"Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi және мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi олардың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзу ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1285 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 298 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.05.2016 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi және мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi олардың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2010 ж., № 4, 39-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi және мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi олардың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесінде:
      1-тармақ мынадай редакциядағы абзацпен толықтырылсын:
      «1. Осы Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысымен бекітілген Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесіне сәйкес және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргізу тәртібін анықтайды.
      Осы Ереже мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді өңдеуді, сақтауды, беруді жүзеге асыратын, сондай-ақ қорғалған орындаудағы (ҚР СТ 34.025-2006 Ақпаратты қорғау. Қорғалған орындаудағы автоматтандырылған жүйелерді құру тәртібі. Жалпы ережелер. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес құрылған және пайдалануға қабылданған) мемлекеттік ақпараттық жүйелерге аттестаттау жүргізуге қолданылмайды.»;
      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) өтініш беруші – АЖ-ны АҚ талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзуге өтiнiш берген АЖ иесі, АЖ иесі уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Аттестаттық тексеру:
      1) қауіпсіздіктің жалпы құрылымын тексеру және құрамдастарды құрылымда орналастыруды;
      2) АЖ құрамдастары болып табылатын құрамдастарының үйлесімділігін тексеруді;
      3) пайдаланылатын АЖ ақпараттық қауіпсіздігінің ұйымдастырушылық шараларын сараптауды;
      4) пайдаланушылардың қолданыстағы қорғау механизмдерін айналып өтіп, ақпаратқа қол жеткізуіне мүмкіндік беретін АЖ құрамдастарын аспаптық тексеруді қамтиды.»;
      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Берiлген аттестаттар туралы мәлiметтерді уәкiлеттi органмен АЖ иесi мен АЖ әзiрлеушiсi, АЖ атауы, аттестациялық тексеру актiсі мен аттестаттың деректемелерi, аттестаттың қайта ресімделу күні мен негізі, қосымша тексеру жүргізу күндері мен нәтижелері, аттестатты қайтару/кері шақырту күндері мен негіздері, аттестаттың қолданылуының тоқтатылу күні және негіздері туралы ақпаратты қамтитын аттестаттар тiзiлiмiне енгiзедi.
      10. Аттестация мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) өтініш беруші осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша келесі құжаттарды ұсына отырып, уәкілетті органға өтінім береді:
      жеке басын куәландыратын құжаттың өтініш берушінің қолы қойылып куәландырылған көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
      құрылтайшы құжаттардың және заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң өтініш берушінің қолы қойылып және мөрі басылып куәландырылған көшірмелері (заңды тұлғалар үшiн);
      аттестатталатын АЖ-ның АҚ бойынша нормативтік-техникалық құжаттары, сондай-ақ осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес құрамда интеграцияланатын АЖ;
      осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша аттестатталатын АЖ құрамына кіретін техникалық және бағдарламалық құралдардың өтініш беруші бекіткен тізбесі;
      АЖ құрамдастарының, сондай-ақ интеграцияланатын АЖ құрауыштарының (АЖ-ның физикалық және логикалық құрылымы, функционалдық схемаға түсіндірме жазба) өзара iс-қимылының өтiнiш берушi бекiткен функционалдық схемасы (жоспары);
      АЖ-ға жобалық (бағдарламалық) және жоба алдындағы (техникалық-экономикалық негіздеме) құжаттама;
      2) уәкілетті орган өтінішті алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініштің және өтінішке қоса берілген құжаттардың осы Ережеде белгіленген нысан мен жинақтылық талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;
      3) өтінім мен қоса берілген құжаттар осы Ережеде белгіленген нысан мен жинақтылық талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган осы Ереженің 10-тармағының 2)-тармақшасында белгіленген мерзімде қоса берілетін құжаттармен бірге өтінімді уәкілетті ұйымға жібереді, ал керісінше жағдайда өтінім қайтару себептері көрсетіле отырып, өтініш берушіге қайтарылады;
      4) АЖ аттестациясын жүргізуге өтінімді қабылдағаннан кейін уәкілетті ұйым үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге аттестациялық тексеру бойынша қызмет көрсету шартының, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмыстарды орындау шартының және ақпараттық жүйелерде ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары болған кезде немесе қажет жағдайда бірлескен құпия жұмыстарды орындау шартының екі данасын жібереді. Өтініш беруші жоғарыда көрсетілген шарттардың екі данасын алғаннан соң, үш жұмыс күні ішінде оған қол қояды және шарттың бір данасын уәкілетті ұйымға қайтарады;
      5) уәкілетті ұйым өтініш берушімен жасалған шарттың негізінде АЖ аттестаттық тексеруді жүргізеді. Аттестаттық тексеру аттестатталатын АЖ-де қолданылған ақпараттық технологияларды ескере отырып, тізбесін уәкілетті ұйым анықтайтын Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарға сәйкес жүргізіледі. Аттестаттық тексеруді жүргізу жөніндегі жұмыстардың құны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады;
      6) Өтініш беруші уәкілетті ұйымның аттестациялық тексеру өткізуі үшін аттестатталатын АЖ бойынша үй-жайға, құрал-жабдыққа, ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
