Электр немесе жылу желілеріне қосудың және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосудың ең таяу нүктелерін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 119 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Электр немесе жылу желілеріне қосудың және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосудың ең таяу нүктелерін айқындау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2012 жылғы 19 қаңтардағы  
№ 119 қаулысымен   
бекітілген       

Электр немесе жылу желілеріне қосудың және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосудың ең таяу нүктелерін айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Электр немесе жылу желілеріне қосудың және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосудың ең таяу нүктелерін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі (бұдан әрі - Заң), "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және электр немесе жылу желілеріне қосатын және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосатын ең таяу нүктені айқындау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жылу желілеріне қосудың ең таяу нүктесі - жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіден жылумен жабдықтаудың жалпы желісінде жылу тасымалдағыштың параметрлеріне сәйкес келетін параметрлермен елді мекенді жылумен жабдықтаудың жалпы жүйесіне құбыр ойығының ең таяу нүктесі;
      2) электр желілеріне қосудың ең таяу нүктесі - энергия беруші ұйымның кернеу класы бойынша сәйкес келетін жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым энергетикалық қондырғысының электр желілерімен нақты қосылатын ең таяу жері;
      3) қолданыстағы электр немесе жылу желілерін нығайту - электр немесе жылу желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жаңа объектіні қосқан кезде энергия беруші ұйым өткізетін, электр және жылу желілерінің техникалық жай-күйі тұрғысынан талап етілетін және техникалық шарттар негізінде өткізілетін бірқатар іс-шаралар;
      4) жүйелік оператор - орталықтандырылған жедел диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша беруді, оған техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұйым;
      5) тапсырыс беруші (инвестор) - жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні салу жобасын іске асыруға ниет білдірген және (немесе) кіріскен тұлға;
      6) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiсi - жаңартылатын энергия көздерiн пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және олармен өзара байланысты жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні пайдалануға беру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектінің меншік иесінің теңгеріміндегі құрылыстар мен инфрақұрылым.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.01.2014 № 36 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2-1. Жаңадан салынған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер, сондай-ақ пайдалануға берілу мерзіміне қарамастан, реконструкцияланған объектілер кернеу класы бойынша немесе жылумен жабдықтаудың жалпы желісіндегі жылу тасымалдағыштың параметрлеріне сәйкес келетін энергия беруші ұйымның электр немесе жылу желілерінің ең таяу нүктесіне қосылады.
      Ескерту. Қағида 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2014 № 36 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Электр желілеріне қосудың ең таяу нүктесін айқындау тәртібі

      3. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді электр желілеріне қосудың ең таяу нүктесін айқындау техникалық-экономикалық есеп негізінде инвестор анықтайтын тоқтың экономикалық негізделген тығыздығын сақтай отырып, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектінің белгіленген қуатын беру шарттарына сәйкес келуі тиіс.
      4. Инвестордың жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні электр желілеріне қосудың ең таяу нүктесін айқындауға арналған өтінімі энергия беруші ұйымға беріледі және жаңартылатын энергия көздері қондырғысы туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:
      1) қондырғының атауы және түрі;
      2) учаскенің артықшылықпен орналасуы (олардың географиялық картада алдын ала орналастырылуын көрсете отырып, агрегаттарды орналастырудың балама нұсқаларының тізбесі);
      3) барлық қондырғының рұқсат етілген қуаты (Соs көрсете отырып, ең жоғары мегаватта және/немесе мегаваттарда, мегавольтамперлерде);
      4) күтілетін өнімділігі (айына мегаватт/сағат);
      5) қосалқы жүйенің, оның ішінде реактивтік қуаттың күтілетін энергия тұтынуы;
      6) қондырғының конструкциясы/конфигурациясы;
      7) кез келген ұйытқу жүктемесінің жаратылысы;
      8) ұсынылған энергия қондырғысы пайдаланатын технология;
      9) пайдалануға берудің болжамды іске қосу күні;
      10) белсенді қуаттың мегаваттардағы ең аз өндірілуі;
      11) мегавольтампердің, мегаваттың атаулы мәні, бойлық осі бойынша өтпелі реактивтік кедергісі, қысқа тұйықталу қатынасы, үйлестірілген генераторлары/қозғалтқыштары бар энергия қондырғысының тұрақты серпіні;
      12) арттырушы трансформатордың мегавольтамперінің атаулы мәні және тікелей тізбектелген реактивті кедергі (mах/mіn тармақтануы кезінде);
      13) қоздырғыштың түрі және санаты.
      5. Энергия беруші ұйым инвестордан өтінім түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде электр желілеріне қосудың ықтимал ең таяу нүктелерін тиісті жобалау қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымдары әзірлейтін «Электр станциясының қуат беру схемасында» қарау үшін инвесторға хат түрінде хабарлайды.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.01.2014 № 36 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Жылу желілеріне қосудың ең таяу нүктесін айқындау тәртібі

      6. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі обьектіні жылу желілеріне қосудың ең таяу нүктесін айқындау инвестордың техникалық-экономикалық есебінің негізінде айқындалатын экономикалық негізделген гидравликалық режимдерін сақтау кезінде жылумен жабдықтаудың жалпы жүйесіндегі жылу көздерінің тиісті параметрлеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектінің жылу көздері параметрлерінің шарттарына сәйкес келуі тиіс.
      7. Инвестордың жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні жылу желілеріне қосудың ең таяу нүктесін айқындауға арналған өтінімі энергия беруші ұйымға беріледі және мынадай мәліметтерді қамтиды:
      1) пайдаланылатын жаңартылатын энергия көзінің түрі, жылу желілеріне қосудың ұсынылатын нүктесі, берілетін жылу энергиясының мөлшерін реттеу тәсілі;
      2) жылу көздерінің параметрлері және басқа тұтынушылардың жүктемелерін ескере отырып қосатын нүктелердегі гидравликалық режимі;
      3) жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптардың орнату бойынша талаптар;
      4) жылу желілерін салу тәсілі (жерүсті немесе жерасты);
      5) жылыту-желдеткіш және технологиялық жүктемелерді және ыстық сумен жабдықтау жүктемесін қосудың жылу схемасы;
      6) температуралық кесте және желілік судың шығыны;
      7) салынатын немесе қайта жаңартылатын жылу желілерінің теңгерімдік және пайдалану тиесілігі және тараптардың пайдалану жауапкершілігінің шекаралары.
      8. Энергия беруші ұйым инвестордан өтінім түскен күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде жаңартылған энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні жылу желілеріне қосудың ең таяу нүктесін айқындау туралы шешім қабылдайды және өзінің шешімін жазбаша акті нысанында ресімдейді.
      Акт жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні ең таяу нүктеге қосу туралы ақпаратты, қосу бойынша жұмыстың аяқталу мерзімдері туралы ақпаратты қамтиды.

4. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі
объектілерді қосу тәртібі

      9. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді электр және жылу желілеріне қосу үшін инвестор жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні қосудың ең таяу нүктесін айқындау туралы шешім алғаннан кейін, жаңартылған энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні электр желілеріне қосу схемасын және (немесе) жаңартылған энергия көздерін пайдалану жөніндегі обьектіні жылу желілеріне қосу схемасын қоса бере отырып, техникалық шарт алуға өтінімді энергия беруші ұйымға береді.
      10. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі обьектіні  электр желілеріне қосуға арналған техникалық шартты мамандандырылған жобалық ұйым әзірлеген және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілерді электр желілеріне қосу схемасын қамтыған электр станциясының қосылу схемасы (қуатты беру) негізінде энергия беруші ұйым береді.
      11. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарт инвестор ұсынған мамандандырылған жобалық ұйым әзірлеген және жылу желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектінің қосылу схемасын қамтыған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектінің қосылу схемасы негізінде беріледі.
      12. Егер қосылатын құрылғының параметрлері электр және жылу желілерінің шекті параметрлерінің жоғарылауына алып келмесе, онда энергия беруші ұйым жаңартылған энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні қосуға арналған қажетті техникалық шарттарды әзірлейді.
      13. Инвестордың техникалық шарт алуға арналған өтінімін энергия беруші ұйым, егер қолданыстағы электр немесе жылу желілерін күшейтуді талап етпесе, он бес жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды. Қосу желілерді күшейтуді талап еткен жағдайда, өтінімді қарау күні өтінім түскен күнінен бастап бір айдан аспауы тиіс.
     Техникалық шарттарды электр беруші ұйым техникалық шарттарды алуға арналған өтінімді қарау мерзімі өткен соң үш жұмыс күн ішінде береді.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.01.2014 № 36 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14. Егер өңірлік электр желілеріне жүктемесі немесе шығару қуаты 0,1- ден 10 МВт-ға дейін жаңартылатын энергия көздері жөніндегі объекті қосылса, энергия беруші ұйым өтініш түскен күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде Жүйелік операторға хабарлайды және қосуға арналған өтінімнің көшірмесін жібереді. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектіні 10 МВт-тан асатын қуатқа қосқан кезде энергия беруші ұйым өтінімді Жүйелік оператормен келісуге жібереді.
      Жүйелік оператор өтінімді өтінім түскен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде келіседі.
      15. Инвестордың техникалық шарттарды алуға арналған өтінімді қарау нәтижесі бойынша энергия беруші ұйым өтінім түскен күннен бастап он бес күнтізбелік күнінен кешіктірмей, энергия беруші ұйым айқындаған қосу нүктесін, қосу бойынша жұмысты аяқтаудың болжамды күнін көрсете отырып, жаңартылатын энергия көздері жөніндегі объектіні электр немесе жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды береді.
      Техникалық шартты беру және қайта ресімдеу үшін ақы алынбайды.
      16. Қосуға арналған техникалық шарттардың қолданылу мерзімі, оны инвестор қабылдағаннан кейін, тараптардың уағдаластығы бойынша, бірақ қолданыстағы жобалау және құрылыс нормалары негізінде айқындалған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілердің жобалау алдындағы зерттеулер, жобалау және салу кезеңдері үшін қажетті мерзімнен кем емес мерзім белгіленеді және 3 жылдан аспауы тиіс.
      17. Энергия беруші ұйымдардың желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді қосу алынған техникалық шарттар негізінде объектіні пайдалануға бергеннен кейін жүргізіледі.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.01.2014 № 36 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Об утверждении Правил определения ближайшей точки подключения к электрическим или тепловым сетям и подключения объектов по использованию возобновляемых источников энергии

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 119. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 июня 2015 года № 475

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.06.2015 № 475 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2009 года «О поддержке использования возобновляемых источников энергии» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила определения ближайшей точки подключения к электрическим или тепловым сетям и подключения объектов по использованию возобновляемых источников энергии.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 19 января 2012 года № 119

Правила
определения ближайшей точки подключения к электрическим или
тепловым сетям и подключения объектов по использованию
возобновляемых источников энергии

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения ближайшей точки подключения к электрическим или тепловым сетям и подключения объектов по использованию возобновляемых источников энергии (далее – Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 4 июля 2009 года «О поддержке использования возобновляемых источников энергии» (далее – Закон), от 9 июля 2004 года «Об электроэнергетике» и определяют порядок определения ближайшей точки подключения к электрическим или тепловым сетям и подключения объектов по использованию возобновляемых источников энергии.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) ближайшая точка подключения к тепловым сетям – ближайшая точка врезки трубопровода от объекта по использованию возобновляемых источников энергии в общую систему теплоснабжения населенного пункта с параметрами, соответствующими параметрам теплоносителя в общей сети теплоснабжения;
      2) ближайшая точка подключения к электрическим сетям – ближайшее место физического соединения энергетической установки энергопроизводящей организации, использующей возобновляемые источники энергии, с электрической сетью энергопередающей организации, соответствующей по классу напряжения;
      3) усиление действующих электрических или тепловых сетей – ряд мероприятий, проводимых энергопередающей организацией, требуемых исходя из технического состояния электрических или тепловых сетей и проводимых на основе технических условий, при подключении нового объекта по использованию возобновляемых источников энергии к электрическим или тепловым сетям;
      4) системный оператор – организация, осуществляющая централизованное оперативно-диспетчерское управление, обеспечение параллельной работы с энергосистемами других государств, поддержание баланса в энергосистеме, оказание системных услуг и приобретение вспомогательных услуг у субъектов оптового рынка электрической энергии, а также передачу электрической энергии по национальной электрической сети, ее техническое обслуживание и поддержание в эксплуатационной готовности;
      5) заказчик (инвестор) – лицо, имеющее намерение и (или) приступившее к реализации проекта строительства объекта по использованию возобновляемых источников энергии;
      6) объект по использованию возобновляемых источников энергии – технические устройства, предназначенные для производства электрической и (или) тепловой энергии с использованием возобновляемых источников энергии, и взаимосвязанные с ними сооружения и инфраструктура, технологически необходимые для эксплуатации объекта по использованию возобновляемых источников энергии, и находящиеся на балансе собственника объекта по использованию возобновляемых источников энергии.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенным постановлением Правительства РК от 29.01.2014 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2-1. Вновь построенные объекты по использованию возобновляемых источников энергии, а также реконструированные объекты независимо от срока ввода в эксплуатацию подключаются к ближайшей точке электрических или тепловых сетей энергопередающей организации, соответствующей по классу напряжения или параметрам теплоносителя в общей сети теплоснабжения.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 2-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 29.01.2014 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Порядок определения ближайшей точки
подключения к электрическим сетям

      3. Определение ближайшей точки подключения объекта по использованию возобновляемых источников энергии к электрическим сетям должно соответствовать условиям передачи установленной мощности объекта по использованию возобновляемых источников энергии при сохранении экономически обоснованной плотности тока, определяемой инвестором на основе технико-экономического расчета.
      4. Заявка инвестора на определение ближайшей точки подключения объекта по использованию возобновляемых источников энергии к электрическим сетям подается в энергопередающую организацию и содержит следующие сведения об установке возобновляемых источников энергии:
      1) наименование и тип установки;
      2) предпочтительное расположение участка (перечень альтернативных вариантов размещения агрегатов с указанием их предварительного размещения на географической карте);
      3) допустимая передача мощности всей установки (максимальная в мегаватт, с указанием Cos  и/или в мегаваттах, мегавольтамперах;
      4) ожидаемая производительность (мегаватт/час в месяц);
      5) ожидаемое энергопотребление вспомогательной системы, в том числе реактивной мощности;
      6) конструкция/конфигурация установки;
      7) природа любой возмущающей нагрузки;
      8) технология, используемая предлагаемой энергоустановкой;
      9) дата предполагаемого пуска в эксплуатацию;
      10) минимальная генерация активной мощности в мегаваттах;
      11) номинальные значения мегавольтампер, мегаватт, переходное реактивное сопротивление по продольной оси, отношение короткого замыкания, постоянная инерции энергоустановки с синхронными генераторами/двигателями;
      12) номинальное значение мегавольтампер повышающего трансформатора и реактивное сопротивление прямой последовательности (при мах/мin ответвлений);
      13) тип и категория возбудителя.
      5. Энергопередающая организация, в срок не позднее пятнадцати календарных дней со дня поступления заявки от инвестора в форме письма сообщает инвестору возможные ближайшие точки подключения к электрическим сетям для рассмотрения в «Схеме выдачи мощности электростанции», которая разрабатывается специализированными проектными организациями, имеющими лицензию на соответствующую проектную деятельность.
      Сноска. Пункт 5 в редакции постановления Правительства РК от 29.01.2014 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

3. Порядок определения ближайшей точки
подключения к тепловым сетям

      6. Определение ближайшей точки  подключения объекта по использованию возобновляемых источников энергии к тепловым сетям должно соответствовать условиям параметров теплоносителя объекта по использованию возобновляемых источников энергии соответствующим параметрам теплоносителя в общей системе теплоснабжения при сохранении экономически обоснованных гидравлических режимов, определяемых инвестором на основе технико-экономического расчета.
      7. Заявка инвестора на определение ближайшей точки подключения объекта по использованию возобновляемых источников энергии к тепловым сетям подается в энергопередающую организацию и содержит следующие сведения:
      1) вид используемого возобновляемого источника энергии, предлагаемая точка подключения к тепловым сетям, способ регулирования количества отпускаемой тепловой энергии;
      2) параметры теплоносителя и гидравлический режим в точках подключения с учетом нагрузок других потребителей;
      3) требования по установке приборов коммерческого учета тепловой энергии;
      4) способ прокладки тепловых сетей (надземный или подземный);
      5) тепловая схема присоединения отопительно-вентиляционной и технологической нагрузок и нагрузки горячего водоснабжения;
      6) температурный график и расход сетевой воды;
      7) балансовая и эксплуатационная принадлежность сооружаемых или реконструируемых тепловых сетей и границы эксплуатационной ответственности сторон.
      8. Энергопередающая организация, в срок не позднее десяти календарных дней со дня поступления заявки от инвестора принимает решение об определении ближайшей точки подключения объекта по использованию возобновляемых источников энергии к тепловым сетям и оформляет свое решение письменно в форме акта.
      Акт содержит информацию о ближайшей точке подключения объекта по использованию возобновляемых источников энергии, информацию о сроках завершения работ по подключению.

4. Порядок подключения объектов по использованию
возобновляемых источников энергии

      9. Для подключения объектов по использованию возобновляемых источников энергии к электрическим или тепловым сетям инвестор, после получения решения об определении ближайшей точки подключения объекта по использованию возобновляемых источников энергии, представляет заявку в энергопередающую организацию на получение технических условий с приложением схемы подключения объекта по использованию возобновляемых источников энергии к электрическим сетям и (или) схему подключения объекта по использованию возобновляемых источников энергии к тепловым сетям.
      10. Технические условия на подключение объекта по использованию возобновляемых источников энергии к электрическим сетям выдаются энергопередающей организацией на основании представленных инвестором схемы присоединения (выдачи мощности) электростанции, разработанной специализированной проектной организацией и содержащее схему подключения объекта по использованию возобновляемых источников энергии к электрическим сетям.
      11. Технические условия на подключение объекта по использованию возобновляемых источников энергии к тепловым сетям выдаются на основании представленных инвестором схемы присоединения объекта по использованию возобновляемых источников энергии, разработанной специализированной проектной организацией и содержащее схему подключения объекта по использованию возобновляемых источников энергии к тепловым сетям.
      12. Если параметры подключаемой установки не приведут к превышению пороговых параметров электрической или тепловой сети, энергопередающая организация разрабатывает необходимые технические условия на подключение объекта по использованию возобновляемых источников энергии.
      13. Заявка инвестора на получение технических условий рассматривается энергопередающей организацией не более пятнадцати рабочих дней, если не требуется усиление действующей электрической или тепловой сети. В случаях, когда подключение требует усиления сети, срок рассмотрения заявки составляет не более одного месяца со дня поступления заявки.
      Технические условия выдаются энергопередающей организацией в течение трех рабочих дней по истечению срока рассмотрения заявки на получение технических условий.
      Сноска. Пункт 13 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 29.01.2014 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      14. Если к региональной электрической сети подключается объект по использованию возобновляемых источников энергии с нагрузкой или выдачей мощности от 0,1 до 10 МВт, энергопередающая организация в течение пяти календарных дней со дня поступления заявки уведомляют Системного оператора и направляют копию заявки на подключение. При подключении объекта по использованию возобновляемых источников энергии мощностью, превышающей 10 МВт, энергопередающая организация направляет заявку на согласование с Системным оператором.
      Системный оператор согласовывает заявку в течении десяти календарных дней со дня поступления заявки.
      15. По результатам рассмотрения заявки инвестора на получение технических условий энергопередающая организация, не позднее пятнадцати рабочих дней со дня поступления заявки, выдает технические условия на подключение к электрической или тепловой сети объекта по использованию возобновляемых источников энергии с указанием точки подключения, определенной энергопередающей организацией, предполагаемой даты завершения работ по подключению.
      Плата за выдачу и переоформление технических условий не взимается.
      16. Срок действия технических условий на подключение, после их принятия инвестором, устанавливается по договоренности сторон, но не менее срока, необходимого для этапа предпроектных исследований, проектирования и строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии, определенных на основе действующих норм проектирования и строительства, и не может превышать 3 лет.
      17. Подключение к сетям энергопередающей организации объектов по использованию возобновляемых источников энергии производится после ввода в эксплуатацию объекта на основании полученных технических условий.
      Сноска. Пункт 17 в редакции постановления Правительства РК от 29.01.2014 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).