Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 12, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінде:
2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Субсидиялар су пайдаланушыларға ауыз су беру жөнiндегi сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiне қызмет көрсететiн су берушiлерге шығындарын толығымен немесе iшiнара өтеуге (қызметтердiң құнын арзандатуға) арналады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың топтық су және оқшау жүйелері бөлінісінде су берушілер үшін берілген ауыз судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін, Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған, тиісті қаржы жылдарына арналған субсидиялар мөлшерін Ауылшармині табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтің айырмасы ретінде:
1) үйлері немесе пәтерлері ішкі сумен жабдықталған, жеке су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 30 (отыз) теңгені;
2) теңгерімдік тиесілілігі шегінде орналасқан және бірыңғай су өлшеуіш құралдарымен жарақтандырылған сумен жабдықтау желілерін пайдаланатын су пайдаланушыларға берілген 1 (бір) текше метр ауыз суға 40 (қырық) теңгені;
3) бұдан әрі тазалауды және оны ауыз су су тұтыну жағдайына дейін жеткізуді қажет ететін, ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше топтық және оқшау жүйелерінен берілген 1 (бір) текше метр суға 0 (нөл) теңгені шегергенде белгіленген лимиттің шегінде кепілдік берілген сапада ауыз су беру жөнінде көрсетілген қызметтер үшін белгілейді.»;
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасына су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органымен және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) ауыл шаруашылығы бөлiмдерiмен келiсiлген субсидиялар ескерiле отырып, берiлетiн ауыз су көлемiн, ұсынылған қызметтерге ақыны және ауыз су беру жөнiндегi қызметтерге табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекiткен тарифтi көрсете отырып, тариф бойынша ауыз су беруге арналған шарт жасалатын су пайдаланушылардың тiзбесiн (бұдан әрi – су пайдаланушылардың тiзбесi) ұсынады.»;
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiне 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 23 тамыздағы
№ 943 қаулысына
қосымша
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi
болып табылатын сумен жабдықтаудың
ерекше маңызды топтық жүйелерiнен ауыз
су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын
субсидиялау ережесiне
1-қосымша
«БЕКIТЕМIН»
Облыстық (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы
басқармасы____________________
"____"_____________20__ж.
Су пайдаланушылар бөлiнiсiнде ауыз су беру жөнiндегi нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмi___________________20__ж.
(су берушiнiң атауы) (ай)
Р/с |
Су пайдаланушылардың атауы |
Су беру лимитi мың текше метр |
Берiлген су, мың текше метр |
Бекiтiлген тариф 1000 текше метр үшiн теңге |
Көрсетiлген қызметтердiң құны, теңге |
Субсидиялар мөлшерi (тарифтiк сметаларда ескерiлген шығындардың %-ы) теңге |
Жыл басынан берi субсидиялар төлендi, теңге |
Төленуге тиiс, теңге |
|||
Жыл басынан берi |
Оның iшiнде есептi айда |
Жыл басынан берi |
Оның iшiнде есептi айда |
Жыл басынан берi |
Оның iшiнде есептi айда |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Су берушi_____________________________________________________________________
Ескертпе: 2-бағанда су пайдаланушылар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасы бекiткен су пайдаланушылар тiзбесiндегiдей ретпен келтiрiледi