"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 маусымдағы № 635 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 163 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 маусымдағы № 635 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 330-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету ережесінде:
      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Тапсырыс беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына арналған тиісті аттестаты бар сарапшыны (бұдан әрі - сарапшы) не өзінің құрамында аттестатталған сарапшылары бар ұйымды (бұдан әрі - ұйым) тартқан кезде осы Ережені, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін және инжинирингтік қызметтер көрсету туралы шарт талаптарын басшылыққа алады.
      5. Ұйым инжинирингтік қызметтер көрсеткен жағдайда ұйым шартқа қол қойылғаннан кейін техникалық және авторлық қадағалау және жобаны басқару үшін өзі құрған ұйымдық құрылымды, сондай-ақ ұйымның атынан жобаны басқаратын кандидатураны тапсырыс берушіге келісуге ұсынады.
      6. Ұйым тапсырыс берушіге тікелей инжинирингтік қызметтер көрсететін сарапшылардың тізімін, олардың-міндеттері мен өкілеттіктерін жазбаша түрде ұсынады.»;
      7-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Сарапшы не ұйым инжинирингтік қызметтер көрсеткен кезде мынадай функцияларды жүзеге асырады:»;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарының, конструкциялар мен бұйымдардың сапасын бақылау, оларды стандарттарға және Қазақстан Республикасында қолданыстағы басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес зертханалық сынауды ұйымдастыру және сапаны растайтын құжаттардың болуын (техникалық паспорт, сертификат, зертханалық сынау және т.б.) тексеру;»;
      8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Сарапшы не инжинирингтік қызметтерді көрсететін ұйым инжинирингтік қызметтер көрсету кезінде заңнамаға және шарттардың талаптарына сәйкес:»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Сарапшы не инжинирингтік қызметтерді көрсететін ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шартта көзделген инжинирингтік қызметтердің сапалы, уақтылы және толық көрсетілуі үшін тапсырыс беруші алдында жауапты болады.»;
      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      «10. Сарапшы осы Ереженің талаптарын сақтамаған жағдайда, оның мәртебесін және инжинирингтік қызметтерді орындауға арналған құқығын куәландыратын аттестаттау куәлігінің қолданысы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтатыла тұрады не кері қайтарып алынады.».
      2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2005 года № 635 "Об утверждении Правил оказания инжиниринговых услуг в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 января 2012 года № 163. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2015 года № 754

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 08.09.2015 № 754 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2005 года № 635 "Об утверждении Правил оказания инжиниринговых услуг в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 27, ст. 330) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах оказания инжиниринговых услуг в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, утвержденных указанным постановлением:
      пункты 4, 5 и 6 изложить в следующей редакции:
      "4. Заказчик при привлечении эксперта, имеющего соответствующий аттестат на право осуществления инжиниринговых услуг в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности (далее - эксперт), либо организации, имеющей в своем составе аттестованных экспертов (далее - организации), руководствуется настоящими Правилами, другими нормативными правовыми актами Республики Казахстан и условиями договора об оказании инжиниринговых услуг.
      5. В случае оказания инжиниринговых услуг организацией после подписания договора организация представляет на согласование заказчику организационную структуру, создаваемую ею для технического и авторского надзоров и управления проектом, а также кандидатуру управляющего проектом от организации.
      6. Организация письменно представляет заказчику список экспертов, непосредственно оказывающих инжиниринговые услуги, их обязанности и полномочия.";
      в пункте 7:
      абзац первый изложить в следующей редакции:
      "7. Эксперт либо организация при оказании инжиниринговых услуг осуществляет следующие функции:";
      подпункт 7) изложить в следующей редакции:
      "7) проверка качества применяемых на объектах строительных материалов, конструкций и изделий, организация их лабораторного испытания в соответствии со стандартами и другими нормативно-техническими документами, действующими в Республике Казахстан, и наличия документов, удостоверяющих качество (технические паспорта, сертификаты, результаты лабораторных испытаний и другие);";
      абзац первый пункта 8 изложить в следующей редакции:
      "8. При оказании инжиниринговых услуг эксперт либо организация, оказывающая инжиниринговые услуги, в соответствии с законодательством и условиями договоров:";
      пункт 9 изложить в следующей редакции:
      "9. Эксперт либо организация, оказывающая инжиниринговые услуги, несут ответственность перед заказчиком за качественное, своевременное и полное оказание инжиниринговых услуг, предусмотренных договором в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";
      дополнить пунктом 10 следующего содержания:
      "10. В случае несоблюдения экспертом требований настоящих Правил действие аттестационного свидетельства, удостоверяющее его статус и право на выполнение инжиниринговых услуг, приостанавливается либо отзывается в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.".
      2. Настоящее постановление подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 30 января 2012 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов