"Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 1109 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:

      1) "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне берсін;

      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 1109 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірі 205-16-жол алынып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-9-жолмен толықтырылсын:

      "222-33-9. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті".

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

      "Акционерлік қоғамдар" деген 2-бөлімдегі 66-3-жол алынып тасталсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

О некоторых вопросах акционерного общества "Казахский агротехнический университет имени Сакена Сейфуллина"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 сентября 2011 года № 1109.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан:

      1) передать права владения и пользования государственным пакетом акций акционерного общества "Казахский агротехнический университет имени Сакена Сейфуллина" Министерству образования и науки Республики Казахстан;

      2) совместно с Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан и Министерством образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 29 сентября 2011 года № 1109

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения
Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан", строку, порядковый номер 205-16, исключить;

      раздел "Министерство образования и науки Республики Казахстан", дополнить строкой, порядковый номер 222-33-9, следующего содержания:

      "222-33-9. АО "Казахский агротехнический университет имени Сакена Сейфуллина".

      2. Утратил силу постановлением Правительства РК от 19.08.2022 № 581 .

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 "Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 14, ст. 168):

      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе 2 "Акционерные общества" строку 66-3 исключить.

      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 683 (вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию).
      5. Утратил силу постановлением Правительства РК от 19.03.2012 № 340 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).