Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1462 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 610 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.08.2015 № 610 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 285 бұйрығын қараңыз.


      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2011 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1462 қаулысымен  
бекітілген  

Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру және көрсету тәртібін айқындайды.
      2. Медициналық-әлеуметтік көмек – тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын әлеуметтік мәні бар аурулармен науқастанған азаматтарға бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек.
      3. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық көмек профилактикалық, емдеу-диагностикалық қызметтерді, қалпына келтіру емін, медициналық оңалтуды және паллиативтік көмекті қамтиды.
      4. Медициналық ұйымдарда әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға медициналық-әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.

2. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі

      5. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға медициналық-әлеуметтік көмек мынадай нысандарда ұсынылады:
      1) амбулаториялық-емханалық көмек (консультациялық-диагностикалық көмек);
      2) стационарлық көмек;
      3) стационарды алмастыратын көмек;
      4) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
      5) паллиативтік көмек және мейірбике күтімі.
      6. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтар анықталған жағдайда жалпы практика дәрігерлері, учаскелік терапевтер және педиатрлар оларды бейінді мамандарға консультацияға жібереді.
      7. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға консультациялық-диагностикалық көмек медициналық көмек көлемін қамтиды, ол тиімділігі барынша дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларының негізінде медициналық айғақтар бойынша айқындалады.
      8. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға диспансерлік бақылау жүргізіледі.
      9. Медициналық айғақтары болған жағдайда бейінді мамандар әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарды тәулік бойы медициналық бақылайтын немесе сағат төрттен сағат сегізге дейінгі аралықта күні бойы медициналық бақылайтын медициналық ұйымға жібереді.
      10. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен медициналық көмектің түрлері және көлемі бойынша мамандар әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға стационарларда медициналық көмек көрсетеді.
      11. Бастан өткерген жіті аурулардан кейін, созылмалы ауру асқынған және жітілеу ауру нысандары кезінде әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға қалпына келтіру емі және медициналық оңалту көмегі көрсетіледі.
      12. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту мынадай жағдайларда:
      1) жіті ауруды (консервативтік, жедел) емдеу және аурудың жітілеу кезеңінде;
      2) туа біткен және жүре пайда болған аурулар кезінде, сондай-ақ жіті, созылмалы аурулар мен жарақаттардың салдарынан болған аурулар кезінде, науқастың физикалық, психикалық және әлеуметтік әлеуетін оңтайлы іске асыруға қол жеткізе және оны қоғамға барынша барабар ықпалдастыра отырып, ауру сақталған кезеңде;
      3) операциядан кейін асқынулар болмаған жағдайда жүргізіледі.
      13. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтар қалпына келтіре емдейтін және медициналық оңалтатын, оның ішінде балаларды медициналық оңалтатын медициналық ұйымдарда ем алуы үшін, амбулаториялық-емханалық ұйымның жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерінен жолдама, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша амбулаториялық картаның үзінді көшірмесі болуы қажет.
      14. Жіті және созылмалы әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға паллиативтік көмек пен мейірбике күтімі аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы, дауасыз әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға дәрігердің басшылығымен көрсетіледі және мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (хоспистарда) немесе үйдегі стационар нысанында көрсетіледі.
      15. Тұрғын үй-тұрмыс жағдайлары нашар және отбасындағы жанжалды жағдайларда төсектік режімді қажет ететін әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға күндізгі стационар жағдайында және үй жағдайындағы стационарда паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсетуге жол берілмейді.
      16. Айналасындағыларға қауіп төндіретін әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негізі мен тәртібі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен реттеледі.

Об утверждении Правил оказания медико-социальной помощи, предоставляемой гражданам, страдающим социально значимыми заболеваниями

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 декабря 2011 года № 1462. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 августа 2015 года № 610

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.08.2015 № 610 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра здравоохранения и социального развития РК от 28.04.2015 г. № 285.


      В соответствии с пунктом 2 статьи 43 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания медико-социальной помощи, предоставляемой гражданам, страдающим социально значимыми заболеваниями.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 5 декабря 2011 года № 1462

Правила
оказания медико-социальной помощи, предоставляемой гражданам,
страдающим социально значимыми заболеваниями

1. Общие положения

      1. Настоящие правила определяют порядок организации и оказания
медико-социальной помощи (далее - Правила), предоставляемой гражданам, страдающим социально значимыми заболеваниями.
      2. Медико-социальная помощь - медицинская помощь, оказываемая профильными специалистами гражданам с социально значимыми заболеваниями, перечень которых определяется Правительством Республики Казахстан.
      3. Медицинская помощь, предоставляемая гражданам, страдающим социально значимыми заболеваниями, включает профилактические, лечебно-диагностические услуги, восстановительное лечение, медицинскую реабилитацию и паллиативную помощь.
      4. Гражданам, страдающим социально значимыми заболеваниями, медико-социальная помощь в медицинских организациях оказывается в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденного Правительством Республики Казахстан.

2. Порядок оказания медико-социальной помощи, предоставляемой
гражданам, страдающим социально значимыми заболеваниями

      5. Медико-социальная помощь гражданам, страдающим социально значимыми заболеваниями, предоставляется в следующих формах:
      1) амбулаторно-поликлиническая помощь (консультативно-диагностическая помощь);
      2) стационарная помощь;
      3) стационарозамещающая помощь;
      4) восстановительное лечение и медицинская реабилитация;
      5) паллиативная помощь и сестринский уход.
      6. При выявлении граждан, страдающих социально значимыми заболеваниями, врачи общей практики, участковые терапевты и педиатры направляют их на консультацию к профильным специалистам.
      7. Консультативно-диагностическая помощь гражданам, страдающим социально значимыми заболеваниями, включает в себя объем медицинской помощи, который определяется по медицинским показаниям на основе профилактических, диагностических и лечебных мероприятий, обладающих наибольшей доказанной эффективностью.
      8. Гражданам, страдающим социально значимыми заболеваниями,
проводится диспансерное наблюдение.
      9. При наличии медицинских показаний профильные специалисты направляют граждан, страдающих социально значимыми заболеваниями, в медицинскую организацию с круглосуточным медицинским наблюдением или с медицинским наблюдением продолжительностью от четырех до восьми часов в течение дня.
      10. Медицинская помощь в стационарах оказывается гражданам, страдающим социально значимыми заболеваниями, специалистами по видам и объему медицинской помощи, утвержденным уполномоченным органом в области здравоохранения Республики Казахстан (далее - уполномоченный орган).
      11. Восстановительное лечение и медицинская реабилитация оказываются гражданам, страдающим социально значимыми заболеваниями, после перенесенных острых, при обострении хронических и при подострых формах заболевания.
      12. Восстановительное лечение и медицинская реабилитация, в том числе детская медицинская реабилитация, проводится:
      1) непосредственно после интенсивного (консервативного, оперативного) лечения острых заболеваний и в подостром периоде заболевания;
      2) при врожденных и приобретенных заболеваниях, а также при последствиях острых, хронических заболеваний и травм, в резидуальном периоде заболевания с достижением оптимальной реализации физического, психического и социального потенциала больного и наиболее адекватной интеграцией его в общество;
      3) при отсутствии послеоперационных осложнений.
      13. Для получения лечения гражданам, страдающим социально значимыми заболеваниями, в медицинских организациях, оказывающих восстановительное лечение и медицинскую реабилитацию, в том числе детскую медицинскую реабилитацию, необходимо иметь направление от медицинского работника с высшим медицинским образованием амбулаторно-поликлинической организации, а также выписку из амбулаторной карты по форме, утвержденной уполномоченным органом.
      14. Паллиативная помощь и сестринский уход гражданам, страдающим острыми и хроническими социально значимыми заболеваниями, оказывается под руководством врача гражданам, страдающим неизлечимыми социально значимыми заболеваниями, в терминальной (конечной) стадии, и оказывается в специализированных структурных подразделениях, самостоятельных медицинских организациях (хосписах) или в форме стационара на дому.
      15. Не допускается оказание паллиативной помощи и сестринского ухода в условиях дневного стационара и стационара на дому гражданам, страдающим социально значимыми заболеваниями, нуждающимся в постельном режиме, при неудовлетворительных жилищно-бытовых условиях и конфликтной ситуации в семье.
      16. Основания и порядок направления граждан, страдающих социально значимыми заболеваниями, представляющими опасность для окружающих, на принудительное лечение, регулируются Кодексом Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения».