Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 1484 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 442 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1484 қаулысымен  
бекітілген   

Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленген және жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды әлеуметтік-психологиялық бейімдеу – жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу үдерісін жеңілдетуге бағытталған медициналық, психологиялық және әлеуметтік сипаттағы іс-шаралар жиынтығы;
      2) жыныстық сәйкестендіру ауытқушылығы (транссексуализм) – өзінің қарама-қарсы жынысқа тиесілілігін сезіну, әдетте, өзінің морфологиялық жынысынан сәйкессіздік немесе жайсыздық сезімімен және өзінің тәнін таңдаған жынысына барынша сәйкес келтіру мақсатында гормондық, хирургиялық ем алу ниетімен үйлесетін қарама-қарсы жыныстағы адам ретінде өмір сүру және танылу ниеті;
      3) морфологиялық (биологиялық) жынысын ауыстыру жөніндегі медициналық іс-шаралар – нәтижесі морфологиялық (биологиялық) жынысын өзгерту болып табылатын медициналық араласу (гормондық терапия, хирургиялық түзету);
      4) морфологиялық (биологиялық) жыныс – сыртқы және ішкі жыныс ағзаларының құрылымымен анықталатын және гормондық әсерлердің деңгейімен және үстем бағытымен түсіндірілетін жыныс.

2. Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу тәртібі

      3. Жынысын ауыстыруды жүргізу бірнеше кезеңдермен жүзеге асырылады:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдардың медициналық куәландырудан өтуі үшін қажетті анализдер мен медициналық құжаттардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру үшін қажетті медициналық зерттеп-қарау жүргізу;
      2) жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды стационарлық медициналық куәландыруды психиатриялық ұйымдарда жүргізу;
      3) адамға морфологиялық (биологиялық) жынысын ауыстырудың (бұдан әрі – жынысын ауыстыру) бірінші кезеңін жүргізуге рұқсат беру немесе одан бас тарту туралы комиссиялық қорытынды шығару;
      4) жынысын ауыстыру бойынша медициналық іс-шаралардың бірінші кезеңін – морфологиялық (биологиялық) жынысын ауыстыру бойынша медициналық іс-шаралар өткізу;
      5) адамға жынысын ауыстырудың екінші кезеңін жүргізуге рұқсат беру немесе одан бас тарту туралы комиссияның қорытындысын шығару;
      6) жынысын ауыстыру бойынша медициналық іс-шаралардың екінші кезеңін - морфологиялық (биологиялық) жынысын ауыстыру бойынша медициналық іс-шаралар өткізу;
      7) адамға әлеуметтік (паспорттық) жынысын ауыстыру мүмкіндігін растау туралы комиссиялық қорытынды шығару.
      Жынысын ауыстыру бойынша медициналық іс-шаралар кезеңдерінің бірінде сәтсіздік болған жағдайда Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) келесі кезеңді өткізуге жол бермеу туралы қорытынды шығарады және жынысын ауыстырғысы келетін адамды оңалту жөніндегі медициналық-әлеуметтік және психологиялық іс-шараларды анықтайды.
      Адамға жынысын ауыстырудың бірінші (екінші) кезеңін жүргізуге (бірінші кезең – гормондық терапия, екінші кезең – хирургиялық түзету) рұқсат беру немесе бас тарту туралы қорытынды шығару адамның физиологиялық- және психологиялық ерекшелігінің негізінде және қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді ескере отырып жүзеге асырылады.
      4. Жынысын ауыстыру бойынша медициналық іс-шаралар жүзеге асырылғаннан кейін барлық құжаттарын жынысына сәйкес ауыстыру жүзеге асырылады.
      Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру Комиссия қорытындысының негізінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті әділет органының аумақтық бөлімшесінде жүргізіледі.
      5. Жынысын ауыстырған адам бір жыл бойы әлеуметтік-психологиялық бейімдеуді қолдау курсынан өтеді. Әлеуметтік-психологиялық бейімдеуді қолдау курсын жынысын ауыстырған адамның тұрғылықты жері бойынша психиатриялық ұйымдардағы мамандар жүзеге асырады.

2.1. Медициналық тексеру жүргізу және медициналық куәландыру

      6. Жынысын ауыстырғысы келетін адам тұрғылықты жері бойынша психиатриялық ұйымға жазбаша өтініш береді.
      Өтініш 18 жасқа толған және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын тұлғадан қабылданады.
      Жынысын ауыстырғысы келетін адам психиатриялық ұйымда күнтізбелік 30 күн ішінде Тізбеге сәйкес медициналық зерттеп-қараудан өтеді.
      7. Жынысын ауыстырғысы келетін адам медициналық тексеруден өткеннен кейін Психиатриялық ұйымның жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамды медициналық куәландыруды жүргізуге арналған комиссиясына (бұдан әрі – Комиссия) медициналық куәландыруға жіберіледі.
      Комиссия жұмыс істейтін психиатриялық ұйым мен Комиссия құрамын осы ұйымда қажетті біліктілік (ғылыми дәреже, жоғары және бірінші біліктілік санаттары) деңгейіндегі мамандар болған жағдайда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      Комиссияның құзыретіне зерттеп-қаралатын адамда жынысын сәйкестендіруде ауытқушылығының болуын немесе болмауын, сондай-ақ жынысын ауыстыруға қарсы айғақтардың болуын анықтау мәселесін қарау жатады.
      8. Медициналық куәландыру психиатриялық ұйымның стационар жағдайында күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізіледі. Медициналық куәландыру уақытында зерттеп-қаралушының психикалық, неврологиялық және соматикалық жағдайын зерттеу жүргізіледі.
      9. Зерттеп-қарау аяқталғаннан кейін жынысын ауыстырғысы келетін адамның медициналық құжаттары психиатриялық ұйымның жанындағы Комиссияға ұсынылады (Комиссияның отырысына әңгімелесу үшін жынысын ауыстырғысы келетін адамның қатысуы міндетті).

2.2. Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды стационарлық медициналық куәландыру жөніндегі комиссия

      10. Комиссияның құрамына: Комиссия төрағасы (психиатр дәрігер), Комиссияның хатшысы, дәрігерлер: психиатрлар (кемінде екеу), сексопатолог, уролог, гинеколог, терапевт, невропатолог, эндокринолог, медициналық психолог кіреді.
      11. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) Комиссия қорытындысын шығару;
      2) адамның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің негізінде және қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді есепке ала отырып, жынысын ауыстыру бойынша жеке медициналық іс-шараларды анықтау;
      3) адамның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің негізінде және қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді есепке ала отырып, жеке медициналық-әлеуметтік оңалту іс-шараларын анықтау.
      12. Комиссия мынадай қорытындылардың бірін шығарады:
      1) жынысын ауыстырудың бірінші (екінші) кезеңін жүргізуге рұқсат беру;
      2) жынысын ауыстырудың бірінші (екінші) кезеңін жүргізуден бас тарту;
      3) әлеуметтік (паспорттық) жынысын ауыстыру мүмкіндігін растау;
      4) жынысын ауыстыру туралы мәселені қарауға жынысын ауыстырғысы келетін адам туралы қосымша ақпарат алғаннан кейін және (немесе) Комиссияның ұсынымдарына сәйкес оған қатысты қосымша тексерулер жүргізгеннен кейін оралу.
      Қосымша тексеру тізбеде көзделмеген зерттеп-қараудың басқа әдістерін көздейді.
      13. Куәландырудан өтетін адамға жынысын ауыстырудан бас тарту үшін:
      1) жіті, созылмалы, уақытша психикалық ауытқушылығының (ауруларының), жарыместіктің және (немесе) өзге де психикалық ауытқушылығының (ауруларының) болуы;
      2) генетикалық және (немесе) хромосомалық аномалияларының болуы;
      3) жынысын ауыстыру (гормондық терапия, хирургиялық түзету) үдерісінде куәландырудан өтетін адамның өмірі және (немесе) денсаулығы үшін асқынуларға қауіптілігімен тікелей негіз болатын соматикалық және (немесе) неврологиялық ерекшеліктері;
      4) жынысын ауыстыру бойынша медициналық іс-шаралардың бірінші кезеңінің теріс нәтижелері негіз болып табылады.
      14. Комиссияның отырысын Комиссияның хатшысы Комиссияның барлық мүшелері қол қоятын хаттама түрінде ресімдейді.
      15. Жынысын ауыстырғысы келетін адамға қатысты Комиссияның қорытындысы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада ресімделеді.
      16. Жынысын ауыстыру бойынша медициналық іс-шараларды және (немесе) жеке медициналық-әлеуметтік оңалту (тұратын жері бойынша психиатриялық ұйымда психологиялық және психотерапиялық қолдау) іс-қимылдарын өткізу жөніндегі ұсынымдар жеке анықталады.
      17. Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамды медициналық куәландыру нәтижелері туралы қорытынды ұйымның барлық, оның ішінде пошталық деректемелерін, сондай-ақ ондағы мәліметтерді жариялауға тыйым салуды қамтуға тиіс.
      18. Комиссияның хатшысы Комиссия қорытынды шығарған күннен бастап үш күннен аспайтын мерзімде куәландырудан өткен адамға Комиссия қорытындысының бір данасын және (немесе) жынысын ауыстыру бойынша медициналық іс-шараларды және (немесе) жеке медициналық-әлеуметтік оңалту іс-қимылын өткізу жөніндегі ұсынымдардың бір данасын береді.
      Комиссия қорытындысының екінші данасы «қызметтік пайдалану үшін» деген белгімен морфологиялық (биологиялық) жынысын ауыстыру бойынша медициналық іс-шараларды жүзеге асыратын медициналық ұйымдарға олардың сұратуы бойынша жіберіледі. Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелеріне міндетті түрде қорытындының көшірмесі жіберіледі.
      Комиссия қорытындысының және (немесе) жынысын ауыстыру бойынша медициналық іс-шараларды және (немесе) жеке медициналық-әлеуметтік оңалту іс-қимылын өткізу жөніндегі ұсынымдардың берілгені туралы жазба Комиссияның арнайы журналында тіркеледі, мұнда берілген күні, куәландырудан өткен тұлғаның және хатшының қолы көрсетіледі.
      Қорытындының үшінші данасы және жынысын ауыстыру бойынша медициналық іс-шараларды және (немесе) жеке медициналық-әлеуметтік оңалту іс-қимылын өткізу жөніндегі ұсынымдардың екінші данасы Комиссияның мұрағатында сақталады.
      19. Комиссияның қорытындысына байланысты барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қаралады.

2.3. Морфологиялық (биологиялық) жынысын ауыстыру бойынша медициналық іс-шаралар

      20. Комиссия қорытындысының нәтижесі бойынша жынысын ауыстыру бойынша екі кезеңнен тұратын медициналық іс-шаралар жүзеге асырылады:
      1) гормондық терапия;
      2) хирургиялық түзету.
      21. Гормондық терапия қажетті біліктілік деңгейіндегі (жоғары немесе бірінші біліктілік санаттары) мамандар болған жағдайда медициналық ұйымда, зертханада жүргізіледі. Медициналық ұйым жынысын ауыстырғысы келетін адамға қатысты Комиссияға сұраным жасайды. Өз сұранымына жауап алғаннан кейін медициналық ұйым жынысын ауыстырғысы келетін адамға гормондық терапия жүргізеді. Гормондық терапия Комиссия белгілеген жынысын ауыстыру бойынша медициналық іс-шаралар тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
      22. Жынысын ауыстырғысы келетін адам гормондық терапия курсымен бір уақытта Комиссия белгілеген жеке медициналық-әлеуметтік оңалту іс-қимылын жүргізу жөніндегі ұсынымдарға сәйкес психиатриялық ұйымда медициналық-әлеуметтік қолдау алу және психикалық жағдайын бағалау мақсатында бақыланады.
      23. Гормондық терапия және медициналық-әлеуметтік қолдау шараларын жүргізудің нәтижелері бойынша медициналық-әлеуметтік оңалту іс-шараларының барысын бақылаған психиатриялық ұйымның қызметкері Комиссияның отырысында хирургиялық түзету жүргізу мүмкіндігін анықтау үшін жынысын ауыстырғысы келетін адамды таныстырады.
      24. Хирургиялық түзету қажетті біліктілік деңгейіндегі (жоғары және бірінші біліктілік санаттары) мамандар болған жағдайда медициналық ұйымда, зертханада жүргізіледі. Медициналық ұйым жынысын ауыстырғысы келетін адамға қатысты комиссияға сұраным жасайды. Медициналық ұйым өз сұранымына жауап алғаннан кейін жынысын ауыстырғысы келетін адамға хирургиялық түзету жүргізеді. Хирургиялық түзету Комиссия белгілеген жынысын ауыстыру бойынша медициналық іс-шаралар тәртібіне сәйкес:
      транссексуализмнің әйел-ер түрі бойынша – ерлер гениталийін қалыптастыру жолымен;
      транссексуализмнің ер-әйел түрі бойынша – әйел гениталийін қалыптастыру жолымен жүргізіледі.

2.4. Әлеуметтік жынысты ауыстыру

      25. Жынысын ауыстыру жөніндегі медициналық іс-шаралардан өткеннен кейін тұратын жері бойынша ішкі істер органының аумақтық бөлімшелерінде әлеуметтік (паспорттық) жынысын ауыстыру жүзеге асырылады.
      26. Әлеуметтік (паспорттық) жынысын ауыстыру үшін Комиссияның адамның әлеуметтік (паспорттық) жынысын ауыстыру мүмкіндігін растау туралы қорытындысы негіз болып табылады.

Жыныстық сәйкестендіруде   
ауытқушылығы бар адамдарды  
медициналық куәландыру және 
олардың жынысын ауыстыруды жүргізу
қағидаларына       
1-қосымша        

Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдардың медициналық куәландырудан өтуі үшін қажетті анализдер мен медициналық құжаттардың тізбесі

      1. Жалпы клиникалық қан және несеп анализдері.
      2. Вассерман (РВ), АИТВ жұқпасы реакциясына қан анализі.
      3. Биохимиялық қан талдауы (бауыр сынамалары, нәруыз фракциялары).
      4. Бассүйектің екі кескінді түсірілімі.
      5. 17-кетостероидтар, жалпы эстрогендер, тестостерон (Т), пролактин (ПРЛ), лютеиндеуіш гормон (ЛГ), фолликулдық-ширатқыш гормон (ФШГ).
      6. Кариотипті, генетикалық жиынтықты анықтау.
      7. Сексопатологтың қорытындысы.
      8. Эндокринологтың қорытындысы.
      9. Психологтың қорытындысы.
      10. Амбулаториялық науқастың медициналық картасынан сексопатологтың, психиатрдың, психологтың бақылау деректері, басқа да объективті мәліметтер көрсетілген үзінді көшірме.
      11. Жынысын ауыстырғысы келетін адам медициналық куәландырудан өтетін ұйымдағы стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме.
      Ескертпе: маман дәрігерлердің тағайындауы бойынша қосымша тексерілуге жол беріледі.

Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы
бар адамдарды медициналық куәландыру
және олардың жынысын ауыстыруды  
жүргізу қағидаларына      
2-қосымша         

Нысан

      Психиатриялық ұйымның мөртабаны

Фотоның
орны
   __________________________________________________ жанындағы
         Медициналық ұйымның атауы, мекенжайы Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру жөніндегі комиссияның қорытындысы Кімге_________________________________________________________
             Адресат – ұйымның толық атауы
________________________________________________________________ ____________________________________ мекенжайы бойынша тұратын азамат__________________________________________________________
            тегі, аты, әкесінің аты (толық) туған күні, айы, жылы Медициналық куәландыру*:
________________________________________________________________
          Медициналық ұйымның атауы, нәтижесі 1. Морфологиялық (биологиялық) жынысын ауыстыру жөніндегі іс-шаралардың бірінші кезеңі**: ________________________________________________________________
           Медициналық ұйымның атауы, нәтижесі 2. Морфологиялық (биологиялық) жынысын ауыстыру жөніндегі іс-шаралардың екінші кезеңі**:________________________________________________________________
          Медициналық ұйымның атауы, нәтижесі Қорытынды:_____________________________________________________ Ұсынымдар:_____________________________________________________ Күні: 20___ жылғы « ___ » __________ Төраға ______________________________________________(Аты, тегі)
                      қолы 
Хатшы_______________________________________________(Аты, тегі)
                    қолы 
Басшысы_____________________________________________ (Аты, тегі)
                     қолы 
    ____________________________________________ Ұйымның
                                                 мөрі                                         

Қорытындыдағы
мәліметтерді
жариялауға
тыйым
салынады

Ескертпе:
      * Қорытындының 1-тармағы жынысын ауыстырғысы келетін адамды медициналық куәландыруға сәйкес толтырылады;
      ** Комиссия қорытындысының 2 және 3-тармақтары медициналық іс-шаралардың бірінші (екінші) кезеңін өткізген медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес толтырылады.

Об утверждении Правил медицинского освидетельствования и проведения смены пола для лиц с расстройствами половой идентификации

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 декабря 2011 года № 1484. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 июня 2015 года № 442

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 17.06.2015 № 442 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 88 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила медицинского освидетельствования и проведения смены пола для лиц с расстройствами половой идентификации.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 7 декабря 2011 года № 1484

Правила
медицинского освидетельствования и проведения смены пола
для лиц с расстройствами половой идентификации

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила медицинского освидетельствования и проведения смены пола для лиц с расстройствами половой идентификации (далее - Правила) разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" и определяют порядок медицинского освидетельствования и проведения смены пола для лиц с расстройствами половой идентификации.
      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) социально-психологическая адаптация лиц с расстройствами половой идентификации - совокупность мероприятий медицинского, психологического и социального характера, направленных на облегчение процесса социальной адаптации лица с расстройством половой идентификации;
      2) расстройство половой идентификации (транссексуализм) - ощущение собственной принадлежности к противоположному полу, желание жить и быть воспринятым в качестве лица противоположного пола, обычно сочетающееся с чувством неадекватности или дискомфорта от своего морфологического пола и желанием получить гормональное, хирургическое лечение, с целью сделать свое тело как можно более соответствующим избранному полу;
      3) медицинские мероприятия по смене морфологического (биологического) пола - медицинское вмешательство (гормональная терапия, хирургическая коррекция), результатом которого является изменение морфологического (биологического) пола;
      4) морфологический (биологический) пол - пол, определяемый строением наружных и внутренних половых органов и обусловленный уровнем и доминирующей направленностью гормональных воздействий.

2. Порядок медицинского освидетельствования и проведения смены
пола для лиц с расстройствами половой идентификации

      3. Производство смены пола осуществляется в несколько этапов:
      1) проведение медицинских обследований, необходимых для медицинского освидетельствования лица с расстройством половой идентификации в соответствии с перечнем анализов и медицинских документов, необходимых для прохождения медицинского освидетельствования лиц с расстройством половой идентификации (далее - перечень), согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
      2) проведение в психиатрической организации стационарного медицинского освидетельствования лица с расстройством половой идентификации;
      3) вынесение комиссионного заключения о разрешении или отказе в проведении первого этапа смены лицу морфологического (биологического) пола (далее - смена пола);
      4) проведение первого этапа медицинских мероприятий по смене пола - медицинские мероприятия по смене морфологического (биологического) пола;
      5) вынесение комиссионного заключения о разрешении или отказе в проведении лицу второго этапа смены пола;
      6) проведение второго этапа медицинских мероприятий по смене пола - медицинские мероприятия по смене морфологического (биологического) пола;
      7) вынесение комиссионного заключения о подтверждении возможности смены лицу социального (паспортного) пола.
      В случае неуспешности медицинских мероприятий по смене пола на одном из этапов Комиссия по медицинскому освидетельствованию лиц с расстройствами половой идентификации (далее - Комиссия) выносит заключение о недопустимости проведения следующего этапа и определяет медико-социальные и психологические мероприятия по реабилитации лица, желающего сменить пол.
      Вынесение заключения о разрешении или отказе в проведении лицу первого (второго) этапа смены пола (первый этап - гормональная терапия, второй этап - хирургическая коррекция) осуществляется на основании физиологических и психологических особенностей лица и с учетом современных научных достижений.
      4. После осуществления медицинских мероприятий по смене пола осуществляется замена всех документов соответственно полу.
      Перемена фамилии, имени, отчества производится в территориальном подразделении уполномоченного органа юстиции по месту жительства заявителя на основании заключения Комиссии.
      5. Лицо, сменившее пол, проходит курс поддержки социально-психологической адаптации в течение одного года. Курс поддержки социально-психологической адаптации осуществляется специалистами психиатрической организации по месту проживания лица, сменившего пол.

2.1. Проведение медицинских обследований и медицинское
освидетельствование

      6. Лицо, желающее сменить пол, обращается с письменным заявлением в психиатрическую организацию по месту жительства.
      Заявление принимается от лица, достигшего 18-летнего возраста и являющегося гражданином Республики Казахстан.
      В психиатрической организации лицо, желающее сменить пол, в течение 30 календарных дней проходит медицинское обследование в соответствии с Перечнем.
      7. После прохождения медицинского обследования лицо, желающее сменить пол, направляется на медицинское освидетельствование в Комиссию психиатрической организации для проведения медицинского освидетельствования лиц с расстройствами половой идентификации (далее - Комиссия).
      Психиатрическая организация, в которой функционирует Комиссия, и состав Комиссии утверждается уполномоченным органом в области здравоохранения, при наличии в данной организации специалистов необходимого уровня квалификации (ученая степень, высшая или первая квалификационные категории).
      К компетенции Комиссии относится рассмотрение вопроса определения наличия или отсутствия у обследуемого лица расстройства половой идентификации, а также имеющихся противопоказаний к смене пола.
      8. Медицинское освидетельствование проводится в условиях стационара психиатрической организации в течение не более 30 календарных дней. Во время медицинского освидетельствования проводятся исследования психического, неврологического и соматического состояний обследуемого.
      9. После окончания обследования медицинские документы лица, желающего сменить пол, представляются Комиссии при психиатрической организации (на заседании Комиссии для собеседования обязательно участие лица, желающего сменить пол).

2.2. Комиссия по медицинскому освидетельствованию лиц с
расстройствами половой идентификации

      10. В состав Комиссии входят: председатель Комиссии (врач-психиатр), секретарь Комиссии, врачи: психиатры (не менее двух), сексопатолог, уролог, гинеколог, терапевт, невропатолог, эндокринолог, медицинский психолог.
      11. Основными задачами Комиссии являются:
      1) вынесение заключения Комиссии;
      2) определение индивидуальных медицинских мероприятий по смене пола, на основании физиологических и психологических особенностей лица и с учетом современных научных достижений;
      3) определение индивидуальных медико-социальных реабилитационных мероприятий, на основании физиологических и психологических особенностей лица и с учетом современных научных достижений.
      12. Комиссия выносит одно из следующих заключений:
      1) разрешить проведение первого (второго) этапа смены пола;
      2) отказать в проведении первого (второго) этапа смены пола;
      3) подтвердить возможность смены социального (паспортного) пола;
      4) вернуться к рассмотрению вопроса о смене пола после получения дополнительной информации о лице, желающем его сменить, и (или) проведения в отношении него дополнительных обследований в соответствии с рекомендациями Комиссии.
      Дополнительные обследования предусматривают другие методы обследования, не предусмотренные в Перечне.
      13. Основаниями для отказа в смене пола лицу, проходящему освидетельствование, служат:
      1) наличие острого, хронического, временного психического
расстройства (заболевания), слабоумия или иного психического расстройства (заболевания);
      2) наличие генетических и (или) хромосомных аномалий;
      3) наличие соматических и (или) неврологических особенностей, которые могут непосредственно обусловить опасные для жизни и (или) здоровья лица, проходящего освидетельствование, осложнения в процессе смены пола (хирургической коррекции, гормональной терапии);
      4) отрицательные результаты первого этапа медицинских мероприятий по смене пола.
      14. Заседание Комиссии оформляется секретарем Комиссии в виде протокола, который подписывается всеми членами Комиссии.
      15. Заключение Комиссии в отношении лица, желающего сменить пол, оформляется в трех экземплярах по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.
      16. Рекомендации по проведению медицинских мероприятий по смене пола и (или) индивидуальных медико-социальных реабилитационных действий (психологическая и психотерапевтическая поддержка в психиатрической организации по месту жительства) определяются индивидуально.
      17. Заключение о результатах медицинского освидетельствования лица с расстройством половой идентификации должно содержать все реквизиты организации, в том числе почтовые, а также запрет на разглашение сведений, содержащихся в ней.
      18. Секретарь Комиссии в срок, не превышающий трех дней со дня вынесения заключения Комиссии выдает лицу, прошедшему освидетельствование, один экземпляр заключения Комиссии и (или) один экземпляр рекомендаций по проведению медицинских мероприятий по смене пола и (или) индивидуальных медико-социальных реабилитационных действий.
      Второй экземпляр заключения Комиссии с грифом "для служебного пользования" направляется в медицинские организации, осуществляющие медицинские мероприятия по смене морфологического (биологического) пола по их запросу. В территориальные подразделения органов внутренних дел копия заключения направляется в обязательном порядке.
      Запись о выдаче заключения Комиссии и (или) рекомендаций по проведению медицинских мероприятий по смене пола и (или) индивидуальных медико-социальных реабилитационных действий регистрируется в специальном журнале Комиссии, где указывается дата выдачи, роспись лица, прошедшего освидетельствование и секретаря.
      Третий экземпляр заключения и второй экземпляр рекомендаций по проведению медицинских мероприятий по смене пола и (или) индивидуальных медико-социальных реабилитационных действий хранятся в архиве Комиссии.
      19. Все споры, связанные с заключением Комиссии рассматриваются в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.

2.3. Медицинские мероприятия по смене морфологического
(биологического) пола

      20. По результатам заключения Комиссии осуществляются медицинские мероприятия по смене пола, которые состоят из двух этапов:
      1) гормональная терапия;
      2) хирургическая коррекция.
      21. Гормональная терапия проводится в медицинской организации при наличии в ней специалистов необходимого уровня квалификации (высшая или первая квалификационные категории), лаборатории. Медицинская организация делает запрос в Комиссию в отношении лица, желающего сменить пол. После получения ответа на свой запрос медицинская организация проводит лицу, желающему сменить пол, гормональную терапию. Гормональная терапия проводится в соответствии с порядком медицинских мероприятий по смене пола, определенным Комиссией.
      22. Одновременно с курсом гормональной терапии лицо, желающее сменить пол, в соответствии с рекомендациями по проведению индивидуальных медико-социальных реабилитационных действий, определенными Комиссией, наблюдается в психиатрической организации с целью получения медико-социальной поддержки и оценки психического состояния.
      23. По результатам проведения гормональной терапии и мер по медико-социальной поддержке работником психиатрической организации, наблюдавшим за ходом медико-социальных реабилитационных мероприятий, лицо, желающее сменить пол, представляется на заседание Комиссии для определения возможности проведения хирургической коррекции.
      24. Хирургическая коррекция проводится в медицинской организации при наличии в ней специалистов необходимого уровня квалификации (высшая или первая квалификационные категории), лаборатории. Медицинская организация делает запрос в Комиссию в отношении лица, желающего сменить пол. После получения ответа на свой запрос медицинская организация проводит лицу, желающему сменить пол, хирургическую коррекцию. Хирургическая коррекция проводится в соответствии с порядком медицинских мероприятий по смене пола, определенным Комиссией:
      по женско-мужскому типу транссексуализма - путем формирования мужских гениталий;
      по мужско-женскому типу транссексуализма - путем формирования женских гениталий.

2.4. Смена социального пола

      25. После прохождения медицинских мероприятий по смене пола в территориальном подразделении органа внутренних дел по месту жительства осуществляется смена социального (паспортного) пола.
      26. Основанием для смены социального (паспортного) пола будет являться заключение Комиссии о подтверждении возможности смены лицу социального (паспортного) пола.

Приложение 1           
к Правилам медицинского освидетельствования
и проведения смены пола для лиц с
расстройствами половой идентификации

Перечень
анализов и медицинских документов, необходимых для прохождения
медицинского освидетельствования лиц
с расстройствами половой идентификации

      1. Общеклинические анализы крови и мочи.
      2. Анализ крови на реакцию Вассермана (РВ), ВИЧ-инфекцию.
      3. Биохимический анализ крови (печеночные пробы, белковые фракции).
      4. Снимок черепа в двух проекциях.
      5. 17-кетостероиды, эстрогены общие, тестостерон (Т), пролактин (ПРЛ), лютеинизирующий гормон (ЛГ), фолликуло-стимулирующий гормон (ФСГ).
      6. Определение кариотипа, генетического набора.
      7. Заключение сексопатолога.
      8. Заключение эндокринолога.
      9. Заключение психолога.
      10. Выписка из медицинской карты амбулаторного больного с указанием данных наблюдения сексопатолога, психиатра, психолога, других объективных сведений.
      11. Выписка из медицинской карты стационарного больного организации, где лицо, желающее сменить пол, проходит медицинское освидетельствование.
      Примечание: допускаются дополнительные обследования по назначению врачей специалистов. 

Приложение 2                 
к Правилам медицинского освидетельствования и
проведения смены пола для лиц с расстройствами
половой идентификации           
 

Форма

      Штамп психиатрической
      организации

Заключение
Комиссии по медицинскому освидетельствованию лиц с
расстройствами половой идентификации

_______
|       | при ________________________________________________
| Место |      Наименование медицинской организации, адрес
| для   | Кому________________________________________________
| фото  |         Полное наименование организации-адресата
|_______| ____________________________________________________
Гражданин _____________________________________________________
            Фамилия, имя, отчество (полностью), число, месяц,
                            год рождения
проживающий по адресу: _______________________________________

1. Медицинское освидетельствование *:
_______________________________________________________________
             Наименование медицинской организации, результат

2. Первый этап медицинских мероприятий по смене морфологического
(биологического) пола**:
________________________________________________________________
            Наименование медицинской организации, результат

3. Второй этап медицинских мероприятий по смене
морфологического (биологического) пола**:
_______________________________________________________________
            Наименование медицинской организации, результат

Заключение:_______________________________________________________
Рекомендации: ___________________________________________________

Дата: "__" ___________20__года

Председатель __________________________________ (Имя,фамилия)
                           подпись
Секретарь: _____________________________________ Имя,фамилия)
                           подпись
                                        _________
Руководитель _____________ ___________ | Печать  | (Имя,фамилия)
                             Подпись   |организа-|
                                       |  ции    |
                                       |_________|


Разгла-
шение
 

сведе-
ний,

содер-
жащихся

в

Заклю-
чении,

воспре-
щается
 
 

      Примечание:

      * Пункт 1 Заключения заполняется в соответствии с медицинским освидетельствованием лица, желающего изменить пол;
      ** Пункты 2 и 3 заключения Комиссии заполняются в соответствии с заключением медицинской организации, проводившей первый (второй) этап медицинских мероприятий.