Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген орындарды куәландыруды өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 514 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-02/691 бұйрығын қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген орындарды куәландыруды өткізу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 24 сәуірдегі
№ 514 қаулысымен  
бекітілген     

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесілген орындарға
куәландыруды өткізу қағидалары

      1. Осы Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесілген орындарға куәландыруды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне сәйкес әзірленді және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесілген орындарға куәландыру жүргізудің бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Мемлекеттiк орман иеленушiлер (бұдан әрі – орман иеленушілер) сүрек дайындау жұмыстары аяқталғаннан кейiн кеспеағаштарды игерудiң толықтығы мен дұрыстығын анықтау, сондай-ақ толық кесiлмей қалып қойған ағаштарды, тасып әкетiлмеген сүректi және сүрек дайындауды жүзеге асыру кезiнде жерге құламай қисайып қалған ағаштарды анықтау мақсатында мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесілген орындарға куәландыру жүргiзіледi.
      3. Куәландыруға рұқсат беру құжаттарында (ағаш кесу билеттерінде) көрсетiлген дайындау мен тасып әкету мерзiмi аяқталған ағаш кесілген барлық орындар жатады.
      Сүрек дайындау мен тасып әкетудi кейiнге қалдыру мерзiмi берiлген жағдайда осы кейiнге қалдыру мерзiмi аяқталғаннан кейін қайталама куәландыру жүргiзiледi.
      4. Сүректі босату кезiнде оны тасып әкету басталғанға дейiн орман пайдаланушының өтінімдері бойынша рұқсат беру құжаттарында көрсетiлген уақытша жинап қою орындарында дайындалған сүрек мөлшерiне куәландыру жүргiзiледi.
      Бұл ретте өрт бүлдiрген екпелерде, сондай-ақ дауыл мен жел құлатқан ағаштарды жинап әкету кезiнде ағаш кесу билетінде көрсетілген дайындалған сүректі жинап қою орнында оның мөлшеріне куәландыру жүргiзiледі.
      5. Ағаш кесілген орындарды куәландыру сүрек дайындау мен тасып әкетуге берілген ағаш кесу билетінің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап, ал сүрек дайындау мен тасып әкету ағаш кесу билетінде көрсетілген мерзімнен ерте аяқталған жағдайда хабардар етілген күннен бастап күнтізбелік 30 күн iшiнде жүргiзiледi.
      6. Ағаш кесілген орындарды куәландыру күні туралы орман иеленуші орман пайдаланушыны немесе оның өкілін мерзім белгіленгенге дейін күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.
      Орман пайдаланушы немесе оның өкілі белгіленген мерзімде келмеген жағдайда орман иеленуші куәландыруды оның қатысуынсыз жүргізеді. Бұл ретте жасалған куәландыру актісі орман пайдаланушыға күнтізбелік 10 күн ішінде жіберіледі.
      7. Орман пайдалану қағидаларының және кеспеағаштарды игеру технологиясы талаптарының сақталуын (өскiннiң сақталуы, кеспеағаштарды тазарту) бақылау мақсатында куәландыру қарсыз кезеңде жүргізіледі. Жайсыз климат жағдайлары кезінде (қардың қалың түсуi, өзендердiң тасуы, жолдың бұзылуы) куәландыру орман пайдаланушымен келiсiм бойынша орман иеленушi белгiлейтiн басқа уақытқа ауыстырылады.
      8. Ағаш кесілген орындарға куәландыру жүргізу кезінде орман иеленушіде өзімен бірге:
      1) рұқсат беру құжаттары (ағаш кесу билеттерi) немесе олардың көшiрмелерi және сүрек жинап қойылатын орындар көрсетiле отырып, куәландырылуға жататын әрбiр кеспеағашқа (мөлдекке) арналған абристер;
      2) өлшеу құралдары мен аспаптары (бұрыш өлшеу құралы, өлшеу лентасы, рулетка, өлшеу ашасы);
      3) кеспеағаштарды бөлу және таксациялау материалдары (ағаштарды қайта есептеу ведомосы, кеспеағаштарды материалдық-ақшалай  бағалау ведомосы, кеспеағаш қорын алдын ала беру актiсi);
      4) куәландыру актiлерiнiң, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалардың, қайта есептеу ведомостарының, материалдық-ақшалай бағалаудың бланкiлерi болуы қажет.
      9. Куәландыруға қатысушы орман пайдаланушыда өзімен бірге:
      1) заңды тұлға үшiн:
      2) орман пайдаланушының өкiлiне - сенiмхат;
      3) кәсiпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қойған дайындалған сүрек (оның iшiнде кәделiк, отындық, өтiмдi шыбықтар мен бұтақшалар) мөлшерi туралы анықтама;
      4) белгiленген тәртiппен ресiмделген технологиялық карта;
      5) жеке тұлға үшiн:
      6) дара кәсіпкер қол қойған дайындалған сүрек (оның iшiнде кәделiк, отындық, өтiмдi шыбықтар мен бұтақшалар) мөлшерi туралы анықтама;
      7) белгiленген тәртiппен ресiмделген технологиялық карта болуы қажет.
      10. Ағаш кесілген орындарды куәландыру нәтижелері орман иеленушiнiң, орман пайдаланушының өкiлдерi және куәландыруға қатысушы барлық адамдар (орман күтуші, орман шебері, орманшы) қол қоятын актiге енгiзiледi, ол бұзушылық анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының орман заңнамасы бұзылғаны үшін жауапкершілікке тартуға негіз болып табылады. Куәландыру актiсiне куәландыру кезiнде алынған деректерден басқа орман пайдаланушы анықтамасының деректерi бойынша нақты дайындалған кәделік және отындық сүректiң мөлшерi туралы мәлiметтер де енгiзiледi.
      Дайындалған сүрек мөлшері туралы анықтама, қайта есептеу ведомостары, абристер куәландыру актiсiне қоса тiркеледi.
      11. Куәландыру нәтижелерi бойынша жиынтық деректердi орман иеленушi статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық есептiлiктiң белгіленген нысаны бойынша ведомстволық бағыныстылығына қарай жоғары тұрған ұйымға ұсынады.
      12. Орман пайдаланушыларға бөлiнетiн сүрек дайындау көлемiн дұрыс орналастыру мақсатында орман иеленушiлер әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша барлық санаттағы ормандарда толық кесiлмей қалған ағаштарды, кейiнге қалдыру мерзiмi берiлген кесу аяқталмаған кеспеағаштарды және осының алдындағы жылдың кесу  басталмаған кеспеағаштарын, ал 1 мамырға сондай-ақ берiлген кейiнге қалдыру мерзiмiн ескере отырып, дайындалған, бiрақ мерзiмiнде тасып әкетiлмеген сүрек мөлшерін анықтап, оны кезектi жылдың кеспеағаш қорына есептейді.
      13. Куәландыру нәтижелерiнiң есебi әрбiр кеспеағаш (мөлдек) бойынша жүргiзiледi, ол туралы деректер ағаш кесу билетiне жеке жолмен енгiзiледi.
      Куәландыруға кеспеағаштармен аралас 50 метрлiк жолақтар да жатады.
      14. Ағаш кесілген орындарға куәландыру жүргізу кезiнде кеспеағаштарды игерудiң толықтығы мен дұрыстығы, кеспеағаштарды игеру тәсілдерінің технологиялық карта мен ағаш кесу қағидаларына сәйкестiгi (кеспеағаштар мен сүрек сүйретiп шығаратын жолдардың енi, тиеу алаңдарын, қоймаларды және басқа да қосымша объектiлердi орналастыру, орман шаруашылығын жүргiзу талаптарын сақтау) анықталады.
      Куәландыру кезiнде әрбiр кеспеағаш бойынша:
      1) кеспеағаш шекарасының және онымен араласып жатқан 50 метрлiк жолақтың жай-күйi, сондай-ақ шекаралық, орамдық, кеспеағаштық және басқа да бағандардың сақталуы;
      2) дайындалған сүректiң мөлшерi;
      3) тасып әкетiлмеген сүректiң бар-жоғы;
      4) тыйым салған уақытта дайындалған және бұтақталған сүректiң мөлшерi;
      5) қабығы аршылмаған немесе басқа тәсiлдермен қорғалмаған сүректiң бар-жоғы;
      6) толық кесiлмей қалған ағаштардың бар-жоғы;
      7) тұқымдықтардың, тұқымдық шоқ ағаштардың және жолақтардың, сондай-ақ кесуге жатпайтын ағаштардың сақталуы;
      8) жерге құламай, қисайып қалған ағаштардың бар-жоғы;
      9) өскiндердiң, жас екпелердiң және орман дақылдарының сақталуы;
      10) кеспеағаштарды тазарту сапасы;
      11) ормандарды қалпына келтiру iс-шараларын жүргiзу қажеттiгi және оларды орындау мерзiмдерi анықталады.
      Орманды күтiп-баптау мақсатында кесу жүргiзiлген екпелердi куәландыру кезiнде оларды жүргiзу сапасына ағаш өсiру бағасы (ағаштарды кесуге тағайындаудың уақтылығы, қарқындылығы, негiздемесi) берiледi, бұл туралы куәландыру актiсiне белгi қойылады.
      Куәландыру кезiнде ағаш тасылатын жолдардың (магистральдардың, жол тармақтарының, жол бөлiктерiнiң) бойында тастап кетiлген сүректiң бар-жоғы да анықталады.
      15. Куәландыру үдерісінде бұзушылықтар анықталған жағдайда орман пайдаланушыға белгіленген тәртіппен орман шаруашылығына келтірілген нұқсанды өтеу жөнінде санкциялар қолданылады.
      16. Орман пайдаланушылармен түпкiлiктi есеп айырысу үшiн:
      1) ағаш кесу билеттерi;
      2) нақты дайындалған сүректiң мөлшерiн растайтын ағаш кесілген орындарды куәландыру актiлерi, дайындалған сүректiң мөлшерi туралы анықтамалар негіз болып табылады.

Об утверждении Правил проведения освидетельствования мест рубок на участках государственного лесного фонда

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2012 года № 514. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 сентября 2015 года № 745

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 04.09.2015 № 745 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления  см. приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 декабря 2014 года № 18-02/691.

      В соответствии с подпунктом 17-5) статьи 12 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения освидетельствования мест рубок на участках государственного лесного фонда.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены                 
постановлением Правительства       
Республики Казахстан          
от 24 апреля 2012 года № 514      

Правила
проведения освидетельствования мест рубок
на участках государственного лесного фонда

      1. Настоящие Правила проведения освидетельствования мест рубок на участках государственного лесного фонда (далее – Правила) разработаны в соответствии с Лесным кодексом Республики Казахстан от 8 июля 2003 года и устанавливают единый порядок проведения освидетельствования мест рубок древесины на участках государственного лесного фонда.
      2. Государственные лесовладельцы (далее - лесовладельцы) после окончания работ по заготовке древесины, в целях выявления полноты и правильности разработки лесосек, а также выявления оставшихся недорубов, не вывезенной древесины и зависших деревьев при осуществлении заготовки древесины проводят освидетельствование мест рубок на участках государственного лесного фонда.
      3. Освидетельствованию подлежат все места рубок, где закончился срок заготовки и вывозки, указанный в разрешительных документах (лесорубочные билеты).
      При предоставлении отсрочек на заготовку и вывозку древесины по истечении срока этих отсрочек проводится повторное освидетельствование.
      4. При отпуске древесины до начала ее вывозки производится освидетельствование количества заготовленной древесины в местах временного ее складирования, указанных в разрешительных документах, по заявкам лесопользователя.
      При этом в насаждениях, поврежденных пожарами, а также при разработке бурелома и ветровала, производится освидетельствование количества заготовленной древесины в местах ее складирования, указанных в лесорубочном билете.
      5. Освидетельствование мест рубок производится в течение 30 календарных дней со дня окончания срока действия лесорубочного билета на заготовку и вывозку древесины, а в случае окончания заготовки и вывозки древесины ранее срока, указанного в лесорубочном билете со дня уведомления.
      6. О дне освидетельствования мест рубок лесовладелец письменно извещает лесопользователя или его представителя не позднее, чем за 5 календарных дней до назначения срока.
      При неявке лесопользователя или его представителя к назначенному сроку лесовладелец проводит освидетельствование без его участия. Составленный при этом акт освидетельствования высылается лесопользователю в течение 10 календарных дней.
      7. В целях контроля за соблюдением правил лесопользования и  требований  технологии разработки лесосек (сохранение подроста, очистка лесосек) освидетельствование проводится в бесснежный период. При неблагоприятных климатических условиях (значительный снежный покров, разлив рек, распутица) освидетельствование переносится на другое время, определяемое лесовладельцем по согласованию с лесопользователем.
      8. При проведении освидетельствования мест рубок лесовладельцу необходимо иметь при себе:
      1) разрешительные документы (лесорубочные билеты) или их копии и абрисы на каждую, подлежащую освидетельствованию лесосеку (делянку), с указанием мест складирования древесины;
      2) измерительные приборы и инструменты (угломерный инструмент, мерная лента, рулетка, мерная вилка);
      3) материалы по отводу и таксации лесосек (ведомость перечета деревьев, ведомость материально-денежной оценки лесосек, акт предварительной передачи лесосечного фонда);
      4) бланки актов освидетельствования, протоколов об административных правонарушениях, перечетных ведомостей, материально-денежной оценки.
      9. Участвующему в освидетельствовании лесопользователю необходимо иметь при себе:
      1) для юридического лица:
      2) на представителя лесопользователя - доверенность;
      3) справку о количестве заготовленной древесины (в том числе деловой, дровяной, ликвидного хвороста и сучьев), за подписью руководителя предприятия и главного бухгалтера;
      4) оформленную в установленном порядке технологическую карту;
      5) для физического лица:
      6) справку о количестве заготовленной древесины (в том числе деловой, дровяной, ликвидного хвороста и сучьев) за подписью индивидуального предпринимателя;
      7) оформленную в установленном порядке технологическую карту.
      10. Результаты освидетельствования мест рубок заносятся в акт, подписываемый представителями лесовладельца, лесопользователя и всеми участвующими в освидетельствовании лицами (лесничий, мастер леса, лесник), который, в случае выявления нарушений, служит основанием для привлечения к ответственности за нарушение лесного законодательства Республики Казахстан. В акт освидетельствования кроме данных, полученных при освидетельствовании, вносятся также сведения о количестве фактически заготовленной деловой и дровяной древесины по данным справки лесопользователя.
      Справка о количестве заготовленной древесины, перечетные ведомости, абрисы прилагаются к акту освидетельствования.
      11. Сводные данные по результатам освидетельствования лесовладелец представляет вышестоящей организации по ведомственной подчиненности по установленной форме статистической отчетности, утвержденной уполномоченным органом в области статистики.
      12. В целях правильного размещения выделяемого лесопользователям объема заготовки древесины лесовладельцы по состоянию на 1 января каждого года определяют в лесах всех категорий недорубы, не законченные рубкой лесосеки, на которые представлена отсрочка, и не начатые рубкой лесосеки предыдущего года, а на 1 мая также количество заготовленной, но не вывезенной в срок древесины, с учетом предоставленной отсрочки, и засчитывают их в лесосечный фонд очередного года.
      13. Учет результатов освидетельствования ведется по каждой лесосеке (делянке), данные о которой внесены в лесорубочный билет отдельной строкой.
      Освидетельствованию подлежат также 50-метровые полосы, смежные с лесосеками.
      14. При проведении освидетельствования мест рубок устанавливаются полнота и правильность разработки лесосек, соответствие способов разработки лесосек (ширина лесосек и волоков, размещение погрузочных площадок, складов и других вспомогательных объектов, соблюдение лесоводственных требований) технологической карте и правилам рубок леса.
      При освидетельствовании по каждой лесосеке определяются:
      1) состояние границ лесосеки и 50-метровой полосы, смежной с ней, а также сохранность граничных, квартальных, лесосечных и других столбов;
      2) количество заготовленной древесины;
      3) наличие не вывезенной древесины;
      4) количество древесины, заготовленной и стрелеванной в запрещенное время;
      5) наличие неокоренной или не защищенной другими способами древесины;
      6) наличие недорубов;
      7) сохранность семенников, семенных куртин и полос, а также деревьев, не подлежащих рубке;
      8) наличие зависших деревьев;
      9) сохранность подроста, молодняка и лесных культур;
      10) качество очистки лесосек;
      11) необходимость проведения лесовосстановительных мероприятий и сроков их выполнения.
      При освидетельствовании насаждений, пройденных рубками ухода за лесом, дается лесоводственная оценка качеству их проведения (своевременность, интенсивность, обоснованность назначения деревьев в рубку), о чем делаются отметки в акте освидетельствования.
      При освидетельствовании определяется также наличие брошенной древесины вдоль лесовозных дорог (магистралей, веток, усов).
      15. При выявлении в процессе освидетельствования нарушений к лесопользователю в установленном порядке применяются санкции по возмещению ущерба, причиненного лесному хозяйству.
      16. Основаниями для окончательных расчетов с лесопользователями служат:
      1) лесорубочные билеты;
      2) акты освидетельствования мест рубок, справки о количестве заготовленной древесины, подтверждающие количество фактически заготовленной древесины.