Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 542 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.10.2014 N 1131 қаулысымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 182-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 28 сәуірдегі
№ 542 қаулысымен  
бекітілген     

Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек
көрсету қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 182-бабының 6-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді және шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін айқындайды.
      2. Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі (бұдан әрі – пробация қызметі) шартты түрде сотталған адамдарға олардың әлеуметтік-құқықтық көмек алуына жәрдем көрсетеді.
      Жеке әзірленген бағдарламаға сәйкес шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде пробация қызметіне жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да ұйымдар жәрдем көрсетеді.
      3. Жергілікті атқарушы органдар аумақтарды дамыту бағдарламаларын және/немесе стратегиялық жоспарларды әзірлеу кезінде пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша іс-шаралар кешенін көздейді.

2. Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек
белгілеу

      4. Пробациялық бақылауда тұрған шартты түрде сотталған адамды есепке қою кезінде пробация қызметі:
      1) денсаулық жағдайын анықтай отырып, шартты түрде сотталған адамның жеке басын, оның білім деңгейін және еңбекпен қамтылғандығын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын зерделейді, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды;
      2) әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртібін түсіндіреді, сондай-ақ тіркелу үшін пробация қызметіне келу күнін белгілейді;
      3) сот жүктеген міндеттерді орындау, оларды орындамағаны, сондай-ақ пробациялық бақылау тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін түсіндіреді.
      5. Шартты түрде сотталған адамның жеке басы мен өмір жағдайын зерделеу нәтижелері бойынша пробация қызметінің қызметкері есепке қойғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасайды.
      6. Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасына (бұдан әрі – жеке бағдарлама) шартты түрде сотталған адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қажеттігі туралы ақпарат енгізіледі.
      7. Жеке бағдарламаның бір данасы шартты түрде сотталған адамның бақылау ісіне тігіледі, екінші данасы сотталған адамға қол қойылып беріледі.
      8. Шартты түрде сотталған адамның қосымша немесе өзге де көмек алуға қажеттілігі туындаған жағдайда, сондай-ақ сот күшейтілген пробациялық бақылау белгілеген кезде жеке бағдарламаға екіжақты келісім бойынша тиісті түзетулер енгізіледі.
      9. Шартты түрде сотталған адам айына екі рет, ал күшейтілген пробациялық бақылау кезінде айына төрт рет пробация қызметіне келіп, оның алдында өзінің жүріс-тұрысы, оған сот жүктеген міндеттерді орындауы, сондай-ақ өзі алатын әлеуметтік-құқықтық көмектің барысы туралы есеп береді.
      10. Шартты түрде сотталған адам әлеуметтік-құқықтық көмек алудан бас тартқан жағдайда, пробация қызметінің қызметкері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті акт жасап, оны бақылау ісіне тігеді.
      11. Сотқа сынақ мерзімін ұзартуға, шартты түрде соттаудың күшін жоюға, күшейтілген пробациялық бақылауды белгілеуге жіберілетін материалдарға шартты түрде сотталған адамның әлеуметтік-құқықтық көмек алудан бас тартқаны туралы акт қоса тіркеледі.
      12. Сынақ мерзімі өткеннен кейін шартты түрде сотталған адам пробация қызметінің есебінен шығарылады, бұл ретте мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар көрсететін әлеуметтік-құқықтық көмек жеке бағдарламаға сәйкес жалғасады.
      13. Сот шартты түрде сотталған адамға іздестіру жариялаған жағдайда, пробация қызметі тиісті сот қаулысын алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға және тиісті ұйымға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді тоқтата тұру үшін тиісті хабарлама жібереді.

3. Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық
көмек беру

      14. Білім алуда, мамандықты меңгеруде, жұмысқа орналасуда, емделуде, сондай-ақ құқықтық көмекпен қамтамасыз етуде жәрдем көрсету шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмектің негізгі бағыттары болып табылады.
      15. Медициналық көмек мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.
      Медициналық көмек көрсету үшін пробация қызметі жеке бағдарламаның көшірмесін шартты түрде сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелеріне жібереді.
      16. Пробация қызметі орта білімін аяқтамаған шартты түрде сотталған адамды тұрғылықты жері бойынша оқу орнына жібереді.
      17. Құқықтық көмек алу үшін пробация қызметі жеке бағдарламаның көшірмесін жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
      18. Шартты түрде сотталған адамдарға жұмысқа орналасуда көмек көрсету кезінде жергілікті атқарушы органдар мынадай іс-шараларды:
      1) үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша іске асырылатын инвестициялық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын ұсынуды;
      2) бәсекеге қабілетті кәсібі жоқ шартты түрде сотталған адамдарды ақы төленетін маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартуды;
      3) шартты түрде сотталған адамдарды жұмыс орындарының квотасы бойынша жұмысқа орналастыруды жүзеге асырады.
      19. Шартты түрде сотталған адамның өзге көмек алу қажеттілігі туындаған жағдайда пробация қызметі жеке бағдарламаның көшірмесін шартты түрде сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша тиісті ұйымдарға жібереді.
      20. Жергілікті атқарушы органдарға, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да мемлекеттік органдарға, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдарға жеке бағдарламаның көшірмелерін жіберуді пробация қызметі жеке бағдарлама жасалғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      21. Жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар жеке бағдарламаның көшірмесін алғаннан кейін берілетін көмек туралы немесе оны көрсетудің мүмкін еместігі туралы пробация қызметін хабардар етеді.
      22. Шартты түрде сотталған адамдар, заңнамада белгіленген тәртіппен пробация қызметі қызметкерлерінің, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің, сондай-ақ басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымдана алады.

Шартты түрде сотталған адамдарға
әлеуметтік-құқықтық көмек   
көрсету қағидаларына     
1-қосымша          

Нысан

_____________________________________________________________________
                        (инспекцияның атауы)

Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің
жеке бағдарламасы

      Мен, _________________________________________ қылмыстық-атқару
                          (инспекцияның атауы)
инспекциясы пробация бөлімшесінің (тобының) бастығы (аға инспекторы, инспекторы) _________________________________________________________
                        (қызметкердің тегі, аты-жөні)
шартты түрде сотталған адамның денсаулық жағдайы, білім деңгейі және жұмыспен қамтылуы, тұратын жерінің бар-жоғы, сондай-ақ басқа да мәліметтердің нәтижелері бойынша
_____________________________________________________________________
                              (тегі, аты-жөні)
әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасадым.
_____________________________________________________________ тұратын
                              (мекенжайы)
_____________________________________________________________________
                              (тегі, аты-жөні)
мынадай әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге мұқтаж:
      1. Медициналық көмек (қажет болған жағдайда):
      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде.
      2. Құқықтық көмек (қажет болған жағдайда):
      жергілікті атқарушы органдардың құзыреті шегінде сотталған
адамдардың проблемаларын шешу үшін мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық
бірлестіктердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету.
      3. Білім алуда көмек беру (қажет болған жағдайда).
      4. Кәсіпті игеруде және жұмысқа орналасуда (қажет болған жағдайда).
      5. Өзге де көмек алуда (қажет болған жағдайда).

      Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын _______
_____________________________________________________________________
                        (инспекцияның атауы)
қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі бөлімшесінің (тобының) бастығы (аға инспекторы, инспекторы) жасады.

__________________   ___________   ________________________________
   (атағы)             (қолы)             (тегі, аты-жөні)

20___ жылғы «___» ______________

М.О.

      Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасымен таныстым және келісемін ________________________________ ____________
                                 (тегі, аты-жөні)          (қолы)

      20___ жылғы «___» ______________

Шартты түрде сотталған адамдарға
әлеуметтік-құқықтық көмек  
көрсету қағидаларына    
2-қосымша        

Нысан

___________________________________________________________________
                        (инспекцияның атауы)

Шартты түрде сотталған адамның
әлеуметтік-құқықтық көмек алудан бас тарту
актісі

      Мен, __________________________________________________________
                              (инспекцияның атауы)
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация бөлімшесінің (тобының) бастығы (аға инспекторы, инспекторы) ________________________________________
                                    (бастықты алмастыратын тұлға)
_____________________________________________________________________
                         (тегі, аты-жөні)
_____________________________________________ осы әлеуметтік-құқықтық
            (тегі, аты-жөні)
көмекті алудан бас тарту актісін жасадым.
____________________________________________________________________
                  (бас тарту себебі көрсетіледі)
____________________________________________________________________
__________________________________________ әлеуметтік-құқықтық көмек
            (тегі, аты-жөні)
алудан бас тартты.

      Осы актіні жасау кезінде пробация қызметінің қызметкерлері
тарапынан маған психологиялық немесе қандай да бір басқа да қысым
көрсетілген жоқ
_________ _________________________________ 20 жылғы «___» __________
(қолы)    (сотталған адамның аты-жөні, тегі)

Қылмыстық-атқару инспекциясының пробация бөлімшесінің
(тобының) бастығы (аға инспекторы, инспекторы)
__________________  _____________  _________________________________
      (атағы)          (қолы)              (тегі, аты-жөні)

20__ жылғы «___» ______________

М.О.

Об утверждении Правил оказания социально-правовой помощи условно осужденным

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 апреля 2012 года № 542. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2014 года № 1131

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.10.2014 № 1131 (вводится в действие с 01.01.2015).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 182 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 13 декабря 1997 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социально-правовой помощи условно осужденным.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

    Премьер-Министр
  Республики Казахстан                           К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 28 апреля 2012 года № 542

Правила
оказания социально-правовой помощи условно осужденным 1. Общее положение

      1. Настоящие Правила оказания социально-правовой помощи условно осужденным (далее – Правила) разработаны в целях реализации пункта 6 статьи 182 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан и определяют порядок оказания социально-правовой помощи условно осужденным.
      2. Служба пробации уголовно-исполнительной инспекции (далее – служба пробации) оказывает содействие условно осужденным в получении ими социально-правовой помощи.
      Местными исполнительными органами, неправительственными и иными организациями оказывается содействие службе пробации при осуществлении социально-правовой помощи условно осужденным в соответствии с индивидуально разработанной программой.
      3. Местные исполнительные органы при разработке программы развития территорий и/или стратегических планов предусматривают комплекс мероприятий по оказанию социально-правовой помощи осужденным, состоящим на учете службы пробации.

2. Назначение социально-правовой помощи
условно осужденным

      4. Служба пробации при постановке на учет условно осужденного, находящегося под пробационным контролем:
      1) проводит изучение личности условно осужденного с установлением состояния здоровья, уровня его образования и занятости трудом, наличия места жительства, а также выясняет иные сведения, необходимые для определения объема социально-правовой помощи;
      2) разъясняет порядок предоставления социально-правовой помощи, осуществления и прекращения в отношении него пробационного контроля, а также устанавливает дни явки в службу пробации для регистрации;
      3) разъясняет порядок исполнения возложенных судом обязанностей, привлечения к ответственности за их неисполнение, а также нарушение порядка пробационного контроля.
      5. По результатам изучения личности и жизненной ситуации условно осужденного сотрудник службы пробации в течение 3 рабочих дней после постановки на учет составляет индивидуальную программу оказания социально-правовой помощи по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.
      6. В индивидуальную программу оказания социально-правовой помощи (далее – индивидуальная программа) включается информация о потребности в оказании социально-правовой помощи условно осужденному.
      7. Один экземпляр индивидуальной программы приобщается к контрольному делу условно осужденного, второй выдается осужденному под роспись.
      8. При возникновении необходимости в потребности условно осужденного в получении дополнительной или иной помощи, а также при установлении судом усиленного пробационного контроля в индивидуальную программу по обоюдному согласию вносятся соответствующие корректировки.
      9. Условно осужденный два раза в месяц, а при усиленном пробационном контроле четыре раза, является в службу пробации и отчитывается перед ней о своем поведении, выполнении возложенных на него судом обязанностей, а также о ходе получаемой им социально-правовой помощи.
      10. В случае отказа условно осужденного в получении социально-правовой помощи, сотрудником службы пробации составляется соответствующий акт по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам, который приобщается к контрольному делу.
      11. К материалам, направляемым в суд на продление испытательного срока, отмену условного осуждения, установление усиленного пробационного контроля, приобщается акт об отказе условно осужденного от получения социально-правовой помощи.
      12. По истечении испытательного срока условно осужденный снимается с учета службы пробации, при этом оказываемая государственными органами и иными организациями социально-правовая помощь продолжается согласно индивидуальной программе.
      13. В случае объявления судом условно осужденного в розыск, в течение 3 рабочих дней после получения соответствующего постановления суда, служба пробации направляет соответствующее уведомление в местный исполнительный орган и соответствующую организацию для приостановления оказания социально-правовой помощи.

3. Предоставление социально-правовой помощи
условно осужденным

      14. Основным направлением социально-правовой помощи условно осужденным является оказание содействия в получении образования, овладении профессией, трудоустройстве, лечении, а также обеспечении правовой помощи.
      15. Медицинская помощь предоставляется в государственных учреждениях здравоохранения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи.
      Для оказания медицинской помощи служба пробации направляет копию индивидуальной программы в государственные учреждения здравоохранения по месту жительства условно осужденного.
      16. Условно осужденный с неоконченным средним образованием службой пробации направляется в учебные заведения по месту жительства.
      17. Для получения правовой помощи служба пробации направляет копию индивидуальной программы в местные исполнительные органы.
      18. При оказании условно осужденным помощи в трудоустройстве местные исполнительные органы осуществляют следующие мероприятия:
      1) предоставление рабочих мест в рамках инвестиционных проектов, реализуемых по программе по форсированному индустриально-инновационному развитию;
      2) привлечение условно осужденных, не имеющих конкурентоспособных профессий, к оплачиваемым сезонным сельскохозяйственным работам;
      3) трудоустройство условно осужденных по квоте рабочих мест.
      19. В случае возникновения потребности условно осужденного в получении иной помощи, служба пробации направляет копию индивидуальной программы в соответствующие организации по месту жительства условно осужденного.
      20. Направление копии индивидуальной программы в местные исполнительные органы, органы здравоохранения, образования и другие государственные, а также негосударственные организации службой пробации осуществляется в течение 3 рабочих дней после составления индивидуальной программы.
      21. Местные исполнительные органы, государственные органы, а также негосударственные организации после получения копии индивидуальной программы информируют службу пробации о предоставляемой ими помощи или о невозможности ее оказания.
      22. Условно осужденные могут обжаловать неправомерные действия сотрудников службы пробации, работников местных исполнительных органов, а также работников государственных и негосударственных организаций, оказывающих социально-правовую помощь, в установленном законодательном порядке.

Приложение 1   
к Правилам оказания 
социально-правовой помощи
условно осужденным 
Форма       

__________________________________________________________
(наименование инспекции)

Индивидуальная программа
оказания социально-правовой помощи

      Я, начальник (старший инспектор, инспектор) отделения (группы) пробации
уголовно-исполнительной инспекции ________________________________________
       (наименование инспекции,
__________________________________________________________
             фамилия, инициалы сотрудника)

по результатам состояния здоровья, уровня образования и
занятости трудом, наличия места жительства, а также иных
сведений условно осужденного составил индивидуальную
программу оказания социально-правовой помощи
__________________________________________________________
                    (фамилия, имя, отчество)
_________________________________________ проживающий(ая)
                     (фамилия и инициалы)

__________________________________________________________
                           (адрес)

нуждается в оказании следующей социально-правовой помощи:

      1. В медицинской (при необходимости):
      в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи.
      2. В правовой помощи (при необходимости):
      в пределах компетенции местных исполнительных органов, обеспечивающих координацию деятельности государственных учреждений и общественных объединений для решения проблем осужденных.
      3. В предоставлении помощи в получении образования (при необходимости).
      4. В овладении профессией и трудоустройстве (при необходимости).
      5. В получении иной помощи (при необходимости).
      Индивидуальную программу оказания социально-правовой помощи составил начальник (старший инспектор, инспектор) отделения (группы) службы пробации уголовно-исполнительной инспекции

_______________________________________________________________
                    (наименование инспекции)

________________ ___________   ______________________
    (звание)      (подпись)      (инициалы, фамилия)
«____»____________20____г.

М.П.

      С индивидуальной программой оказания социально-правовой помощи ознакомлен и согласен
________________________________  _____________
(фамилия и инициалы осужденного)    (подпись)
«___» __________ 20__ г.

Приложение 2   
к Правилам оказания 
социально-правовой помощи
условно осужденным
Форма       

____________________________________
(наименование инспекции)

Акт
отказа условно осужденного в получении
социально-правовой помощи

      Я, начальник (старший инспектор, инспектор) отделения (группы)
пробации уголовно-исполнительной инспекции
__________________________________________________________
   (лицо, замещающее начальника, наименование инспекции)
_________________________________________________________
                 (фамилия, инициалы)
составил настоящий акт отказа ______________________________,
   (фамилия, имя, отчество)
в получении социально-правовой помощи.
_________________________________________ отказался(ась)в
      (фамилия и инициалы)
получении социально-правовой помощи _________________________________
(указывается причина отказа)
__________________________________________________________

      При составлении настоящего акта со стороны сотрудников службы пробации
на меня не было оказано психологическое или какое-либо другое давление
__________  ____________________  «____»_______ 20___ г.
(подпись)    (инициалы, фамилия
                осужденного(ой)

Начальник (старший инспектор, инспектор)
отделения (группы) пробации уголовно-исполнительной инспекции
__________  _____________ ______________________
(звание      (подпись)    (инициалы, фамилия)

«____»____________20____г.

М.П.