Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1657 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 23.07.2015 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 276-22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                        К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің            
2011 жылғы 30 желтоқсандағы 
№ 1657 қаулысымен     
бекітілген         

Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 276-22 және 276-23-баптарына сәйкес әзірленді және Кеден одағында тауарлар импорты кезінде Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті (бұдан әрі - Өтініш) кері қайтарып алу тәртібін айқындайды.
      2. Өтініш салық қызметі органдарынан салық төлеуші орналасқан(тұрғылыкты) орны бойынша салық органына табыс еткен салықтық өтініш негізінде кері қайтарып алуға жатады.
      3. Салық төлеуші осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті:
      1) қате табыс етілген Өтінішті кері қайтарып алынған;
      2) Өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар әкелінген ай өткенге дейін немесе одан кейін тиісті сапада болмауы және (немесе) жиынтықталмауы себебі бойынша мұндай тауарларды қайтару жүзеге асырылған кезде табыс етеді.
      4. Егер осындай Өтінішті табыс ету жөніндегі міндет Салық кодексінде көзделмеген жағдайда, Өтініш қате тапсырылған болып есептеледі.
      5. Өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
      1) жанама салықтардың сомасын есептеу үшін салық базасының мөлшеріне әсер етпейтін Өтініште көрсетілген мәліметтер өзгерген және толықтырылған;
      2) жанама салықтардың сомасын есептеу үшін салық базасының мөлшеріне әсер ететін Өтініште көрсетілген мәліметтер өзгерген және толықтырылған жағдайларда жүзеге асырылады.

2. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу тәртібі

      6. Салық төлеушінің Өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізуі бір мезгілде жаңа Өтінішті табыс ете отырып, бұрын табыс етілген Өтінішті кері қайтарып алу арқылы жүргізіледі.
      Бұл ретте салық органының жаңа Өтінішті тіркеуі ағымдағы күнмен жүргізіледі, ал салықтық бақылау шараларын қолдану және жанама салықтарды төлеу мерзімін айқындау мақсатында кері қайтарылатын Өтінішті қабылдау күні жаңа Өтінішті табыс ету күні болып танылады.
      7. Өтінішті кері қайтарып алу үшін салық төлеуші салық органына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтініш тапсырады.
      8. Қате табыс етілген Өтініш кері қайтарып алынған кезде салық төлеушінің дербес шоттарында жанама салықтардың есептелген сомаларын түзетуді салық органы:
      1) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны кері қайтарып алу арқылы осындай импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда қате табыс етілген Өтініш көрсетілген;
      2) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияны табыс ету арқылы импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда бірнеше Өтініштер, оның ішінде қате табыс етілген Өтініш көрсетілген жағдайларда жүргізеді.
      9. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты Өтінішті кері қайтару кезінде салық төлеуші салық органына Салық кодексінің 276-20-бабы 3-тармағының 3)4)5)7) және 8) тармақшаларында көзделген енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың негізділігін растайтын құжаттарды табыс етеді.
      10. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар әкелінген ай өткенге дейін тиісті сапада болмауы және (немесе) жиынтықталмауы себебі бойынша мұндай тауарларды қайтару жүзеге асырылған кезде өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты Өтініш кері қайтарылған жағдайда осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген құжаттармен қатар Салық кодексінің 276-23-бабының 3-тармағында көзделген енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың негізділігін растайтын құжаттар табыс етіледі.
      11. Салық төлеуші осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген негіздер (Өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты) бойынша Өтінішті кері қайтарып алу үшін салықтық өтінішпен бір мезгілде импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияны табыс етеді.
      12. Өтініш кері қайтарып алынған жағдайда салық төлеушінің дербес шоттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында салық органы осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларация негізінде жанама салықтардың тиісті сомасын есептеуді (азайтуды) жүргізеді.
      13. Салық төлеушінің:
      1) салықтық тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген қосылған құн салығы және акциздер бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде - тексерілетін салық кезеңінің;
      2) салық төлеушінің шағымында көрсетілген қосылған құн салығы және акциздер бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағымды беру және оны қарау мерзімі кезеңінде - шағым жасалатын салық кезеңінің Өтінішіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

      

    

Об утверждении Правил отзыва заявления о ввозе товаров и уплате косвенных налогов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2011 года № 1657. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 июля 2015 года № 573

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.07.2015 № 573 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 276-22 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс) Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила отзыва заявления о ввозе товаров и уплате косвенных налогов.
      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2012 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 30 декабря 2011 года № 1657

Правила отзыва заявления
о ввозе товаров и уплате косвенных налогов

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила отзыва заявления о ввозе товаров и уплате косвенных налогов (далее — Правила) разработаны в соответствии со статьями 276-22 и 276-23 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс) и определяют порядок отзыва Заявления о ввозе товаров и уплате косвенных налогов (далее - Заявление) при импорте товаров в Таможенном союзе.
      2. Заявление подлежит отзыву из органов налоговой службы на основании налогового заявления, представленного налогоплательщиком в налоговый орган по месту нахождения (жительства).
      3. Налогоплательщик представляет налоговое заявление, указанное в пункте 2 настоящих Правил, в случаях:
      1) отзыва ошибочно представленного Заявления;
      2) внесения изменений и дополнений в Заявление, в том числе при осуществлении возврата товаров, импортированных на территорию Республики Казахстан с территории государств-членов Таможенного союза по причине ненадлежащего качества и (или) некомплектности, до и после истечения месяца, в котором такие товары ввезены.
      4. Заявление считается ошибочно представленным в случае, если обязанность по представлению такого Заявления Налоговым кодексом не предусмотрена.
      5. Внесение изменений и дополнений в Заявление осуществляется в случаях:
      1) изменения и дополнения сведений, указанных в Заявлении, не влияющих на размер налоговой базы для исчисления сумм косвенных налогов;
      2) изменения и дополнения сведений, указанных в Заявлении, влияющих на размер налоговой базы для исчисления сумм косвенных налогов.

2. Порядок отзыва Заявления о ввозе товаров и
уплате косвенных налогов

      6. Внесение изменений и дополнений в Заявление налогоплательщиком производится путем отзыва ранее представленного Заявления с одновременным представлением нового Заявления.
      При этом регистрация нового Заявления налоговым органом производится текущей датой, а в целях принятия мер налогового контроля и определения срока уплаты косвенных налогов датой представления нового Заявления признается дата приема отзываемого Заявления.
      7. Для отзыва Заявления налогоплательщик представляет в налоговый орган налоговое заявление по форме согласно приложению к настоящим Правилам.
      8. При отзыве ошибочно представленного Заявления в лицевых счетах налогоплательщика сторнирование начисленных сумм косвенных налогов производится налоговым органом в случаях:
      1) отражения в декларации по косвенным налогам по импортированным товарам ошибочно представленного Заявления - путем отзыва такой декларации по косвенным налогам по импортированным товарам;
      2) отражения в декларации по косвенным налогам по импортированным товарам нескольких Заявлений, в том числе ошибочно представленного Заявления, - путем представления дополнительной декларации по косвенным налогам по импортированным товарам.
      9. При отзыве Заявления в связи с внесением изменений и дополнений, налогоплательщик представляет в налоговый орган документы, предусмотренные подпунктами 3)4), 5), 7) и 8) пункта 3 статьи 276-20 Налогового кодекса, подтверждающие обоснованность вносимых изменений и дополнений.
      10. В случае отзыва Заявления в связи с внесением изменений и дополнений при осуществлении возврата товаров, импортированных на территорию Республики Казахстан с территории государств-членов Таможенного союза по причине ненадлежащего качества и (или) некомплектности, до истечения месяца, в котором такие товары ввезены, помимо документов, предусмотренных пунктом 9 настоящих Правил, предоставляются документы, предусмотренные пунктом 3 статьи 276-23 Налогового кодекса, подтверждающие обоснованность вносимых изменений и дополнений.
      11. Налогоплательщик для отзыва Заявления по основаниям, предусмотренным пунктом 5 настоящих Правил (в связи с внесением изменений и дополнений в Заявление), одновременно с налоговым заявлением представляет дополнительную декларацию по косвенным налогам по импортированным товарам.
      12. В случае отзыва Заявления с целью внесения изменений и дополнений в лицевых счетах налогоплательщика налоговым органом производится начисление (уменьшение) соответствующих сумм косвенных налогов на основании дополнительной декларации по косвенным налогам по импортированным товарам, предусмотренной пунктом 11 настоящих Правил.
      13. Не допускается внесение налогоплательщиком изменений и дополнений в Заявление:
      1) проверяемого налогового периода - в период проведения комплексных проверок и тематических проверок по налогу на добавленную стоимость и акцизам, указанным в предписании на проведение налоговой проверки;
      2) обжалуемого налогового периода - в период срока подачи и рассмотрения жалобы на уведомление о результатах налоговой проверки и (или) решение вышестоящего органа налоговой службы, вынесенное по результатам рассмотрения жалобы на уведомление, с учетом восстановленного срока подачи жалобы по налогу на добавленную стоимость и акцизам, указанным в жалобе налогоплательщика.