенін көрсетіп отыр.
74. Бизнес қоғамдастық Үкіметтің осы Жобаны мақұлдағанына және жоба бойынша барлық іс-қимылдар әртүрлі қызмет салаларынан алынған талдау және ұсынымдар негізінде қабылдануына сенімді болуға тиіс. Сондықтан екіұштылық болмауын және Үкімет тарапынан жоғары деңгейдегі қолдауды, сондай-ақ жүргізіліп жатқан шаралар туралы үнемі хабарлап отыруды қамтамасыз ету қажет.
75. Үкіметпен, халықаралық сарапшылармен ынтымақтастық және жұмысқа жергілікті және шетелдік кәсіпкерлерді тарту сияқты перспективалар бизнес қоғамдастықтың Жобада қатысуын жалғастыру үшін қолайлы жағдай жасайды.