Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттiк ресурстарға 2012 жылғы егiннiң астығын сатып алуды жүзеге асыруға арналған бюджет қаражатының сомасы көктемгi-жазғы қаржыландыру арқылы 6750000000 (алты миллиард жеті жүз елу миллион) теңге мөлшерiнде белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2012 № 1622 Қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов