Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1302 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 53 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.02.2016 № 53 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 4-5-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 7 қарашадағы
№ 1302 қаулысымен  
бекітілген      

Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету тәртібін айқындайды.

2. Жарылғыш материалдарды сатып алу тәртібі

      2. Жарылғыш материалдарды сатып алу ішкі істер органдарының рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
      3. Жарылғыш материалдарды сатып алуға рұқсат беру үшін ұйым ішкі істер органына:
      1) сатып алынатын жарылғыш материалдардың атауы мен саны (салмағы, мөлшері), сатып алуға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің немесе паспортының сериясы мен нөмірі көрсетіле отырып, ұйым басшысының қолдаухаты;
      2) тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;
      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған рұқсат (куәлік);
      4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген жарылғыш материалдарды сақтау орнын пайдалануға арналған рұқсат (куәлік);
      5) аумағында қойма үй-жайы орналасқан ішкі істер органы берген жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсат;
      6) сатып алу-сату келісімшартының (шарттың) немесе мәмілеге қатысушылар арасындағы өзге де иеліктен шығару құжатының көшірмесі;
      7) егер делдал импорттаушы ретінде қатысса, өндіруші мен импорттаушы және тұтынушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың (келісімшарттардың) көшірмелері ұсынылады.
      4. Жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған рұқсат осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаларға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған куәлікте көрсетілген деректердің негізінде толтырылады.
      Сатып алуға арналған рұқсатты ішкі істер органдары:
      1) заңды тұлға өтініш білдірген, оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не сол жерге шыға отырып, тексеру талап етілмеген кезде күнтізбелік он бес күн;
      2) заңды тұлға өтініш білдірген, оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не сол жерге шыға отырып, тексеру талап етілмеген кезде күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
      Егер, осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарына сәйкес құжаттар ұсынылмаған жағдайда рұқсат беруден бас тартылады.
      5. Сатып алуға арналған рұқсаттың жарамдылық мерзімі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған куәліктің жарамдылық мерзіміне сәйкес келеді.
      6. Басқа ұйымда ішкі істер органы берген жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған рұқсат болмаған жағдайда, оған жарылғыш материалдарды беруге (сатуға) жол берілмейді.
      7. Көрсетілген мерзім ішінде пайдаланылмаған рұқсаттың күші жойылады және оның мерзімі ұзартуға жатпайды.
      Сатып алуға арналған рұқсатты жоғалтқан жағдайда рұқсатты берген ішкі істер органын дереу жазбаша хабардар еткен және рұқсаттың жоғалғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру берген кезде төлнұсқа беріледі.

3. Жарылғыш материалдарды сақтау және есепке алу тәртібі

      8. Жарылғыш материалдарды сақтау ішкі істер органының рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
      9. Ұйым жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру кезінде қызмет көрсететін аумағында қойма орналасқан ішкі істер органына:
      1) сақтауға жататын жарылғыш материалдардың атауы мен санын (салмағы, мөлшері), сақтау үшін жауапты адамның тегін, атын, әкесінің атын, жеке куәлігінің немесе паспортының сериясы мен нөмірін көрсете отырып, ұйым басшысының қолдаухатын;
      2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген жарылғыш материалдарды сақтау орнын пайдалануға арналған рұқсатты (куәлікті);
      3) жарылғыш материалдар қоймасы паспортының көшірмесін ұсынады.
      10. Жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсатты берер алдында ішкі істер органының қызметкері «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен сақтау орнын (қойманы) тексереді.
      Жарылғыш материалдарды сақтауға арналған қоймаларын, сақтау орындарының техникалық жабдықталуы және объектілердің күзетін ұйымдастырылуын тексеру кезінде:
      1) объектілердің техникалық жабдықталу жай-күйі (қоршаулардың, бекет мұнараларының бар-жоғы және беріктігі, тыйым салынған аймақтың жабдықталуы, шамдардың ақаусыздығы, күзет сигнализациясының, жақын жерде орналасқан күзет бекеттерімен және ішкі істер органдарымен байланыс құралдарының ақаусыздығы);
      2) жарылғыш материалдарды сақтауға арналған қойма үй-жайларының жарамдылығы, кіреберіс жолдарының жай-күйі;
      3) жарылғыш материалдарды сақтауға, пайдалануға және тасымалдауға байланысты жұмыстарға адамдарды жіберуді жүзеге асырудың дұрыстығы;
      4) объект күзетінің жай-күйі (атыс қаруын пайдалана отырып, күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарттың бар-жоғы);
      5) қойма аумағына өткізу режимін жүзеге асыру (материалдық өткізу қағаздарын ресімдеу дұрыстығы, өту, жүріп өту, жарылғыш материалдарды шығару, әкелу және әкету тәртібі) тексеріледі.
      11. Жарылғыш материалдарды сақтауға арналған орынды (қойманы) тексергеннен кейін ішкі істер органының қызметкері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жарылғыш материалдарды сақтауға арналған қойма үй- жайларының жарамдылығы туралы тексеру актісін толтырады.
      12. Тексеру актісінің және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген жарылғыш материалдарды сақтау орнын (қойманы) пайдалануға арналған куәлікте көрсетілген деректердің негізінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ішкі істер органдары жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсат:
      1) заңды тұлға өтініш білдірген, оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды адамдардан ақпарат алу не сол жерге шыға отырып, тексеру талап етілмеген кезде күнтізбелік он бес күн;
      2) заңды тұлға өтініш білдірген, оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не сол жерге шыға отырып, тексеру талап етілген кезде күнтізбелік отыз күн ішінде беріледі.
      Қойма осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес келмеген кезде рұқсат беруден бас тартылады.
      13. Жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсаттың жарамдылық мерзімі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген сақтау орнын пайдалануға арналған куәліктің жарамдылық мерзіміне сәйкес келеді.
      14. Жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсаттың мерзімі аяқталған жағдайда ол ұзартуға жатпайды.
      Жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсатты жоғалтқан жағдайда рұқсатты берген ішкі істер органын дереу жазбаша хабардар еткен және рұқсаттың жоғалғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру берген кезде төлнұсқа беріледі.
      15. Рұқсаттың жарамдылық мерзімінің өтуі, оның атына рұқсат берілген заңды тұлғаның, жауапты адамның мекенжайының, атауының, сақтау орны мен қойма сыйымдылығының өзгеруі рұқсаттарды қайта ресімдеу үшін негіздер болып табылады.
      16. Жарылғыш материалдар осы мақсаттар үшін орнатылған немесе жабдықталған (базисті, шығыс және т.б.) арнайы қоймаларда ғана сақталады.
      Жарылғыш материалдардың әрбір қоймасының аумағы айналасына қоршауды есептегенде ені кемінде 50 метр болатын тыйым салынған аймақ белгіленеді.
      17. Жарылғыш материалдардың жылжымалы қоймасы күзетуге жатады.
      Күзет түрі, бекеттердің құрамы, саны, орналасуы мен жарылғыш заттар қоймаларын күзету тәртібі ішкі істер органымен келісім бойынша кәсіпорын (ұйым) басшысы мен жеке күзет ұйымы басшысының бірлескен бұйрығымен белгіленеді. Ішкі істер органымен келісім бойынша ғана күзет бекеттерінің санын өзгертуге жол беріледі.
      18. Жарылғыш материалдары бар сақтау орындары жұмыстан тыс  уақытта құлыппен жабылады, пломбаланады немесе мөрленеді. Кілттер, пломбалау қысқыштары мен мөрлер қойма меңгерушісінде сақталады.
      19. Қойманың, басқа сақтау орнының аумағына адамдардың кіруі  кәсіпорын (ұйым) басшысының немесе қойма осы ұйымның қарамағында болса, мердігерлік ұйым басшысының рұқсатымен берілетін тұрақты немесе біржолғы рұқсат қағаздары бойынша жүргізіледі.
      20. Барлық жарылғыш материалдар қоймалары тәулік бойы күзетуге жатады. Күзет атыс қаруымен қаруланады.
      Жер астындағы қоймалардың күзеті арнайы құралдармен ғана қаруланады.
      21. Адамдарға жарылғыш материалдарды сатып алумен, сақтаумен, есепке алумен, тасымалдаумен, пайдаланумен тікелей байланысты жұмыстарға рұқсат беруді ұйым әкімшілігі оларды ішкі істер органдары алдын ала жан-жақты және мұқият тексергеннен кейін ғана жүргізеді.
      22. Адамдарға жарылғыш материалдармен байланысты жұмыстарға рұқсат беруді келісу үшін ұйымдар аумақтық ішкі істер органына мынадай құжаттарды:
      1) тегін, атын, әкесінің атын, туған күні мен жерін, тұрғылықты жерін көрсете отырып, адамдардың тізімін;
      2) көрсетілген жұмыс түріне адамның жарамдылығын куәландыратын медициналық анықтамаларды (психиатрдың, наркологтың анықтамасы) ұсынады.
      Ішкі істер органдарының қызметкерлері құжаттар келіп түскен күннен бастап бір айға дейінгі мерзімде көрсетілген адамдарды ішкі істер органдарының есептері және тұрғылықты жері бойынша тексереді.
      23. Адамдарға бұйымдар мен заттарды сатып алуға, сақтауға, есепке алуға, пайдалануға, тасымалдауға, күзетуге байланысты жұмысқа рұқсат беруге кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде ішкі істер органы бұл туралы ұйымның әкімшілігіне 20 күн ішінде жазбаша нысанда хабарлайды.
      24. Жарылғыш заттарды сатып алуға, сақтауға, есепке алуға, пайдалануға, тасымалдауға байланысты жұмысқа рұқсат берілетін адамдардың тізімі ішкі істер органының бастығымен немесе оның орынбасарымен келісіледі.
      25. Мына жағдайларда:
      1) психикалық сырқатымен, алкоголизммен немесе нашақорлықпен байланысты қарсы көрсетулердің жоқ екені туралы медициналық анықтамалар ұсынылмаса;
      2) қасақана қылмыс жасағаны үшін өтемеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар болса;
      3) тұрғылықты тұратын мекен-жайы болмаса;
      4) он сегіз жасқа толмаса, ішкі істер органдары ұйымға адамдарды жарылғыш материалдармен жұмыстарға рұқсат беруден бас тартады.
      26. Қоймаларда жарылғыш материалдарды есепке алудың дұрыстығын тексеруді ұйым басшысы арнайы тағайындаған адам және өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өкілі жүргізеді.
      Тексеріс кезінде жарылғыш материалдардың жетіспейтіні немесе артық екені анықталған жағдайда, шаралар қабылдау үшін кәсіпорын немесе ұйым басшысы ішкі істер органына дереу хабарлайды.

4. Жарылғыш материалдарды тасымалдау тәртібі

      27. Жарылғыш материалдарды тасымалдау «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы» 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316, «Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 21 маусымдағы № 682, «Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі № 839 қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1502 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      28. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1502 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      29. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1502 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      30. Жарылғыш материалдарды қала, аудан шегінде, бір және сол кәсіпорынға тиесілі қоймадан басқа қоймаларға тасымалдау наряд-жүкқұжаты бойынша, ал жару жұмыстарын жүргізу орындарына (жарылғыш материалдарды пайдалану немесе сынау) наряд-жүкқұжат немесе наряд-жолдама бойынша жүргізіледі.
      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1502 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

5. Жарылғыш материалдарды әкелу, әкету тәртібі

      31. Жарылғыш материалдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және одан әкету Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңнамасына және Кеден одағының заңнамасына сәйкес экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган беретін импорт пен экспортқа арналған лицензиялардың негізінде жүзеге асырылады.
      32. Ішкі істер министрлігі жарылғыш материалдардың импортына, экспортына лицензия беруге өтініштерді экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган  мынадай құжаттарды:
      1) экспорттық заңнамаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;
      2) заңды тұлға үшін - өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
      3) өтініш берушіні салық органында есепке қою туралы куәліктің көшірмесін;
      4) сатып алу-сату келісімшартының (шартының) немесе сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылардың арасындағы иеліктен айырудың өзге де құжатын;
      5) егер өтініш беруші ретінде делдал қатысса, экспорттаушы мен  өндіруші немесе импорттаушы мен тұтынушы арасындағы келісімшарттың көшірмесін;
      6) тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесін;
      7) Қазақстан Республикасынан импортталатын өнімді тек осы елдің қажеттілігі үшін ғана пайдаланатыны және оны кері экспорттауға немесе  қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елге беруге жол бермейтіні туралы алушы елдің міндеттемесін қамтитын алушы елдің уәкілетті мемлекеттік органы берген соңғы пайдаланушы (экспорттық бақылауға жататын өнімдердің экспорты кезінде) сертификатының көшірмесін;
      8) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген жарылғыш материалдарды сатып алуға (импорт үшін) рұқсаттың (куәліктің) көшірмесін;
      9) аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш материалдарды сатып алуға арналған рұқсаттың көшірмесін;
      10) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген жарылғыш материалдарды сақтау үшін қойманы (базистік, шығыс) пайдалануға арналған рұқсаттың көшірмесін;
      11) аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш материалдарды сақтауға арналған рұқсаттың көшірмесін;
      12) жарылғыш материалдарды автомобиль көлігімен тасымалдаған жағдайда, қауіпті жүкті тасымалдаудың жол полициясы органдарымен келісілген бағыты ұсынылады.
      13) жарылғыш материалдарды сақтау үшін жеке меншік қойма болмаған жағдайда, өндірістік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган  және ішкі істер органдары берген, оларды пайдалануға және сақтауға арналған тиісті куәліктері мен рұқсаттары бар үшінші тұлғадан сақтауға не қойманы (қоймаларды) жалға алуға арналған келісімшарттың (келісімшарттардың) көшірмесін ұсынған кезде келіседі.
      Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1502 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      33. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасына сәйкес Ішкі істер министрлігі импортқа (экспортқа) лицензия беруге өтініштерді келіседі немесе импортқа (экспортқа) лицензия беруге өтініштерді келісуден бас тартады.

Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау,
есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету
қағидаларына             
1-қосымша               

      № _ рұқсат түбіртегі             Қазақстан Республикасы
      20__жылғы "__" _________         Ішкі істер министрлігі
      ________________________    _______________________________
      (заңды тұлғаның атауы, мекенжайы       (ішкі істер органының атауы,
      __________________________           №___ рұқсат
        және қызметтік телефоны)       _______________________________
      ___________________________     (заңды тұлғаның атауы,
      (сатып алуға рұқсат етілген        _______________________________________
        материалдардың атауы,                 мекенжайы және қызметтік телефоны)
      ___________________________ _______________________________
      Келісімшарттың №, оның саны)       (сатып алуға рұқсат етілген
      __________________________________ материалдардың атауы,
      __________________________  _______________________________
      __________________________      келісімшарттың №, оның саны)
      (жауапты адамның тегі, аты-жөні    _______________________________
      __________________________  _______________________________
      қызметтік телефоны)             _______________________________
      сатып алу құқығына_______   (жауапты адамның тегі, аты-жөні,
      __________________ дербес   ________________________________
      жауапкершілігімен берілді.  қызметтік телефоны)
                                   сатып алу құқығына _______дербес
                                   жауапкершілігімен берілді.
      20__жылғы "__" ________дейін  20__жылғы "__" ________дейін
      жарамды.                      жарамды.
      Бастық ___________________   Бастық _______________________
                   (қолы)                               (қолы)

      Ескерту. Материалдар атауларының    Ескерту. Материалдар атауларының
      саны көп болған жағдайда қосымша      саны көп болған жағдайда қосымша
      беріледі, ал осы рұқсаттың ажырамас   беріледі, ал осы рұқсаттың ажырамас
      бөлігі болып табылады.                бөлігі болып табылады.

Жарылғыш материалдарды сатып алу,
сақтау, есепке алу, тасымалдау,
әкелу және әкету қағидаларына 
2-қосымша          

Жарылғыш заттары бар қоймаларды тексеру туралы акт

      20___ жылғы «__» _______        ______________________
                                            (елді мекен)
      Мен, (біз),__________________________________________________
                (тексерушінің (лердің) лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты  көрсетіледі)
      _________________________________________________ өкілдерінің қатысуымен
      ______________________________________________________________
              (объектінің атауы, оның мекенжайы немесе орналасқан жері)
      ___________________________ жарылғыш заттар қоймасын тексердік.
      Жауапты адам ___________________________________болып табылады.
                       (лауазымы, тегі, әкесінің аты)
      Қойма түрі ____________________________________________________
                       (базистік, шығыс, тұрақты, уақытша, қысқа уақытқа)
      Объектілердің техникалық құрал-жабдықтардың жай-күйі __________
      _______________________________________________________________
     (қоршаудың бар-жоғы және беріктілігі, бекеттік мұнаралар, тыйым салынған аумақтың
      жабдықтары, шамдардың ақаусыз болуы, аумақтың тазалығы,
       _______________________________________________________________
      күзет сигнализациясының ақаусыз болуы, жақын маңдағы күзет бекеттерімен және
      ішкі істер органдарымен
      _______________________________________________________________
      байланыс құралдары)
      Қойма үй-жайларының жарамдылығы _______________________________
                                       жарылғыш материалдарды сақтауға,
                                                 кіреберіс жолдардың жай-күйі)
      Адамдарға рұқсат беруді жүзеге асырудың дұрыстығы _____________
      _______________________________________________________________
      (жарылғыш материалдарды сақтаумен, пайдаланумен және тасымалдаумен байланысты
                            жұмыстарға рұқсат берілген)
      Объектіні күзету жай-күйі _____________________________________
                                (атыс қаруын пайдалана отырып, күзет қызметін
                                   көрсетуге арналған келісімшарттың бар-жоғы)
      Қойма аумағында өткізу режимінің жүзеге асырылуы ______________
                                                       (заттарды өткізуді
      _______________________________________________________________
      ресімдеудің дұрыстығы, өту, көлікпен өту, жарылғыш материалдарды шығару, әкелу
                             және әкету тәртібі)
      Жарылғыш заттардың сақтаудағы кемшіліктер _____________________
      Оларды жою жөніндегі ұсыныстар ________________________________
      Орындау мерзімі _______________________________________________
      Өткен тексерулердің нәтижелері бойынша ұсыныстардың орындалуы
      ____________________________________________________________
      (соңғы тексеруді кім өткізді, кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар орындалды
       немесе орындалған жоқ)
      Объектіні тексеру бойынша шешім _______________________________
      (әрі қарай сақтау мен пайдалануға рұқсат, тыйым салу не мөрлеу, шешімнің
       себебін көрсету)
      Тексерушінің (лердің) қолы (дары) _____________
                                            (Т.А.Ә.)
      Актінің көшірмесін алдым ________________
                                   (Т.А.Ә.)

Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау,
есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету
қағидаларына             
3-қосымша               

      № _ рұқсат түбіртегі             Қазақстан Республикасы
      20__жылғы "__" _________         Ішкі істер министрлігі
      ________________________    _______________________________
    (заңды тұлғаның атауы, мекенжайы       (ішкі істер органының атауы,
      __________________________           №___ рұқсат
        және қызметтік телефоны)       _______________________________
      ___________________________     (заңды тұлғаның атауы,
      (сақтауға рұқсат етілген            ____________________________________
        материалдардың атауы,               мекенжайы және қызметтік телефоны)
      ___________________________  _______________________________
      олардың                         (сақтауға рұқсат етілген материалдардың
       ____________________________________  атауы, олардың саны
      саны ________________________  _______________________________
      __________________________    _______________________________
      ____________________________  _______________________________
      (жауапты адамның тегі, аты-жөні        (жауапты адамның тегі, аты-жөні,
      ____________________________________  _________________________________________
      қызметтік телефоны)               қызметтік телефоны)
      ______________сақтау құқығына  ________________сақтау құқығына
      дербес жауапкершілігімен       дербес жауапкершілігімен
      берілді                          берілді.
      20__жылғы "__" ________дейін  20__жылғы "__" ________дейін
      жарамды.                      жарамды.
      Бастық ___________________   Бастық ___________________
                   (қолы)                               (қолы)

      Ескерту. Материалдар атауларының    Ескерту. Материалдар атауларының
      саны көп болған жағдайда қосымша      саны көп болған жағдайда қосымша
      беріледі, ал осы рұқсаттың ажырамас   беріледі, ал осы рұқсаттың ажырамас
      бөлігі болып табылады.                бөлігі болып табылады.

Об утверждении Правил приобретения, хранения, учета, перевозки, ввоза и вывоза взрывчатых материалов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 ноября 2011 года № 1302. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 февраля 2016 года № 53

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 04.02.2016 № 53 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 4-5 Закона Республики Казахстан от 21 декабря 1995 года «Об органах внутренних дел Республики Казахстан» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила приобретения, хранения, учета, перевозки, ввоза и вывоза взрывчатых материалов.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 7 ноября 2011 года № 1302

Правила
приобретения, хранения, учета, перевозки, ввоза и вывоза
взрывчатых материалов

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила приобретения, хранения, учета, перевозки, ввоза и вывоза взрывчатых материалов (далее – Правила) определяют порядок приобретения, хранения, учета, перевозки, ввоза и вывоза взрывчатых материалов в соответствии с законами Республики Казахстан от 21 декабря 1995 года «Об органах внутренних дел», от 11 января 2007 года «О лицензировании» и от 21 июля 2007 года «Об экспортном контроле».

2. Порядок приобретения взрывчатых материалов

      2. Приобретение взрывчатых материалов осуществляется на основании разрешения органа внутренних дел.
      3. Для выдачи разрешения на приобретение взрывчатых материалов в орган внутренних дел организацией представляется:
      1) ходатайство руководителя организации с указанием наименования и количества (веса, размера) приобретаемых взрывчатых материалов, фамилии, имени, отчества, серии и номера удостоверения личности или паспорта лица, ответственного за приобретение;
      2) копия лицензии на осуществление соответствующего вида деятельности;
      3) разрешение (свидетельство) на приобретение взрывчатых материалов, выданное территориальным подразделением уполномоченного органа в области промышленной безопасности;
      4) разрешение (свидетельство) на эксплуатацию места хранения взрывчатых материалов, выданное территориальным подразделением уполномоченного органа в области промышленной безопасности;
      5) разрешение на хранение взрывчатых материалов, выданное органом внутренних дел, на территории которого расположено складское помещение;
      6) копия контракта (договора) купли-продажи или иного документа отчуждения между участниками внешнеторговой сделки;
      7) копия договора(ов) между производителем и импортером или потребителем и импортером, если в качестве импортера выступает посредник.
      4. Разрешение на приобретение взрывчатых материалов согласно приложению 1 к настоящим Правилам заполняется на основании сведений, указанных в свидетельстве на приобретение взрывчатых материалов, выданном территориальным подразделением уполномоченного органа в области промышленной безопасности.
      Разрешение на приобретение выдается органом внутренних дел в течение:
      1) пятнадцати календарных дней – при обращении юридического лица, для рассмотрения которого не требуется получение информации от иных субъектов, должностных лиц, либо проверка с выездом на место;
      2) тридцати календарных дней – при обращении юридического лица, для рассмотрения которого требуется получение информации от иных субъектов, должностных лиц, либо проверка с выездом на место.
      В выдаче разрешения на приобретение отказывается в случаях, если не представлены документы в соответствии с требованиями пункта 3 настоящих Правил.
      5. Срок действия разрешения на приобретение соответствует сроку действия свидетельства на приобретение взрывчатых материалов выданного территориальным подразделением уполномоченного органа в области промышленной безопасности.
      6. Не допускается передача (продажа) взрывчатых материалов другой организации при отсутствии у последней разрешения на приобретение взрывчатых материалов, выданного органом внутренних дел.
      7. Не использованное в течение указанного срока разрешение на приобретение теряет силу и продлению не подлежит.
      В случае утраты, дубликат разрешения на приобретение выдается при условии немедленного письменного уведомления органа внутренних дел, выдавшего данное разрешение и подачи в средства массовой информации объявления об его утрате.

3. Порядок хранения и учета взрывчатых материалов

      8. Хранение взрывчатых материалов осуществляется на основании разрешения органа внутренних дел.
      9. Для выдачи разрешения на хранение взрывчатых материалов в орган внутренних дел, на обслуживаемой территории которого расположен склад организация представляет:
      1) ходатайство руководителя организации, с указанием наименования и количества (веса, размера) взрывчатых материалов, подлежащих хранению, фамилии, имени, отчества, серии и номера удостоверения личности или паспорта лица, ответственного за хранение;
      2) разрешение (свидетельство) на эксплуатацию места хранения (склада) взрывчатых материалов, выданное территориальным подразделением уполномоченного органа в области промышленной безопасности;
      3) копия паспорта склада взрывчатых материалов.
      10. Перед выдачей разрешения на хранение взрывчатых материалов сотрудник органа внутренних дел обследует место хранения (склад) в порядке установленном Законом Республики Казахстан от 6 января 2011 года «О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан».
      При обследовании складов, предназначенных для хранения взрывчатых материалов, на техническое оборудование хранилищ и организацию охраны объектов проверяется:
      1) состояние технического оборудования объектов (наличие и прочность ограждения, постовых вышек, оборудование запретной зоны, исправность светильников, расчищенность территории, исправность охранной сигнализации, средств связи с ближайшими постами охраны и органами внутренних дел);
      2) пригодность складских помещений для хранения взрывчатых материалов, состояние подъездных путей;
      3) правильность осуществления допуска лиц к работам, связанным с хранением, использованием и перевозкой взрывчатых материалов;
      4) состояние охраны объекта (наличие договора на оказание охранных услуг с использованием огнестрельного оружия);
      5) осуществление пропускного режима на территорию склада (правильность оформления материальных пропусков, порядок прохода, проезда, выноса, ввоза и вывоза взрывчатых материалов).
      11. После обследования места хранения (склада) взрывчатых материалов сотрудник органа внутренних дел составляет акт проверки согласно приложению 2 к настоящим Правилам о пригодности складских помещений для хранения взрывчатых материалов.
      12. На основании акта проверки и данных, указанных в свидетельстве на эксплуатацию места хранения (склада) взрывчатых материалов, выданном территориальным подразделением уполномоченного органа в области промышленной безопасности, органами внутренних дел выдается разрешение на хранение взрывчатых материалов согласно приложению 3 к настоящим Правилам в течение:
      1) пятнадцати календарных дней – при обращении юридического лица, для рассмотрения которого не требуется получение информации от иных субъектов, должностных лиц, либо проверка с выездом на место;
      2) тридцати календарных дней – при обращении юридического лица, для рассмотрения которого требуется получение информации от иных субъектов, должностных лиц, либо проверка с выездом на место.
      При несоответствии склада требованиям пункта 10 настоящих Правил в выдаче разрешения отказывается.
      13. Срок действия разрешения на хранение взрывчатых материалов соответствует сроку действия свидетельства на эксплуатацию места хранения выданного территориальным подразделением уполномоченного органа в области промышленной безопасности.
      14. Разрешение на хранение взрывчатых материалов не подлежит продлению при окончании срока его действия.
      В случае утраты дубликат разрешения на хранение взрывчатых материалов выдается при условии немедленного письменного уведомления органа внутренних дел выдавшего разрешение и подачи в средства массовой информации объявления об утрате разрешения.
      15. Основаниями для переоформления разрешения на хранение являются истечение срока его действия, изменение адреса, наименования юридического лица, ответственного лица, на имя которого выдано разрешение, места хранения и емкости склада.
      16. Взрывчатые материалы хранятся только в специальных складах устроенных или приспособленных для этой цели (базисные, расходные и др.).
      Вокруг каждого поверхностного склада взрывчатых материалов устанавливается запретная зона шириной не менее 50 м, считая от ограды.
      17. Передвижной склад взрывчатых материалов подлежит охране.
      Вид охраны, состав, количество, дислокация постов и порядок охраны складов взрывчатых веществ устанавливаются совместным приказом руководителя предприятия (организации) и руководителя частной охранной организации по согласованию с органом внутренних дел. Изменение количества постов охраны допускается только по согласованию с органом внутренних дел.
      18. Хранилища с взрывчатыми материалами в нерабочее время запираются на замок, опломбируются или опечатываются. Ключи, пломбировочные щипцы и печати хранятся у заведующего складом.
      19. Допуск людей на территорию склада, другого места хранения производится по постоянным или разовым пропускам, выдаваемым с разрешения руководителя предприятия (организации) или руководителя подрядной организации, если склад находится в ведении этой организации.
      20. Все склады взрывчатых материалов подлежат круглосуточной охране. Охрана вооружается огнестрельным оружием.
      Охрана подземных складов вооружается только специальными средствами.
      21. Допуск лиц к работам, непосредственно связанным с приобретением, хранением, учетом, перевозкой, использованием взрывчатых материалов, производится администрацией организации только после их предварительной всесторонней и тщательной проверки органами внутренних дел.
      22. Для согласования допуска лиц к работам связанным со взрывчатыми материалами организации представляют в территориальный орган внутренних дел следующие документы:
      1) список лиц с указанием фамилии, имени, отчества, даты и места рождения, места жительства;
      2) медицинские справки, свидетельствующие о пригодности лица к указанному виду работы (справки психиатра, нарколога).
      Сотрудники органов внутренних дел, в срок до одного месяца со дня поступления документов проверяют указанных лиц по учетам органов внутренних дел и месту жительства.
      23. При наличии обстоятельств, препятствующих допуску лиц к работе, связанной с приобретением, хранением, учетом, использованием, перевозкой, охраной предметов и веществ, орган внутренних дел в письменной форме в течение 20 дней извещает об этом администрацию организации.
      24. Список лиц, допускаемых к работе, связанной с приобретением, хранением, учетом, использованием, перевозкой взрывчатых предметов и веществ, согласовывается с начальником органа внутренних дел или его заместителем.
      25. Органы внутренних дел отказывают организациям в допуске лиц к работам со взрывчатыми материалами в случаях:
      1) непредставления медицинских справок об отсутствии противопоказаний, связанных с психическим заболеванием, алкоголизмом или наркоманией;
      2) наличия непогашенной или неснятой в установленном законом порядке судимости за совершение умышленного преступления;
      3) отсутствия постоянного места жительства;
      4) недостижения лицом восемнадцатилетнего возраста.
      26. Проверка правильности учета взрывчатых материалов на складах производится лицами, специально назначенными руководителем организации и представителем уполномоченного органа в области промышленной безопасности.
      В случае выявления при проверке недостачи или излишков взрывчатых материалов руководитель предприятия или организации немедленно сообщает в орган внутренних дел для принятия соответствующих мер.

4. Порядок перевозки взрывчатых материалов

      27. Перевозка взрывчатых материалов осуществляется в соответствии с законами Республики Казахстан от 8 декабря 2001 года «О железнодорожном транспорте», от 15 июля 2010 года «Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации», постановлениями Правительства Республики Казахстан от 12 марта 2004 года № 316 «О некоторых вопросах по перевозке опасных грузов автомобильным транспортом», от 21 июня 2011 года № 682 «Об утверждении Правил перевозок грузов железнодорожным транспортом», от 21 июля 2011 года № 839 «Об утверждении Правил перевозки опасных грузов внутренним водным транспортом».
      Сноска. Пункт 27 в редакции постановления Правительства РК от 29.11.2012 № 1502 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      28. Исключен постановлением Правительства РК от 29.11.2012 № 1502 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      29. Исключен постановлением Правительства РК от 29.11.2012 № 1502 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      30. Перевозка взрывчатых материалов в пределах города, района, с одного склада на другие, принадлежащие одному и тому же предприятию, производится по наряду-накладной, а к местам производства взрывных работ (использования или испытания взрывчатых материалов) – по наряду-накладной или наряду-путевке.
      Сноска. Пункт 30 в редакции постановления Правительства РК от 29.11.2012 № 1502 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

5. Порядок ввоза, вывоза взрывчатых материалов

      31. Ввоз и вывоз взрывчатых материалов на территорию Республики Казахстан осуществляется на основании лицензий на импорт и экспорт выдаваемых уполномоченным органом в области экспортного контроля в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области экспортного контроля и законодательством Таможенного союза.
      32. Министерство внутренних дел согласовывает заявления на выдачу лицензии на импорт, экспорт взрывчатых материалов при предоставлении уполномоченным органом в области экспортного контроля следующих документов:
      1) заявления в установленной форме, в соответствии с законодательством об экспортном контроле;
      2) копии свидетельства о государственной регистрации заявителя в качестве юридического лица – для юридического лица;
      3) копии свидетельства о постановке заявителя на учет в налоговом органе;
      4) копии контракта (договора) купли-продажи или иного документа отчуждения между участниками внешнеторговой сделки;
      5) копии договора между экспортером и производителем или импортером и потребителем, если в качестве заявителя выступает посредник;
      6) копии лицензии на осуществление соответствующего вида деятельности;
      7) копии сертификата конечного пользователя (при экспорте продукции, подлежащей экспортному контролю), выданного уполномоченным государственным органом страны-получателя, содержащего обязательства страны-получателя об использовании импортируемой из Республики Казахстан продукции только для нужд этой страны и недопущении ее реэкспорта или передачи в третьи страны без согласия казахстанской стороны;
      8) копии разрешения (свидетельства) на приобретение (для импорта) взрывчатых материалов, выданного территориальным подразделением уполномоченного органа в области промышленной безопасности;
      9) копии разрешения на приобретение для импорта взрывчатых материалов выданного территориальным органом внутренних дел;
      10) копии разрешения (свидетельства) на эксплуатацию склада (базисного, расходного) для хранения взрывчатых материалов, выданного территориальным подразделением уполномоченного органа в области промышленной безопасности;
      11) копии разрешения на хранение взрывчатых материалов выданного территориальным органом внутренних дел;
      12) в случае транспортировки взрывчатых материалов автомобильным транспортом представляется согласованный с органами дорожной полиции маршрут перевозки опасного груза.
      13) в случае отсутствия собственного склада для хранения взрывчатых материалов представляется копия договора(ов) на хранение, либо аренды склада(ов) у третьего лица, имеющего соответствующие свидетельства и разрешения на их эксплуатацию и хранение, выданные уполномоченными органами в области промышленной безопасности и органами внутренних дел.
      Сноска. Пункт 32 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 29.11.2012 № 1502 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      33. Министерство внутренних дел согласовывает заявление на выдачу лицензии на импорт (экспорт) или отказывает в согласовании заявления на выдачу лицензии на импорт (экспорт) в соответствии с законодательством Республики Казахстан об экспортном контроле.

Приложение 1         
к Правилам приобретения,   
хранения, учета, перевозки, ввоза
и вывоза взрывчатых материалов


Министерство внутренних дел
Республики Казахстан
_____________________________________
(наименование органа внутренних дел)
 

Корешок разрешения № ______
«__» _________ 20__ г.

Выдано____________________________________
        (наименование юридического лица,
__________________________________________
__________________________________________
         адрес и служебный телефон)

под персональную ответственность на право
приобретения _____________________________
                  (фамилия, инициалы
__________________________________________
  ответственного лица, служебный телефон,
__________________________________________
    наименование материалов разрешенных
_________________________________________.
приобретению, № контракта, его количество)

Действительно до «__» ________ 20__ г.

Начальник ___________________
               (подпись)

Примечание. В случае большого количества
наименований материалов прилагается
приложение, которое является неотъемлемой
частью данного разрешения.

Разрешение № ___

Выдано ___________________________________
        (наименование юридического лица,
__________________________________________
__________________________________________
         адрес и служебный телефон)

под персональную ответственность на право
приобретения _____________________________
                   (фамилия, инициалы
__________________________________________
  ответственного лица, служебный телефон,
__________________________________________
   наименование материалов разрешенных
_________________________________________.
приобретению, № контракта, его количество)

Действительно до «__» ________ 20__ г.
Начальник __________________
               (подпись)

Примечание. В случае большого количества
наименований материалов прилагается
приложение, которое является неотъемлемой
частью данного разрешения.

Приложение 2         
к Правилам приобретения,   
хранения, учета, перевозки, ввоза
и вывоза взрывчатых материалов

АКТ
о проверке склада с хранением взрывчатых веществ

«__» __________ 20__ г.                            __________________
                                                   (населенный пункт)

Мною, (нами), _______________________________________________________
             (указать должность, фамилию, инициалы проверяющего (их)
_____________________________________________________________________

в присутствии представителя (ей) ____________________________________
проверен склад взрывчатых материалов ________________________________
                                          (наименование объекта,
_____________________________________________________________________
                 его адрес или место расположения)

Ответственным лицом является ________________________________________
                                (должность, фамилия, имя, отчество)

Тип склада __________________________________________________________
        (базисный, расходный, постоянный, временный, кратковременный)

Состояние технического оборудования объектов ________________________
_____________________________________________________________________
            (наличие и прочность ограждения, постовых вышек,
_____________________________________________________________________
          оборудование запретной зоны, исправность светильников, _____________________________________________________________________
      расчищенность территории, исправность охранной сигнализации,
                средств связи с ближайшими постами охраны _____________________________________________________________________
                      и органами внутренних дел);

Пригодность складских помещений _____________________________________
                                 для хранения взрывчатых материалов,
                                      состояние подъездных путей)

Правильность осуществления допуска лиц ______________________________
_____________________________________________________________________
    (к работам, связанным с хранением, использованием и перевозкой
                        взрывчатых материалов)

Состояние охраны объекта ____________________________________________
                         (наличие договора на оказание охранных услуг
                            с использованием огнестрельного оружия);

Осуществление пропускного режима на территорию склада _______________
                                             (правильность оформления
_____________________________________________________________________
    материальных пропусков, порядок прохода, проезда, выноса, ввоза
                        и вывоза взрывчатых материалов)

Недостатки в хранении взрывчатых материалов _________________________

Предложения по их устранению ________________________________________

Сроки исполнения ____________________________________________________

Выполнение предложений по результатам предыдущей проверки ___________
                                                     (кем проводилась
_____________________________________________________________________
       последняя проверка, выполнены или не выполнены предложения
                          по устранению замечаний)

Решение по проверке объекта _________________________________________
                                 (разрешить дальнейшее хранение и
_____________________________________________________________________
использование, запретить либо опечатать, указать мотивировку решения)

Подписи проверяющего (их) ___________ Копию акта получил ____________
                           (Ф.И.О.)                         (Ф.И.О.)

Приложение 3         
к Правилам приобретения,   
хранения, учета, перевозки, ввоза
и вывоза взрывчатых материалов


Министерство внутренних дел
Республики Казахстан
_____________________________________
(наименование органа внутренних дел)
 

Корешок разрешения № ______
«__» _________ 20__ г.

Выдано____________________________________
        (наименование юридического лица,
__________________________________________
__________________________________________
         адрес и служебный телефон)

под персональную ответственность на право
хранения _________________________________
                  (фамилия, инициалы
__________________________________________
  ответственного лица, служебный телефон,
__________________________________________
    наименование материалов разрешенных
_________________________________________.
           к хранению его количества)

Действительно до «__» ________ 20__ г.

Начальник ___________________
               (подпись)

Примечание. В случае большого количества
наименований материалов прилагается
приложение, которое является неотъемлемой
частью данного разрешения.

Разрешение № ___

Выдано ___________________________________
        (наименование юридического лица,
__________________________________________
__________________________________________
         адрес и служебный телефон)

под персональную ответственность на право
хранения _______________________________
                   (фамилия, инициалы
__________________________________________
  ответственного лица, служебный телефон,
__________________________________________
   наименование материалов разрешенных
_________________________________________.
          к хранению его количества)

Действительно до «__» ________ 20__ г.
Начальник __________________
               (подпись)

Примечание. В случае большого количества
наименований материалов прилагается
приложение, которое является неотъемлемой
частью данного разрешения.