Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазан қаласында (Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының Президенті
ЖАРЛЫҚ Қазан қаласында (Ресей Федерациясы)
Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазан қаласында (Ресей Федерациясы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын
қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев