"Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 692 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 1562 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 692 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында осы қаулыға қосымшаға сәйкес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталын ұлғайту немесе төлеу үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін 1842000000 (бір миллиард сегіз жүз қырық екі миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.».
      2) көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Барлығы» деген жолда «1 932 000» деген сандар «1 842 000» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 12-жолдың 4-бағанында «120000» деген сандар «30000» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июня 2011 года № 692 "О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2011 года № 1562

      В соответствии со статьей 20 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 23 июня 2011 года № 692 «О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан» внести следующие изменения:
      1) пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Выделить Агентству Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2011 год на неотложные затраты, средства в сумме 1842000000 (один миллиард восемьсот сорок два миллиона) тенге для перечисления акиматам областей, городов Астаны и Алматы в виде целевых трансфертов на развитие для увеличения или оплаты уставного капитала социально-предпринимательских корпораций, в целях проведения ремонтных работ общего имущества объектов кондоминиума согласно приложению к настоящему постановлению.»;
      2) в приложении к указанному постановлению:
      в строке «Всего» цифры «1 932 000» заменить цифрами «1 842 000»;
      в графе 4 строки, порядковый номер 12, цифры «120000» заменить цифрами «30000».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов