«Қырғыз Республикасына ізгілік көмек көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 491 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 937 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қырғыз Республикасына ізгілік көмек көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 491 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 500 (бес жүз) тонна көлемінде жүгері тұқымын сатып алуға және оны Бішкек станциясына дейін тасымалдау және жеткізу бойынша шығындарын өтеуге 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 152985654 (бір жүз елу екі миллион тоғыз жүз сексен бес мың алты жүз елу төрт) теңге мөлшерінде ақшалай қаражат бөлінсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 мая 2011 года № 491 "Об оказании гуманитарной помощи Кыргызской Республике"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 августа 2011 года № 937

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 мая 2011 года № 491 "Об оказании гуманитарной помощи Кыргызской Республике" следующее изменение:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Выделить Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан из чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2011 год, денежные средства в размере 152985654 (сто пятьдесят два миллиона девятьсот восемьдесят пять тысяч шестьсот пятьдесят четыре) тенге на возмещение затрат акционерного общества "Национальная компания "Продовольственная контрактная корпорация" по закупу семян кукурузы в объеме 500 (пятьсот) тонн и по их транспортировке и доставке до станции Бишкек.".
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов