Мемлекеттiк орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1268 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 1 қарашадағы
№ 1268 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттiк орман қоры аумағындағы орманды жанама пайдалану қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман қоры аумағындағы орманды жанама пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 12-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры аумағында орманды жанама пайдалану тәртібін айқындайды, сондай-ақ мынадай қызмет түрлерін реттейді: марал өсіру, аң өсіру, ара ұялары мен омарталар орналастыру, көкөніс өсіру, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізат, жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да азықтық өнімдер, мүк, орман төсеніші және жерге түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау.
      2. Рұқсат беретін құжаттары жоқ жеке тұлғалар өздерінің қажеттілігі үшін жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, дәрілік шикізат және өзге де жанама орман ресурстарын жинауды жүзеге асырады, бұған облыстық атқарушы органның ұсынымы бойынша облыстық өкілді органның шешімімен бекітілген нормалар шегінде рұқсат етіледі.
      3. Жанама орман пайдалану орманды бүлдірмей, орман ресурстарын молықтыруға нұқсан келтірмей, осы Қағидада белгілеген мерзімде және тәсілмен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін жанама пайдалануға беру

      4. Мемлекеттік орман қоры учаскесі жанама орман пайдаланудың бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыру үшін бір немесе бірнеше орман пайдаланушыға беріледі.
      5. Орман ресурстары екі санатқа бөлініп қысқа мерзімді және ұзақ мерзiмдi пайдалануға беріледі:
      1) қысқа мерзімді пайдалану мемлекеттік орман иеленуші беретін орман билетінің негізінде бір жылға дейінгі мерзімге беріледі;
      2) ұзақ мерзiмдi пайдалануға Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 13 қаңтардағы № 32 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткізу ережесіне сәйкес тендер хаттамасының негізінде, кейіннен орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның
(бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе қарамағында мемлекеттік орман қоры учаскелері бар облыстық атқарушы органның және орман пайдалануды жүзеге асыру үшін қаражаты мен өндірістік қуаттары және тиісті мамандық иелері бар орман пайдаланушының арасында 10 жылдан 49 жылға дейін мерзімге шарт ресімделеді.
      6. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды жанама
пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Орман кодекісінің 39-40 және
41-баптарына сәйкес айқындалған тәртіппен тоқтатыла тұрады, шеттетіледі және тоқтатылады.

3. Марал өсіру және аң өсіру

      7. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде марал өсіруді немесе аң өсіруді жүзеге асыру құқығын беру туралы мәселені қарау үшін өтініш беруші (ықтимал орман пайдаланушы) мемлекеттік орман иеленушіге қажетті техникалық-экономикалық негіздемелерді, есеп-қисаптарды, сызбаларды, бизнес-жоспарды қамтитын марал өсіру фермасын немесе аң фермасын ұйымдастыру жобасын ұсынады.
      8. Өтініш жасалып отырған орман пайдалану түрін беру туралы мемлекеттік орман иеленушінің шешімі орман билетін беру түрінде ресімделеді.
      9. Мемлекеттік орман иеленуші ықтимал орман пайдаланушы ұсынған материалдарды қарап, күнтізбелік он бес күн ішінде өтініш жасалып отырған орман пайдалану түрін беру немесе жазбаша түрде дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      10. Өтініш жасалып отырған орман пайдалану түрін беру туралы оң шешім болған жағдайда мемлекеттік орман иеленуші үш жұмыс күні ішінде орман пайдаланушыға белгіленген тәртіппен орман билетін тапсырып, мемлекеттік орман қорының тиісті учаскелерін береді.
      Марал өсіру фермаларын немесе аң фермаларын ұйымдастыру үшін орманды жерлер де, ормансыз жерлер де бөлінеді.
      Орман пайдаланушының жобасына сәйкес оған берілетін учаскелердің құрамына ферманың жұмыс істеуі үшін қажет шабындық, жайылымдық жерлер енеді. Берілген учаскелерде бағылатын маралдардың саны орман экожүйесіне түсетін ғылыми негізделген жүктелім нормаларынан аспауға тиіс.
      11. Орман пайдаланушыларға берілген учаскелерде уақытша (қалқалар, күзет үйшіктері, қоршаулар, қашалар, шарбақтар) және тұрақты (зооветзертханаларға және қызметшілерді орналастыруға арналған үй-жайлар, аң фермасының жемшөбін сақтайтын тоңазытқыштар, маралдарды қолда бағып ұстайтын қора-жайлар) құрылыстар салуға рұқсат етіледі. Аталған құрылыстардың мөлшерлері, оларды орналастыру, оларды күтіп ұстау жағдайлары шартта және орман билетінде көрсетіледі.
      12. Орман пайдаланушылар өздеріне пайдалануға берілген учаскелерді өрттен, браконьерліктен қорғайды, пайдаланылатын жерлердің шығымдылығын қалпына келтіру мен арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

4. Ара ұялары мен омарталарды орналастыру

      13. Ара ұялары мен омарталарды орналастыру үшін учаскелер орман шеттерінен, алаңқайлардан және орман көмкермеген басқа да жерлерден ағаш кесу, орман алаңдарын тазарту, жырту және оларда жылжымалы омарталар үшін тұрақты үлгідегі құрылыстар тұрғызу құқығынсыз беріледі.
      Тұрақты омарталар орналастыру үшін учаскелер ұзақ мерзімді
орман пайдалану кезінде орман пайдаланушыларға арнайы бекітіп берілген учаскелерден беріледі.
      14. Орман пайдаланушыларға ара ұяларын орнатуға және уақытша құрылыстар - күзет үйшіктерін, ара ұяларын, бал жинау құрал-жабдықтарын, өнімдерін сақтайтын қоймалар салуға, омарта шаруашылығының қажеттері үшін бұрыннан бар орман жолдарын пайдалануға және/немесе жекелеген жағдайларда омартаға уақытша қара жолдар тартуға рұқсат етіледі. Аталған құрылыстардың шекті мөлшері, түрі және сипаты, оларды құлату (алып кету) тәртібі, сондай-ақ тартылатын жолдардың бағыты, ұзындығы және көлемі орман билетінде айқындалады.
      15. Орман пайдаланушыға ара ұялары мен омарталар орналастыру үшін берілген учаске мемлекеттік қажеттіліктер немесе мемлекеттік орман қорының санатын өзгеру үшін алып қойылған жағдайда осы учаскені пайдалану пайдалану мерзіміне қарамастан тоқтатылады, бірақ орман пайдаланушыға бұл жайында кемінде бір ай бұрын ескерту жасалуы қажет. Орман пайдаланушыға оның өтініші бұл учаскенің орнына бал жинау маусымы аяқталғанға дейін ара ұялары мен омарталар орналастыруға жарамды басқа бос учаске беріледі.

5. Көкөніс өсіру, бау-бақша өсіру және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру

      16. Көкөніс, бау-бақша өсіру және өзге ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін учаскелер (дәрілік өсімдіктерді, жеміс-жидек дақылдарын плантацияда өсіруді қоса алғанда) мемлекеттік орман қорының ормансыз жерлерінен беріледі. Бөлінген учаскелерде өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының нақты түрлері мен алқабы орман билетінде көрсетіледі.
      Көрсетілген учаскелер мемлекеттік орман қорының санаты өзгерген жағдайда орман пайдаланушы ол осы учаскелерде өсіріп жатқан ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинап алуды аяқтағанша алынып қойылмайды. Плантациялық дақылдар егілген учаскелер алып қойылған жағдайда орман иеленуші орман пайдаланушымен келісім бойынша құндылығы бірдей басқа учаске береді және бұл дақылдарды ыңғайлы мерзімде осы учаскеге көшіруге (қайта отырғызуға) көмек көрсетеді.
      17. Осы дақылдарды өсіру кезінде пайдаланылатын жерлер мен қоршаған ортаның жай-күйіне теріс әсер етпейтін агротехника қолданылуы тиіс.
      Қажет емес өсімдіктермен күресу үшін гербицидтер мен өзге химиялық құралдарды пайдалану «Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.
      18. Орман пайдаланушылар өсіріліп жатқан ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін су ресурстарын пайдалануды Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес жүзеге асырады.
      19. Орман пайдаланушылар берілген учаскелерде уақытша құрылыстар - күзет үйшіктерін, құрал-жабдықтар, тыңайтқыштар, өсірілген өнімді сақтайтын қалқалар, су тарту құрылыстарын салуына, бұрыннан бар жолдарды пайдалануына немесе жекелеген жағдайларда уақытша қара жолдар тартуына болады. Бұл құрылыстардың мөлшері, түрі және мақсаты, оларды құлату (алып кету) тәртібі, сондай-ақ тартылатын су жүйелері мен жолдардың бағыты, ұзындығы және мөлшері орман билетінде айқындалады.

6. Дәрілік өсімдіктерді, техникалық шикізат дайындау және жинау

      20. Орман пайдаланушылар мемлекеттік орман қоры аумағында дәрілік (жапырақтар, гүлдер, жемістер, бүршіктер, қабықтар, тамырлар, шөптердің және бұталардың кейбір түрлерінің түйнектері, қалемшелері) және техникалық шикізат дайындауды жүзеге асырады.
      21. Дәрілік және техникалық шикізат дайындауға (жинауға) өсімдіктердің дер кезінде қалпына келуін және олардың қорларының молығып отыруын қамтамасыз ететін көлемде жол беріледі.
      22. Дәрілік және техникалық шикізатты кәсіпшілік мақсатта дайындау (жинау) осы мақсаттар үшін ұзақ немесе қысқа мерзімді орман пайдалануға арнайы бөлінген учаскелерде жүзеге асырылады.
      23. Дербес тұтыну үшін дәрілік алуан түрлі шөптер дайындау да (жинау) арнайы бөлінген учаскелерде жүзеге асырылады, бұл ретте орман билетінде дайындау шекарасы (орманшылық, шатқал, орам, телім) көрсетіледі.

7. Жабайы жемістер, жидектер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар мен басқа да азықтық өнімдер дайындау және жинау

      24. Мемлекеттік орман қоры аумағында жемістер, жидектер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар және басқа да азықтық өнімдер дайындалады.
      25. Балқарағай мен грек жаңғағы екпелерінде жаңғақ кәсіпшілігі аймақтары мен учаскелері бөлінуіне рұқсат етіледі, олар пайдаланушы заңды тұлғаларға ұзақ немесе қысқа мерзімді орман пайдалану негізінде жаңғақ дайындау және жанама орман пайдаланудың басқа да түрлері үшін бекітіліп беріледі.
      26. Жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да азықтық өнімдер дайындау ормандағы жеміс, жаңғақ, жидек өсімдіктері мен саңырауқұлақ алаңқайларына зиян келтірмейтін тәсілдермен қатаң белгіленген мерзімде ағаштар мен бұталарды кеспей жүргізілуге тиіс. Жабайы өсетін түрлерді дайындаудың рұқсат етілген тәсілдері орман билетінде көрсетіледі.
      Генетикалық орман резерваттарының учаскелерінде жемістер, жаңғақтар және жидектер дайындауға (ұдайы молықтырып отыру мақсаттары үшін дайындаудан басқа) жол берілмейді.
      27. Жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да азықтық өнімдер дайындау үшін берілген учаскелерде орман пайдаланушылар уақытша құрылыстар - қалқалар, қоймалар, күзет үйшіктерін, жемістер, жаңғақтар, жидектер мен саңырауқұлақтар, азықтық өнімдер өңдеуге арналған қондырғылар, кептіргіштер салуына, сондай-ақ бар орман жолдарын пайдалана алады. Құрылыстардың, сондай-ақ пайдаланылатын қондырғылардың мөлшері, түрі және мақсаты орман билетінде көрсетіледі.

8. Мүк, орман төсенішін және жерге түскен жапырақтарды, қамыс дайындау

      28. Мүк, орман төсеніші мен жерге түскен жапырақтарды, қамыс дайындау оларды құрылыста, жемшөп өндірісінде, мал тұратын қора-жайларда пайдалану үшін, көң дайындау үшін және басқа мақсаттарда жүзеге асырылады.
      29. Аталған өсімдік шикізатын дайындау қоршаған ортаға зиян келтірмей, орман биоценоздарының тұтастығын сақтауды қамтамасыз ететін тәсілдермен осы ресурстарды ықтимал алудың ғылыми негізделген нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил побочного пользования лесом на территории государственного лесного фонда

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 ноября 2011 года № 1268. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2015 года № 870

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.10.2015 № 870 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 16) статьи 12 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила побочного пользования лесом на территории государственного лесного фонда.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 1 ноября 2011 года № 1268

Правила
побочного пользования лесом
на территории государственного лесного фонда

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила побочного пользования лесом на территории государственного лесного фонда (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 16) статьи 12 Лесного кодекса Республики Казахстан и определяют порядок побочного пользования лесом на территории государственного лесного фонда, а также регулируют следующие виды деятельности: мараловодство, звероводство, размещение ульев и пасек, огородничество, бахчеводство и выращивание иных сельскохозяйственных культур, заготовка и сбор лекарственных растений и технического сырья, дикорастущих плодов, орехов, грибов, ягод и других пищевых продуктов, мха, лесной подстилки и опавших листьев, камыша.
      2. Физические лица без разрешительных документов осуществляют сбор для собственных нужд дикорастущих плодов, орехов, грибов, ягод, лекарственного сырья и иных побочных лесных ресурсов, который разрешается в пределах норм, утвержденных решением областного представительного органа по представлению областного исполнительного органа.
      3. Побочное лесное пользование осуществляется без причинения вреда лесу, без нанесения ущерба воспроизводству лесных ресурсов, в сроки и способом, определенными настоящими Правилами.

2. Предоставление участков
государственного лесного фонда в побочное пользование

      4. Участок государственного лесного фонда предоставляется для осуществления одного или нескольких видов побочных лесных пользований одному или нескольким лесопользователям.
      5. Лесные ресурсы делятся на две категории и предоставляются в краткосрочное и долгосрочное пользование:
      1) в краткосрочное пользование предоставляются на срок до одного года на основании лесного билета, выдаваемого государственным лесовладельцем;
      2) в долгосрочное пользование предоставляются в соответствии с Правилами проведения тендеров по предоставлению лесных ресурсов на участках государственного лесного фонда в долгосрочное лесопользование утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 января 2004 года № 32 на основании протокола тендера с последующим оформлением договора между уполномоченным органом в области лесного хозяйства (далее - уполномоченный орган) или областным исполнительным органом, в ведении которого находятся участки государственного лесного фонда, и лесопользователем, имеющим средства и производственные мощности для осуществления лесопользования и специалистов соответствующей специальности, на срок от 10 до 49 лет.
      6. Право побочного лесопользования на участках государственного лесного фонда приостанавливается, ограничивается и прекращается в порядке соответственно установленном статьями 39-40 и 41 Лесного кодекса Республики Казахстан.

3. Мараловодство и звероводство

      7. Для рассмотрения вопроса о предоставлении права осуществления на участках государственного лесного фонда мараловодства или звероводства заявителем (потенциальным лесопользователем) предоставляется государственному лесовладельцу проект организации мараловодческой фермы или зверофермы, содержащий необходимые технико-экономические обоснования, расчеты, схемы и бизнес-план.
      8. Решение государственного лесовладельца о предоставлении заявляемого вида лесопользования оформляется в виде выдачи лесного билета.
      9. Государственный лесовладелец, рассмотрев представленные потенциальным лесопользователем материалы, в течение пятнадцати календарных дней принимает решение о предоставлении заявляемого вида лесопользования, или мотивированный отказ в письменном виде.
      10. При положительном решении о предоставлении заявляемого вида лесопользования государственный лесовладелец в течение трех рабочих дней выдает лесопользователю в установленном порядке лесной билет и передает ему соответствующие участки государственного лесного фонда.
      Для организации мараловодческих ферм или звероферм выделяются как лесные так и нелесные угодья.
      В соответствии с проектом лесопользователя в состав предоставляемых для нее участков входят сенокосные, пастбищные угодья, необходимые для функционирования фермы. Численность содержащихся на предоставленных участках маралов не допускается превышать научно обоснованных норм нагрузки на лесные экосистемы.
      11. Лесопользователям на предоставленных участках допускается возводить временные (навесы, сторожки, изгороди, загоны, клетки-шеды) и капитальные (помещения для зооветлабораторий и размещения персонала, холодильники для хранения кормов зверофермы, помещения для стойлового содержания маралов) строения. Размеры указанных строений, их размещение, условия содержания указываются в договоре и лесном билете.
      12. Лесопользователи осуществляют охрану предоставленных им в пользование участков от пожара, браконьерства, осуществляют мероприятия по восстановлению и повышению продуктивности используемых угодий.

4. Размещение ульев и пасек

      13. Участки для размещения ульев и пасек предоставляются на опушках леса, прогалинах и других непокрытых лесом угодьях без права рубки леса, расчистки, распашки лесных площадей и возведения на них построек капитального типа для передвижных пасек.
      Участки для размещения постоянных пасек предоставляются на специально закрепленных за лесопользователями участках при долгосрочном лесопользовании.
      14. Лесопользователям допускается устанавливать ульи и возводить временные строения - сторожки, постройки для хранения ульев, инвентаря и продуктов медосбора, а также использовать для нужд пасечного хозяйства существующие лесные и/или, в отдельных случаях, прокладывать к пасеке временные грунтовые дороги. Предельные размеры, вид и характер указанных строений, порядок их сноса (выноса), а также направление, протяженность и размеры прокладываемых дорог определяются в лесном билете.
      15. В случае изъятия участка, предоставленного лесопользователю для размещения ульев и пасек, для государственных нужд или изменения категории государственного лесного фонда пользование этим участком прекращается независимо от срока пользования, но при условии предупреждения об этом лесопользователя не позднее, чем за один месяц. Взамен лесопользователю по его заявлению предоставляется до конца сезона медосбора другой не занятый участок, пригодный для размещения ульев и пасек.

5. Огородничество, бахчеводство и выращивание иных
сельскохозяйственных культур

      16. Участки для огородничества, бахчеводства и выращивания иных сельскохозяйственных культур (включая плантационное выращивание лекарственных растений, плодовых и ягодных культур) предоставляются на нелесных угодьях государственного лесного фонда. Конкретные виды и площади выращиваемых сельскохозяйственных культур на выделенных участках указываются в лесном билете.
      Указанные участки в случае изменения категории государственного лесного фонда не изымаются до завершения сбора лесопользователем урожая выращиваемых им на этих участках сельскохозяйственных культур. В случае изъятия участков, занятых плантационными культурами, лесовладельцем, по согласованию с лесопользователем предоставляется другой равноценный участок и предоставляется помощь лесопользователю в переносе (пересадке) этих культур в приемлемые сроки на этот участок.
      17. При возделывании указанных культур применяется агротехника, не оказывающая отрицательного воздействия на состояние используемых земель и окружающей среды.
      Использование гербицидов и иных химических средств борьбы с нежелательной растительностью осуществляется в соответствии с Техническим регламентом "Требования к безопасности пестицидов (ядохимикатов)".
      18. Использование водных ресурсов для полива выращиваемых сельскохозяйственных культур осуществляется лесопользователями в соответствии с Водным кодексом Республики Казахстан.
      19. Лесопользователи возводят на выделенных участках временные строения - сторожки, навесы для хранения инвентаря, удобрений, выращенной продукции, сооружения-водоводы, пользоваться существующими или, в отдельных случаях, прокладывать временные грунтовые дороги. Размеры, вид и назначение указанных строений, порядок их сноса (выноса), а также направление, протяженность и размеры прокладываемых водоводов и дорог определяются в лесном билете.

6. Заготовка и сбор лекарственных растений,
технического сырья

      20. Лесопользователи осуществляют на территории государственного лесного фонда заготовку лекарственного (листьев, цветов, плодов, почек, корней, корневищ, клубней травянистых растений и некоторых видов кустарников) и технического сырья.
      21. Заготовка (сбор) лекарственного и технического сырья допускается в объемах, обеспечивающих своевременное восстановление растений и воспроизводство их запасов.
      22. Промысловая заготовка (сбор) лекарственного и технического сырья осуществляется на специально отведенных участках, предоставленных в долгосрочное или краткосрочное лесопользование для данных целей.
      23. Заготовка (сбор) лекарственного разнотравья для собственного потребления осуществляется также на специально отведенных участках, при этом в лесном билете указываются границы заготовки (лесничество, урочище, квартал, выдел).

7. Заготовка и сбор дикорастущих плодов, ягод,
орехов, грибов и других пищевых продуктов

      24. На территории государственного лесного фонда производится заготовка плодов, ягод, орехов, грибов и других пищевых продуктов.
      25. В кедровых насаждениях и насаждениях ореха грецкого допускаются выделение орехопромысловых зон и участков, которые закрепляются за юридическими лицами-пользователями для заготовки орехов и других видов побочного пользования на основе долгосрочного или краткосрочного лесопользования.
      26. Заготовка дикорастущих плодов, орехов, грибов, ягод и других пищевых продуктов должна производиться без рубки деревьев и кустарников строго в установленные сроки способами, не наносящими вред лесным плодовым, орехоносным, ягодным растениям и грибницам. Разрешенные способы заготовки дикорастущих видов указываются в лесном билете.
      Не допускается заготовка (кроме заготовки для воспроизводственных целей) плодов, орехов и ягод на участках лесных генетических резерватов.
      27. На участках, предоставленных для заготовки дикорастущих плодов, орехов, грибов, ягод и других пищевых продуктов, лесопользователям допускается возводить временные строения - навесы, хранилища, сторожки, установки для переработки плодов, орехов, ягод и грибов, пищевых растений, сушилки, а также пользоваться существующими лесными дорогами. Размеры, вид и назначение строений, а также используемых установок указываются в лесном билете.

8. Заготовка мха, лесной
подстилки и опавших листьев, камыша

      28. Заготовка мха, лесной подстилки и опавших листьев, камыша, осуществляется для использования их в строительстве, кормопроизводстве, в животноводческих помещениях, для приготовления компоста и иных целей.
      29. Заготовка указанного растительного сырья осуществляется в соответствии с научно обоснованными нормами возможного изъятия этих ресурсов способами, обеспечивающими сохранение целостности лесных биоценозов, без причинения вреда окружающей среде.