"Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 қарашадағы № 1113 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 455 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 90 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 02.03.2020 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 қарашадағы № 1113 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 40, 562-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды және сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруына рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды және сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруына рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 13 сәуірдегі
№ 455 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 9 қарашадағы
№ 1113 қаулысымен
бекітілген

Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды және
сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметті
жүзеге асыруына рұқсаттар беру қағидалары
Жалпы ережелер

      1. Осы Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды және сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруына рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Осы Қағидалардың әрекеті шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін (бұдан әрi – шетелдік кемелер) және Қазақстан Республикасының теңіз порттары арасындағы қатынаста, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды құзырындағы жүк тиеу портынан (пунктінен) түсіру портына (пунктіне) дейін тасымалдау мен сүйретіп жүзуді, сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторы шегіндегі сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыратын кемелердің барлығына қолданылады.

      3. Шетелдік кемелердің каботажды және сауда мақсатында теңізде жүзуге байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруына рұқсатты (бұдан әрi – рұқсат) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) береді.

      4. Рұқсат мамандандырылған кемелерді тарту қажет болған немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзетін кемелердің құрамында осы мақсаттар үшін шетелдік кеме тартылатын қызметті жүзеге асыруға мүмкіндігі бар ұқсас түрдегі бос кемелер болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген тек жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беріледі.

      5. Рұқсат әрбір шетелдік кемеге теңіз тасымалы (сүйретіп жүзу) шартында немесе тайм-чартерде көрсетілген, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

      6. Рұқсат алған кеме иесіне шетел кемесін басқа кеме иесіне рұқсатта көрсетілген кезең ішінде кеме жалдау шарты негізінде одан әрі беруге жол берілмейді.

2. Рұқсатты беру тәртібі

      7. Рұқсатты алу үшін кеме иесі міндетті түрде мынадай мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда өтінімді береді:

      1) кеменің атауы, туы, тіркелген порты, сыныбы, үлгісі мен мақсаты;

      2) кеменің техникалық сипаттамалары (Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі, кеменің жасалған жылы мен орны, кеменің габариттік көлемі, бас қозғалтқыштарының қуаты);

      3) кеменің меншік иесінің және иесінің деректемелері:

      заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, қандай мемлекеттің құқығы бойынша тіркелгені, басқару органының мекенжайы;

      жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, азаматтығы, тұрған мекенжайы, паспортының деректері;

      4) Қазақстан Республикасының заңды құзырындағы акватория шегінде жүзу ауданын көрсете отырып, шетел кемесінің жоспарланған қызмет түрлері;

      5) каботажды немесе сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыру үшін шетелдік кемені пайдалану мүмкін болатын мерзімдер туралы.

      8. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) құрылтай құжаты және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (заңды тұлға үшін), мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (дара кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлға үшін – паспорт немесе жеке куәлік);

      2) кеме құжаттары (өлшем куәлігі, сыныптау куәлігі, кемеге меншік құқығы туралы куәлік немесе мұндай құқықты растайтын өзге де құжат, санитарлық куәлік, жолаушы куәлігі (жолаушылар кемелері үшін), кемелерден мұнаймен ластанудың залалы үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік (мұнайды екі мың және одан көп тонна көлемінде тасымалдауға арналған кемелер үшін немесе кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжат), тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туралы полис (жолаушылар кемелері үшін);

      3) теңіз тасымалы (сүйретіп жүзу) шарты немесе тайм-чартер немесе соның негізінде шетелдік кеме тартылатын өзге де құжат.

      Каботажды жүзеге асыруға рұқсат беру үшін қажеттi барлық құжаттар не екi данада берiледi, олардың бipі – түпнұсқа, ал екiншiсi көшiрмесi болуы тиiс не нотариалды расталған көшірмелері беріледі. Түпнұсқа тiркелгеннен кейiн құқық иеленушіге қайтарылады.

      Бұл ретте шет тілінде орындалған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармамен бірге ұсынылады.

      9. Қоса берілетін құжаттармен бірге өтінім Министрлікке почта байланысы арқылы жіберіледі немесе қолма-қол беріледі.

      10. Өтінімді қарау өтінім алынған және кіріс хат-хабарлар журналында тіркелген күнінен бастап жүзеге асырылады.

      11. Министрлік өтінішті қабылдағаннан және күнтізбелік үш күн ішінде ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың толықтығы анықталғаннан кейін келіп түскен өтініш туралы ақпаратты ресми сайтқа орналастырады.

      12. Егер келіп түскен өтініш Министрліктің сайтына орналастырылған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзетін кемелерді пайдаланатын қазақстандық кеме иелерінен мақсаттары үшін шетелдік кеме тартылатын қызметті өздеріне тиесілі кемелермен жүзеге асыру мүмкіндігі туралы ақпарат түспесе, мұндай мүмкіндік жоқ деп есептеледі.

      13. Шетелдік кемеге рұқсат өтінімі қарауға қабылдаған сәттен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей беріледі.

      Берілген рұқсат туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне жіберіледі.

      Берілген рұқсаттарды есепке алуды Министрлік шетелдік кемелерге берілген рұқсаттарды есепке алу журналында жүргізеді.

      14. Рұқсатты беруден:

      1) осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың көшірмелері толық көлемде ұсынылмаған;

      2) егер рұқсатты алуға өтініммен кеме иесі немесе оның өкілі болып табылмайтын адам өтініш жасаған;

      3) өтінімде көрсетілген мәліметтер дұрыс емес;

      4) өшіріп, тазартылған не қосып жазылған сөздер немесе оларда өзге де келісілмеген түзетулер, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын біржақты түсінуге мүмкіндік бермейтін түзетулерімен құжаттар бар болған;

      5) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген негіздер болмаған;

      6) кеме құжаттарының қолданылу мерзімдері және кемені жыл сайын техникалық куәландыру мерзімдері өтіп кеткен;

      7) теңіз тасымалы (сүйретіп жүзу) шарты немесе тайм-чартер немесе негізінде шетелдік кеме тартылатын өзге де құжаттың мерзімі аяқталған;

      8) кеменің теңізде жүзу қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмеуі көрсетілген негіздемелер болған;

      9) кеменің жасалғанына 20 жыл және одан жоғары болған жағдайларда бас тартылады.

      15. Рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін шетелдік кеме Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге тиіс, бұл туралы үш жұмыс күні ішінде Министрлікке және осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарға хабарланады.

3. Берілген рұқсатты ұзарту және күшін жою

      16. Қазақстан Республикасының аумағында шетел кемесін пайдалануды ұзартқан жағдайда кеме иесі рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын Министрлікке ұзарту негіздемесін көрсете отырып, өтінім жібереді.

      Өтінімнің мазмұны, оны қарау тәртібі және рұқсатты беру мерзімдері осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленген.

      Рұқсат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің рұқсаты болған жағдайда екі реттен астам ұзартылады.

      17. Рұқсат мынадай жағдайларда жойылады:

      1) шетел кемесі экипажының кінәсынан авариялық жағдайдың туындауы (мұндай шешім авариялық жағдайды тексеру бойынша қорытынды негізінде қабылданады);

      2) шетелдік кемедегі авариялық жағдай туралы айғақтарды жасыру (бұл жағдайда кеме иесіне үш жыл ішінде шетелдік кемелерді тартудан бас тартылады);

      3) шетелдік кемені басқа кеме иесіне беру, оның ішінде кеме жалдау шарты негізінде беру.

      Барлық жағдайда рұқсатты жою және шетелдік кеме бортындағы жүкті алушыға жеткізгеннен кейін Каспий теңізінің қазақстандық секторын дереу босату қажеттігі туралы хабарлама тікелей кеме иесіне немесе оның өкіліне беріледі не кеме иесіне почта немесе факсимильді байланыс арқылы жіберіледі.

      Хабарламаның көшірмесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жіберіледі.

      Көрсетілген хабарламалар рұқсатты жою үшін негіздер туындаған сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жіберіледі.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 ноября 2005 года № 1113 "Об утверждении Правил выдачи разрешений на осуществление каботажа судами, плавающими под флагом иностранного государства"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 апреля 2012 года № 455. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 марта 2020 года № 90 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 02.03.2020 № 90 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 2 статьи 4 Закона Республики Казахстан от 17 января 2002 года "О торговом мореплавании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 ноября 2005 года № 1113 "Об утверждении Правил выдачи разрешений на осуществление каботажа судами, плавающими под флагом иностранного государства" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 40, ст. 562) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил выдачи разрешений на осуществление каботажа и иной деятельности, связанной с торговым мореплаванием, судами, плавающими под флагом иностранного государства";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи разрешений на осуществление каботажа и иной деятельности, связанной с торговым мореплаванием, судами, плавающими под флагом иностранного государства.";

      Правила выдачи разрешений на осуществление каботажа судами, плавающими под флагом иностранного государства, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 13 апреля 2012 года № 455
Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 9 ноября 2005 года № 1113

Правила
выдачи разрешений на осуществление каботажа и иной
деятельности, связанной с торговым мореплаванием, судами,
плавающими под флагом иностранного государства
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи разрешений на осуществление каботажа и иной деятельности, связанной с торговым мореплаванием, судами, плавающими под флагом иностранного государства (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 14) пункта 2 статьи 4 Закона Республики Казахстан от 17 января 2002 года "О торговом мореплавании".

      2. Действие настоящих Правил распространяется на все суда, плавающие под флагом иностранного государства (далее – иностранные суда) и осуществляющие перевозку и буксировку в сообщении между морскими портами Республики Казахстан, а также из порта (пункта) погрузки до порта (пункта) разгрузки, находящихся в юрисдикции Республики Казахстан, а также иную деятельность, связанную с торговым мореплаванием, в пределах казахстанского сектора Каспийского моря.

      3. Разрешение на осуществление иностранными судами каботажа и иной деятельности, связанной с торговым мореплаванием (далее – разрешение), выдается Министерством транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (далее – Министерство).

      4. Разрешение выдается только зарегистрированным в установленном порядке в Республике Казахстан физическим и юридическим лицам, в случаях необходимости привлечения специализированных судов, либо отсутствия в составе судов, плавающих под Государственным флагом Республики Казахстан, свободных судов аналогичного типа, способных осуществлять деятельность, для целей которых привлекается иностранное судно.

      5. Разрешение выдается на каждое иностранное судно на срок, указанный в договоре морской перевозки (буксировки) или тайм-чартере, но не более одного года.

      6. Не допускается дальнейшая передача иностранного судна судовладельцем, получившим разрешение, другому судовладельцу на основании договоров фрахтования в течение периода, указанного в разрешении.

2. Порядок выдачи разрешения

      7. Для получения разрешения судовладельцем подается заявка в произвольной форме с обязательным указанием следующих сведений:

      1) название судна, флаг, порт регистрации, класс, тип и назначение;

      2) технические характеристики судна (идентификационный номер Международной морской организации, год и место постройки судна, габаритные размеры судна, мощность главных двигателей);

      3) реквизиты собственника и судовладельца судна:

      для юридических лиц – наименование, местонахождение, по праву какого государства зарегистрирован, адрес органа управления;

      для физических лиц – фамилия, имя, отчество, гражданство, адрес проживания, паспортные данные;

      4) планируемые виды деятельности иностранного судна с указанием района плавания в пределах акватории, находящейся в юрисдикции Республики Казахстан;

      5) сроки возможного использования иностранного судна для осуществления каботажа или иной деятельности, связанной с торговым мореплаванием.

      8. К заявке прилагаются следующие документы:

      1) учредительный документ и свидетельство о государственной регистрации (для юридического лица), свидетельство о государственной регистрации (для индивидуального предпринимателя), документ, удостоверяющий личность (паспорт или удостоверение личности – для физического лица);

      2) судовые документы (мерительное свидетельство, классификационное свидетельство, свидетельство о праве собственности на судно или иной документ, подтверждающий такое право, санитарное свидетельство, пассажирское свидетельство (для пассажирских судов), свидетельство о страховании или ином финансовом обеспечении гражданской ответственности за ущерб от загрязнения нефтью с судов (для судов, предназначенных для перевозки нефти в объеме две тысячи и более тонн, или иной документ, подтверждающий право собственности на судно), полис о гражданско-правовой ответственности перевозчика перед пассажирами (для пассажирских судов);

      3) договор морской перевозки (буксировки) или тайм-чартер, или иной документ, на основании которого привлекается иностранное судно.

      Все документы, необходимые для выдачи разрешения на осуществление каботажа, представляются либо в двух экземплярах, один из которых должен быть подлинником, а второй – копией, либо нотариально засвидетельствованные копии. Подлинник после регистрации возвращается правообладателю.

      При этом документы, выполненные на иностранном языке, представляются с нотариально заверенным переводом на государственном или русском языках.

      9. Заявка с прилагаемыми документами направляется в Министерство посредством почтовой связи либо передается нарочно.

      10. Рассмотрение заявки осуществляется со дня получения заявки и регистрации ее в журнале входящей корреспонденции.

      11. Министерство после принятия заявления и установления в течение трех календарных дней полноты представленных сведений и документов размещает информацию о поступившем заявлении на официальном сайте.

      12. Если в течение семи календарных дней со дня размещения поступившего заявления на сайте Министерства от казахстанских судовладельцев, эксплуатирующих суда под Государственным флагом Республики Казахстан, не поступит информация о возможности осуществления принадлежащими им судами деятельности, для целей которого привлекается иностранное судно, считается, что такая возможность отсутствует.

      13. Разрешение иностранному судну выдается не позднее двадцати календарных дней с момента принятия заявки к рассмотрению.

      Информация о выданном разрешении направляется в Пограничную службу Комитета национальной безопасности Республики Казахстан и Комитет таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан.

      Учет выданных разрешений ведется Министерством в журнале учета выданных разрешений иностранным судам.

      14. В выдаче разрешения отказывается, в случаях:

      1) предоставления не в полном объеме сведений и копий документов, указанных в пунктах 7 и 8 настоящих Правил;

      2) если с заявкой на получение разрешения обратилось лицо, не являющееся судовладельцем или его представителем;

      3) недостоверности сведений, указанных в заявке;

      4) наличия подчистки либо приписки, зачеркнутых слов и иных, не оговоренных в них исправлений, документов, исполненных карандашом, а также документов с повреждениями, не позволяющими однозначно истолковать их содержание;

      5) отсутствия оснований, указанных в пункте 4 настоящих Правил;

      6) истечения сроков действия судовых документов и сроков ежегодного технического освидетельствования судна;

      7) окончания срока договора морской перевозки (буксировки) или тайм-чартера или иного документа, на основании которого привлекается иностранное судно;

      8) наличия оснований, указывающих на несоответствие судна требованиям безопасности мореплавания;

      9) возраста судна от 20 лет и выше.

      15. По истечении срока действия разрешения иностранное судно подлежит убытию с территории Республики Казахстан, о чем в течение трех рабочих дней сообщается Министерству и государственным органам, указанным в пункте 13 настоящих Правил.

3. Продление и аннулирование выданного разрешения

      16. В случае продления использования иностранного судна на территории Республики Казахстан, судовладелец за месяц до окончания срока действия разрешения направляет в Министерство заявку с указанием оснований продления.

      Содержание заявки, порядок ее рассмотрения и сроки выдачи разрешения определены в главе 2 настоящих Правил.

      Разрешение продлевается более двух раз при наличии разрешения Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан.

      17. Разрешение аннулируется в случаях:

      1) возникновения аварийного случая по вине экипажа иностранного судна (такое решение принимается на основании заключения по расследованию аварийного случая);

      2) скрытия факта об аварийном случае с иностранным судном (в этом случае судовладельцу отказывается в привлечении иностранных судов в течение трех лет);

      3) передачи иностранного судна другому судовладельцу, в том числе и на основании договора фрахтования.

      Во всех случаях уведомление об аннулировании разрешения и необходимости незамедлительного оставления казахстанского сектора Каспийского моря после доставки адресату груза, находящегося на борту иностранного судна, вручается непосредственно судовладельцу или его представителю, либо направляется судовладельцу по почте или факсимильной связи.

      Копия уведомления направляется в Пограничную службу Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      Указанные уведомления направляются в срок не более трех рабочих дней с момента возникновения оснований для аннулирования разрешения.