Ескерту. Заңның жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2012.11.26 N 1490 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 95-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жастар – он төрт жасқа толған және отыз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының жас азаматтары;
2) жас отбасы – ерлi-зайыптылардың екеуi де отыз жасқа толмаған отбасы не отыз жасқа толмаған ата-ананың бiреуi, оның iшiнде ажырасқан, тұл қалған еркек (жесiр әйел) балаларды (баланы) тәрбиелейтiн толық емес отбасы;
3) жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өкілеттіктер шегінде мемлекеттік жастар саясатын үйлестіруді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым – жастар тіршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жастардың денсаулығын сақтау, оларға бiлiм беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтiк бейiмдеу, дене тәрбиесi, рухани және адамгершілік жағынан дамыту, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар жүйесi;
5) жастарға арналған әлеуметтік қызметтер – жастарға медициналық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, олардың әлеуметтік бейімделуіне және оңалуына жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар;
6) жастар ұйымы – негізгі мақсаты әлеуметтік, мәдени, білім беру міндеттерін және жастардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауға бағытталған өзге мiндеттердi шешу, рухани және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылатын, мүшелері (қатысушылары) жастар өкілдері болып табылатын заңды тұлғалар қауымдастығы (одағы), қор, сондай-ақ қоғамдық бірлестік нысанында құрылған коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйым;
7) мемлекеттік жастар саясаты – мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі.»;
2) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету;»;
3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік жастар саясаты саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) мемлекеттік жастар саясатын әзiрлейдi;
2) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамын бекітеді;
3) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін және ақшалай сыйлықақы мөлшерін бекітеді;
4) мемлекеттік жастар саясаты саласында бағдарламаларды бекітеді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
5) мемлекеттік жастар саясатының дамуына талдау және болжау жүргізу тәртібін бекітеді;
6) студент жастарды оқу кезінде тұрғын үймен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3-баптармен толықтырылсын:
«4-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкiлеттi орган:
1) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және оны іске асыруды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының орталық және жергіліктi атқарушы органдарының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызметiн үйлестiреді;
3) өз құзыретi шегiнде жастар саясаты саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi қызметтi ақпараттық және ғылыми қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi консультативтік-кеңесшi органның қызметiн ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етудi жүзeге асырады;
6) мемлекеттік жастар саясатының дамуын талдауды және болжауды жүзеге асырады;
7) еріктілер, патриоттық ұйымдардың, әскери-спорттық, әскери-іздестіру және спорттық-техникалық клубтардың желісін дамытады;
8) студенттік кеңестердің, қызығушылығы бойынша клубтардың, жастар істері жөніндегі комитеттердің және жастардың үкіметтік емес ұйымдарының қызметін дамытады;
9) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
10) жергілікті атқарушы органдардың жанындағы жастар саясаты жөнiндегi консультативтік-кеңесшi органдардың қызметi туралы үлгі ережені бекітеді;
11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-2-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті
1. Еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган өз өкілеттіктері шегінде:
1) жастар ұйымдарымен ынтымақтастықты;
2) әлеуметтiк қолдауға мұқтаж жастарға әлеуметтiк көмек көрсетудi қамтамасыз етуді;
3) жастарды еңбекпен және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар қабылдауды;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Мәдениет саласындағы уәкілетті орган өз өкілеттіктері шегінде:
1) жастар ұйымдарымен ынтымақтастықты;
2) жастардың бойында ұлттық мәдениет пен тiлдi дамыту үшін жағдай жасауды;
3) жастардың мәдени бос уақыты мен демалысы үшiн жағдай жасауды;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган өз өкілеттіктері шегінде:
1) жастар ұйымдарымен ынтымақтастықты;
2) денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарын ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін тартуға жәрдемдесуді;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-3-бап. Жергілiкті өкілді және атқарушы органдардың мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі құзыреті
1. Жергілiкті өкілді органдар өз құзыреті шегінде:
1) жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының мемлекеттiк жастар саясатын iске асырудың жай-күйi туралы есептерiн тыңдайды;
2) жергілікті атқарушы органдардың жанындағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың құрамдарын бекітеді;
3) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы шешім қабылдайды;
4) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен өздеріне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Жергілікті атқарушы органдар өз құзыретi шегiнде:
1) өңiрлерде мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
2) аумақты дамыту бағдарламасында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөнінде шараларды әзірлейді және қабылдайды;
3) өңiрлерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөнiндегі консультативтік-кеңесшi органдар құрады;
4) жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін үлгі ереженің негізінде жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың қызмет тәртібін айқындайды;
5) мәдени-бос уақыт өткізу және спорттық-сауықтыру инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі;
6) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;
7) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен өздеріне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
7) 6-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жергілiктi өкiлдi органдардың шешімi бойынша бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қоғамдық көлікте (таксиден және әуе көлігінен басқа) белгілеген жол жүру құнының елу пайызы мөлшеріне дейін жеңiлдiкпен жүруге;»;
8) 9-бапта:
3-тармақта
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жастар ұйымдастырған шаруа немесе фермер қожалықтары жатады.»;
3) тармақша алынып тасталсын;
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;»;
9) 10-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жас отбасыларды мемлекеттiк қолдау мақсатында орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салалық бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және icкe асырады.
Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау саласындағы салалық бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын қалыптастыру мен iске асыру жас отбасыларға қатысты мемлекеттiк қолдау шаралары белгiленетiн олардың әлеуметтiк қажеттіліктерін талдау негiзiнде жүзеге асырылады.»;
10) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
«11-1-бап. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы
1. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі – сыйлық) жемісті ғылыми, шығармашылық, спорттық және қоғамдық қызметі үшін сыйлықты алуға кандидатура ұсынылған сәтте Қазақстан Республикасының жастарына беріледі. Сыйлық Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен талантты жастардың ерекше сіңірген еңбегін ынталандыру және тану мақсатында беріледі.
2. Сыйлық мына 10 номинация: ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет бойынша екі жылда бір рет беріледі.
3. Сыйлықты алуға қызметі тиісті саланың және жалпы қоғамның дамуына ықпал ететін кандидаттар ұсынылады.
Бір адамның кандидатурасын сыйлықты алуға қайта ұсынуға рұқсат етілмейді. Бір адамның кандидатурасы біреуден артық номинация бойынша сыйлықты алуға ұсыныла алмайды.
4. Конкурстық құжаттарды қабылдауды, іріктеуді, сыйлыққа ұсыну туралы шешімдерді талқылауды және қабылдауды «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссия жүзеге асырады.»;
11) 14-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жастар ұйымдары мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының iс-шаралар жоспарлары шеңберiнде белгiлi бiр жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету мақсатында мемлекеттiк органдармен ынтымақтасуға, ал олардың уәкiлеттi өкiлдерi мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың құрамына кiруге құқылы. Көрсетілген мақсаттарды iске асыру үшiн консультациялық-кеңесшi органдар құрылады.
4. Қазақстан жастарының жалпы республикалық форумын өткiзу тәртiбi, өкiлдiк нормалары уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Қазақстан жастарының жалпы республикалық форумы туралы ережеде белгiленедi.»;
12) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Жастарға және жастар ұйымдарына арналған ресурстық орталық
Жастарға және жастар ұйымдарына арналған ресурстық орталық жастар мен жастар ұйымдары үшін қызметтер көрсету және ресурстар (зал, техника, шағын кітапхана) ұсыну мақсатында жергілікті атқарушы орган құрған көпбейінді сервистік коммерциялық емес ұйым болып табылады.»;
13) 16-бапта 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік органдар мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру бойынша жоспарланған және жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы жастарды, жастар ұйымдарын бұқаралық ақпарат құралдары және интернет-ресурстар арқылы хабардар етуге міндетті.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттiк органдар өз құзыретiне сәйкес Қазақстан Peспубликасындағы мемлекеттік жастар саясатының проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер ұйымдастырады. Аталған зерттеулер ұзақ мерзiмді негiзде жүзеге асырылады және мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзiрлеу кезiнде ескерiлетiн мiндеттi шарт болып табылады.».
2. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат, № 5, 43-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 47-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден және әуе көлігінен басқа) белгілеген жол жүру құнының елу пайызы мөлшеріне дейін жеңілдікпен жол жүруге;».
2-бап. Осы Заң 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті