Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 293 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж„ № 14, 105-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық іскерлік операциялары мәмілелер мониторингіне жататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тізбесінде:
3-бағандағы "ҚР СЭҚ ТН коды" деген сөздер "КО СЭҚ БТН коды" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 |
Мұнай және мұнай өнімдері: |
||
Шикі мұнай |
2709 00 900 |
||
Газ конденсаты |
2709 00 100 |
||
Жеңіл дистилляттар (бензин) |
2710 12, |
||
Ауыр дистилляттар (газойлдер) |
2710 19 310 0, |
||
Ауыр дистилляттар (мазут) |
2710 19 620 1-2710 19 680 9, 2710 20 310 1 -2710 20 390 9 |
";
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 |
Түсті металдар: |
||
Мыс |
7402 00 000 0, |
||
Қорғасын |
7801 10 000 0-7801 99 900 0 |
||
Мырыш |
7901 11000 0-7901 20 000 0 |
||
Тантал және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалатын бұйымдар |
8103 |
||
Магний және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалатын бұйымдар |
8104 |
||
Титан және қалдықтары мен сынықтарын қоса алғанда, одан жасалатын бұйымдар |
8108 |
";
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 |
Бағалы металдар: |
|
Алтын |
7108 11 000 0, |
|
Күміс |
7106 10 000 0, |
";
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 Бидай және меслин |
1001 |
";
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов