Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 596 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 141 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.03.2022 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 8 мамырдағы
№ 596 қаулысымен
бекiтiлген

Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.09.2021 № 600 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруы шартымен ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің, сондай-ақ олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат (бұдан әрi – ғарышкерлікке кандидат) – алдын ала iрiктеуден өткен және ғарышкер бiлiктiлiгiн алу үшiн даярлыққа жiберiлген Қазақстан Республикасының азаматы;

      2) Қазақстан Республикасының ғарышкерi (бұдан әрi – ғарышкер) – даярлықтан өткен, ғарышкер (сынаушы ғарышкер, зерттеушi ғарышкер, нұсқаушы ғарышкер) бiлiктiлiгiнің және ғарышкер мәртебесiнің берілгені туралы құжаттар алған Қазақстан Республикасының азаматы;

      3) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

      4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі.

2-тарау. Жыл сайынғы профилактикалық тексерілуді және медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету тәртібі

      3. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган жыл сайын, 15 қаңтардан кешіктірмей ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге және олардың бірге тұратын отбасы мүшелеріне денсаулық сақтау ұйымдарында жыл сайынғы профилактикалық тексерілуден өту қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      4. Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің және олардың бірге тұратын отбасы мүшелерінің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуі ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінде жүзеге асырылады.

      5. Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің мәртебесі Заңның 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидаларымен расталады.

      Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің бірге тұратын отбасы мүшелері денсаулық сақтау ұйымына медициналық қызмет көрсету үшін қажетті бірге тұратынын растайтын құжаттарды ұсынады.

      6. Ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер және олардың бірге тұратын отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқылы.

      7. Пациентті стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына, мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек алу үшін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарға ауыстыру қажеттілігі туындаған кезде ауыстыру "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 82) тармақшасына сәйкес бекітілген Медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Санаторийлік-курорттық емделуді қамтамасыз ету тәртібі

      8. Туа біткен аурулардан, жіті жай-күйлерден, хирургиялық араласудан және жарақаттардан, сондай-ақ олардың салдарынан кейін зардап шегіп жүрген ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер және олардың бірге тұратын отбасы мүшелері Кодекстің 125-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген Медициналық оңалту көрсету қағидаларына сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық оңалтуға жіберіледі.


Об утверждении Правил обеспечения кандидата в космонавты, космонавта ежегодными профилактическими осмотрами, медицинским и санаторно-курортным лечением

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 мая 2012 года № 596. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2022 года № 141.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 18.03.2022 № 141 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

ПРЕСС-РЕЛИЗ

      В соответствии со статьей 34 Закона Республики Казахстан от 6 января 2012 года "О космической деятельности" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила обеспечения кандидата в космонавты, космонавта ежегодными профилактическими осмотрами, медицинским и санаторно-курортным лечением.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 8 мая 2012 год № 596

Правила обеспечения кандидата в космонавты, космонавта ежегодными профилактическими осмотрами, медицинским и санаторно-курортным лечением

      Сноска. Правила – в редакции постановления Правительства РК от 01.09.2021 № 600 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила обеспечения кандидата в космонавты, космонавта ежегодными профилактическими осмотрами, медицинским и санаторно-курортным лечением (далее – Правила) разработаны в соответствии со статьей 34 Закона Республики Казахстан "О космической деятельности" (далее – Закон) и определяют порядок обеспечения ежегодными профилактическими осмотрами, медицинским и санаторно-курортным лечением кандидата в космонавты, космонавта при условии их постоянного проживания на территории Республики Казахстан, а также членов их семей, проживающих совместно с ними.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) кандидат в космонавты Республики Казахстан (далее – кандидат в космонавты) – гражданин Республики Казахстан, прошедший предварительный отбор и направленный на подготовку для получения квалификации космонавта;

      2) космонавт Республики Казахстан (далее – космонавт) – гражданин Республики Казахстан, прошедший подготовку, получивший документы о присвоении квалификации космонавта (космонавта-испытателя, космонавта-исследователя, инструктора-космонавта) и статуса космонавта;

      3) обязательное социальное медицинское страхование (далее – ОСМС) – комплекс правовых, экономических и организационных мер по оказанию медицинской помощи потребителям медицинских услуг за счет активов фонда социального медицинского страхования;

      4) гарантированный объем бесплатной медицинской помощи (далее – ГОБМП) – объем медицинской помощи, предоставляемый за счет бюджетных средств.

Глава 2. Порядок обеспечения ежегодными профилактическими осмотрами и медицинским обслуживанием

      3. Ежегодно, не позднее 15 января, уполномоченный орган в области космической деятельности направляет уведомление кандидату в космонавты, космонавту и совместно проживающим членам их семей о необходимости прохождения ежегодного профилактического осмотра в организациях здравоохранения.

      4. Ежегодный профилактический осмотр кандидата в космонавты, космонавта и совместно проживающих членов их семей осуществляется в субъектах здравоохранения в рамках ГОБМП и (или) системе ОСМС.

      5. Статус кандидата в космонавты, космонавта подтверждается Правилами отбора кандидатов в космонавты и присвоения статуса кандидата в космонавты, космонавта, утвержденными согласно подпункта 5) пункта 1 статьи 9 Закона.

      Совместно проживающие члены семьи кандидата в космонавты, космонавта предоставляют в организацию здравоохранения документы, подтверждающие совместное проживание, необходимые для медицинского обслуживания.

      6. Кандидат в космонавты, космонавт и совместно проживающие члены их семей вправе получать медицинскую помощь в рамках ГОБМП и (или) системе ОСМС в организациях здравоохранения в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. При возникновении необходимости перевода пациента в организации здравоохранения, оказывающие медицинскую помощь в стационарных условиях, научные организации в области здравоохранения для получения специализированной, в том числе высокотехнологичной, медицинской помощи, перевод осуществляется в соответствии с правилами оказания медицинской помощи, утвержденными согласно подпункту 82) статьи 7 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс).

Глава 3. Порядок обеспечения санаторно-курортным лечением

      8. Кандидат в космонавты, космонавт и совместно проживающие члены их семей, страдающие врожденными заболеваниями, после острых состояний, хирургических вмешательств и травм, а также их последствий направляются на медицинскую реабилитацию в рамках ГОБМП и (или) системе ОСМС в соответствии с Правилами оказания медицинской реабилитации, утвержденными согласно пункта 6 статьи 125 Кодекса.