Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 1072 жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі
шаралар туралы» 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 және «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің
сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдардың штат санын
оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 2010 жылғы
27 қыркүйектегі № 1072 жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2000 ж., № 54, 593-құжат; 2001 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45, 445-құжат; 2003 ж., № 12, 130-құжат; № 16, 160-құжат; 2004 ж., № 13, 166-құжат; № 21, 267-құжат; № 27, 344-құжат; № 48, 590-құжат; 2005 ж., № 16, 189-құжат; № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; № 49, 623-құжат; 2006 ж., № 7, 50-құжат; № 26, 264-құжат; № 28, 299-құжат; № 30, 320-құжат; 2007 ж.,
№ 30, 330-құжат; № 33, 361-құжат; 2008 ж., № 10, 105-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат; 2010 ж., № 27, 205-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 2, 12-құжат):
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараты» деген жолдағы «371» деген цифрлар «391» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 1072 Жарлығына:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2010 жылғы 1 қарашадан бастап осы Жарлықтың 5-тармағында (құпия) көрсетілген органдарды, сондай-ақ штат санының лимиті 7,5 пайызға қысқаратын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Аппаратын және штат санының лимиті 10 пайызға қысқаратын Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының:»;
мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының;»;
4-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы алып тасталсын;
5-тармақта (құпия).
2. Осы Жарлық 2010 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев