Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың қаржылық қызметтерді сатып алуының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 шілдедегі № 813 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың қаржылық қызметтерді сатып алуының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
       3) тармақшадағы "Мооd's" деген сөзден кейін "Investors Service  (бұдан әрі - Мооdу's)" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) Standard & Рооr's шкаласы бойынша ААА, Мооdу's шкаласы бойынша Аааl төмен емес немесе Ғіtсһ Ratings шкаласы бойынша ААА төмен емес кредит рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына;";
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) шетелдік банктердегі (Standard & Рооr's шкаласы бойынша ААА немесе Мооdу's шкаласы бойынша Аааl төмен емес немесе Ғіtсһ Ratings шкаласы бойынша ААА төмен емес кредит рейтингі бар) салымдарға (депозиттерге) және шетелдік банктер (Standard & Рооr's шкаласы бойынша ААА немесе Мооdу's шкаласы бойынша Аааl төмен емес немесе Ғіtсһ Ratings шкаласы бойынша ААА төмен емес кредит рейтингі бар) шығарған депозиттік сертификаттарға;".
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін қоспағанда, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын және табиғи монополиялар субъектілерін, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамын және пруденциалдық нормативтер мен активтерді әртараптандыру дәрежесіне қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қаржы ұйымдарын қоспағанда, акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың (бұдан әрі - Ұйымдар) акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар:
      Standard & Рооr's шкаласы бойынша ВВВ, Мооdу's шкаласы бойынша Ваа3 төмен емес немесе Ғitсһ Ratings шкаласы бойынша ВВВ төмен емес кредит рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына;
      2) шетелдік банктердегі (Standard & Рооr's шкаласы бойынша ВВВ немесе Мооdу's шкаласы бойынша Ваа3 немесе Ғitch Ratings шкаласы бойынша ВВВ төмен емес кредит рейтингі бар) салымдарға (депозиттерге) және шетелдік банктер шығарған депозиттік сертификаттарға бұрын орналыстырылған уақытша бос ақшаны Ұйымдардың осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қаржы құралдарына 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

О некоторых вопросах приобретения государственными предприятиями на праве хозяйственного ведения и организациями, контрольный пакет акций (долей) которых принадлежит государству, финансовых услуг

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2011 года № 813

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2004 года № 960 "О некоторых вопросах приобретения государственными предприятиями на праве хозяйственного ведения и организациями, контрольный пакет акций (долей) которых принадлежит государству, финансовых услуг" следующие дополнение и изменения:
      в пункте 1:
      в подпункте 3) после слова "Moody's" дополнить словами "Investors Service (далее - Moody's)";
      подпункт 6) изложить в следующей редакции:
      "6) негосударственные ценные бумаги иностранных эмитентов, имеющих кредитный рейтинг не ниже ААА по шкале Standard & Poor's, Ааа1 по шкале Moody's или не ниже ААА по шкале Fitch Ratings;";
      подпункт 8) изложить в следующей редакции:
      "8) во вклады (на депозиты) в иностранных банках (имеющих кредитный рейтинг не ниже ААА по шкале Standard & Poor's или Ааа1 по шкале Moody's или не ниже ААА по шкале Fitch Ratings) и в депозитные сертификаты, выпущенные иностранными банками (имеющими кредитный рейтинг не ниже ААА по шкале Standard & Poor's или Ааа1 по шкале Moody's или не ниже ААА по шкале Fitch Ratings);".
      2. Государственным органам, за исключением Национального Банка Республики Казахстан, являющимся органами государственного управления государственными предприятиями на праве хозяйственного ведения и осуществляющим права владения и пользования контрольными пакетами акций (долями) организаций, контрольный пакет акций (долей) которых принадлежит государству (далее - Организации), за исключением субъектов естественных монополий, акционерного общества "Государственный фонд социального страхования" и финансовых организаций, для которых пруденциальные нормативы и требования к степени диверсификации активов установлены уполномоченным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций, обеспечить до 1 января 2012 года размещение Организациями временно свободных денег в финансовые инструменты, указанные в пункте 1 настоящего постановления, ранее размещенных:
      1) в негосударственные ценные бумаги иностранных эмитентов, имеющих кредитный рейтинг не ниже BBB по шкале Standard & Poor's, Baa3 по шкале Moody's или не ниже BBB по шкале Fitch Ratings;
      2) во вклады (на депозиты) в иностранных банках (имеющих кредитный рейтинг не ниже BBB по шкале Standard & Poor's или Baa3 по шкале Moody's или не ниже BBB по шкале Fitch Ratings) и в депозитные сертификаты, выпущенные иностранными банками.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов