Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 654 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың бірінші абзацы, 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы ұсынған Алматы қаласында "Сайран" мегаауданының, 2, 20, 42-орамдардың құрылысын салуға "Global building contract" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне кейіннен кредит беру үшін 34000000000 (отыз төрт миллиард) теңге сомасында мерзімді банктік салымды "Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамына орналастырудың мынадай негізгі шарттардағы талаптары мақұлдансын:
1) орналастыру - 14700000000 (он төрт миллиард жеті жүз миллион) теңге және 19300000000 (он тоғыз миллиард үш жүз миллион) теңге сомасындағы екі траншпен;
2) салымның мерзімі - әрбір транш орналастырылған күнінен бастап 10 (он) жыл;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов