Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 1 Нормативтік қаулысы.

      Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын сот практикасында қолдану кезінде туындайтын мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      қаулы етеді:

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 785-бабының бірінші және екінші бөліктерімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары (бұдан әрі – қамтамасыз ету шаралары) әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеудің айрықша құралдары болып табылады. Оларды уәкілетті лауазымды адам өзінің өкілеттіктері шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасағаны үшін сезікті болған адамның жеке басын анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы әкімшілік құқық бұзушылық жасалған, адамдардың өміріне немесе денсаулығына тікелей қауіпті, аварияны немесе техногендік апатты болдырмаған жерде жерде жасау мүмкін болмағанда және осындай шараларды қабылдамау істің мән-жайларын уақтылы, жан-жақты, толық және объективті анықтауға, оны заңға сәйкес шешуге, шығарылған қаулыны орындауды қамтамасыз етуге кедергі келтіретін жағдайда қолданады.

      Қамтамасыз ету шаралары әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанға дейін (жеке тексеріп қараудан, жеке адамның заттарын тексеріп қараудан басқа), іс бойынша өндіріс кезінде және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны орындау сатысында қолданылуы мүмкін.

      Қамтамасыз ету шараларын қолдану заңды болуға, парасаттылық, қажеттілік және жеткіліктілік өлшемдеріне сай келуге тиіс. ӘҚБтК-нің 785-бабында көрсетілген қамтамасыз ету шараларының әрқайсысы жеке немесе егер қажеттілікке байланысты болса басқа шаралармен бір мезгілде қолданылуы мүмкін.

      Өзіне қатысты қолданылған қамтамасыз ету шараларына адам жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) ӘҚБтК-нің 44-тарауымен көзделген тәртіппен шағымдана алады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.12.2023 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге жеткiзу құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, адам ӘҚБтК-нің 786-бабы бірінші бөлігінің 1), 3), 4), 5), 7) тармақшаларында және екінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған жағдайларда егер хаттаманың жасалуы не қорғау нұсқамасының шығарылуы мiндеттi бола тұра оларды сол болған жерiнде жасау мүмкiн болмаса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау не қорғау нұсқамасын шығару мақсатында жеке адамды, заңды тұлғаның өкілін, лауазымды адамды, сондай-ақ көлік құралдарын, кемені және құқық бұзушылық жасаудың басқа да құралдарын мәжбүрлеп алып келуді білдіреді.

      Аталған қамтамасыз ету шарасын қолдану үшін әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалу фактісі туралы объективті деректердің және өзіне қатысты осы шара қолданылып отырған адамның құқық бұзушылықты жасағаны туралы негізді болжамның болуы негіз болып табылады. Құқық бұзушының мемлекеттік орган өкілдерінің әкімшілік құқық бұзушылықты жасауды тоқтатуы туралы заңды талаптарына немесе өкімдеріне бағынудан бас тартуы қосымша негіздердің бірі болып табылады.

      Аталған қамтамасыз ету шарасын өзге жағдайларда қолдануға жол берілмейді.

      Прокурордың тапсырмалары немесе ӘҚБтК-нің 786-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген жағдайда жеке адамды жеткізу туралы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттаманы толтыруға уәкілетті лауазымды адамдардың өтініштері жазбаша түрде ресімделуге тиіс.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      3. Жеке тұлғаның, заңды тұлға өкілінің, лауазымды адамның жеке бас бостандығынан, атап айтқанда, белгілі бір уақыт ішінде арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, іс-әрекет және жүріп-тұру бостандығынан қысқаша мерзімге шектеуді әкiмшiлiк ұстау деп түсінген жөн.

      Осы қамтамасыз ету шарасы ӘҚБтК-нің 787-бабында көрсетілген жағдайларда құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында ғана қолданылады.

      Аталған қамтамасыз ету шарасын әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау, құжаттарды тексеру, адамның жеке басын анықтау және т.б. мақсатында қолдануға болмайды.

      Әкімшілік ұстау мерзімдері және оларды есептеу тәртібі ӘҚБтК-нің 789-бабымен белгіленген.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      4. Алып келу – өзіне қатысты әкімшілік іс бойынша іс жүргізіліп жатқан жеке адамды немесе заңды тұлғаның өкілін, әкімшілік жауапқа тартылып отырған кәмелетке толмағанның заңды өкілін, осы адамдар судьяның немесе органның (лауазымды адамның) шақыртуы бойынша келуден жалтарған жағдайда оларды әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан сотқа немесе органға мәжбүрлеп алып келуді білдіреді. Алып келуді әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негізінде ішкі істероргандары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі, экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады. Ұйғарымның көшірмесі алып келуге жататын адамға тапсырылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4-1. Күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарылғанға дейін сот, іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын орган адамның келмеу себептерін (шақыру қағазын табыс ету туралы қолхаттың болуын, адамды хабардар етуді ӘҚБтК-нің 743-бабында санамаланған тәсілдермен растайтын өзге де дәлелдемелер), келмеудің дәлелді себептерінің бар екендігін куәландыратын құжаттарды тексеруге міндетті.

      Күштеп әкелу туралы ұйғарымда ӘҚБтК-нің 822-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шарасын қолдану негіздері қамтылуы тиіс.

      Күштеп әкелу туралы ұйғарымды орындауды уәкілетті органның лауазымды адамы ұйғарымда баяндалған күштеп әкелу жүзеге асырылатын адам туралы мәліметтерге сәйкес жүзеге асырады. Күштеп әкелу туралы ұйғарымды орындау мүмкін болмаған жағдайда (мысалы, осы адамды немесе оның болатын жерін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтердің болмауы) лауазымды адам бұл туралы күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарған сотқа не мемлекеттік органға (лауазымды адамға) дереу хабарлауға міндетті.

      Күштеп әкелу түнгі уақытта жүргізілмейді.

      Тиісті медициналық қорытындымен куәландыруға жататын денсаулық жағдайы бойынша өзiнiң жатқан орнынан кете алмайтын немесе кетпеуге тиiс адамдар күштеп әкелінуге жатпайды.

      Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      5. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      6. Жеке адамды тексеріп қарау, жеке адамның заттарын тексеріп қарау және көлік құралын, шағын көлемдi кеменi тексерiп қарау әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайда ғана әкiмшiлiк құқық бұзушылық құралдарын не нысаналарын табу мақсатында жүргiзiледi. Аталған қамтамасыз ету шараларын басқа жағдайларда қолдануға болмайды.

      Осы қамтамасыз ету шараларын ӘҚБтК-нің 787-бабында көрсетілген лауазымды адамдар ӘҚБтК-нің 791 және 792-баптарының талаптарын сақтай отырып қолданады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      7. Тексеру түріндегі қамтамасыз ету шарасы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың iздерiн, өзге де материалдық объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында қолданылады. Істің мән-жайына қарай сол көлік құралдары, жер, заттар, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарлар, құжаттар, тiрi адамдар тексерілуі мүмкін.

      Тексерудің жалпы ережелері ӘҚБтК-нің 794-бабымен белгіленген.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      8. Егер құқық бұзушылық құралы не нысанасы болып табылатын құжаттар мен заттар, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарлар, құқық бұзушылық жасалған жерде не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану кезінде табылса оларды алуға болады.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану кезінде құжаттар мен заттарды, Қазақстан Республикасының аумағына импортталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізілетін тауарлар алуды тиісті лауазымды адамдар ӘҚБтК-нің 795, 799-баптарымен көзделген тәртіпте жүзеге асырады.

      Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алынған құжаттар іс бойынша қабылданған қаулы орындалғанға дейін оны алып қоюды жүргізген органда сақталады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарына жүргізуші куәлігінің көшірмесі (жүргізуші куәлігінің нысанына қарамастан) қоса тіркелуге тиіс.

      Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін алып қою ӘҚБтК-нің 797-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген бұзушылықтар жасалған кезде ӘҚБтК-нің 795-бабының талаптарын сақтай отырып жүргізіледі. Әкімшілік айыппұлды өндіріп алу туралы қаулыны орындау мақсатында көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін алып қоюды жүргізуге тыйым салынады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.12.2023 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      9. Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені жүргiзушi адам алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю жағдайында болған деп есептеуге жеткiлiктi негiздер болған кезде, көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету түрінде іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шарасы ӘҚБтК-нің 796-бабымен көзделген тәртіппен қолданылуға тиіс.

      Уәкілетті лауазымды адамның көлік құралын, шағын көлемді кемені жүргiзушi адамның алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю белгілерін тікелей анықтауы, сондай-ақ олардың алкогольді немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарды қабылдауы туралы мәлімдемелер, хабарламалар, олардың осы заттарды қабылдағанын мойындауы аталған қамтамасыз ету шарасын қолдануға негіз болатын жеткілікті деректер болып табылады.

      Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттетiлген адам масаю жағдайын куәландыруға жатады.

      Көлік құралын, шағын көлемді кемені жүргiзушi адам куәландырудан жалтарған кезде әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде толтырылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада, куәландыру актісінде ол туралы белгі жасалады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 528 қаулысымен бекітілген Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу ережесiнің 14-тармағы).

      Өзге жағдайларда аталған шара қолданылуға жатпайды.

      Көлік құралын кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi жүргізуден шеттетілген адам аталған қамтамасыз ету шарасын қолдану мәселесі бойынша өзінің түсініктемелерін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада беруге құқылы.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      10. ӘҚБтК-нің 797-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде көрсетілген баптың екінші бөлігінде аталған уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралдарын, кемелерді, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi уақытша сақтау үшiн оларды арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне iргелес жатқан алаңдарға жеткізу, оның iшiнде басқа да көлiк құралын (эвакуаторды), кеменi немесе шағын көлемдi кеменi пайдалана отырып жеткiзу арқылы, кідірту себептерi жойылғанға дейiн кідіртуге, жеткiзуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы.

      Көлiк құралын уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе көлікті бақылаудың тұрақты бекетінің жанындағы алаңдарға жеткiзу (эвакуациялау) көлiк құралдарын жүргiзушiлер тоқтау немесе тоқтап тұру ережелерiн бұзған және өздерi сол жерде болмаған жағдайларда, сондай-ақ жүргiзушiлердiң қайда екенiн анықтау мүмкiн болмаса, олар жолда қараусыз қалдырған көлiк құралдарына қатысты да қолданылуы мүмкiн.

      Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу туралы акт жасалады, ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса тiркеледi және аталған қамтамасыз ету шаралары өзіне қатысты қолданылған адамға тапсырылады.

      Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстау және (немесе) олардың пайдаланылуына тыйым салу түріндегі шаралар ұстаудың және (немесе) тыйым салудың себептері жойылғанға дейін күшінде болады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 07.12.2023 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      11. Егер жеке адамның алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю фактісін анықтаудың істі дұрыс шешу үшін мәні болса ғана, іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шарасы түрінде жеке адамның сондай күйін медициналық куәландыру қолданылады.

      12. Заңды тұлғаға қатысты іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары ӘҚБтК-нің 785-бабының екінші бөлігімен белгіленген. Осындай шараларды қолдану тәртібі ӘҚБтК-нің 798, 799, 800 және 801-баптарындаанықталған.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.

      13. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      14. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      15. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      16. Уәкілетті лауазымды адам іс бойынша қабылданған қаулыны орындауды қамтамасыз ету мақсатында және көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауға әкеп соқтыратын әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ғана өзінің өкілеттігінің шегінде жүргізуші куәлігін алуға құқылы.

      17. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      18. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      19. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      20. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      21. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      22. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Б. Бекназаров

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Д. Нұралин


О применении мер обеспечения производства по делам об административных правонарушениях

Нормативное Постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 9 апреля 2012 года № 1.

      Сноска. Заголовок в редакции нормативного постановления Верховного суда РК от 25.11.2016 № 11.

      В связи с возникающими вопросами при применении в судебной практике мер обеспечения производства по делам об административных правонарушениях пленарное заседание Верховного Суда Республики Казахстан

      Сноска. Преамбула с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного суда РК от 25.11.2016 № 11.

      постановляет:

      1. Меры обеспечения производства по делу об административном правонарушении (далее – меры обеспечения), предусмотренные частями первой и второй статьи 785 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях (далее – КоАП), представляют собой специфические средства административно-правового принуждения. Они применяются уполномоченными должностными лицами в пределах своих полномочий в целях пресечения административного правонарушения, установления личности подозреваемого в его совершении, составления протокола об административном правонарушении, когда невозможно его составление на месте совершения административного правонарушения предотвращения непосредственной угрозы жизни или здоровью людей, угрозы аварии или техногенных катастроф, и в случаях, когда непринятие таких мер воспрепятствует своевременному, всестороннему, полному и объективному выяснению обстоятельств дела, разрешению его в соответствии с законом, обеспечению исполнения вынесенного постановления.

      Меры обеспечения могут применяться в связи с совершением административного правонарушения до возбуждения дела об административном правонарушении (кроме личного досмотра, досмотра вещей, находящихся при физическом лице), в период производства по делу и на стадии исполнения постановления по делу об административном правонарушении.

      Применение мер обеспечения должно быть правомерным, отвечать критериям разумности, необходимости и достаточности. Каждая из перечисленных в статье 785 КоАП мер обеспечения может применяться отдельно или одновременно с другими мерами, если это вызвано необходимостью.

      Меры обеспечения могут быть обжалованы лицом, в отношении которого они приняты, в вышестоящий орган (вышестоящему должностному лицу), в суд в порядке, предусмотренном главой 44 КоАП.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 25.11.2016 № 11; от 07.12.2023 № 5 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      2. Доставление к месту составления протокола об административном правонарушении выражается в принудительном препровождении физического лица, представителя юридического лица, должностного лица, а также транспортного средства, судна и других орудий совершения правонарушения в целях пресечения правонарушения, установления личности правонарушителя, а также составления протокола об административном правонарушении либо вынесения защитного предписания при невозможности составить их на месте, если составление протокола либо защитного предписания является обязательным в случаях совершения лицом правонарушений, предусмотренных подпунктами 1), 3), 4), 5), 7) части первой и частью второй статьи 786 КоАП.

      Основанием для применения указанной меры обеспечения является наличие объективных данных о факте совершения административного правонарушения и обоснованного предположения о совершении его тем лицом, в отношении которого она применяется. Одним из дополнительных оснований является отказ нарушителя подчиниться законным требованиям или распоряжениям представителей государственных органов о прекращении совершения административного правонарушения.

      В иных случаях применение указанной меры обеспечения не допускается.

      Поручения прокурора или просьбы должностных лиц, уполномоченных составлять протоколы об административных правонарушениях о доставлении физического лица, в случае, предусмотренном подпунктом 8) части первой статьи 786 КоАП, должны быть оформлены в письменном виде.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 25.11.2016 № 11.

      3. Под административным задержанием следует понимать кратковременное ограничение личной свободы физического лица, представителя юридического лица, должностного лица, в частности, свободы действия и передвижения с принудительным содержанием в специальном помещении в течение определенного времени.

      Названная мера обеспечения применяется в случаях, перечисленных в статье 787 КоАП, только с целью пресечения правонарушения или обеспечения производства.

      Применение указанной меры обеспечения с целью составления протокола об административном правонарушении, проверки документов, установления личности и т. д. не допускается.

      Сроки административного задержания и порядок их исчисления установлены статьей 789 КоАП.

      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 25.11.2016 № 11.

      4. Привод – это принудительное препровождение физического лица либо представителя юридического лица, в отношении которых ведется производство по административному делу, представителя несовершеннолетнего лица, привлекаемого к административной ответственности, в суд или орган, рассматривающий дело об административном правонарушении, в случае уклонения этих лиц от явки по вызову судьи или органа (должностного лица). Привод осуществляется органами внутренних дел, антикоррупционной службой, службой экономических расследований на основании определения судьи, органа (должностного лица), рассматривающего дело об административном правонарушении. Копия определения вручается лицу, подвергнутому приводу.

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      4-1. До вынесения определения о приводе суд, орган осуществляющий производство по делу, обязаны проверить причины неявки лица (наличие расписки о вручении повестки, иные доказательства, подтверждающие извещение лица способами, перечисленными в статье 743 КоАП), документы, свидетельствующие о наличии уважительных причин неявки).

      Определение о приводе должно содержать сведения, указанные в подпунктах 1), 2), 3), 5), 6), 7) и 8) части первой статьи 822 КоАП, а также основания применения меры обеспечения производства по делу.

      Исполнение определения о приводе осуществляется должностным лицом уполномоченного органа в соответствии со сведениями о лице, в отношении которого осуществляется привод, изложенными в определении. В случае невозможности исполнения определения о приводе (например, отсутствие сведений, позволяющих установить это лицо или место его пребывания) должностное лицо обязано незамедлительно известить об этом суд либо государственный орган (должностное лицо), вынесшие определение о приводе.

      Привод не может производиться в ночное время.

      Не подлежат приводу лица, которые по состоянию здоровья не могут или не должны оставлять место своего пребывания, что подлежит удостоверению соответствующим медицинским заключением.

      Сноска. Нормативное постановление дополнено пунктом 4-1 в соответствии с нормативным постановлением Верховного Суда РК от 07.12.2023 № 5 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      5. Исключен нормативным постановлением Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      6. Личный досмотр, досмотр вещей, находящихся при физическом лице, и досмотр транспортного средства, маломерного судна производится только в случае совершения административного правонарушения в целях обнаружения орудий либо предметов совершения административного правонарушения. Применение указанных мер обеспечения в других случаях не допускается.

      Данные меры обеспечения применяются должностными лицами, указанными в статье 787 КоАП, с соблюдением требований статей 791 и 792 КоАП.

      Сноска. Пункт 6 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      7. Мера обеспечения в виде осмотра применяется с целью выявления следов административного правонарушения, иных материальных объектов, а также обстоятельств, имеющих значение для составления протокола об административном правонарушении. В зависимости от обстоятельств дела осмотру могут подвергаться транспортные средства, местность, предметы, товары, импортированные на территорию Республики Казахстан, а также перемещаемые по территории Республики Казахстан, документы, живые лица.

      Общие правила осмотра определены статьей 794 КоАП.

      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 25.11.2016 № 11.

      8. Изъятие документов и вещей, товаров, импортированных на территорию Республики Казахстан, а также перемещаемых по территории Республики Казахстан, являющихся орудием либо предметом правонарушения допускается, если они обнаружены на месте совершения правонарушения либо при применении мер обеспечения производства по делу об административном правонарушении.

      Изъятие документов и вещей, товаров, импортированных на территорию Республики Казахстан, а также перемещаемых по территории Республики Казахстан, при применении мер обеспечения производства по делу об административном правонарушении, осуществляется соответствующими должностными лицами в порядке, предусмотренном статьями 795, 799 КоАП.

      По делам об административных правонарушениях на транспорте, в дорожном хозяйстве изъятые документы хранятся в органе, производившем его изъятие, до исполнения принятого по делу постановления. К материалам дела об административном правонарушении должна быть приобщена копия водительского удостоверения (независимо от формы водительского удостоверения).

      Изъятие государственных регистрационных номерных знаков транспортных средств производится с соблюдением требований статьи 795 КоАП при совершении нарушений, указанных в подпункте 3) части первой статьи 797 КоАП. Запрещается производить изъятие государственных регистрационных номерных знаков транспортных средств с целью исполнения постановления о взыскании административного штрафа.

      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 25.11.2016 № 11; от 07.12.2023 № 5 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      9. Мера обеспечения производства по делу в виде отстранения от управления транспортным средством, судном, в том числе маломерным судном подлежит применению в порядке, предусмотренном статьей 796 КоАП, при наличии достаточных оснований полагать, что лицо, управляющее транспортным средством, судном, в том числе маломерным судном, находится в состоянии алкогольного, наркотического, токсикоманического опьянения.

      Достаточными данными, дающими основания для применения указанной меры обеспечения, является непосредственное выявление уполномоченным должностным лицом признаков алкогольного, наркотического, токсикоманического опьянения, а также заявления, сообщения об употреблении водителями, судоводителями алкоголя или психоактивных веществ, их признание в употреблении этих веществ.

      Лицо, отстраненное от управления транспортным средством, судном, в том числе маломерным судном, подлежит освидетельствованию на состояние опьянения.

      При уклонении водителя, судоводителя от освидетельствования в протоколе об административном правонарушении, акте освидетельствования, составленных на месте совершения административного правонарушения, делается отметка об этом (пункт 14 Правил направления для освидетельствования на состояние опьянения, освидетельствования на состояние опьянения и оформления его результатов, утвержденных Постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2003 года № 528).

      В иных случаях указанная мера применению не подлежит.

      Лицо, отстраненное от управления транспортным средством, судном, в том числе маломерным судном, вправе дать свои объяснения по вопросу применения указанной меры обеспечения в протоколе об административном правонарушении.

      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 25.11.2016 № 11.

      10. При совершении административных правонарушений, указанных в части первой статьи 797 КоАП, уполномоченные должностные лица, перечисленные в части второй указанной статьи, вправе задерживать, доставлять и запрещать эксплуатацию транспортных средств, судов, в том числе маломерных судов, путем доставки их для временного хранения на специальные площадки, стоянки или площадки, прилегающие к стационарному посту транспортного контроля, в том числе с использованием другого транспортного средства (эвакуатора), судна или маломерного судна, до устранения причин задержания.

      Доставление (эвакуация) транспортного средства для их временного хранения на специальных площадках, стоянках или площадках, прилегающих к стационарному посту транспортного контроля также может быть применено в случаях нарушения водителями транспортных средств правил остановки или стоянки в их отсутствие, а также к транспортным средствам, оставленным водителями на дороге без присмотра, когда установить их местонахождение не представляется возможным.

      О задержании, доставлении и запрещении эксплуатации транспортного средства, судна в том числе маломерного судна составляется акт, который приобщается к протоколу об административном правонарушении и вручается лицу, в отношении которого приняты указанные меры обеспечения.

      Меры обеспечения в виде задержания и (или) запрещения эксплуатации транспортных средств, судов, в том числе маломерных судов сохраняют свое действие до устранения причин задержания и (или) запрещения эксплуатации.

      Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 25.11.2016 № 11; от 07.12.2023 № 5 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      11. Медицинское освидетельствование физического лица на состояние алкогольного, наркотического или токсикоманического опьянения в качестве меры обеспечения производства по делу применяется лишь в случае, если установление такого факта имеет значение для правильного разрешения дела.

      12. Меры обеспечения производства по делу в отношении юридического лица установлены частью второй статьи 785 КоАП. Порядок применения таких мер определен в статьях 798, 799, 800 и 801 КоАП.

      Сноска. Пункт 12 с изменениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 25.11.2016 № 11.

      13. Исключен нормативным постановлением Верховного суда РК от 25.11.2016 № 11.

      14. Исключен нормативным постановлением Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      15. Исключен нормативным постановлением Верховного суда РК от 25.11.2016 № 11.

      16. Уполномоченное должностное лицо вправе, в пределах своих полномочий, изъять водительское удостоверение в целях обеспечения исполнения принятого по делу постановления и только за совершение административного правонарушения, влекущего назначение взыскания в виде лишения права управления транспортным средством.

      17. Исключен нормативным постановлением Верховного суда РК от 25.11.2016 № 11.

      18. Исключен нормативным постановлением Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      19. Исключен нормативным постановлением Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      20. Исключен нормативным постановлением Верховного суда РК от 25.11.2016 № 11.

      21. Исключен нормативным постановлением Верховного суда РК от 24.12.2014 № 3 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      22. Согласно статье 4 Конституции Республики Казахстан настоящее нормативное постановление включается в состав действующего права, а также является общеобязательным и вводится в действие со дня официального опубликования.

Председатель


Верховного Суда


Республики Казахстан


Судья Верховного Суда


Республики Казахстан,


секретарь пленарного заседания

Б.Бекназаров