Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ет және ет өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 8 сәуiрдегi № 336 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 181-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ет және ет өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiнде:
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Ет және ет өнiмдерiн буып-түю, таңбалау "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекітілген техникалық регламент талаптарына сәйкес жүргiзiледi.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |