Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 585 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2015 № 750 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 217 бұйрығын қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-4-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 7 мамырдағы
№ 585 қаулысымен 
бекітілген   

Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және
сертификатты қайта ресімдеу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-4-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және сертификатты қайта ресімдеу тәртібін анықтайды.
      2. Есептік кезеңге арналған парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары (бұдан әрі – ұлттық жоспар) негізінде берілген парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемі мынадай жағдайларда қайта қаралады:
      1) есепті кезең ішінде қондырғылардың сипатында немесе жұмыс істеуінде жоспарланған өзгерістер;
      2) есепті кезең ішінде парниктік газдар шығарындыларының жаңа көздерін енгізу.
      3. Парниктік газдар шығарындыларына сертификат қондырғы операторы ауысқан (заңды тұлға иеліктен шығарылған, қайта ұйымдастырылған, ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы өзгерген) жағдайда парниктік газдар шығарындыларына бұдан бұрын берілген квоталар өзгертілмей қайта ресімделеді.

2. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту тәртібі

      4. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда, табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін мынадай құжаттарды:
      1) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінішті;
      2) квотаның өзгеруін негіздейтін есептерді тапсырады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.09.2013 № 1000 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      5. Квотаның ұлғаюына байланысты парниктік газдар шығарындыларына квоталарды қайта қарау белгіленген базалық деңгейден ұлттық жоспардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі кезеңде жүргізілген өзгертулер бойынша қаралады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.09.2013 № 1000 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      6. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.09.2013 № 1000 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      7. Уәкілетті орган бұдан бұрын парниктік газдар шығарындыларына берілген квоталар көлемін қайта қарауға өтінішті өтініш беруші жүгінген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қарайды. Берілген квотаны өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда бұдан бұрын берілген сертификат қайта ресімделеді.
      8. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлеміне қатысты қайта қарау туралы ақпарат ай сайын уәкілетті органның веб-сайтында жарияланады.
      8-1. Уәкілетті органға ұсынылған материалдардың толық еместігі және дәйексіздігі квотаны өзгертуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
      Ескерту. Қағидалар 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2013 № 1000 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Парниктік газдар шығарындыларына
сертификатты қайта ресімдеу тәртібі

      9. Қондырғының операторы ауысқан (заңды тұлға иеліктен шығарылған, қайта ұйымдастырылған, ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы өзгерген) жағдайларда уәкілетті орган өтініш беруші жүгінген күннен бастап бір ай мерзімде жаңа оператордың атауын және мекенжайын көрсете отырып, мынадай құжаттар негізінде сертификатты қайта ресімдейді:
      1) қондырғы операторы ауысқан (иеліктен айыру) жағдайда сатып алу–сату шарты немесе қондырғыны қабылдау-тапсыру актісі;
      2) қызметті алушының заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      Сертификатта белгіленген міндеттемелер міндетті түрде жаңа операторға өтеді.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің  27.08.2013 N 871 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.09.2013 № 1000 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      10. Парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - мемлекеттік тізілім) тиісті жазбаларды енгізу және мемлекеттік тізілім операторының қондырғы операторына мемлекеттік тізілімге енгізілген өзгертулер туралы жазбаша растауды беру арқылы жүргізіледі.

Об утверждении Правил изменения квот и переоформления сертификата на выбросы парниковых газов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2012 года № 585. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 сентября 2015 года № 750

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.09.2015 № 750 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления  см. приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 18 марта 2015 года № 217.

      В целях реализации пункта 4 статьи 94-4 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила изменения квот и переоформления сертификата на выбросы парниковых газов.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены                  
постановлением Правительства       
Республики Казахстан           
от 7 мая 2012 года № 585         

Правила
изменения квот и переоформления сертификата на
выбросы парниковых газов

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила изменения квот и переоформления сертификата на выбросы парниковых газов (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 94-4 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок изменения квот и переоформления сертификата на выбросы парниковых газов.
      2. Объем квоты на выбросы парниковых газов, выданной на основании национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов (далее – национальный план) на отчетный период, пересматривается в случаях:
      1) изменений, планируемых в характере или функционировании установок в течение отчетного периода;
      2) ввода новых источников выбросов парниковых газов в течение отчетного периода.
      3. Сертификат на выбросы парниковых газов переоформляется без изменения ранее выданной квоты на выбросы парниковых газов, в случае смены оператора установки (отчуждение, реорганизация, изменение организационно-правовой формы, наименования юридического лица).

2. Порядок изменения квот на выбросы парниковых газов

      4. В случаях, указанных в пункте 2 настоящих Правил, природопользователь подает в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды (далее - уполномоченный орган) в срок до 1 октября текущего года следующие документы:
      1) заявление по форме, утвержденной уполномоченным органом;
      2) расчеты, обосновывающие изменение квоты.
      Сноска. Пункт 4 в редакции постановления Правительства РК от 24.09.2013 № 1000 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      5. Пересмотр квоты на выбросы парниковых газов, связанный с увеличением квоты, рассматривается по изменениям, которые были произведены в период от установленного базового уровня до окончания срока действия национального плана.
      Сноска. Пункт 5 в редакции постановления Правительства РК от 24.09.2013 № 1000 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      6. Исключен постановлением Правительства РК от 24.09.2013 № 1000 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      7. Уполномоченный орган рассматривает заявление на пересмотр объема ранее выданной квоты на выбросы парниковых газов в месячный срок со дня обращения заявителя. В случае принятия решения об изменении выданной квоты, ранее выданный сертификат переоформляется.
      8. Информация о пересмотренных в отношении объема квотах на выбросы парниковых газов публикуется ежемесячно на веб-сайте уполномоченного органа.
      8-1. Основанием для отказа в изменении квоты являются неполнота и недостоверность материалов, представленных в уполномоченный орган.
      Сноска. Постановление дополнено пунктом 8-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 24.09.2013 № 1000 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

3. Порядок переоформления сертификата
на выбросы парниковых газов

      9. В случаях, когда происходит смена оператора установки (отчуждение, реорганизация, изменение организационно-правовой формы, наименования юридического лица), уполномоченный орган в месячный срок с даты обращения заявителя переоформляет сертификат с указанием имени и адреса нового оператора на основе следующих документов:
      1) договор купли-продажи либо акт приема-передачи установки – в случае смены оператора установки (отчуждение);
      2) копия свидетельства* или справки о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица услугополучателя.
      Примечание: * свидетельство о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства), выданное до введения в действие Закона Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств», является действительным до прекращения деятельности юридического лица.
      Обязательства, установленные в сертификате, в обязательном порядке переносятся на нового оператора.
      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 27.08.2013 № 871 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования); от 24.09.2013 № 1000 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      10. Переоформление сертификата на выбросы парниковых газов производится посредством внесения соответствующих записей в государственный реестр углеродных единиц Республики Казахстан (далее - государственный реестр) и выдачей оператором государственного реестра оператору установки письменного подтверждения о внесенных изменениях в государственный реестр.