"Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 266 Қаулысы

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 47-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 67-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлері бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды төлеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2012 жылғы 28 ақпандағы
№ 266 қаулысына
қосымша    

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2008 жылғы 7 ақпандағы
№ 116 қаулысымен
бекітілген   

Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік
стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және
олардың мөлшерлері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлері (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеу тәртібін, сондай-ақ олардың мөлшерлерін айқындайды.
      2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын мемлекеттік атаулы стипендияларды тағайындау және төлеу тәртібіне қолданылмайды.
      3. Мемлекеттік стипендия білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына (кәсіптік лицейлердің оқушыларынан басқа) тағайындалады және төленеді.

2. Мемлекеттік стипендияларды тағайындау және төлеу тәртібі

      4. Мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша «жақсы», «өте жақсы» деген бағаға сәйкес бағалардың баламасын алған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға тағайындалады және емтихан сессиясынан немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудан кейін келетін айдың бірінші күнінен бастап семестр аяқталатын айдың соңына дейін қоса алғанда ай сайын төленеді.
      5. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бірінші курсқа қабылданған студенттерге, интерндерге және магистранттарға (бірінші оқу жылы) мемлекеттік стипендия бірінші семестрде тағайындалады және бірінші семестр бойы ай сайын төленеді. Келесі семестрлерде студенттерге, магистранттарға және интерндерге мемлекеттік стипендия алдағы семестрдің емтихан сессиясының немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудың қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді.
      6. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын көзі нашар көретін мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектерге, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) балаларға мемлекеттік стипендия емтихан сессиясының нәтижелері бойынша берешектері немесе білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелері бойынша қанағаттанғысыз бағасы жоқ болса төленеді.
      7. Жазғы емтихан сессиясы немесе білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелері бойынша мемлекеттік стипендияға ұсынылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия жазғы каникул кезеңі үшін екі айға (шілде, тамыз) қосылып төленеді.
      8. Сынақтар мен емтихандарды білім беру ұйымдары белгілеген мерзімде дәлелді себептер бойынша (сырқаттану, отбасы жағдайы, табиғи зілзала) тапсыра алмаған студенттерге, интерндерге және магистранттарға білім алушы растайтын құжаттарды тапсырғаннан кейін білім беру ұйымының басшылығы сынақтар мен емтихандарды тапсыруға жеке уақыт белгілейді, содан кейін оларға мемлекеттік стипендия осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тағайындалады.
      9. Кәсіптік практика, жазғы демалыс кезінде, сондай-ақ жалақы төленетін жұмыс орындарында және қызметтерде жұмыс істеген кезеңде студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен төленеді.
      10. Бір оқу орнынан басқасына ауыстырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға мемлекеттік стипендия оқу жоспарларындағы айырмашылық жойылғаннан кейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тағайындалады және төленеді.
      11. Докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына және дайындық бөлімшелерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия оқытудың барлық мерзіміне тағайындалады және ай сайын осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес төленеді.
      12. Медициналық қорытындының негізінде (дәрiгерлiк-консультациялық комиссияның шешiмi) берілген академиялық демалыстарды қоспағанда, студенттер, интерндер, магистранттар, резидентура тыңдаушылары, докторанттар академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия төленбейді.
      Академиялық демалыстан келген студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға мемлекеттік стипендия тағайындау және төлеу алдағы (кезекті) емтихан сессиясы немесе білім алушыларды аралық аттестаттау қорытындылары бойынша және оқу жоспарындағы айырмашылықтар болмаған жағдайда осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Сырқатына байланысты екінші оқу жылына қалдырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға мемлекеттік стипендия кезекті емтихан сессиясы немесе білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелеріне дейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен оқу жоспары орындалған алдыңғы семестрдің қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді.
      Туберкулезбен ауыратын студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға тиісті медициналық қорытындысы болған кезде мемлекеттік стипендия еңбекке жарамсыздық кезеңі үшін белгіленеді және төленеді, бірақ еңбекке жарамсыздық басталған күнінен бастап он айдан аспайды.
      13. Жүктілігіне және босануына байланысты демалысы кезеңіне студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға мемлекеттік стипендия Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген барлық мерзім ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалысқа шығарғанға дейін белгіленген мөлшерде төленеді.
      Академиялық демалыс кезеңінде жүктілігіне және босануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы парақты ұсынған жағдайда академиялық демалыс үзіліп, жүктілігі және босануына байланысты демалыс ресімделеді.
      Студенттер, интерндер, магистранттар, резидентура, докторанттар тыңдаушылары бала күтіміне байланысты ол үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыста болған кезеңде мемлекеттік стипендия тағайындалмайды.
      14. Стипендиялар білім алушылар үлгерiмін бақылау жүктелген бөлiмше бастығының қызметтiк хаты (ұсынысы) негiзiнде білім беру ұйымы жетекшiсiнiң немесе уақытша оның мiндетiн атқарушының бұйрығымен тағайындалады.
      15. Жеке тұлғаларға стипендияларды төлеу осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақша алушының таңдаған банкте ашылған ағымдағы шотына сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.
      16. Төлем карточкасын жасау немесе екінші деңгейдегі банктерде ағымдағы шоттарды ашу кезеңінде, сондай-ақ ұйым орналасқан жерде екiншi деңгейдегi банктер, олардың пункттері және төлем карточкаларына қызмет көрсететін құрылғылар болмаған жағдайда стипендия төлеу ұйымның кассалары арқылы жүзеге асырылады.

3. Бiлiм беру ұйымдарында білім алушыларға төленетін
мемлекеттiк стипендиялардың мөлшерi

      17. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға ай сайынғы мемлекеттік стипендияның мөлшері:
      1) жоғары білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 15235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге;
      2) интерндерге – 27596 (жиырма жеті мың бес жүз тоқсан алты) теңге;
      3) магистранттарға – 38931 (отыз сегіз мың тоғыз жүз отыз бір) теңге;
      4) докторанттарға – 59635 (елу тоғыз мың алты жүз отыз бес) теңге мөлшерінде белгіленеді;
      5) резидентура тыңдаушыларына және денсаулық сақтау магистранттарына – 44772 (қырық төрт мың жеті жүз жетпіс екі) теңге.
      18. Техникалық және кәсіптік (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары студенттерінің мемлекеттік стипендиясы жоғары білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары студенттерінің мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 80 (сексен) пайызы деңгейінде белгіленеді.
      19. Дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия мөлшері жоғары білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 85 (сексен бес) пайызы деңгейінде белгіленеді.
      20. Көзі нашар көретін мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектер, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) балалар және емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек «өте жақсы» деген бағалары бар студенттер мен магистранттар ұлғайтылған мемлекеттік стипендия алуға құқықтары бар.
      Мемлекеттік стипендияны ұлғайту мөлшері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленеді.
      21. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет қамтамасыз ететін студенттер мен магистранттарға мемлекеттік стипендия жоғары білім беретін білім беру ұйымдары студенттерінің және магистранттарының мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 50 (елу) пайызы деңгейінде белгіленеді.
      22. Медициналық қорытындының негізінде академиялық демалыста жүрген студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына академиялық демалыс кезінде мемлекеттік стипендия тиісінше докторанттардың, резидентура тыңдаушыларының, студенттердің, интерндердің, магистранттардың мемлекеттік стипендиясы мөлшерінің 50 (елу) (мүгедектерге – 75 (жетпіс бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      23. Мемлекеттік стипендиялар:
      1) шығарылу себебіне қарамастан, білім алушы білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда;
      2) білім алушы қайтыс болған жағдайда;
      3) оқуды бітіргеннен кейін оқуды бітіргені туралы бұйрық шыққан күнінен бастап төленбейді.
      24. Осы Қағидалардың 23-тармағында белгіленген жағдайлар бойынша мемлекеттік стипендиялар төлеуді тоқтату білім беру ұйымдары басшыларының тиісті бұйрығын шығару арқылы жүзеге асырылады.

Білім беру ұйымдарында білім 
алушыларға мемлекеттік    
стипендияларды тағайындау, төлеу
қағидаларына және олардың 
мөлшерлеріне қосымша   

Мемлекеттік стипендияны ұлғайту мөлшер

П/с№

Стипендиаттар тізбесі

Пайызға шаққандағы көтеру мөлшері

1

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын көзі нашар көретін мүгедектер мен құлағы кеміс мүгедектерге;

75

2

«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс мүгедектеріне теңестірілген жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге;

50

3

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және азаматтардың қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) балалар қатарынан шыққан жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге;

30

4

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім (училищелер, колледждер), орта білімнен кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын, емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек «өте жақсы» деген бағалары бар студенттерге, магистранттарға (мемлекеттік атаулы стипендия мен Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын алатын студенттерден басқа).

15

      Ескертпе: Қосымшада көзделген ұлғайту мемлекеттік стипендияның белгіленген мөлшеріне қарай (басқа ұлғайтуларды ескермей) жүргізіледі.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 "Об утверждении Правил выплаты государственных стипендий отдельным категориям обучающихся в организациях образования"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 2012 года № 266

      В соответствии с пунктом 7 статьи 47 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 116 "Об утверждении Правил выплаты государственных стипендий отдельным категориям обучающихся в организациях образования" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 7, ст. 67) следующие изменения:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      "Об утверждении Правил назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования";
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Утвердить прилагаемые Правила назначения, выплаты и размеров государственных стипендий обучающимся в организациях образования.";
      Правила выплаты государственных стипендий отдельным категориям обучающихся в организациях образования, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение          
к постановлению Правительства
Республики Казахстан    
от 28 февраля 2012 года № 266

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 7 февраля 2008 года № 116

Правила назначения, выплаты и размеры государственных
стипендий обучающимся в организациях образования 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила назначения, выплаты и размеры государственных стипендий обучающимся в организациях образования (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" и определяют порядок назначения и выплаты, а также размеры государственных стипендий обучающимся в организациях образования.
      2. Настоящие Правила не распространяются на порядок назначения и выплаты стипендий, учреждаемых Президентом Республики Казахстан, а также государственных именных стипендий, учреждаемых Правительством Республики Казахстан.
      3. Государственная стипендия назначается и выплачивается студентам, интернам, магистрантам, докторантам, слушателям резидентуры, слушателям подготовительных отделений высших учебных заведений, обучающимся в организациях образования по государственному образовательному заказу по очной форме обучения (кроме учащихся профессиональных лицеев).

2. Порядок назначения и выплаты государственной стипендии

      4. Государственная стипендия назначается студентам, интернам, магистрантам, обучающимся по государственному образовательному заказу, а также переведенным на обучение по государственному образовательному заказу, получившим по результатам экзаменационной сессии или промежуточной аттестации обучающихся эквивалент оценок, соответствующий оценкам "хорошо", "отлично" и выплачивается ежемесячно с первого числа месяца, следующего за экзаменационной сессией или промежуточной аттестацией обучающихся, включительно до конца месяца, в котором заканчивается семестр.
      5. Студентам, интернам, магистрантам, зачисленным на первый курс (первый год обучения) на основании государственного образовательного заказа в первом семестре назначается государственная стипендия и выплачивается ежемесячно в течение первого семестра. В следующих семестрах студентам, магистрантам и интернам государственная стипендия назначается и выплачивается по итогам экзаменационной сессии или промежуточной аттестации обучающихся за предыдущий семестр.
      6. Инвалидам по зрению и инвалидам по слуху, детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей и находящиеся под опекой (попечительством), обучающимся по государственному образовательному заказу, государственная стипендия выплачивается при отсутствии академической задолженности по результатам экзаменационной сессии или неудовлетворительных оценок по результатам промежуточной аттестации обучающихся.
      7. Студентам, интернам, магистрантам, представленным на государственную стипендию по результатам летней экзаменационной сессии или промежуточной аттестации обучающихся, государственная стипендия за период летних каникул выплачивается суммарно за два месяца (июль, август).
      8. Студентам, интернам и магистрантам, которые не сдали зачеты и экзамены в сроки, установленные организациями образования, по уважительным причинам (болезнь, семейные обстоятельства, стихийные бедствия), руководством организации образования, после представления обучающимся подтверждающих документов, устанавливаются индивидуальные сроки сдачи зачетов и экзаменов, после чего им назначается государственная стипендия в порядке, установленном настоящими Правилами.
      9. В период профессиональной практики, летних каникул, а также в период работы на рабочих местах и в должностях с выплатой заработной платы студентам, интернам, магистрантам, государственная стипендия выплачивается в порядке, установленном настоящими Правилами.
      10. Студентам, интернам, магистрантам, переведенным из одного учебного заведения в другое, государственная стипендия назначается и выплачивается в порядке, установленном настоящими Правилами, после устранения разницы в учебных планах.
      11. Докторантам, слушателям резидентуры и слушателям подготовительных отделений государственная стипендия назначается на весь срок обучения и выплачивается в соответствии с пунктом 4 настоящих Правил ежемесячно.
      12. В период нахождения студентов, интернов, магистрантов, слушателей резидентуры, докторантов в академическом отпуске государственная стипендия не выплачивается, за исключением академических отпусков, предоставленных на основании медицинского заключения (заключение врачебно-консультационной комиссии).
      Студентам, интернам, магистрантам, слушателям резидентуры, докторантам, возвратившимся из академического отпуска, назначение и выплата государственной стипендии осуществляется в установленном настоящими Правилами порядке по итогам предстоящей (очередной) экзаменационной сессии или промежуточной аттестации обучающихся и при условии отсутствия разницы в учебных планах.
      Студентам, интернам, магистрантам, слушателям резидентуры, докторантам, оставленным на повторный год обучения по болезни, государственная стипендия назначается и выплачивается в порядке, установленном настоящими Правилами до результатов очередной экзаменационной сессии или промежуточной аттестации обучающихся, по итогам предыдущего семестра, в котором выполнен учебный план.
      Студентам, интернам, магистрантам, слушателям резидентуры, докторантам, больным туберкулезом, при наличии соответствующего медицинского заключения, государственная стипендия устанавливается и выплачивается за период нетрудоспособности, но не более десяти месяцев со дня наступления нетрудоспособности.
      13. Студентам, интернам, магистрантам, слушателям резидентуры, докторантам на период отпуска по беременности и родам, государственная стипендия выплачивается в размерах, установленных до ухода в отпуск по беременности и родам, в течение всего срока, установленного действующим законодательством Республики Казахстан.
      При представлении листа о временной нетрудоспособности в связи с беременностью и родами в период академического отпуска, академический отпуск прерывается и оформляется отпуск по беременности и родам.
      В период нахождения студентов, интернов, магистрантов, докторантов, слушателей резидентуры в отпуске по уходу за ребенком до достижения им возраста трех лет государственная стипендия не назначается.
      14. Назначение стипендий производится приказом руководителя организации образования или лицом его замещающим, на основании служебной записки (представления) руководителя подразделения на которое возложен контроль успеваемости обучающихся.
      15. Выплаты стипендий физическим лицам осуществляются путем зачисления их сумм на текущий счет, открытый в банке по выбору получателя денег, за исключением случаев предусмотренных пунктом 16 настоящих Правил.
      16. Выплаты стипендий осуществляются через кассу организации в период изготовления платежной карточки или открытия текущего счета в банках второго уровня, а также при отсутствии по месту расположения организации банка второго уровня, их пунктов и устройств по обслуживанию платежных карточек.

3. Размеры государственной стипендии
обучающимся в организациях образования

      17. Обучающимся по государственному образовательному заказу размер ежемесячной государственной стипендии устанавливается:
      1) студентам, обучающимся в организациях образования, реализующих образовательные учебные программы высшего образования – 15235 (пятнадцать тысяч двести тридцать пять) тенге;
      2) интернам – 27596 (двадцать семь тысяч пятьсот девяносто шесть) тенге;
      3) магистрантам – 38931 (тридцать восемь тысяч девятьсот тридцать один) тенге;
      4) докторантам – 59635 (пятьдесят девять тысяч шестьсот тридцать пять) тенге;
      5) слушателям резидентуры и магистрантам здравоохранения – 44772 (сорок четыре тысячи семьсот семьдесят два) тенге.
      18. Государственная стипендия студентов организаций образования, реализующих образовательные учебные программы технического и профессионального (училищ, колледжей), послесреднего образования, устанавливается на уровне 80 (восьмидесяти) процентов от размера государственной стипендии студентов организаций образования, реализующих образовательные учебные программы высшего образования.
      19. Слушателям подготовительных отделений размер государственной стипендии устанавливается на уровне 85 (восьмидесяти пяти) процентов от размера государственной стипендии студентов, обучающихся в организациях образования, реализующих образовательные учебные программы высшего образования.
      20. Инвалиды по зрению и инвалиды по слуху, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей и находящиеся под опекой (попечительством), а также студенты и магистранты, имеющие по результатам экзаменационной сессии только оценки "отлично", имеют право на получение повышенной государственной стипендии.
      Размеры повышения государственной стипендии устанавливаются согласно приложению к настоящим Правилам.
      21. Студентам и магистрантам, состоящим в соответствии с законодательством Республики Казахстан на государственном обеспечении, государственная стипендия устанавливается в размере 50 (пятьдесят) процентов от размера государственной стипендии соответственно студентов и магистрантов.
      22. Студентам, интернам, магистрантам, докторантам, слушателям резидентуры, находящимся в академическом отпуске на основании медицинского заключения, на время академического отпуска, государственная стипендия устанавливается в размере 50 (пятидесяти) процентов (инвалидам – 75 (семидесяти пяти) процентов соответственно от размера государственной стипендии докторантов, слушателей резидентуры, студентов, интернов, магистрантов.
      23. Выплата государственных стипендий прекращается:
      1) в случае отчисления (исключения) обучающегося из организации образования, независимо от причин отчисления (исключения);
      2) в случае смерти обучающегося;
      3) после завершения учебы со дня выхода приказа о выпуске.
      24. Прекращение выплаты государственных стипендий по случаям, определенным пунктом 23 настоящих Правил, осуществляется путем издания соответствующего приказа руководителя организации образования.

Приложение                   
к Правилам назначения, выплаты и     
размеров государственных стипендий    
обучающимся в организациях образования  

Размеры повышения государственных стипендий

№ п/п

Перечень стипендиатов

Размеры повышения
в процентах

1

Инвалидам по зрению и инвалидам по слуху, обучающимся в
организациях образования, реализующих образовательные
учебные программы высшего, технического и профессионального
(училищах, колледжах), послесреднего образования;

75

2

Cтудентам, обучающимся в организациях образования,
реализующих образовательные учебные программы высшего,
технического и профессионального (училищах, колледжах),
послесреднего образования, приравненным в соответствии с
Законом Республики Казахстан "О льготах и социальной защите
участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц,
приравненных к ним" по льготам и гарантиям к инвалидам
войны;

50

3

Cтудентам, обучающимся в организациях образования,
реализующих образовательные учебные программы высшего,
технического и профессионального (училищах, колледжах),
послесреднего образования из числа детей-сирот и детей,
оставшихся без попечения родителей и находящихся под опекой
(попечительством) граждан;

30

4

Cтудентам, магистрантам, обучающимся в организациях
образования, реализующих образовательные учебные программы
высшего, технического и профессионального (училищах,
колледжах), послесреднего образования, имеющим по
результатам экзаменационной сессии (кроме студентов
получающих государственные именные стипендии и стипендии
Президента Республики Казахстан) только оценки "отлично"

15

      Примечание: Повышение, предусмотренное в приложении, производится к установленному размеру государственной стипендии (без учета других повышений).