Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге 2012 жылға кредит беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі № 475 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473, «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге 2012 жылға кредит беру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
      2) кредиттік шарттар талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік кредиттердің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және оларға қызмет көрсетуді бақылау мен мониторингілеуді қамтамасыз етсін.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне кредиттерді игеру туралы ақпарат берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 17 сәуірдегі
№ 475 қаулысымен  
бекітілген      

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге 2012 жылға кредит беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге 2012 жылға кредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473, «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулыларына сәйкес әзірленді және облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге 2012 жылға кредит беру тәртібін белгілейді.

2. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге 2012 жылға кредит беру тәртібі

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қарыз алушылар) тиісті мәслихаттар 2012 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – кредитор) мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін ұсынады.
      3. Кредитор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Қағидалардың 2-тармағы орындалғаннан кейін «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысының 31-қосымшасына сәйкес қарыз алушыларға кредиттік шарттар жасасу арқылы жалпы сомасы 8000000000 (сегіз миллиард) теңгеге бюджеттік кредиттер (бұдан әрі – кредиттер) береді.
      4. Қарыз алушыларға кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
      1) кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізуге 2012 жылға кредиттер қарыз алушыларға 7 (жеті) жыл мерзімге 0,1% сыйақы ставкасы бойынша теңгемен беріледі;
      2) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 2012 жылғы 25 желтоқсанда аяқталады.
      5. Кредиттерді беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

Об утверждении Правил кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на проведение ремонта общего имущества объектов кондоминиума на 2012 год

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 апреля 2012 года № 475

      В соответствии с постановлениями Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2011 года № 473 «Об утверждении Программы модернизации жилищно-коммунального хозяйства Республики Казахстан на 2011-2020 годы», от 1 декабря 2011 года № 1428 «О реализации Закона Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2012-2014 годы» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на проведение ремонта общего имущества объектов кондоминиума на 2012 год.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) заключение кредитных договоров с местными исполнительными органами областей, городов Астаны и Алматы;
      2) контроль за выполнением условий кредитных договоров.
      3. Агентству Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства в установленном законодательством порядке обеспечить контроль и мониторинг целевого и эффективного использования, погашения и обслуживания бюджетных кредитов.
      4. Местным исполнительным органам областей, городов Астаны и Алматы ежеквартально, не позднее 10-го числа месяца, следующего за отчетным периодом, представлять информацию об освоении кредитов в Агентство Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства и Министерство финансов Республики Казахстан.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Агентство Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 17 апреля 2012 года № 475

Правила кредитования областных бюджетов, бюджетов
городов Астаны и Алматы на проведение ремонта общего
имущества объектов кондоминиума на 2012 год

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на проведение ремонта общего имущества объектов кондоминиума на 2012 год (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 24 ноября 2011 года «О республиканском бюджете на 2012-2014 годы», постановлениями Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2011 года № 473 «Об утверждении Программы модернизации жилищно-коммунального хозяйства Республики Казахстан», от 1 декабря 2011 года № 1428 «О реализации Закона Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2012-2014 годы» и определяют порядок кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на проведение ремонта общего имущества объектов кондоминиума на 2012 год.

2. Порядок кредитования областных бюджетов,
бюджетов городов Астаны и Алматы на проведение ремонта
общего имущества объектов кондоминиума на 2012 год

      2. Местные исполнительные органы областей, городов Астаны и Алматы (далее - заемщики) в течение десяти календарных дней после принятия соответствующими маслихатами решений, предусматривающих в областных бюджетах, бюджетах городов Астаны и Алматы на 2012 год соответствующие поступления, представляют указанные решения маслихатов в Министерство финансов Республики Казахстан (далее - кредитор).
      3. Кредитор в соответствии с законодательством Республики Казахстан после выполнения пункта 2 настоящих Правил предоставляет заемщикам бюджетные кредиты на общую сумму 8000000000 (восемь миллиардов) тенге (далее – кредиты) посредством заключения кредитных договоров согласно приложению 31 к постановлению Правительства Республики Казахстан 1 декабря 2011 года № 1428 «О реализации Закона Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2012-2014 годы».
      4. Для предоставления кредитов заемщикам устанавливаются следующие основные условия:
      1) кредиты предоставляются заемщикам в тенге сроком на 7 (семь) лет по 0,1 %-ной ставке вознаграждения на проведение ремонта общего имущества объектов кондоминиума на 2012 год;
      2) период освоения кредитов исчисляется с момента перечисления кредитов со счета кредитора и заканчивается 25 декабря 2012 года.
      5. Дополнительные условия по предоставлению, погашению и обслуживанию кредитов устанавливаются в кредитном договоре в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года.