Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1467 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 120-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 19 және 20-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 29-1, 29-2-жолдармен толықтырылсын:
"
29-1 |
Азаматтық қорғау туралы |
ТЖМ |
Шілде |
Қазан |
Желтоқсан |
В.В.Петров |
29-2 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ТЖМ |
Шілде |
Қазан |
Желтоқсан |
В.В.Петров |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов