«2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңын және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2012 жылға арналған қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды қамтамасыз етсін.
3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың іске асырылу барысы туралы есептер берсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдық қорытындылары бойынша, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
5. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 13 сәуірдегі
№ 461 қаулысына
қосымша
Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық
және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға
2012 жылға арналған қаражатты бөлу
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.26 № 1683 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
№ |
Іс-шаралар атауы |
Жауапты мемлекеттік органдар |
Сома, мың теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5.1-мақсат. Мемлекеттік, қоғамдық және бизнес құрылымдардың қызметін үйлестіру арқылы азаматтардың денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту |
|||
1 |
Жұмысшылардың зиянды еңбек жағдайлардағы ең жоғары жұмыс уақытының ұзақтығын анықтау жөніндегі зерттеу жүргізу |
Еңбекмині |
11 472 |
5.1.1-мақсат. Профилактикаға жүйелі және кешенді тәсіл арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру және мінез-құлықтық тәуекел факторларын бақылауды күшейту |
|||
1 |
Телерадиохабарларын тарату арналарында көрнекті қоғам қайраткерлерін қатыстыра отырып, темекі шегуді, алкогольді шектен тыс тұтынуды және есірткіні тұтынудың алдын алу және емдеу бойынша ақпараттық-насихаттық баспа басылымдарын әзірлеу және шығару, науқан және жобарлар өткізу |
СДШІА |
98 640 |
2 |
Спортты және салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде әлеуметтік бейнероликтер жасау |
СДШІА |
12 000 |
3 |
Бұқаралық спорт түрлері бойынша жыл сайын спартакиадалар ұйымдастыру және өткізу |
СДШІА |
50 000 |
4 |
Денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне арналған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік телевизиялық бағдарламасын республикалық деңгейде жасау |
Мәдениетмині |
6 677 |
5.1.2-мақсат. Халықтың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету және тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы |
|||
1 |
Халықтың дұрыс тамақтану дағдыларын және тамақ өнімдері қауіпсіздігін қалыптастыру |
ДСМ |
204 900 |
2 |
Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау науқанын жүргізу |
ДСМ |
58 995 |
3 |
Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша бейне және аудиороликтер шығару |
Мәдениетмині |
2 087 |
4 |
Мектептегі балаларды тамақтандыру рационына витаминді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдерін енгізу, оның ішінде Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға Алматы облысының (Талғар ауданы) бюджетіне нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша* |
БҒМ |
100 000 |
оның ішінде: |
|||
Алматы облысының әкімдігі (Талғар ауданы) |
100 000 |
||
5.1.3-мақсат. Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық және тәни денсаулығын қалыптастыру |
|||
1 |
Мектеп жасындағы балалардың арасында тірек-қимыл аппараты ауруларының профилактикасы бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу, оның ішінде Қарағанды облысының облыстық бюджетіне және Астана қаласының қалалық бюджетіне нысаналы ағымдағы трансферттер* |
БҒМ |
50 000 |
оның ішінде: |
|||
Қарағанды облысының әкімдігі |
39 470 |
||
Астана қаласының әкімдігі |
10 530 |
||
2 |
Жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы мәселелері бойынша ақпараттық науқан (бейне және аудиороликтер шығару) жүргізу |
ДСМ |
5 460 |
5.1.4-мақсат. Жол-көлік жарақаттанушылығын және одан өлім-жітімді төмендету |
|||
1 |
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әлеуметтік роликтер жасау және орталық, республикалық телеарналарда олардың прокатын қамтамасыз ету |
ІІМ |
11 130 |
2 |
Жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша республикалық телеарнада арнайы бағдарламалар жасау |
ІІМ |
12 198 |
5.1.5-мақсат. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды азайту |
|||
1 |
Санитариялық тікұшақтарды сатып алу және пайдалануды қамтамасыз ету |
ТЖМ |
14 106 044 |
2 |
Шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету бойынша трассалық пункттерін, оның ішінде Алматы - Көкшетау трассасында құру |
ТЖМ |
409 024 |
3 |
1 жинақта медициналық жабдықтармен және парашютті-десант құрамасымен жасақтаумен аэроұтқыр госпитальімен апаттар медицинасы қызметін жарақтандыру |
ТЖМ |
|
4 |
Трассада шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету пункттерінің жұмыс істеуі |
ТЖМ |
278 174 |
5.1.6-мақсат. Пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылық пен өлім-жітімі деңгейін төмендету |
|||
1 |
Туберкулезбен, АИТВ/ЖИТС-пен және басқа аурулармен ауыратындарға медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында қылмыстық-атқару жүйенің емдеу-профилактикалық мекемелерін материалды-техникалық жарақтандыру |
ІІМ |
1 044 624 |
2 |
Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған, оның ішінде бас бостандығынан айырылған адамдар арасында туберкулез, АИТВ/ЖИТС мәселелері жөніндегі ақпараттық материалдарды басып шығару және тарату |
ІІМ |
3 103 |
3 |
АИТВ/ЖИТС мәселесімен жұмыс істейтін ҮЕҰ әлеуетін арттыру, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту |
ДСМ |
4 727 |
4 |
Бас бостандығынан айыру орындарындағы және одан босатылған адамдар арасында АИТВ-инфекциясының профилактикасы бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру оның ішінде облыстардың және Астана, Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша |
ДСМ |
32 955 |
оның ішінде: |
|||
Ақмола облысы |
1 754 |
||
Ақтөбе облысы |
1 774 |
||
Алматы облысы |
2 481 |
||
Атырау облысы |
1 400 |
||
Шығыс Қазақстан облысы |
5 799 |
||
Жамбыл облысы |
2 204 |
||
Батыс Қазақстан облысы |
940 |
||
Қарағанды облысы |
4 150 |
||
Қызылорда облысы |
821 |
||
Қостанай облысы |
2 932 |
||
Маңғыстау облысы |
1 561 |
||
Павлодар облысы |
3 643 |
||
Солтүстік Қазақстан облысы |
1 569 |
||
Оңтүстік Қазақстан облысы |
892 |
||
Алматы қаласы |
322 |
||
Астана қаласы |
713 |
||
Барлығы |
16 502 210 |
Ескертпе:
* Білім және ғылым саласындағы орталық уәкілетті орган балалар мен оқушылардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету, дұрыс тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы және балалар мен жасөспірімдердің физикалық және психологиялық денсаулығын қалыптастыру жөніндегі тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер конкурсының бірыңғай ұйымдастырушысы болады. Мектеп жасындағы балалардың арасында тірек-қимыл аппараты ауруларының профилактикасы, витаминді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдерін мектептердегі балаларды тамақтандыру рационына қосу бойынша іс-шараларды өткізуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім берудің жергілікті уәкілетті органдары жүзеге асырады.
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Мәдениетмині – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігі
СДШІА – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар