Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 1998 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Нұржан Кершайызұлы Мырзалиевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан 1998 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 1051 қаулысымен
мақұлданған
жоба
1998 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Ресей
мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге
өзгеріс енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
1998 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 9-бабына сәйкес,
Келісімге төмендегідей өзгеріс енгізу туралы келісті:
1-бап
Келісімнің 4-бабының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тараптар белгіленген өткізу пункттерін ашу немесе жабу туралы өткізу пункттерін ашу немесе жабу жоспарланған күнге дейін 30 күн бұрын бір біріне хабарлайды.».
2-бап
Осы Хаттама Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама өзінің қолданысын Келісім қолданысының тоқтатылуымен бір уақытта тоқтатады.
2011 жылғы «__»__________ __________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің күші бірдей.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін