Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қосқұдық ормандар және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесi» мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 505,0 гектар жер учаскелері мемлекеттік орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Жамбыл облысының әкімі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің химия өнеркәсібі объектілерін салу және оларға қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен «Біріккен химиялық компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) берілуін қамтамасыз етcін.
3. Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін ауыл шаруашылығы жерлерін алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 20 сәуірдегі
№ 499 қаулысына
қосымша
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер санатына ауыстырылатын орман қоры жерлерінің экспликациясы
Р/с № |
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы алаңы, гектар |
Оның ішінде: |
|||||
орманды жерлер |
орман көмкермеген |
жайылым |
шабындық |
жолдар |
өзге жерлер |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1 |
«Жамбыл облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Қосқұдық ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі |
505,0 |
- |
- |
505,0 |
- |
- |
- |
ЖИЫНЫ: |
505,0 |
505,0 |