Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.03.2022 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 10, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Фильтрлі сигареттерге (қорап):
1) ұзындығы таңдалған шамадан ± 1,0 миллиметрге шекті ауытқумен 45-тен 85 миллиметрге дейін тоқсан теңге мөлшерінде;
2) ұзындығы таңдалған шамадан ± 1,0 миллиметрге шекті ауытқумен 87,1-ден 160 миллиметрге дейін бір жүз теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |