"Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 500 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 45 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2024 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларында:

      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;";

      9-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) өтiнiш берушiнiң (отбасының) азаматтардың осал тобына жататынын растайтын әлеуметтiк қорғау органының анықтамасын не мемлекеттiк қызметшiнiң, бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң, әскери қызметкерлердiң, ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жұмыс (қызмет) орнынан анықтаманы (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде);".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1420 "Об утверждении Правил предоставления и пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 апреля 2012 года № 500. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 января 2024 года № 45.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.01.2024 № 45 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

     

      ПРЕСС-РЕЛИЗ

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1420 "Об утверждении Правил предоставления и пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" следующие изменения:

      в Правилах предоставления и пользования жилищем из государственного жилищного фонда или жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 3) пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "3) государственным служащим, работникам бюджетных организаций, военнослужащим, кандидатам в космонавты, космонавтам и лицам, занимающим государственные выборные должности;";

      подпункт 8) пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "8) справку органа социальной защиты, подтверждающую принадлежность заявителя (семьи) к социально уязвимым слоям населения, либо справку с места работы (службы) государственного служащего, работника бюджетной организации, военнослужащего, кандидата в космонавты, космонавта (при предоставлении жилища из коммунального жилищного фонда);".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов