«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылғы 1 қыркүйек – 15 қараша кезеңінде өз ителгілерімен жек дуадақтарға ителгімен саятшылық құруға:
1) шейх Халифа Бин Заед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Оңтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорық аймағы аумағында 27 (жиырма жеті) дарақ жек дуадақ және Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағы аумағында 18 (он сегіз) дарақ жек дуадақ;
2) шейх Сурур Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 12 (он екі) дарақ жек дуадақ;
3) шейх Сеиф Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 11 (он бір) дарақ жек дуадақ;
4) шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Әл Тани (Катар) Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалы аумағында 9 (тоғыз) дарақ жек дуадақ және Алматы және Жамбыл облыстарындағы республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағында 19 (он тоғыз) дарақ жек дуадақ аулауға рұқсат берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген адамдарға жек дуадақтарды өз ителгілерімен аулауға белгіленген тәртіппен рұқсат берсін;
2) «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген адамдармен шарттық негізде жек дуадақтың популяциясын қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар өткізуін қамтамасыз етсін.
3. Жек дуадақты аулау ақысы 260 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы ителгімен саятшылық құру үшін жыртқыш қыран құстарды Қазақстан Республикасына әкелу мен одан әкетуді Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсімдерін сақтай отырып қамтамасыз етсін.
5. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыруда қажетті жәрдем көрсетсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов