Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 мамырдағы № 578 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 312 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 89-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 5 мамырдағы
№ 578 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды
асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу
қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидалары "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 89-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу тәртібін белгілейді.
      2. Шетелдіктерді есепке алуды Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес осы Қағидалардың 1-қосымшасына орай балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің жазбаша қолдаухаты негізінде жүргізеді.
      3. Жетім баланы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға тілек білдірген шетелдіктер шетелдердегі мекемелерге агенттіктің қолдаухатын, өздерін есепке қою туралы жазбаша өтініш береді (тегі аты-жөні, туған күні және туған жері, паспорттың нөмірі, берілген күні, қашан және кім берген) сондай-ақ, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес есепке алу карточкасын толтырады. Есепке алу карточкасына есепке алушының фотосуреті қоса бекітіледі.
      4. Консулдық лауазымды тұлға осы Қағидалардың 2 және  3-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қарауға қабылдайды және құжаттар берілген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес шетелдегі мекеменің бланкісінде ресімделген есепке қойылғаны туралы тиісті анықтама береді, оған қол қойып елтаңбалы мөрмен куәландырады. Анықтаманың көшірмесі есепке алу карточкасына тіркеледі.
      5. Осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген, құжаттарды толтыру немесе тапсыру кезінде толық емес деректер берілген жағдайда шетелдегі мекемелер оларды шетелдіктерге қайтарады.
      6. Шетелдік сол жіберілген кемшіліктерді жойған жағдайда құжаттар шетелдегі мекемеге қайта тапсырылады.
      7. Есепке алу карточкалары әліпбилік тәртіппен "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктер" бөлімі бойынша есепке алу картотекасында сақталады.
      8. Есепке алынған шетелдіктер туралы ақпарат жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне жіберіледі.

Қазақстан Республикасының    
азаматтары болып табылатын   
балаларды асырап алуға тілек  
білдірген шетелдіктерді есепке
алу қағидаларына       
1-қосымша          

Агенттік атауы
(ресми бланкіде)

Мекенжай:
тел:
"____" _____ 20___ ж.                                        № ______

Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемесінің атауы

Қолдаухат

      "____" (халқаралық агенттік атауы, ____ ж. "____" лицензия нөмірі ______ , ҚР аккредиттеу мерзімі) Қазақстан Республикасының азамат(тар)ы болып табылатын баланы (балаларды) асырап алуға тілек білдірген тұлғаны/тұлғаларды консулдық есепке қоюды сұрайды.

      Бұл азамат Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарына сай келеді.

      Лауазымды тұлғаның қолы       `      Т.А.Ә. __________________

Қазақстан Республикасының   
азаматтары болып табылатын  
балаларды асырап алуға тілек 
білдірген шетелдіктерді есепке
алу қағидаларына      
2-қосымша         

___________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы)

3x4
Фотосуретке
арналған орын

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуға тілек білдірген шетелдікті есепке алу карточкасы

1.

Т.А.Ә.


2.

Туған күні және жері


3.

Паспорттың нөмірі, кім және қашан берген


3.

Азаматтығы


4.

Тұрғылықты мекенжайы


5.

Білімі


6.

Жұмыс орны


7.

Ерлі-зайыптылардың Т.А.Ә.


8.

Күні және туған жері


9.

Паспорттың нөмірі, кім және қашан берген


10.

Азаматтығы


11.

Тұрғылықты мекенжайы


12.

Білімі


13.

Жұмыс орны


Қолы ________________

2012 жылғы "____" __________

Қазақстан Республикасының   
азаматтары болып табылатын  
балаларды асырап алуға тілек 
білдірген шетелдіктерді есепке
алу қағидаларына      
3-қосымша         

2012 ж "_____" ___________                                     №_____

АНЫҚТАМА

Осымен ___________________________________________ азаматы/азаматшасы
                  (елдің атауы)
Т.А.Ә. (толық) ______________________________________________________
Туған күні __________________________________________________________
Т.А.Ә. (толық) ______________________________________________________
Туған күні __________________________________________________________
      Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуға тілек білдірген тұлға/тұлғалар ретінде есепке алынғандығын растаймыз.

      Консул                  қолы            Т.А.Ә. ________________

Мөрге арналған орын
(шетелдегі мекеме)

Об утверждении Правил учета иностранцев, желающих усыновить детей, являющихся гражданами Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 мая 2012 года № 578. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2015 года № 312

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.04.2015 № 312 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 89 Кодекса Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года «О браке (супружестве) и семье» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила учета иностранцев, желающих усыновить детей, являющихся гражданами Республики Казахстан.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 5 мая 2012 года № 578 

Правила
учета иностранцев, желающих усыновить детей,
являющихся гражданами Республики Казахстан

      1. Настоящие Правила учета иностранцев, желающих усыновить детей, являющихся гражданами Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 89 Кодекса Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года «О браке (супружестве) и семье» и устанавливают порядок организации учета иностранцев, желающих усыновить детей, являющихся гражданами Республики Казахстан.
      2. Учет иностранцев производится загранучреждениями Республики Казахстан на основании письменного ходатайства агентства по усыновлению, аккредитованного уполномоченным органом в области защиты прав детей, согласно приложению 1 к настоящим Правилам в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года «О браке (супружестве) и семье».
      3. Иностранцы, желающие усыновить ребенка-сироту или ребенка, оставшегося без попечения родителей, подают в загранучреждение ходатайство агентства, письменное заявление о постановке их на учет (с указанием фамилии, имени, отчества, даты и места рождения, номера паспорта, кем и когда выдан), а также заполняют учетную карточку согласно приложению 2 к настоящим Правилам. К учетной карточке прикрепляется фотография принимаемого на учет.
      4. Консульское должностное лицо принимает к рассмотрению документы, перечисленные в пунктах 2 и 3 настоящих Правил, и в течение трех рабочих дней со дня подачи документов выдает соответствующую справку о постановке на учет, оформленную на бланке загранучреждения, подписывает ее и заверяет гербовой печатью согласно приложению 3 к настоящим Правилам. Копия справки прикрепляется к учетной карточке.
      5. В случае предоставления неполных данных при заполнении и подачи документов, перечисленных в пунктах 2 и 3 настоящих Правил, загранучреждения возвращают их иностранцам.
      6. После устранения иностранцем допущенных недостатков документы повторно подаются в загранучреждение.
      7. Учетные карточки хранятся в алфавитном порядке в картотеке принятых на учет по разделу «Иностранцы, желающие усыновить детей, являющихся гражданами Республики Казахстан».
      8. Информация об иностранцах, принятых на учет, один раз в полгода направляется в Департамент консульской службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан.

Приложение 1         
к Правилам учета иностранцев,
желающих усыновить детей, 
являющихся гражданами   
Республики Казахстан    

Наименование агентства
(на официальном бланке)

Адрес:
тел:
«____» _______ 20__ г.                                  № ___________

Наименование   
загранучреждения 
Республики Казахстан

Ходатайство

      «________» (название международного агентства, номер лицензии, от « __ » _____ г., дата аккредитации в РК) просит осуществить постановку на учет лицо/лиц, желающее/желающих(-ую) усыновить (удочерить) ребенка (детей), являющегося(щихся) гражданином(ами) Республики Казахстан.

      Данный(ные) гражданин (не) соответствуют всем требованиям законодательства Республики Казахстан.

      Подпись должностного лица                 Ф.И.О. __________

Приложение 2        
к Правилам учета иностранцев,
желающих усыновить детей, 
являющихся гражданами    
Республики Казахстан    

____________________________________________________
(наименование загранучреждения Республики Казахстан)

Учетная карточка иностранца, желающего усыновить ребенка,
являющегося гражданином Республики Казахстан

1.

Ф.И.О


2.

Дата и место рождения


3.

Номер паспорта, кем и когда выдан


3.

Гражданство


4.

Адрес местожительства


5.

Образование


6.

Место работы


7.

Ф.И.О супруги(-га)


8.

Дата и место рождения


9.

Номер паспорта, кем и когда выдан


10.

Гражданство


11.

Адрес местожительства


12.

Образование


13.

Место работы


подпись_________
«___»________20__ года

Приложение 3         
к Правилам учета иностранцев,
желающих усыновить детей, 
являющихся гражданами    
Республики Казахстан    

«___» ______ 20___ г.                                   № ____________

СПРАВКА

Настоящим подтверждаем, что граждане/гражданин _____________________
                                                 (название страны)
Ф.И.О. (полностью) __________________________________________________
Дата рождения _______________________________________________________
Ф.И.О. (полностью) __________________________________________________
Дата рождения ______________________________________________________
________________________________________________________________,
приняты на учет как лица/лицо желающие/желающее (-ая) усыновить
ребенка, являющегося гражданином Республики Казахстан.

      Консул                  подпись                 Ф.И.О _________

                         место для печати
                        (загранучреждения)