Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1467 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 120-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 30-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов