Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1520 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң «Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң «Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы» мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109 қаулысымен;
      2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      «Мемлекеттiк мекемелер» деген 3-бөлiмде мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «88-1. Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы»;
      3) «Министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 сәуiрдегi № 339 қаулысында:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерiндегi адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерiнде:
      реттік нөмірі 6-жолда:
      3-бағанда:
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолдағы «11471» деген сандар «11621» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның iшiнде:» деген жолдағы «5460» деген сандар «5610» деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«


Агрохимия қызметi республикалық ғылыми-әдiстемелiк орталығы

150

»;

      реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

20.

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі, оның аумақтық органдарын ескере отырып

360

».

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

О некоторых вопросах Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами и Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2011 года № 1520

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Переименовать государственное учреждение "Республиканский научно-методический центр агрохимической службы" Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами в государственное учреждение "Республиканский научно-методический центр агрохимической службы" Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.
      2. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения и дополнения:
      1) утратил силу постановлением Правительства РК от 08.02.2013 № 109;
      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 "Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 14, ст. 168):
      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      раздел 3 "Государственные учреждения" дополнить строкой следующего содержания:
      "88-1. Республиканский научно-методический центр агрохимической службы";
      3) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 "Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений":
      в лимитах штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений, утвержденных указанным постановлением:
      в строке, порядковый номер 6:
      в графе 3:
      в строке "Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан с учетом его территориальных органов и подведомственных ему государственных учреждений, в том числе:" цифры "11471" заменить цифрами "11621";
      в строке "Государственные учреждения, подведомственные Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан, в том числе:" цифры "5460" заменить цифрами "5610";
      дополнить строкой следующего содержания:
      "


Республиканский научно-методический центр
агрохимической службы

150

                                                               ";
      строку, порядковый номер 20, изложить в следующей редакции:
      "

20.

Агентство Республики Казахстан по управлению
земельными ресурсами с учетом его
территориальных органов

360

                                                              ".
      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 08.02.2013 № 109.
      3. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан совместно с Агентством Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.
      4. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2012 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов