Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 185-құжат; 2011 ж., № 3-4, 39-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолмен толықтырылсын:
«
5. |
Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы (Ассамблея стратегиясы) |
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі |
2012 жылғы 1 наурызға дейін |
2012 – 2020 жылдар |
2012 жылғы 1 сәуірге дейін |
».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев