Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1601 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 4-3/610 бұйрығын қараңыз.


      «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының 7-бабының 3) тармақшасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2011 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1601 қаулысымен   
бекітілген       

Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) мақта өңдеу ұйымы – меншiк құқығында мақта тазалау зауыты бар, шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы қайта өңдеу жөнiнде қызметтер көрсететiн заңды тұлға;
      2) мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстары – тұқымдық мақсаттар үшiн пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының тұқым материалына қажеттiлiгiн тұрақты қамтамасыз ету үшiн құрылған және арналған мақта тұқымының мемлекеттiк қорлары;
      3) мамандандырылған ұйымдар – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1106 қаулысымен айқындалған отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін және оның терең қайта өңдеу өнімдерін сатып алуды, сондай-ақ оларды сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдар;
      4) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi.
      3. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану уәкiлеттi орган мен мамандандырылған ұйымдар арасында мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сенiмгерлік басқару шартын жасасу арқылы жүзеге асырылады.
      4. Мамандандырылған ұйымдар мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыруға, сақтауға және пайдалануға байланысты қызмет нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органға уәкiлеттi орган белгiлеген тiзбе, нысандар бойынша және мерзiмдерде есептiлік бередi.

2. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру

      5. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыруды уәкiлеттi орган мамандандырылған ұйымдар арқылы:
      1) республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен аттестатталған өндiрушiлерден мақта тұқымын сатып алу;
      2) бұрын берiлген тұқымдық несиелердi қайтару;
      3) мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сатудан түскен қаражатқа аттестатталған өндiрушiлерден мақта тұқымын сатып алу жолымен жүзеге асырады.
      6. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарына жеткiзiлетiн мақтаның сорттық тұқымы Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген сорттарға жатуы, ал сорттық және себу сапалары бойынша мына талаптарға жауап беруi тиiс:
      1) элита тұқымы – сорттық тазалықтың бiрiншi санаты және себу стандартының бiрiншi сыныбы;
      2) бiрiншi-екiншi көбейтiлген тұқым – сорттық тазалықтың екiншi санатынан және себу стандартының екiншi сыныбынан төмен емес.

3. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сақтау

      7. Мақтаның мемлекеттiк тұқым ресурстары мақта өңдейтiн ұйымдарда бүлiнуден, басқа дақылдармен және сорттармен араласып кетуден толық сақтауды қамтамасыз ететiн арнайы бөлiнген қоймаларда сақталады.
      8. Мамандандырылған ұйымдар мен мақта өңдеу ұйымдары мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарының сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз етедi.
      9. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сақтау жөнiндегi шығындар оны сатудан түскен қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
      10. Мақта өңдеу ұйымдары уәкiлеттi органға және мамандандырылған ұйымдарға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сақтау жөнiнде есеп бередi.

4. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын пайдалану

      11. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын пайдалануды тұқымдық несие беру және сату, сондай-ақ мақта өңдеу ұйымына мақта тұқымын сақтау жөнiндегi қызметке төленетiн ақы есебiнде беру арқылы мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
      12. Тұқымдық несиенi беру бөлiнетiн несие құнының 3 пайызын құрайтын мөлшердегi қайтару коэффициентiн ескере отырып, қайтарымдылық және коммерциялық негiзде жүргiзiледi.
      13. Тұқымдық несие алу үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер (бұдан әрі – АШТӨ) мамандандырылған ұйымдарға өтiнiш (қалаған нысанда), жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, АШТӨ-нің тұқым несиесін қайтару жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілдікті шығаруға әзір екендігі туралы ниет-хатын және Қазақстан Республикасының банктiк заңнамасына сәйкес ресiмделген екiншi деңгейдегi банктiң кепiлдiгiн тапсырады.
      Мамандандырылған ұйымдар тапсырылған құжаттарды он жұмыс күні ішінде қарайды.
      Оң шешім қабылданған жағдайда, мамандандырылған ұйымдар шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде АШТӨ-мен шарт жасасады, шартта АШТӨ-ге бір ай ішінде банктік кепілдік тапсыру көзделеді. Банктік кепілдік тапсырылғаннан кейін мамандандырылған ұйымдар оны екі жұмыс күні ішінде қарайды және үш жұмыс күні ішінде тұқымдық несие беру туралы өкім береді.
      Теріс шешім қабылданған жағдайда АШТӨ-ге бас тарту себебі көрсетіліп, дәлелді жауап жолданады.
      Тұқымдық несиенi беруден бас тарту жоғарыда көрсетілген құжаттардың толық болмау себептеріне байланысты болады.
      14. Тұқымдық несиенi қайтару ағымдағы жылғы өнiм мақтасының сорттық тұқымынан немесе несие беру шартында көрсетiлген мерзiмдерде шиттi мақтамен, мақтаның мемлекеттiк тұқым ресурстарын сақтауды жүзеге асыратын мақта өңдеу ұйымдарына жеткiзу арқылы жүзеге асырылады.
      15. Мақта тұқымын сату алдын ала төлем немесе Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкiнiң кепiлдiгi бар болған жағдайда жүзеге асырылады. Мақта тұқымын сатып алу кезiнде сатып алушылар мамандандырылған ұйымдарға сонымен қатар өтiнiштi (қалаған нысанда) және жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн тапсырады.
      16. Мақта тұқымын сақтау мерзiмi өткен жағдайда мамандандырылған ұйымдар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен айырбастау шарты негiзiнде мақтаның мемлекеттiк тұқым ресурстарын айырбастауды жүзеге асырады.
      17. Мамандандырылған ұйымдар уәкiлеттi органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарының болуы және қозғалысы жөнiнде ақпарат бередi.

Мақта тұқымының мемлекеттiк    
ресурстарын қалыптастыру, сақтау және
пайдалану қағидаларына      
1-қосымша             

Тоқсан сайын           
есептік тоқсан аяқталғаннан кейiн
25-күнi тапсырылады       

201 _ жылғы _____ тоқсандағы мақта тұқымының мемлекеттiк
ресурстарын сақтау жөніндегі
есеп

______________________________________________________
(мақтаны қайта өңдеу ұйымының атауы)

Р/с №

Дақыл

Сорт

Көлемi (тонна)

Есеп құны (мың теңге)

Сапалық құрамы және сипаттамасы

Кондициялық тұқым (тонна)

Сан аты

Репродукциясы

Себу стандартының сыныбы

Өнiмдiлiгi

Кондицияға жатпайтын тұқым (тонна)







1

2

3

элита

1

2

1

2

3






















































      Басшы ________________ _________________________________
                 (қолы)                   (Т.А.Ә.)

Мақта тұқымының мемлекеттiк    
ресурстарын қалыптастыру, сақтау және
пайдалану қағидаларына      
2-қосымша             

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрлiгiне
айына бiр рет 29-күнi    
мамандандырылған ұйым тапсырады

20_ жылғы «___» __________ мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарының болуы және қозғалысы

Мақтаны қайта өңдеу ұйымының атауы

20_ жылғы «___»______
мақта тұқымының
болуы

20_ жылғы
__ __ _____
есепті
кезеңдегі кiрiс

20_ жылғы
__ __ _____
есепті
кезеңдегі шығыс

20_ жылғы
«___»______
мақта тұқымының
болуы











      Басшы ________________ _________________________________
                  (қолы)                 (Т.А.Ә.)

      Орындаушы ________________ ______________________________
                     (қолы)               (Т.А.Ә.)

Об утверждении Правил формирования, хранения и использования государственных ресурсов семян хлопчатника

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года № 1601. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1108

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.12.2015 № 1108 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра сельского хозяйства РК от 07.07.2015 г. № 4-3/610.


      В соответствии с подпунктом 3) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О развитии хлопковой отрасли" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования, хранения и использования государственных ресурсов семян хлопчатника.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены          
постановлением Правительства
Республики Казахстан     
от 26 декабря 2011 года № 1601

Правила
формирования, хранения и использования
государственных ресурсов семян хлопчатника

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования, хранения и использования государственных ресурсов семян хлопчатника (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О развитии хлопковой отрасли" и определяют порядок формирования, хранения и использования государственных ресурсов семян хлопчатника.
      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) хлопкоперерабатывающая организация – юридическое лицо, имеющее на праве собственности хлопкоочистительный завод, оказывающее услуги по первичной переработке хлопка-сырца в хлопок-волокно;
      2) государственные ресурсы семян хлопчатника – государственные запасы семян хлопчатника, используемые для семенных целей, созданные и предназначенные для устойчивого обеспечения потребностей Республики Казахстан в семенном материале;
      3) специализированные организации – организации, осуществляющие закуп сельскохозяйственной продукции и продуктов ее глубокой переработки у отечественных производителей, а также услуг по их хранению, переработке и перевозке, определенные постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 2007 года № 1106;
      4) уполномоченный орган – Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан.
      3. Формирование, хранение и использование государственных ресурсов семян хлопчатника осуществляется посредством заключения между уполномоченным органом и специализированными организациями договора доверительного управления государственными ресурсами семян хлопчатника.
      4. Специализированные организации по результатам деятельности, связанной с формированием, хранением и использованием государственных ресурсов семян хлопчатника, представляют уполномоченному органу отчетность по перечню, формам и срокам, установленным уполномоченным органом.

2. Формирование государственных ресурсов семян хлопчатника

      5. Формирование государственных ресурсов семян хлопчатника осуществляется уполномоченным органом через специализированные организации путем:
      1) закупа семян хлопчатника у аттестованных производителей за счет средств республиканского бюджета;
      2) возврата ранее выданных семенных ссуд;
      3) закупа семян хлопчатника у аттестованных производителей на средства, вырученные от продажи государственных ресурсов семян хлопчатника.
      6. Сортовые семена хлопчатника, поставляемые в государственные ресурсы семян хлопчатника, должны принадлежать к сортам, включенным в  Государственный реестр селекционных достижений, допущенных к использованию в Республике Казахстан, а по сортовым и посевным качествам отвечать следующим требованиям:
      1) семена элиты – первой категории сортовой чистоты и первого класса посевного стандарта;
      2) семена первой-второй репродукций – не ниже второй категории сортовой чистоты и второго класса посевного стандарта.

3. Хранение государственных ресурсов семян хлопчатника

      7. Государственные ресурсы семян хлопчатника хранятся в хлопкоперерабатывающих организациях, в специально отведенных для этого хранилищах, обеспечивающих полную сохранность семян от порчи и засорения другими культурами и сортами.
      8. Специализированные организации и хлопкоперерабатывающие организации обеспечивают количественно-качественную сохранность государственных ресурсов семян хлопчатника.
      9. Расходы по хранению государственных ресурсов семян хлопчатника осуществляются за счет средств, полученных от их реализации.
      10. Хлопкоперерабатывающие организации предоставляют уполномоченному органу и специализированным организациям отчет по хранению государственных ресурсов семян хлопчатника по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

4. Использование государственных ресурсов семян хлопчатника

      11. Использование государственных ресурсов семян хлопчатника осуществляется специализированными организациями путем выдачи семенной ссуды и продажи, а также передачи хлопкоперерабатывающей организации семян хлопчатника в счет оплаты услуг по их хранению.
      12. Выдача семенной ссуды производится на возвратной и коммерческой основе с учетом коэффициента возврата, размер которого составляет 3 процента от стоимости выделяемой ссуды.
      13. Для получения семенной ссуды сельскохозяйственные товаропроизводители (далее – СХТП) подают в специализированные организации заявление (в произвольной форме), копию правоудостоверяющего документа на земельный участок, письмо-намерение банка второго уровня о готовности выпуска гарантии для обеспечения исполнения обязательств СХТП по возврату получаемой семенной суды и гарантию банка второго уровня Республики Казахстан.
      Специализированные организации рассматривают представленные документы в течение десяти рабочих дней.
      В случае положительного решения, в течение трех рабочих дней со дня принятия решения специализированными организациями заключаются с СХТП договора, предусматривающие предоставление в месячный срок СХТП банковской гарантии. После предоставление банковской гарантии специализированные организации рассматривают ее в течении двух рабочих дней и в течение трех дней выдают распоряжение о выдаче семенной ссуды.
      При отрицательном решении направляют СХТП мотивированный ответ с указанием причин отказа.
      Причинами отказа в получении семенной суды является неполное предоставление вышеуказанных документов.
      14. Возврат семенной ссуды осуществляется сортовыми семенами хлопчатника урожая текущего года либо хлопком-сырцом в сроки, указанные в договоре на выдачу ссуды, путем поставки их в хлопкоперерабатывающие организации, осуществляющие хранение государственных ресурсов семян хлопчатника.
      15. Продажа семян хлопчатника осуществляется при наличии предоплаты или гарантии банка второго уровня Республики Казахстан. При покупке семян хлопчатника покупатели предоставляют в специализированные организации также заявление (в произвольной форме) и копию правоудостоверяющего документа на земельный участок.
      16. По истечении срока хранения семян хлопчатника специализированные организации осуществляют обмен государственных ресурсов семян хлопчатника на основании договора мены в порядке, установленном Гражданским кодексом Республики Казахстан.
      17. Специализированные организации представляют в уполномоченный орган информацию по наличию и движению государственных ресурсов семян хлопчатника по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

Приложение 1          
к Правилам формирования, хранения
и использования государственных
ресурсов семян хлопчатника  

Ежеквартально          
представляется на 25-ый день после
окончания отчетного квартала  

Отчет
по хранению государственных ресурсов семян хлопчатника
за ____ квартал 201_ года
_____________________________________________________
(наименование хлопкоперерабатывающей организации)

№ п/п

Культура

Сорт

Объем (тонн)

Учетная
стоимость (тыс.тенге)





















      продолжение таблицы

Качественный состав и характеристика

Кондиционные
семена
(тонн)

Категория

Репродукция

Класс
посевного
стандарта

Всхожесть

Некондиционные
семена (тонн)


1

2

3

элита

1

2

1

2

3







































Руководитель ___________________ _____________________________
                 (подпись)                   (Ф.И.О.)

Приложение 2            
к Правилам формирования, хранения  
и использования государственных   
ресурсов семян хлопчатника     

Представляется          
специализированной организацией 
в Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан        
один раз в месяц на 29 число   

Наличие и движение государственных ресурсов семян хлопчатника
на "___" __________ 201_года

Наименование
хлопко-
перерабаты-
вающей
организации

Наличие
семян
хлопчатника
на
"___"_______
201_ г.

Приход за отчетный
период
с __ по ____
_________ 201_ г.

Расход за
отчетный
период
с ___ по ____
_________
201_ г.

Наличие семян
хлопатника на
"___" _______
201_ г.


























Руководитель __________________ __________________________
                  (подпись)               (Ф.И.О)
Исполнитель ___________________ _________________________
                  (подпись)               (Ф.И.О)