      7) Уәкілетті ұйым АЖ-ны аттестациялық тексеру бойынша жұмыстар жүргізгенде белгілі болған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға жол бермейді;
      8) аттестациялық тексеру мерзімі аттестациялық тексеру жүргізуге шарт жасалған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс. Егер аттестатталатын АЖ құрылымына АЖ-ның ведомостволық немесе өңірлік құрамдастары енгізілген жағдайда, уәкілетті ұйым белгіленген мерзімді сақтаудың мүмкін болмау себептерін баяндай отырып, аттестациялық тексеру мерзімін ұзарту туралы уәкілетті органға өтініш жасайды. Уәкілетті орган аттестациялық тексеру мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын дейін ұзарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы өтініш берушіге күнтізбелік үш күн ішінде хабарланады;
      9) аттестаттық тексерудің нәтижелері бойынша уәкілетті ұйым уәкілетті органға берілетін актіні жасайды. Акт төрт данада (Комиссия, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган, ұлттық қауіпсіздік органдары және өтініш беруші үшін бір-бірден) жасалады және АЖ қорғалуының нақты жай-күйі туралы мәліметтерді қамтиды;
      10) уәкілетті орган актіні алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Комиссия шақырады және актіні Комиссияның қарауына береді;
      11) Комиссия актінің негізінде хаттама түрінде ресімделетін тиісті ұсынымдарды әзірлейді. Комиссия осы актіні қарау кезінде АЖ-нің функционалдық күрделілік деңгейін және оның арналуын, өңделетін АЖ ақпаратының сипатын, ақпараттың құпиялылығын, АЖ-ға қол жеткізу санатын, АЖ-дағы деректерді өңдеу режимін, ақпараттық қауіпсіздік бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманың жинақтығын және оның талаптарының сақталуын, қауіпсіздіктің нақты қауіп-қатерін бағалауды (қауіп-қатердің және осалдылығының әлеуетті көздері) ескереді;
      12) Комиссия хаттамасының негiзiнде және актiнi ескере отырып, уәкiлеттi орган бес жұмыс күнi iшiнде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      аттестатты беру немесе беруден бас тарту туралы (аттестат беруден бас тарту туралы шешім актіде көрсетілген ақпараттық қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стандарттар талаптарына сәйкессіздіктер негізінде қабылданады);
      өтініш берушінің айқындалған сәйкессіздіктерді жоюы туралы (аталған шешім АЖ-ны аттестациядан өткізу өтініміне кемінде бір рет қабылдануы тиіс). Шешімнің көшірмесі өтініш берушіге жіберіледі;
      13) егер өтініш берушінің айқындалған сәйкессіздіктерді жоюы туралы шешім қабылданған жағдайда, өтініш беруші шешімнің көшірмесін алған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде аттестациялық тексеруде айқындалған сәйкессіздіктерді жояды және олардың жойылуы туралы уәкілетті органға хабарлайды, осыдан соң уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде АЖ-ға қосымша аттестациялық тексеру жүргізудің қажеттілігі туралы уәкілетті ұйымға хабарлайды. Қосымша тексерудің мерзімі уәкілетті органнан хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауы тиіс;
      14) қосымша аттестациялық тексеру өткізілгеннен кейін осы Ереженің 10-тармағының 9), 12) тармақшаларына сәйкес іс-қимылдар жүзеге асырылады;
      15) аттестациялық немесе қосымша аттестациялық тексеру нәтижелері бойынша оң шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган осы Ереженiң 10-тармағының 12) тармақшасында белгiленген мерзiмде өтініш берушіге осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестат бередi және аттестаттардың тiзiлiмiне тиiстi мәлiметтердi енгiзедi. Өтініш берушінің өкілі аттестатты алғанын қол қойып растайды;
      16) аттестаттар тізіліміне қол жеткізуі шектелген;
      17) аттестатты беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган осы Ереженің 10-тармағының 12) тармақшасында белгіленген мерзімде бас тартудың себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге тиісті хабарламаны жібереді.»;
      14-тармақта «АЖ иеленушілеріне» деген сөздер «аттестатталған АЖ-ның өтініш берушісіне» сөзімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 16, 17 және 18-тармақтармен толықтырылсын:
      «16. Уәкілетті орган аттестатты кері қайтарып алу туралы шешімді мынадай жағдайларда қабылдайды:
      1) өтініш берушінің жазбаша өтінішінің болуы;
      2) аттесталған АЖ-ға уәкілетті органмен келісілмеген өзгерістерін айқындау.
      17. Аттестатты кері қайтарып алу туралы шешімінің көшірмесі өтініш берушіге жіберіледі. Өтініш беруші аттестатты кері қайтарып алу туралы шешімнің көшірмесін алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аттестатты уәкілетті органға қайтарады.
      Аттестат осы Ереженің 16-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша кері қайтарып алынған жағдайда, өтініш беруші аттестатты кері қайтарып алу туралы шешімнің көшірмесін алған сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде анықталған өзгерістерді жою бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
      18. Аттестатты кері қайтарып алу үшін негіз болған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін, өтініш беруші олардың жойылғаны туралы мәліметтерді аттестатты қайтару туралы шешім қабылдауы үшін уәкілетті органға ұсынады.»;
      көрсетілген Ережеге 2-қосымша мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
      «13. Жұмыс станцияларында электрондық поштаны және Интернет қызметтерін пайдалану бойынша нұсқаулық.»;
      көрсетілген Ережеге 3-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      осы қаулыға 2 және 3-қосымшаларына сәйкес көрсетілген Ережеге 4 және 5-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 3 қарашадағы
№ 1285 қаулысына  
1-қосымша      

Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi және
мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен  
интеграцияланатын мемлекеттiк емес 
ақпараттық жүйелердi олардың ақпараттық
қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан
Республикасының аумағында қабылданған
стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау
жүргiзу ережесiне          
3-қосымша              

Ақпараттық жүйенiң ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына
және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған
стандарттарға сәйкестiгiне
№ _______АТТЕСТАТ
__________________________________________________________
(АЖ-ның толық атауы көрсетiледi)
20____ж. «___ »_________ дейiн жарамды

      1. Осы аттестатпен: __________________________________________
                                  (АЖ толық атауы)
      ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан
Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгi
куәландырылады.
      АЖ техникалық құралдары кешенiнiң құрамы (зауыттық нөмiрлерiн,
моделiн, жасап шығарушыны көрсетумен), пайдаланылатын бағдарламалық
құралдардың, сондай-ақ АЖ қорғау құралдарының (жасап шығарушыны
көрсетумен) тiзбесi қоса берiлiп отыр.
      2. АЖ-да аттестаттық тексеру нәтижелерiн ескере отырып,
_______________________________________________ақпаратты өңдеуге
        (қызметтiк, құпия және т.б.)
рұқсат етiледi.
      3. АЖ-ны пайдалану кезiнде:
________________________________________________________________
қпаратты қорғау шаралары мен құралдары тиiмдiлiгiне әсер етуi
              мүмкін шектеулер көрсетiледi)
тыйым салынады.
      4. Iске асырылған қорғау шаралары мен құралдарының тиiмдiлiгiн
бақылау Өтініш берушінің тиісті бөлімшелеріне жүктеледi.
      5. Аттестаттық тексерудiң толық нәтижелерi аттестаттық тексеру
актiсiнде (20___ ж. «___» ____________ № __ ) және Аттестаттық
тексеру актісіне есепте келтiрiлген.
      6. Аттестат үш жылға берiлдi, осы уақыт iшiнде АЖ жұмыс iстеу
шарттарының өзгермеуi қамтамасыз етiлуi тиiс.
      7. Өзгерiстерi туралы ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi
ұтымды мiндеттi түрде хабардар ету талап етiлетiн сипаттамалардың
тiзбесi:
      7.1 ____________________________________
      7.2 ____________________________________

      Төраға                                        (Т.А.Ә.)

         МО

20___ ж. «___» ___________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 3 қарашадағы
№ 1285 қаулысына  
2-қосымша     

Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi және
мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен  
интеграцияланатын мемлекеттiк емес 
ақпараттық жүйелердi олардың ақпараттық
қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан
Республикасының аумағында қабылданған
стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау
жүргiзу ережесiне          
4-қосымша             

Техникалық құралдар тізбесі


р/с

Өндіруші, моделі

Сериялық/ түгендеу нөмірі

АҚ бойынша сертификаттың нөмірі (бар болса)

Нақты
орналасқан
жері

Типі (техникалық құжаттамаға сәйкес)

Негізгі функционалдық мақсаты (АЖ-ға бағдарламалық құжаттамаға сәйкес)

Ақпаратты
қорғаудың
пайдаланылатын
әдістері

Әзірлеуші, атауы, нұсқасы (кіріктірілген бағдарламалық
қамтамасыз
етудің)

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 3 қарашадағы
№ 1285 қаулысына  
3-қосымша     

Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi және
мемлекеттiк ақпараттық жүйелермен 
интеграцияланатын мемлекеттiк емес
ақпараттық жүйелердi олардың ақпараттық
қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан
Республикасының аумағында қабылданған
стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау
жүргiзу ережесiне          
5-қосымша              

Бағдарламалық құралдар тізбесі


р/с

Әзірлеуші

Атауы

Нұсқасы

Орнатылған орны (техникалық құралдар тізбесінен)

Типі (техникалық құжаттамаға сәйкес)

Негізгі функционалдық мақсаты (бағдарламалық құжаттамаға сәйкес)

Ақпаратты қорғаудың пайдаланылатын әдістері

1

2

3

4

5

6

7

8

















О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2280 "Об утверждении Правил проведения аттестации государственных информационных систем и негосударственных информационных систем, интегрируемых с государственными информационными системами, на соответствие их требованиям информационной безопасности и принятым на территории Республики Казахстан стандартам"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 ноября 2011 года № 1285. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 мая 2016 года № 298

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.05.2016 № 298 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2280 "Об утверждении Правил проведения аттестации государственных информационных систем и негосударственных информационных систем, интегрируемых с государственными информационными системами, на соответствие их требованиям информационной безопасности и принятым на территории Республики Казахстан стандартам" (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 4, ст. 39) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах проведения аттестации государственных информационных систем и негосударственных информационных систем, интегрируемых с государственными информационными системами, на соответствие их требованиям информационной безопасности и принятым на территории Республики Казахстан стандартам, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Настоящие Правила проведения аттестации государственных информационных систем, в том числе в соответствии с перечнем национальных электронных информационных ресурсов и национальных информационных систем, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 октября 2007 года № 863, и негосударственных информационных систем, интегрируемых с государственными информационными системами, на соответствие их требованиям информационной безопасности и принятым на территории Республики Казахстан стандартам (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 11 января 2007 года "Об информатизации" и определяют порядок проведения аттестации государственных информационных систем и негосударственных информационных систем, интегрируемых с государственными информационными системами, на соответствие требованиям информационной безопасности и принятым на территории Республики Казахстан стандартам.
      Настоящие Правила не распространяются на проведение аттестации государственных информационных систем, осуществляющих обработку, хранение, передачу сведений, составляющих государственные секреты, а также в защищенном исполнении (созданных и принятых в эксплуатацию в соответствии с требованиями государственного стандарта Республики Казахстан СТ РК 34.025-2006 Защита информации. Порядок создания автоматизированных систем в защищенном исполнении. Общие положения).";
      подпункт 5) пункта 2 изложить в следующей редакции:
      "5) заявитель - владелец ИС, физическое или юридическое лицо уполномоченное владельцем ИС, подавший заявку на проведение аттестации ИС на соответствие требованиям ИБ и принятым на территории Республики Казахстан стандартам.";
      дополнить пунктом 6-1 следующего содержания:
      "6-1. Аттестационное обследование включает:
      1) проверку общей структуры на соответствие политике безопасности и размещения компонентов в структуре;
      2) проверку конфигурации компонентов, являющихся составляющими ИС;
      3) экспертизу организационных мер информационной безопасности эксплуатируемой ИС;
      4) инструментальное обследование компонентов ИС, позволяющих пользователям получать доступ к информации в обход существующих механизмов защиты.";
      пункты 9 и 10 изложить в следующей редакции:
      "9. Сведения о выданных аттестатах вносятся уполномоченным органом в реестр аттестатов, содержащий информацию о владельце ИС и разработчике ИС, наименовании ИС, реквизитах акта аттестационного обследования и аттестата, дате и основании переоформления аттестата, датах проведения и результатах дополнительных обследований, датах и основаниях отзыва/возврата аттестата, дате и основаниях прекращения действия аттестата.
      10. Аттестация осуществляется в следующем порядке:
      1) заявителем подается заявка в уполномоченный орган по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам с предоставлением следующих документов:
      заверенная подписью заявителя копия документа, удостоверяющего личность (для физических лиц);
      заверенные подписью и печатью заявителя копии учредительных документов и свидетельства о государственной регистрации юридического лица (для юридических лиц);
      заверенные подписью и печатью заявителя копии нормативно-технических документов по ИБ аттестуемой ИС в составе согласно приложению 2 к настоящим Правилам;
      утвержденный заявителем перечень технических и программных средств, входящих в состав аттестуемой ИС, по форме согласно приложениям 4 и 5 к настоящим Правилам;
      утвержденная заявителем функциональная схема (план) взаимодействия компонентов ИС, а также интегрируемых компонентов ИС (физическая и логическая структура ИС, пояснительная записка к функциональной схеме);
      проектная (программная) и предпроектная (технико-экономическое обоснование) документация на ИС;
      2) уполномоченный орган в течение трех рабочих дней с момента получения заявки осуществляет проверку соответствия заявки и прилагаемых к заявке документов требованиям к форме и комплектности, установленным настоящими Правилами;
      3) в случае соответствия заявки и приложенных документов требованиям к форме и комплектности, установленным настоящими Правилами, заявка с приложенными документами в установленный в подпункте 2) пункта 10 настоящих Правил срок направляется уполномоченным органом в уполномоченную организацию, в противном случае заявка возвращается заявителю с указанием причин возврата;
      4) после получения заявки на проведение аттестации ИС уполномоченная организация в течение трех рабочих дней направляет заявителю два экземпляра договора на оказание услуг по аттестационному обследованию, договора на исполнение совместных работ по обеспечению информационной безопасности и при наличии в информационных системах средств криптографической защиты информации или при необходимости - договора на выполнение совместных секретных работ. Заявитель после получения двух экземпляров вышеуказанных договоров в течение трех рабочих дней подписывает и возвращает по одному экземпляру каждого договора в уполномоченную организацию;
      5) на основании договора, заключенного с заявителем, уполномоченная организация проводит аттестационное обследование ИС. Аттестационное обследование проводится в соответствии с нормативными правовыми актами и стандартами в области информационной безопасности, принятыми на территории Республики Казахстан, перечень которых определяется уполномоченной организацией с учетом примененных информационных технологий в аттестуемой ИС. Стоимость работ по проведению аттестационного обследования определяется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;
      6) заявитель обеспечивает доступ к помещению, оборудованию и информации по аттестуемой ИС для проведения аттестационного обследования уполномоченной организацией;
      7) уполномоченная организация не допускает разглашения сведений, составляющих коммерческую или иную охраняемую законом тайну, ставшую известной при проведении работ по аттестационному обследованию ИС;
      8) срок аттестационного обследования не должен превышать тридцати календарных дней с момента заключения договора на проведение аттестационного обследования. В случае, если структура аттестуемой ИС включает ведомственные или региональные компоненты ИС, уполномоченная организация обращается в уполномоченный орган с ходатайством о продлении срока аттестационного обследования с изложением причин невозможности соблюдения установленного срока. Уполномоченным органом принимается решение о продлении срока аттестационного обследования сроком не более тридцати календарных дней, о чем сообщается заявителю в течение трех календарных дней;
      9) по результатам аттестационного обследования уполномоченной организацией составляется акт, который передается уполномоченному органу. Акт составляется в четырех экземплярах (по одному для Комиссии, уполномоченного органа по защите государственных секретов, органов национальной безопасности и заявителя) и включает в себя сведения о фактическом состоянии защищенности ИС;
      10) уполномоченный орган в течение десяти рабочих дней с момента получения акта созывает Комиссию и передает акт на рассмотрение Комиссии;
      11) на основании акта Комиссией вырабатываются соответствующие рекомендации, которые оформляются в виде протокола. При рассмотрении данных акта Комиссия учитывает уровень функциональной сложности ИС и ее назначение, характер обрабатываемой ИС информации, категорию доступа ИС, режим обработки данных в ИС, комплектность нормативно-технической документации по информационной безопасности и соблюдение ее требований, оценку реальных угроз безопасности (потенциальные источники угроз и уязвимости);
      12) на основании протокола Комиссии и с учетом акта уполномоченный орган в течение пяти рабочих дней принимает одно из следующих решений:
      о выдаче или об отказе в выдаче аттестата (решение об отказе в выдаче аттестата принимается на основании указанных в акте несоответствий требованиям стандартов в области информационной безопасности, принятых на территории Республики Казахстан);
      об устранении заявителем выявленных несоответствий (данное решение может быть принято не более одного раза к заявке на проведение аттестации ИС). Копия решения направляется заявителю;
      13) в случае принятия решения об устранении заявителем выявленных несоответствий заявитель в течение двадцати рабочих дней с момента получения копии решения устраняет выявленные при аттестационном обследовании несоответствия и извещает уполномоченный орган об их устранении, после чего уполномоченный орган в течение трех рабочих дней извещает уполномоченную организацию о необходимости проведения дополнительного аттестационного обследования ИС. Срок дополнительного обследования не должен превышать десяти рабочих дней, со дня получения извещения из уполномоченного органа;
      14) после проведения дополнительного аттестационного обследования осуществляются действия согласно подпунктам 9) - 12) пункта 10 настоящих Правил;
      15) в случае принятия положительного решения по результатам аттестационного либо дополнительного аттестационного обследования уполномоченный орган в установленный в подпункте 12) пункта 10 настоящих Правил срок выдает аттестат по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам и вносит соответствующие сведения в реестр аттестатов. Представитель заявителя подтверждает получение аттестата под роспись;
      16) реестр аттестатов имеет ограниченный доступ;
      17) в случае отказа в выдаче аттестата уполномоченным органом в установленный в подпункте 12) пункта 10 настоящих Правил срок заявителю направляется соответствующее уведомление с указанием причин отказа.";
      в пункте 14 слова "владельцев ИС" заменить словами "заявителя, аттестованной ИС";
      дополнить пунктами 16, 17 и 18 следующего содержания:
      "16. Уполномоченный орган принимает решение об отзыве аттестата в следующих случаях:
      1) наличие письменного заявления заявителя;
      2) выявление несогласованных с уполномоченным органом изменений в аттестованной ИС.
      17. Копия решения об отзыве аттестата направляется заявителю. Заявитель в течение трех рабочих дней с момента получения копии решения об отзыве аттестата возвращает аттестат уполномоченному органу.
      В случае отзыва аттестата по основанию, предусмотренному подпунктом 2) пункта 16 настоящих Правил, заявитель в течение пятнадцати календарных дней с момента получения копии решения об отзыве аттестата принимает меры по устранению выявленных изменений.
      18. После устранения несоответствий, послуживших основанием для отзыва аттестата, заявитель представляет сведения об их устранении в уполномоченный орган для принятия решения о возврате аттестата.";
      приложение 2 к указанным Правилам дополнить пунктом 13 следующего содержания:
      "13. Инструкция по использованию электронной почты и служб Интернет на рабочих станциях.";
      приложение 3 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему постановлению;
      дополнить приложениями 4 и 5 к указанным Правилам согласно приложениям 2 и 3 к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение 1       
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 3 ноября 2011 года № 1285

Приложение 3            
к Правилам проведения аттестации   
государственных информационных систем 
и негосударственных информационных систем,
интегрируемых с государственными  
информационными системами,    
на соответствие их требованиям   
информационной безопасности и    
принятым на территории       
Республики Казахстан стандартам   

                           АТТЕСТАТ № _______
             соответствия информационной системы требованиям
            информационной безопасности и принятым на территории
                    Республики Казахстан стандартам
        _____________________________________________________
               (указывается полное наименование ИС)

      Действителен до "__" _______ 201_ г.             № ____
      1. Настоящим аттестатом удостоверяется, что:
__________________________________________________________________
                  (полное наименование ИС)
соответствует информационной безопасности и принятым на территории
Республики Казахстан стандартам.
      Состав комплекса технических средств ИС (с указанием заводских
номеров, модели, изготовителя), перечень используемых программных
средств, а также средств защиты ИС (с указанием изготовителя)
прилагаются.
      2. С учетом результатов аттестационного обследования на ИС
разрешается обработка ___________________________________ информации.
                     (служебная, конфиденциальная и т.п.)
      3. При эксплуатации ИС запрещается:
__________________________________________________________________
(указываются ограничения, которые могут повлиять на эффективность
            мер и средств защиты информации)
      4. Контроль за эффективностью реализованных мер и средств
защиты возлагается на соответствующие подразделения Заявителя.
      5. Подробные результаты аттестационного обследования приведены
в акте аттестационного обследования (№ ____ "_____" 201__ г.) и
отчете к акту аттестационного обследования.
      6. Аттестат выдан на три года, в течение которых должна быть
обеспечена неизменность условий функционирования ИС.
      7. Перечень характеристик, об изменениях которых требуется
обязательно извещать уполномоченную организацию в области
информатизации:
      7.1 _____________________________
      7.2 _____________________________

      Председатель                                   (Ф.И.О.)
               МП
      "____" ____________ 20__ г.

Приложение 2      
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 3 ноября 2011 года № 1285

Приложение 4            
к Правилам проведения аттестации   
государственных информационных систем 
и негосударственных информационных систем,
интегрируемых с государственными  
информационными системами,    
на соответствие их требованиям   
информационной безопасности и    
принятым на территории       
Республики Казахстан стандартам   

Перечень технических средств

№ п\п

Произ-
водитель,
модель

Серийный/
инвен-
тарный
номер

Номер
сертифи-
ката по
ИБ (при
наличии)

Физичес-
кое
место-
располо-
жение

Тип
(согласно
техничес-
кой
докумен-
тации)

Основное
функцио-
нальное
назначе-
ние
(согласно
программ-
ной
докумен-
тации
к ИС)

Используе-
мые методы
защиты
информации

Разработ-
чик,
название,
версия
(встроен-
ного
программ-
ного
обеспече-
ния)

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















Приложение 3      
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 3 ноября 2011 года № 1285

Приложение 5           
к Правилам проведения аттестации   
государственных информационных систем 
и негосударственных информационных систем,
интегрируемых с государственными  
информационными системами,    
на соответствие их требованиям   
информационной безопасности и    
принятым на территории       
Республики Казахстан стандартам   

Перечень программных средств

№ п\п

Разра-
ботчик

Название

Версия

Место установки
(из перечня
технических
средств)

Тип (согласно
программной
документации)

Основное
функциональное
назначение
(согласно
программной
документации)

Используемые
методы
защиты
информации

1

2

3

4

5

6

7

8